Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:32, курсовая работа

Описание работы

1993 жылдың қарашасынан бері дербес макроэкономикалық саясат ұстанғанымызға 15 жылдан асса, нарықтық қатынастарға өтуге кіріскенімізге 17 жыл толды. Терең дағдарыстан есімізді жинай бастауымыз сегізінші жылды алқымдап қалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес заңдар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды, ұлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.........................................5
1.1 Диверсификацияның мәні және маңызы.........................................................5
1.2 Диверсификацияның экономикадағы қажеттілігі........................................10
2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.............................................................................................14
2.1 Қазақстандағы байланыс жүйесін диверсификациялаудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ғы диверсификация үрдісі...........................................22
3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ.........................................................................................................27
3.1 Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері...............................27
3.2 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

Акмарал курсовая 3курс.doc

— 322.00 Кб (Скачать)

    3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ

  • 3.1 Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері  

         Экономикалық, әлеуметтік негізгі даму көрсеткіштері  бойынша және халықтың тұрмыс деңгейіне  қарай Қазақстан бүгінде ТМД  аясында көшбасшы орында және жоғары қарқынмен даму үстінде. Соңғы жеті жылда еліміздің Жалпы ішкі өнімі екі есе өсті, оның 4/5 бөлігі жеке меншік секторда өндіріледі. Қазақстанның ЖІӨ дүниежүзінде соңғы 7 жылдағы ең қарқынды өсуші көрсеткіш болып табылады. Алдағы үш жылда оның орташа өсімі 8,5% деңгейінде сақталады,бұл атап айтқанда, 2008 жылы 2000 жылға шаққанда Жалпы ішкі өнімді екі есе арттыру жөніндегі стратегиялық мақсатты шешуге мүмкіндік береді.

         Әлемнің 60 елінің Қазақстан экономикасына  құйған тек таза тікелей инвестициясы 70 млрд долларға жетті, бұл Орталық Азия елдеріне жұмсалған барлық тікелей инвестициялардың 80% және ТМД елдері алған жалпы жиынтық инвестицияның 10%. ЕО елдерінен келген инвестициялардың үлесі жалпы көлемнің 53% құрайды.

         Егер 1993 жылы сыртқы сауда айналымы $4,9 млрд болса, ағымдағы жылы ол $80 млрд. болмақ.

         Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың ақшалай  кірісі орта есеппен 5 есе; айлық орташа жалақы шамамен 6 есе; ең төменгі жалақы 25 есе; айлық орташа зейнетақы мөлшері 4,6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салымдар көлемі тиісінше 35 және 37 есе өсті.

         Мұнайгаз  өнеркәсібі экономиканың басқа салаларын  алға сүйреген локомотивке айналды. 2015 жылы біз әлемдегі көмірсутегі  шикізатын экспорттаушы ірі 10 елдің клубына еніп, 130 млн тонна мұнай мен 80 млрд текше метр газ өндірмекшіміз, бұл Қазақстанның қарқынды дамушы әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіндегі экономикалық ролін біршама арттырады.

         Сонымен бірге Қазақстан қазірдің өзінде ферроқорытпалар, мыс, қорғаныс, мырыш, минералдық тыңайтқыштар, уран концентраттарын экспорттаушы ел болумен бірге ұн мен бидай экспорты бойынша әлемде алдыңғы орынға шықты.

         Қазір Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асыру мақсатын алға қойып отырмыз. Бұл орта мерзімді перспективада экономиканы әртараптандыру мен тиімді әкімшілік реформаларды жүргізу аясында жоғары өсім қарқынын сақтап қалуды талап етеді. Осыған сәйкес бүгінгі таңда шикізат өндіруші саланың тиімділігін арттыру, шикізаттан басқа саланы дамыту және экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. "30 корпоративтік көшбасшы" жобасы іске қосылды.

         Қазірде Қазақстанның артықшылықтарының қатарына өңір экономикасындағы көшбасшылығын, саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қосады. Қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей, біз аймақтық экономика мен Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстарға тең құқылы қатысуын қамтамасыз ету бағытында тың мақсаттарды алға қойып отыр [6].  
     

  • 3.2 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері 
  •       Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея және Индия  елдерін мысалға ала отырып шетелдік мемлекеттердің тәжірибесін қарастырайын. Әртүрлі мәселелерді шешкеніне қарамастан, аталған елдердің үкіметтерінің жүргізген саясаттарында өте көп ұқсастықтар бар. Жапония соғыстан кейінгі өнеркәсіпті қалпына келтіру, ал Қытай, Оңтүстік Корея және Индия елдері индустриялдану мәселелерін алға қойған болатын. 

          Іс  жүзінде дүние жүзіндегі барлық елдерде экономика құрылымын  диверсификациялауда барынша көп инвестицияланатын басым салаларды анықтау іске асырылады. Бұл басым салаларға салықтық және тағы да басқа жеңілдіктер ұсынылды. Басым салалардың құрылымы уақыт өте өзгеріп отырды.

