Педагогиканың жалпы мәселелері
Лекция, 27 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.
Работа содержит 1 файл
Конспекты по педагогике.docx
— 237.91 Кб (Скачать)
ІІ бөлім. Тәрбие теориясы
7 дәріс. Педагогикалық процесс жүйесіндегі тәрбие
Мақсаты: тәрбиенің тұтас педагогикалық процесс ретінде және қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі мәнін ашу
Жоспары:
1. Тәрбиенің мәні мен сипаты
2. Тәрбие процесі және оның ерекшеліктері.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
Негізгі ұғымдар: тәрбие,тәрбие процесі, тәрбие мәні, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу
7.1 Тәрбиенің мәні мен сипаты
Тәрбие білім
беру, оқыту-ішкі жан дүниеге түрткі
болатын, жағдай жасайтын, оларды
іске асыратын сыртқы
1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында: “ тәрбие халықтың
ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп
алған озық тәжірибесі мен
ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың
бойына сіңіру, баланың қоршаған
ортадағы қарым-қатынас
- гуманизм идеясын;
- тәрбиені мәдени контекстте жүзеге асыруды;
- ашық тәрбиелік жүйелерді құруды;
- тәрбиені отбасында қайта қарауды;
- индивидуалдылықты дамыту және қолдауды;
- тәрбие әдістерін және оны ұйымдастыру формаларының икемділігі мен альтернативаларын есепке ала отырып, жүзеге асыру қажеттілігі туындауда.
Гуманистік тұрғыда білім беру мекемелерінде жеке адам тұлғасына қарай шешуші қадам жасайды, ол өзіндік даму процесі барысында педагогтар жүзеге асыратын индивидттен алшақ абстрактілі жоспарлар мен бағдарламалар жасайтын құрал ретінде емес, субъектісіне айналды. Мұндай мекемелерде әрбір адамнаң индивидуалды өмір мақсаттарын, талаптары мен мүдделерін жоғары санайды, өз дамуында өзін тану үшін жағдайлар жасайды. Мұндай оқу орындарындағы оқытушылар шәкіртті болашақ өмірге дайындап қана қоймай, дамып келе жатқан тұлғаның психикалық ерекшеліктеріне сәйкес - әр өсу кезеңінің жақсы өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Бұдан бірнеше жыл бұрын иллюзия болған: мемлекеттің тез демократизациялануы көптеген өркениетті мемлекеттердегідей экономиканың және мәдениеттің, соның ішінде білім мен тәрбиенің де жоғарғы деңгейге көтерілуі қаматамасыз етілуде.
Мемлекет мәдениеті мен
Әрине сабақ
үстінде әр оқытушы шәкірттің
жоғарғы рухани ұмтылыстарын көрсету
үшін көп нәрсе жасай алады. Егер
де отбасы, қоршаған әлеуметтік шындық,
сабақтағы өткенді дәлелдесе, ал
үлкендермен қарым-қатынас
Ұстаз, ата ана, кез келген ересек адам рухани бағыт беруші міндетін өзіне арта отырып, мәселені шешуге маманды араластыруы қажеттілік болып отыр. Ол- педагог-психолог мамандар.
Балалардың өз қабілеттері мен таланттарын әрі қарай дамыту мүддесі мен дайындығы сияқты факторды ескермеу мүмкін емес. Әрине бұл фактор отбасы және оқу орындары тәрбиесінің нәтижесінде қалыптасады. Дегенмен біріншіден ол қоғам мәдениетінің әсер етуі нәтижесінде пайда болады.
Енді қазіргі кездегі тәрбиенің қолданылып жүрген бірнеше әдісіне тоқталып өтелік:
- Тәрбие жалпы адами құндылықтарға сүйенеді (бұл бағдарламаның негізін салушылардың бірі В.А.Караковский). Тәрбиеде негізгі құндылықтарды айырып көрсету: Жер – барлық тірінің ортақ үйі, отбасы - өз ұрпақтарын тәрбиелейді, туған жер - әр адамның Отаны , физикалық / ой / рухани еңбегі, білім құндылығы, мәдениет құндылығы, бейбітшілік құндылығы, адам құндылығы – мұның барлығы әлемде адамға бағытталған.
