Тәрбие әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 08:58, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) — бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.Тәрбие әдістері — ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ.
1.1ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК.....................................................................................................4-6
1.2.ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ. .......................6-14
2. ТӘРБИЕ ӘДІСІНІҢ МӘНІ МЕН БӨЛІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1.КОЛЕКТИВТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАЙКАУ , БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ.......................................................................... 15-17
2.2.СЕНДІРУ ӘДІСТЕРІ........................................................................17-19
2.3.ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІ................................................................19-25
2.4.ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ӘДІСТЕРІ................................................................................................25-32
3. ҚОРТЫНДЫ............................................................................................33
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................34

Работа содержит 1 файл

тәрбие әдістері.docx

— 58.82 Кб (Скачать)

Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтығу, арнайы тәрбиелік ситуация.

Талап - мінез-құлық, нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру  функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату. 
Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап — нақты міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет.

Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.

Жаттықтыру әдісі—бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің, ұжымының мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.

Әрбір әдістің мақсаты  мен мазмұны педагогикалық оқу  құралдарында жақсы жазылған. Сондықтан  мысал ретінде тек қана әңгіме және пікірталас әдістеріне тоқталамыз. Әңгіме — бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгімі әдісі кез-келген мәселеде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:

1. Тақырыптың көкейтестілігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.

2.Әңгіменің мазмұны балалардың  жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы  қажет.

3. Әңгіменің тақырыбына  сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдаланған жөн.

4. Оқушылар үшін әңгіме  тартымды, қызықты болуы керек:  жаңалық, оқушыларды зеріктіретін  артық сөздерден аулақ болу, бір  нәрсен қайталай беру наразылық туғызады.

Пікір талас — бұл жоғары сынып оқушыларының байымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы  өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен  бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім  де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және тұрақтары күні бұрын хабарландырылады. Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың сонында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Мектеп өмірінде В.А.Сластенин  жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі  ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерініц 4 тобы қарастырылады.

Бірінші топ. Жеке адамның  санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.

Екінші топ. Қоғамдық мінез-құлық  тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық  талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.

Үшінші топ. Іс-әрекетін және мінез-құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі  бақылау және тәрбиеде өзіне өзі  баға беру әдістері: педагогикалық  бақылау, әңгіме, сұрау  қоғамдық пайдалы  іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.

Жазалау — бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқанқылық болмайды, ол болған қателікке қайғыру дейді А.С.Макаренко. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірсіз жазалауға болмайды. Жазалауда жеке адамның абыройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды. 
IV топтағы әдістердің ішінде педагогикалық бақылау және психологиялық сұрақтарды еске алған жөн. Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрлері бар. Олар: тікелей бақылау, ашық бақылау, жасырын бақылау, қысқа мерзімді бақылау; ұзақ мерзімді бақылау т. б.

Тікелей бақылау зерттеуші  мен объект арасындағы бақылау арқылы тікелей байланыс, қатынас.

Ашық бақылауды қатысушылар  біледі. Жасырын бақылауды телидидардан, жасырын дыбыс жазу, арақашықтық (дистанциялық) бақылау үшін тура микрофон байланысы көмегімен жүргізуге  болады. 
Қыска мерзімде бақылау сабақ, үзіліс және бүтін жұмыс күні барысында жүргізіледі.

Ұзақ мерзімді бақылау  оқу тоқсанынын және жыл бойында  жүргізіледі.  
Жеке адамның тәрбиелілігін зерттеуде бақылау әдісін қолдану үшін нақты бағдарлама жасалады. Осыған орай, фактыларды жазу жүйесін ойластыру, оларды бақылау күнделігіне, бақылау картасына жазып отыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ТӘРБИЕ ӘДІСНІҢ МӘНІ МЕН БӨЛІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1.КОЛЛЕКТИВТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАЙҚАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ.

 Ұйымдастырылған кәсіпкерлік  ұжым мен мүшелерінің тәрбиенің  жоғарғы деңгейі мен қарым  – қатынас мәдениетін анықтайды.  Осыған орай келесі әдіс түрлерін  көрсетуге болады: дисциплина (пән,тәртіп), өз-өзіне қызмет көрсету, жарыс және өзін-өзі басқару.