          Жоғарыда  аталған елдерде (Жапония, Оңтүстік Корея) бизнеспен келісу саясаты және шетел инвестициясын тарту саясаты қолданылды.

          Көптеген  елдердің үкіметтері компаниялардың қосылуын ынталандырды (ТНК). Дегенмен кәсіпорындардың  бірігуі мен қосып алуларын жасанды  ынталандыру Оңтүстік Кореяда экономикадағы  коррупцияның өсуіне алып келді. Біздің елде де бұл - Үкіметтің көңіл аударуын қажетсінетін мәселе.

          Экономиканы диверсификациялаудың альтернативті  моделі ретінде Ирландия және Финляндия  елдерінің тәжірибесін қарастыруымызға  болады. Бұл елдердің экономикалық саясаты үш бағыт бойынша іске асырылды: қаржылық тұрақтылық, инвестициялық және саудалық режимнің ашықтығы, белсенді құрылымдық саясат. Ирландияның Еуропалық Қоғамдастыққа (ЕҚ) қарастылығы бір жағынан еуропалық нарыққа кіруде саудалық кедергілерді алып тастады және елдің ЕҚ қоры арқылы қомақты қаржы көлемімен қаржыландырылуын қамтамасыз етті. Екінші жағынан, тиімділікті күшейтуге ынталандырулар жасай отырып, бәсекелестікті арттырды. Ирландия белсенді инвестициялық саясат жүргізді және шетел бизнесіне айтарлықтай салық жеңілдіктерін ұсынды.

          Қызықты мысал  ретінде еуропалық типтегі  Финляндия елінде жүргізілген диверсификация қарастырылады. Төрт онжылдықта бұл  ел орман ресурстарына негізделген  өнеркәсіп экономикасынан, орман  шарушылығы саласы мен электроника  экспорт үшін бірдей маңызды саналатын экономикаға дейінгі көшу жолынан өтті. Финляндия тәжірибесі әлеуметтік қолдау жүйесін құрудағы тұрақты институционалдық қарым- қатынасты қалыптастыруда мемлекет рөлінің жоғары саналуымен қызықты. Мемлекеттік университеттер, жеке компаниялар, мемлекеттік зерттеу институттарының үшжақты  серіктестігі Финляндиядағы технологияларды дамытуда негізгі факторды бірі болған  және бола да бермек.

          Дүние жүзінің көптеген елдері қысқа уақыт  мерзімде экономикада озық жетістіктерге  табиғи-ресурстық қуаттылығымен емес, экономикаларын инновациялық даму бағытына көшіру арқылы жетті.

          Осы жоғарыда айтылғандардың барлығы өте  маңызды. Осы тұрғыда мысалға  келтірілген елдердің біздің елімізге ұқсас жақтары көп болғандықтан олардың тәжірибелерін ескере отырып, еліміздегі стратегиялық бағдарламаларды қайта қарастыру жайлы ой тастағым келеді [7].

          Қазақстан-Оңтүстік Африка Республикасы: жаңа бизнес мүмкіндіктер. ҚАЗКА 17 қаңтар күні «Ambassador» қонақ-үйінде (Алматы қ.) «Қазақстан-Оңтүстік Африка Республкасы: жаңа бизнес мүмкіндіктер» атты дөңгелек стол ұйымдастырды.

          Оған  Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан  Республикасындағы Елшісі Бекизизве  Гила мырза, сондай-ақ құрылыс пен  құрылыс материалдары, химиялық өндіріс, брокерлік қызмет, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, ағаш өңдеу өнеркәсібі, медициналық қызмет, ақпараттық технологиялар, қаптама өнеркәсібі, туризм, электрлік бұйымдар өндірісі және т.б. салаларда жұмыс істейтін 30-дан астам қазақстандық кәсіпкерлер қатысқан.

          Дөңгелек  стол барысында Оңтүстік Африка Республикасы жайлы презентация жасалып, қатысушылар осы елдің мәдени, тарихи, саяси және әлеуметтік экономикалық қырларымен танысты. Әсіресе, Оңтүстік Африка экономикасының негізгі салалары, шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған үкіметтік саясат секілді маңызды мәселелер қаралды.

          Презентациядан  кейін кәсіпкерлер Елші мырзамен екі-жақты сауда экономикалық қатынастарға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Оңтүстік Африкадағы саяси және криминалдық жағдай, елдегі жемқорлық, индустриалдық аймақ құру шарттары, құрылыс, туризм нарықтарының жағдайы, Қазақстаннан Оңтүстік Африкаға ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мүмкіншілігі, Оңтүстік Африкадан елімізге тауар тасымалдау мерзімі, Оңтүстік Африкада кәсіпорын ашу шарттары, бизнеспен айналысу үшін лицензия алу, кәсіпорындағы жұмысшылар квотасы, Оңтүстік Африкаға виза алу және мерзімін ұзарту сияқты мәселелер талқыланды. Талқылау барысында отандық бизнесмендерді Оңтүстік Африка Республикасында жылжымайтын мүлік, кен қазу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылық өнімдері, көлік, энергетика, минералды ресурстар және т.б. салалар қызықтырады деген пікір айтылған.

