А.С.Макаренконың тәрбие мәселесі туралы
Реферат, 07 Декабря 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Аса көрнекті кеңес педагогикасының көрнекті өкілі жаңашыл-педагог, тамаша жазушы А.С.Макаренконың педагогикалық мұрасының мәні бүгін де өзекті, бүгін де өміршең екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Несімен ерекше көптеген адамдар мен біздің шетелдегі достарымыздың жүрегін А.С.Макаренко баурап алды?
Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми және революциялық мазмұнымен толыққан. Оның жүйесінде көптеген педагогикалық мәселелер жаңаша ашып көрсетілді: бірыңғай балалар ұжымы – тәрбие субъектісі, тәртіп – адамгершілік категориясы, жазалау – адамды құрметтеудің ерекше көрінісі, қаталдық – ең үлкен, ізгілік және т.б.
Содержание
1)А.С.Макаренконың педагогикалық көзқарасының ерекшелігі.
2) Өмір жолы мен еңбектері.
3) Ұстаздық дастан поэмасына шолу. Ұжым туралы теориясы.
4)Ата-ана беделі туралы пікірі.
Работа содержит 1 файл
А.С.Макаренко.docx
— 33.63 Кб (Скачать)
Макаренконың педагогикалық
Горький атындағы колонияда
Макаренко еңбек тәрбиесі
Коммуна жағдайында оқытуды
Ұжым болу үшін топ сапалы
өзгерістердің әртүрлі
Бірінші кезең – ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы). Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.
Ұжымды ұйымдастырушы –
Екінші кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы ретінде жұмыс істеді.
Бұл кезеңде педагогтың
Бұл кезеңде ұжымның дамуы
қарама-қайшылықтарды жеңумен
Үшінші және одан кейінгі
"Біздің
тәрбиенің міндеті
Бұны А.С.Макаренко жазған
Балалар ұжымының дамуы, Макаренко айтуы бойынша....
әр уақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды
педагогикалық ұжым
бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының
өте тиімді жолдарын шығармашылықпен
іздестіреді деп айтқан болатынды.
Ата-ана
беделі туралы пікірі
А.С.Макаренко
бала тәрбиесінде үлкен орны бар
отбасындағы ата-аналардың
- Басым болу беделі. Ең зиянды болмаса да ең қауіпті түрлерінің
бірі.Аталып
отырған бедел түрінен көбінесе
әкелер жапа шегенді.Егер
- Өзін қашықта ұстау беделі. Кейбір әкелер,сонымен қатар аналар балаларын тыңдату үшін өздерінбалаларынан алысырақ ұстап,олармен азырақ сөйлескен, яғни балалармен өз қарым қатынастарын бастықтар мен бастық қарамағындағы бағынышты адамдар сияқты қалыптастырған дұрыс деп есептейді,кейбіреулері тіпті сондай қарым-қатынасқа кәміл сенеді.
- Мемендік беделі. Өзін-өзі қашықтықта ұстау беделінің осы түрін ең зиянды деп есептеуге болады.Кейбір адамдар өз еңбектерін басқалардан жоғары деп есептеп,өздерін еңбегі ерен сіңген адамдар қатарына жатқызып,маңыздылығын басқан қадам сайын жұртқа әсіресе балаларына көрсетіп отыруға тырысады.Үйіне келгенде олар одан сайын кеудесін көтере түседі.Екі сөзінің бірінде өзінің артықшылықтарын айтады,басқа адамдарға менсінбей қарайды.Көп жағдайда осындай паң әкелердің балалары өз орталарында менмендік көрсете бастайды,өздерін басқа балалардан жоғары санап,кеудесін көтере бастайды.Достарының алдында айтатын екі сөзінің бірі:менің әкем - бастық,менің әкем – қолбасшы,менің әкем – атақты адам.
- Педанттық бедел. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға назарын қатты аударады,балалармен көп жұмыс істейді,алайда олардың жұмыстары
бюрократтық типке жақын болады.Олардың пікірінше балалар ата-ананыңбарлық айтқандарын мүлтіксіз тыңдауы керек,балалар үшін ата-ананың сөзі қасиетті қағида.Ата-аналар өздерінің нұсқауларын салқын леппен жеткізеді және сол нұсқаулар дереу заңға айналады.