- Тәрбиелеудің гуманисттік және демократиялық сипаты: өзараәрекеттесу идеясы бірін бірі түсінуді, бір бірін сыйлауды, оқытушы бала тұлғасына бағытталу тұрғысынан келуді түсінеді.
Мәдениеттанулық әдіс, тәрбиені мәдениетті
игеру процесі тұрғысынан қарастырады.
Мәдениет – тұлға мүмкіндіктерінің
ең жоғарғы деңгейі. Мәдениет көрсеткіштері:
білімді пайдалана алу, дүниетаным
қалыптасуының деңгейі. Өркениетті
адам әлемі – мәдениет әлемі, мәдениетті
ұрпақтарға қалдыру тәжірибесі, адамның
шығармашылық белсенділігі. Мектепте
оқушылар мәдениеттің негізін игерулері
керек, яғни білім мәдениетінің гармониясы,
шығармашылық әрекеттер мәдениеті,
сезім мәдениеті. Ал, жоғарғы оқу
орындарында кеңейтіліп, дамытылады.
Білім мәдениеті: білімдерді қабылдау
қабілеттілігі, білімді пайдалану,
материал мен жұмыс жасау қабілеттілігі.
Творчествалық әрекеттер
Қазіргі тәрбиеде ұстанатын идея- күш көрсетпеу идеясы. Яғни бұл – адамның жалпы әлемге, табиғатқа, тірі нәрсенің бәріне, басқа адамдарға жақсылық пен зұлымдық позициясынан қатынасын сипаттайтын этикалық түсініктер.
Күш көрсету – белгілі пайданы иемдену мақсатындағы бір топ адамдардың екіншіге күш қолдануы. Біздің түсінігіміздегі күш көрсетпеу – саяси, экономикалық, эстетикалық, этикалық және жекелік проблемаларды және жанжалдарды шешуші әдіс ретінде күш қолдануды жоққа шығаратын, адам мен оның өмір сүру құндылығын қабылдау негізінде жатқан идеологиялық этикалық принцип.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан бұл тұжырымдама педагогика мен психологоияның гуманисттік теорияларында көрініс тапты. Көбінесе мұнда Вентцель К.Н., Маслоу А., Роджерс К., Руссо Ж-Ж., Сухомолинский В.А., Толстой Л.Н., Амонашвили Ш.т.б. көзқарастары көрініс береді.
Күш көрсетпеу концепциясы педагогикада «бостандықң түсінігімен байланысты. Гуманистік бағыттағы педагогикада бостандық ұғымы негізгі болып табылады. Бостандық баланың өзіндік іс-әрекеті. Тұлға дамуындағы биологиялық приоритеттерден шығатын еркін тәрбиелеу өкілдері осы позицияны ұстанады. Мысал ретінде М.Монтессориді келтіруге болады. Оның тұжырымдамасы бойынша баланың еркін көріністеріне мектеп мүмкіндік беру керек. Ұстаз бала қызметіне араласпауы тиіс. М.Монтессори ойынша кедергі жасамаған жағдайда тәрбиенің барлық сипаты, бостандық әрекеті және жеке шығармашылық еңбегі көрініс береді.
Бостандық саналы түрде таңдау жасауды білдіреді. Қазіргі замандық гуманистік педагогика мен психология бостандық таңдау жасау мүмкіндігі деген ұғымға негізделеді. К.Роджерс бойынша оған тек өзін тыңдаған, өзін қабылдау, басқалардың ойына емес өз тәжірибеге бағдар алу, сонымен қатар басқаларды түсініп қабылдаған кезде жетуге болады.
Сонымен, бостандық
мәселесін әр түрлі тәсілдерді сараптау
барысында бұл ұғымның
Бұл жерде күш көрсетпеуге байланысты өзара шарттас екі блокты көрсетуге болады:
- Өсіп келе жатқан ұрпақта күш көрсетпеу рухын тәрбиелеумен байланысты мәселелер, оларға үш бағытты жатқызуға болады:
- табиғатқа, және барлық тірілерге қатынасы;
- адамдарға, соның ішінде өзіне гумандық қатынас, тұлғааралық және жекелік жанжалдарды зорлықсыз жолдармен шешу қабілеттілігі, басқа адамды қабылдау мен түсіну қабілеттілігін дамыту.