Дисциплина – бұл ұжым мүшесінің қарым-қатынас мәдениетін қамтитын тәрбие әдісі. Сондай-ақ, ол ішкі тәрбие ережелері мен пайдалы  дәстүр мен жақсы мінездердің  қалыптасуына және олардың бір-біріне деген тең дәрежедегі талабы ретінде ұсынылуы қамтылады. Өз-өзіне қызмет көрсету – ұжым еңбегі мен өмірінің ұжымдық шарттарының пайда болуын көздейді. Қазіргі қоғамда өзіне қызмет ету өмір сүру нормасына айналды. Кәсіпкерлер ұжымы мен оқушылар ұжымында өзіне қызмет көрсету мекеме мен жұмыс орнын жинастырудан бастап, оны безендіру дейін жетеді .Өзіне қызмет көрсетуге ұжымның барлық мүшелерінің қатысуы маңызды болып табылады. Өзі - өзіне қызмет көрсету мен оның рационализациясының ұжымдық нормалары педагогтардың бақылауын алатын басты пәнге айналады. Ол қажетті материалдар мен қ ұралдармен қамтамассыздандыру сияқты дайындықты, қызметтердің бөлмесін жұмыс істеуді анықтайтын нақты кестені көрсетеді. Жарыс - жеке және ұжымдық еңбекті ынталандырады және оның қатысушыларының қызғаныштық қатынасын қамтиды. Бұл жерде бірлескен ұжымның нәтижелерді салыстыру мен тіркеу маңызды рол атқарады, сондықтан қатысушыларды ынталандыру, оның ішіндегі жеңімпаздарды ынталандыру да ең маңызды ролді иеленген. Жарысты тәрбиенің нәтижелі тәсіліне айналдыру үшін оның шарттарын орындау қажет.

Біріншіден, ұйымның ұжымдық  талпынысы шынайы төгіліп тұруы  қажет және өндіру мен оқыту қажеттілігімен бекуі керек.

Екіншіден, жарыс шарттарын  орындаушы педагогтар мен өзін-өзі  басқарудың мүшелері сияқты жағдай мен  нақты өзекті тапсырмалардың шығуы  керек.

 Үшіншіден, жарыстың  негізін ұйымдастырушылық нәтижелердің  тікелей тіркелуінен құрылуы  тиіс, екінші формалдық көрсеткіштерден емес. Өзін-өзі басқару – жауапкершілік пен ұйымдастырушылықты қамтамассыз етеді. Бірақ, оның шарттары: ұжым жұмысын басқаруға жұмысқа қабілетті және нақты құқықтары мен мүмкіндіктері анықталады. Органдардың қатысуы қажет. Нақты ұжымда өзін басқару құрылысы үш түрлі фактормен анықталады: коллектив құрылымы, оның өмір сүру мазмұны, оның мүшелерінің ұйымдастырушылық қабілетімен анықталады. Басқару – бұл күрделі әлеуметтік функция . Ол табысты болуы үшін барлық ұжым мүшелерін жүйелі және бірізді қабілетпен және ұйымдастырушылық икемділігін қаруландыру керек. Сондай-ақ, тіркеу мен бақылауды ұйымдастыруға, жоспарлауға, ұйымдастырылған кеңес пен жиналыстардың өткізуіне есеп беру формасы мен нұсқауды жүргізуге үйрету керек.

Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау  және талдау үшін мінез-құлық пен  іс-әрекетке бақылау жасау, адамның  өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі  баға беру әдістері қолданады.Өзін-өзі  байқау және бақылау әдістері тобындағы  әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят  туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық  процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі  әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын  ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалануТәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.

2.2. СЕНДІРУ ӘДІСТЕРІ.

Сендіру әдістері – конференция, дискуссия, ағарту істеріне қатысушы болашақ мамандардың гуманитарлық көзқарасы мен жеке пікірлеріне негізделеді. Сендіру бір ұғымның саналы дәлелі мен өнегелі позициясын және орын алған жағдайда бағалауды болжайды. Айтылғандардың шын екендігіне көз жеткізсек оқушы өзінің әлемге, қоғамға, әлеуметке деген көзқарасын қалыптастырады. Сендіру де тәрбие әдістері тәрбие түрлерінің формалары арқылы жүзеге асады. Сендіру көркемдік шығармаларды үздікті оқу, әртүрлі пікір-талас жүргізу формаларынан тұрады. Сендіру өзін - өзін тәрбиелеу әдісі болып табылады. Сендіру өзін сендірумен тығыз байланысты және бұл тәрбиеленушілердің әлеуметтік проблемасын қабылдауға саналы, өз шешімімен жеке көзқарасын қалыптастырады. Осы құрылым негізінде талқылау мен қорытындылау жатады.