- Ақылгөйлік бедел. Бұл жағдайда ата-аналар бала өмірін шегі жоқ ақылгөйлік және өсиеттік әңгімелерге толтырып жібереді.Балаға қысқа әрі нұска,мүмкін қалжың түрінде бірнеше сөз айтудың орнына,олар баланы өзінің қарсы жағына отырғызып қойы,қызық емес және баланың есін шығаратын ұза әңгіме бастайды.Ата-аналардың осындай түрі педагогикалық даналықты ұзақ уақыт бойы баласына өсиет айту деп түсінеді.Жаұяның осындай түрлерінде көтеріңкі көңіл мен шат күлкі жоқтың қасы.Ата-аналар жан тәнімен балалардың алдында әділ,ілтипатты болғысы келеді және олрдың мақсаты балаларға қателеспейтіндей болып көріну.
- Сүйіспеншілік беделі. Бұл біздің елімізде кеңінен тараған жалған бедел түрі.Көптеген ата-аналар балалары оларды тыңдауы үшін,олар ата-аналарына сүйіспеншілікпен қарауы керек,сол сүйіспеншілікке ие болуы үшін,әр қадамында өз балаларына деген ата-аналық сүйіспеншілігін көрсетіп отыру керек дегенге кәміл сенімде болады.Жылы сөздер,шегі жоқ аймалаулар,ескертулер,балаға деген нәзік сезімдері қажетсіз мөлшерде молынан төгілі бастайды.
- Мейірмандық беделі. Бұл беделдіктің ең ақалды емес түрі.Бұл жағдайда балалардың ата-ана сөзін жерге тастамауы балалық сүйіспеншілік арқылы жүзеге асырылады,алайда бұл жағдайда олар балаларды еркелету және аймалаудың орнына,бала сөзін екі етпеу, балаға деген шектен тыс жұмсақтық,ата-ана мейірімділігі арқылы беделге ие болуға тырысады.Әке мен шеше балаға мейірімді періште түрінде көрінгісі келеді.Ата-ана балаға не істеймін десе де рұқсат береді,олар аямшақ емес,олар дұниедегі ең тамаша ата-ана.Ондай ата-ана жанұядағы қарамақайшылықтардың болмауы үшін олар қандай да болсын рухани құрбандыққа барады.Бұндай жанұяларда көп ұзамай балалар ата-анасын билей бастайды,ата-аналардың бала талаптарына қарсы келмеуі,баланың өзниеті,қаңырлығы ,талаптарын жүзеге асыру үшін орасан зор мүмкіндік береді.Балалар шектен тыс мінез көрсете бастаған кезде ата-аналары балаларына болар болмас арсылық көрсетуге тырысады,алайда олрар кеш қалады,жанұяда зиянды тәжірибе тамырын тереңге жіберіп қояды
- Достық беделі. Көп жағдайда балаларды өмірге келмей жатып ата-аналар өздеріне серт береді,болашақта дүниеге келген балаларымыз біздің досымыздай болады деп армандайды.Әкесі мен баласы,анасы мен қызы дос бола алады және дос болулары керек,бірақ қалай алсақ та ата-аналар жанұя ұжымының ересек мүшелері,ал балалар арасындағы достық шектен аса бастаса,тәрбиелеу процессі де тотатылыды немесе оған қарама қарсы процесс орын алуы мүмкін,яғни балалар өз ата-аналарын тәрбиелей бастайды
- Сатып алу беделі. Беделге ие болу түрлерінің ішіндегі ең өнегесіз,себебі баланың ата-ананы тыңдайы мен сыйлауы үшін әке – шешесі балаларға сыйлықтар мен уәдені судай төгеді.Ата-аналар ешқандай қымсынбай:мені тыңдасаң – саған ойынщық сатып әперемін тағы да тыңдасаң мен сені циркке апарамын деп айтады.
Сонымен,бүгінгі күн талабына сай келетін,нағыз ата-аналық бедел дегеніміз не?
Ата-ана
беделінің басты фундаменті олардың
омір салты мен жұмысы,одардың
азаматтық тұлғасы мен
Ата-ана
беделін Макаренко қанша
Макаренко Ата-ана беделін 9 кезеңге бөлді.
Пайдаланған Әдебиет:
- Қ.Бержанов,С.Мусин Педагогика тарихы. Алматы. Мектеп. 1984.
- Қадыржан Сейталиев. Педагогика тарихы. Алматы.2008
- Педагогическая поэмаПедагогика. Москва.1981
- Ата аналар кітабы А.С.Макаренко.