- Білім беру және тәрбиелеу процесінің гуманизациясы, үлкендер мен балалардың өзара қатынасымен байланысты мәселелер:
- үлкендер мен балалар қатынасы жүйесінің әр түрлі деңгейдегі білім беру орындарындағы жұмыс жасау формалары мен әдістерінің гуманизациясы;
- күш көрсетпеу идеясының негізінде жасалған педагогикалық қызметтің жаңа формалары мен әдістерін жасау және ендіру;
- орта маманданған және жоғарғы оқу орындарында келешек педагогтарды дайындауды реформалау.
Екінші топтағы
мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек.
Егер педагогиканың өзі авторитарлы
позицияларды ұстанатын болса, балада
күш көрсетпеу қатынасын
Жоғары педагогикалық
білім беру сапасын көтерудің
жаңа жолдарын іздестіру, қазіргі жүйені
әлемдік педагогикалық
Көпдеңгейлік жүйеге өту кезінде пайда болатын осы және басқа да проблемаларды шешудің тұтастық тәсілі педагогикалық білім берудің жаңа философиясын жасауды көздейді. Оның негізінде адамның тұтас образы жатыр.
Тұлға мәдениеті – тұлғаға жалпыадамдық ұлттық мәдениетпен гармонияда өмір сүруге мүмкіндік беретін сипаттардың жиынтығы (білім, қасиет, әдет, ойлағанға жету әдістері, құндылықтық бағдарлар).
Қоғам дамуының
әр кезеңі, әр уақыты тұлға мәдениетінің
мазмұнына жаңа, өз акценттерін енгізеді.
Адамда өзіне әлеуметтік және биологиялық
индивидуалдылық ретінде
Өзін анықтаушылық, мендікті, позициялық анықтаушылықты, оны жүзеге асыру бағдарламасын көздейді. Бұл механизмнің жүзеге асуын қамтамасыз ететін негізгі шарт, өзін анықтау сфераларының болуы. Мұндай сфера төртеу – адам, қоғам, табиғат және адам қызметінің интерацияланған өнімдері. Тәрбие адамның өзімен гармониясын басқа адамдармен, қоғаммен, табиғатпен, адам қызметімен гармониясы арқылы қамтамасыз етуі керек.
Ұлы ғұлама ойшыл әл-Фараби: “Бақытқа
жету жолында” деген еңбегінде : “Тәрбие
деп халықтардың бойына білімге негізделген,
этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту
деген сөз”-деп өзіндік тұрғыдан пайымдаған.
Яғни, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруды
көздейтін және қоғам талабына сай адамды
қалыптастыруда белгілі-бір мақсатқа
сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету
болып табылады. Өткен ғасырдың алғашқы
ширегінің өзінде Ж.Аймауытов “Тәрбие”
атты мақаласында “тәрбиеге әсер беретін
нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі.
Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды
замандас, жолдастың азғырып, не түрлі
жаман мінезді жұқтыратыны белгілі”-деп
жазған болатын.
Жоғарғы
оқу орындарында білім беру
процесінде барлық тәрбие
- Адамгершілік, эстетикалық, дене шынықтыру, құқықтық, азаматтық және экономикалық тәрбиелер (гуманитарлық блок)
- Ақыл –ой, экологиялық тәрбие (табиғи ғылыми блок)
- Еңбек тәрбиесі, тәжірибе кезінде, аудиторияда, сонымен қатар өзіндік жұмыс орындаған кезінде.
Тәрбие әдісін жіктеген кезде үш үлкен топқа бөлуге болады:
- студенттердің дүниеге көзқарасы және құндылық бағдарын тұжырымдау әдістері;
- мотивацияны ынталандыру әдістері;
- жеке адамның шығармашылық икемділігінің дамуы және оның сапасын арттыру әдістері.
Тәрбиелеушілік әдістер
- жеке адамның қоғамдық ортадағы адамдарға гуманистік құндылық бағдарының қалыптасуын;
- демократизм және толеранттық қатынасын;
- ұлттық санасы мен ұлттық ойының ерекшелігін;
- жеке адамның креативтік мәнін ашу қабілеттілігін.