Ақпарат – тәрбиеленушілердің белгілі бір мағұлыматтарымен қамту. Бұл әдісті бастапқы деп санауға  болады, себебі ол жаңа идея, теория, ереже, тәрбие мазмұнын құраушы басқа ақпараттармен алғаш танысуда қолданылады.

Ақпарат әдісін қолданудың ең басты тәсілі педагогтың жеке мысалы мен өз сөзі болып табылады. Сондықтан  әңгіме, сұхбат, нұсқау, лекция формаларын да қолданады. Мақсатқа лайықты басқа  да адамдардың осы іске деген назарын  бөледі. Олар маңызды оқиға куәгерлері, оқымыстылар, политиктер және қоғам  қайраткерлері т.б.

Іздеу – ақпаратты жинау мен зерттеу құндылықтарының бағдарлануына және өздігінен білім алу процесіне тәрбиелеуді бағдарлайды. Іздену барысында өзін-өзін оқыту мен дағдылану қалыптасады. Іздену түрлері – туристтік-краеведтік жұмысты, туған жерінің атақты адамдарының өмірі туралы ақпарат жинау, яғни биографиялық іздеу болып ажыратылады. Бұлар қазіргі заманғы, тұлғалар болуымен қатар тарихи тұлғалар болуы да мүмкін. Бұл өте күрделі тәсіл бола келе әдеттің негізін қалаушылар туралы конспектілеуді жиналған деректі сұрыптауды, видиофильм жасауды т.б. талап етеді.

Дискуссия – тәрбиеленушілердің пікір алмасуына және өнегелік –  этикалық ойларының дамуына, сондай-ақ , сынай білуге, сынды қабылдай білуге, қиын бір жағдайлардан шыға білуге үйретеді. Дискуссия барысында серіктесіңе  адамгершілік көмек беріп, оны демеу, қиын жағдайлардан көңіл бөлу де маңызды  болып табылады. Дискуссия тақырыбының  дамуын, қозғалыс үстінде болуы маңызды  болмақ.

Бірақ бұл зиянсыз сын  мен жалған ұсыныстардың ашылмай қалуына кепіл бола алмайды.. Дискуссия достар, оқушылар мен оқытушы арасындағы сенімділікті нығайтуға, жастар мен қамқоршыларының арасындағы бір-біріне деген сыйластықты күшейтуге, ұжым мүшелерінің жақсылық тілеуін болжайды, көрсетеді.

Жауапты ағарту - өз білімін дәлелдеу қажеттілігіне бағытталып, достарының арасында оқушылырдың білімін дәлелдеудегі оның көзқарасын, сенімін қамтамассыз етеді. Бұл этапта ұжым тәрбие істерінің субъектісіне айналса, педагог , көмекші және консультант қызметін атқару болып табылады. Жауапты ағарту ұжымның тәрбие функциясын күшейтеді және өз білімін басқалармен бөлісуге адамдар санын көбейтеді.

2.3 ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІ.

 Ынталандыру әдісі - бұл топ өмір сүруге үйренушілердің құрылымынан тұратын формалдық саласына бағытталады. Ынталандыру әдістері талап, ынталандыру, жазалау, болашақ пен көпшілік пікірлерінен тұрады. Педагогика саласында оның басты компоненті ретінде ынталандыру мен жазалау кең таралған

Тəрбиеленушіні белгілі  іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында  ынталандырудың орны өз алдына. Бұл  əдістің ежелден-ақ мадақтау мен  жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.Мадақтау – тəрбиеленушілер əрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т.б.

Қарапайымды бола тұра, мадақтау өте жауапкерлі де іс. Мадақ шектен тыс əсіреге айналып кетпей, орынсыз  кем де болмауы керек. Санамен  сарапталмаған əсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық  қырлары мен оның салдарын ескерген жөн:

1. Мадақ-марапат сырттай  көзге түсіп, əйгілену ниетімен  емес, мақтаушы мұғалім мен марапатталушы  оқушының, яғни екі тараптың бірдей  жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт.

Информация о работе Тәрбие әдістері