          Осы орайда айта кететін жәйт, жалпы  отандық кәсіпкерлер Оңтүстік Африка Республикасына қызығушылық танытуда. Осы елдің Қазақстанда елшілігі ашылғаннан бері еліміздің азаматтарына 800-ден астам туристік және іскерлік визалар берілген екен. Олардың көбісі іскерлік қатынас орнату үшін барған.

          Қазақстан үшін Оңтүстік Африканың экономиканы  диверсификациялаудағы тәжірибесі пайдалы болуы мүмкін. Өйткені осы елде шикізаттың Жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 13% ғана. Ел экономикасы 1998 жылдан бастап жылдам қарқынмен дамуда. Оған дамыған экономикалық инфрақұрылым, кең технологиялық база, жоғары білікті басқарушы және инженерлік техникалық қызметкерлер, сондай-ақ арзан білікті және жәй жұмысшылардың бар болуы себеп болған.

          Екі ел арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 24 млн. 221 мың АҚШ доллары, соның  ішінде экспорт - 7 млн 493,5 мың доллар, ал импорт – 16 млн 890 мың долларды құрады [8]. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    ҚОРЫТЫНДЫ 

          Кез-келген мемлекетте оның экономикасының жанданып, одан әрі дамуы үшін әртараптандырудың маңызы зор. Әртараптандыруды мен, қоғамға жаңа ойлар мен идеяларды, сонымен қатар жаңа техникалар мен технологияларды енгізе отырып, мемлекет шеңберінде экономиканы, ал кәсіпорынды алатын болсақ, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын ғасыр жаңалығы деп түсінемін.

          Қазақстанда экономиканы, өндірісті диверсификациялау  әлі толық жетілмеген. Ол еліміздің  тек шикізаттық бағытта дамуымен дәлелденеді. Инвесторлардың көп бөлігі қаражатын мұнай-газ саласына салады. Ал экономиканың басқа салалары соның салдарынан дамымай артта қалып отыр.

             “Маркетингтік және аналитикалық зерттеулер Орталығы” АҚ-ның Зерттеулері мен таңдауларына сәйкес жеті бағыттағы келешегі бар салалар анықталған. Олар: туризм, тамақ өнеркәсібі, мұнайгаз машина жасауы, тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызметтер, металлургия және құрылыс материалдар өндірісі. Бұл таңдауды қазіргі рыноктың сипаттамалары: өңірдегі, мемлекеттегі және әлемдегі рыноктың сыйымдылығы, өндірілетін тауарға ұсыныс пен сұраныс болжамдары, рентабельділігі, баға бәсекелестігі, экономиканы диверсификациялау деңгейіне әсері зерттелуде.  
            Сонымен қатар орналасатын жері, еңбек рыногы, саланың активтерінің мөлшері, технология және басқа инфрақұрымдар деңгейі анықталған. Таңдалған бағыттардың екеуі агроөнеркәсіп кешені саласынан: тамақ және тоқыма кластерлері. Кластер дегеніміз шикізатты терең өңдеу бойынша аяқталған технологиялық циклдер тізбегінің топ бірлігі.

          Осындай кластерлерді құра отырып Қазақстанның әр аймағын өзінің орналасқан географиялық орнына, қолайлылығына және т.б. артықшылықтары мен ерекшеліктеріне сай экономиканы дамыта аламыз.

          Жер қойнауы Менделеев кестесіндегі барлық элементтерге толы байлығымызды өз елімізде өндіріп, одан дайын өнім шығарып өз еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын неге көтермеске?! Шикізаттың арқасында еліміз қазіргі деңгейге жетіп отыр. Бұл қазір болмаса да бір күні сарқылатын шикізат көзі, сондықтан келешекте тек мұнайға ғана тәуелді болмауымыз керек. Мемлекет те осы мәселе жөнінде шаралар жүргізуде, әрине бұл мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселе.

         Қазақстанның  2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық стратегиясы, «Қазақстан-2030» Бағдарламасы және болашақта бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 ел қатарына кіру жобалары, бұның бәрі экономикамызды әртараптандыру бағытында жүргізіліп жатқан шаралар. Мемлекет тарапынан қолдау таппай әртараптандыру жүзеге асырылмайды.   

            
     
     
     

          ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
     

    3. Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-      2008 жылдарға арналған бағдарламасы.  (Астана – 2006) 

          1. ҚазЭУ хабаршысы. -  2007. - №1. - 24-28 б. 

          2. Казахстанская правда. – 2008.- 26 ақпан - 1-3 б. 

          4, 5, 6 - www.google.kz – Интернет желісі

           

          7. ҚазЭУ хабаршысы. -  2007. - №1. - 286 б.

           

          8. www.google.kz – Интернет желісі 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Информация о работе Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі