Тәрбие әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 08:58, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) — бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.Тәрбие әдістері — ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ.
1.1ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК.....................................................................................................4-6
1.2.ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ. .......................6-14
2. ТӘРБИЕ ӘДІСІНІҢ МӘНІ МЕН БӨЛІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1.КОЛЕКТИВТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАЙКАУ , БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ.......................................................................... 15-17
2.2.СЕНДІРУ ӘДІСТЕРІ........................................................................17-19
2.3.ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІ................................................................19-25
2.4.ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ӘДІСТЕРІ................................................................................................25-32
3. ҚОРТЫНДЫ............................................................................................33
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................34

Работа содержит 1 файл

тәрбие әдістері.docx

— 58.82 Кб (Скачать)

Ұғындыру – тəрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау əдісі. Бұл əдістің қолданылуы сынып ұжымы мен əр баланың тұлғалық сапаларын танып, білуге көзделген. Бастауыш мектеп балаларына қарапайым тəсілдер мен құрал-шараларды пайдаланудың өзі жеткілікті. Ұғындыру əдісі, егер тəрбиеленуші қандай да талаптың мəніне жете алмай жатса, жаңа адамгершілік сапа жөніндегі ақпарды ой елегіне түсіріп, қабылдауға қиналса, яғни қалай болғанда да оның санасы мен сезіміне түрткі салу қажетінде қолданылады. Ал мектепте қоғамдағы жай, айқын да ақиқат ережелерді ежелеп түсіндіре ұқтырудан аулақ болған жөн, мысалы, партаны сызба, тұрпайы сөз айтпа, еденге түкірме жəне т.б. Бұл орайдағы ұғындыру емес, шектеу əдістерін қолданған дұрыс. Аталған əдіс негізінен:

а) жаңа моральдық сапа мен  əрекет-қылық формасын қалыптастыру əрі бекіту үшін;

б) тəрбиеленушілердің қандай да болған қылыққа дұрыс көзқарас-қатынасын  қалыптастыру ниетімен - қолданылады.

Қандай да ұғымның орнығуы, баланы оған сендіре білуге байланысты. Сенім кейде мұғалім сөзін  сын-сарапқа сала алмаудан шалыс, қателікті  болуы мүмкін. Сенімнің санаға еніп жатқанын адам сезе бермейді, осыдан ол ырықсыз сеп-түрткілер жетегінде  қалып, тұтастай тұлғалық сапаларын  өзгертуіне тура келеді. Педагог сендіру  əдісін оқушыға нақты нұсқау-талапты  қабылдату үшін, басқа тəрбие əдістерінің  ықпал əсерін күшейту мақсатында қолданады.

Тəрбие тəжірибесінде  ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу  əдісіне де жүгінуге тура келеді. Үгіттеу  əрекеті тəрбиеші ұстанған қатынас  формасына түгелдей тəуелді. Үгіттеу  арқылы педагог тəрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды, жақсылық сезімін ұялатады, жоғары нəтижелерге  жететініне сендіреді. Үгіттеуден болатын  тиімділік тəрбиеші абыройына, оның жеке адамгершілік болмысына тəуелді, өз сөздері мен əрекеттерінің дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді.

Үгіттеу арқылы кейде оқушыны  өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне келтіруге болады. Педагог баланың  мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз əрекет жолдарын да көрсетеді. Бұл жағдайларда орынсыз əрекеттің, оның салдарының мəнін дəлелді ашып берумен бірге тəрбиеленуші мінезіне ұнамды ықпал жасаушы тəрбие көздерін тауып, қолданады. Кейде орынсыз қылық білместіктің салдарынан болады. Мұндайда үгіт ұғындыру жəне сендірумен бірге қолданылып, оқушы өз қателерін мойындап, мінезін оң қалыпқа келтіргендей əсерде жүргізіледі.

Əдептілік сұхбаты - екі тарап  өкілдері – тəрбиеші жəне тəрбиеленуші қатысуымен болатын жүйелі де бірізді  білімдер талқысы. Сұхбаттың əңгімелеу  мен көрсетпе беруден айырмашылығы - тəрбиеші өз сұхбаттасы – тəрбиеленушінің  пікірін тыңдайды жəне онымен есептеседі, олармен болған өз қатынасын құқық  теңдігі жəне қызметтестік принциптері  негізінде түзетеді. Əдептілік сұхбаттарының  негізгі арқауы адамгершілік, инабаттық-имандылық  проблемалары. Сұхбат мақсаты –  ізгілік ұғымдарын нығайту, тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді қорытындылау жəне бекіту, адамилық көзқарастар  мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.

Əдептілік сұхбаттарының  тиімді болуы келесідей маңызды  шарттарға тəуелді:

1. Сұхбаттың проблемді  сипатта болғаны өте маңызды.  Осыдан көзқарастар, идеялар,  пікір сайыстары өрбиді. Тəрбиеші  тосын, қалыпқа келмейтін сұрақтардың  туындауына себепші болып, өз  шəкірттерін оларға жауап іздеп, табуға баулиды.

2. Сұхбаттың жаттанды  дайын не үлкендердің құлаққа  салған жауаптары бойынша өтуіне  жол бермеңіз. Балаларды не ойлағанын  ашық айтуға тартыңыз, басқалар пікірін сыйлауға үйретіңіз, шыдаммен дəлелді тұжырымдар топшылауға жетелеңіз.

3. Сұхбатыңыз тəрбиеші  көпіре сөйлеп, тəрбиеленушілер  үндемей тыңдайтын дəрісбаянға  айналып кетпесін. Сұхбат барысында  ашық та анық айтылған пікір  балаларды дұрыс қорытындыға  келтіреді. Əңгіме-сұхбат нəтижелілігі  екі адам ортасындағы көңіл  табысудан, пейіл жылуынан шығады.

4. Сұхбат үшін таңдалған  материал тəрбиеленушінің эмоционалдық  кейіпіне сай болғаны жөн. Талқыланатын  тақырып оқушыларға жете түсінімді  болмай, олардан сөз-жарыс, пікір-  талас белсенділігін күту не  талап етуге болмайды. Шынайы  тəжірибеге негізделген сұхбат  қана өзінің болымды нəтижесін береді.

5. Сұхбат барысында барша  көзқарастарды айқындап, салыстыра  білу қажет. Ешкімнің де пікірін  жоққа шығаруға болмайды –  бұл əділдік шынайылылық, қатынас  мəдениетінің ізгілікті белгілері.

6. Əдептілік сұхбатында  дұрыс басшылық – мəні - тəрбиеленушілерге  өз ынта, əрекетімен дұрыс шешім  қабылдауға жəрдем беру. Бұл үшін  тəрбиеші болған оқиғаларға тəрбиеленуші  тұрғысынан көз салып, оның  ойы мен сезімін түсінуге тырысуы қажет.

Үлгі-өнеге - өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі жеңіл бекиді, себебі оны  ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз – екінші сигналдық  жүйе деңгейінде əсер етеді. Үлгі еліктеу  үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-əрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа» - деген байырғы Рим  ғұламсы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек - ата-ана, тəрбиеші, дос-жаран. Əдебиет, фильм кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да үлкен  тəрбиелік ықпал жасайды. Үлгінің  психологиялық негізі – еліктеушілік. Осыған орай бала əлеуметтік жəне инабаттық тəжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет.Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.

Сонымен, сана қалыптастыру əдістері тұлғаның ізгілену тəрбиесінде  маңызды рөл атқарады. Мұндай əдістер  түрі: əдептілік əңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі тəрбие əдістерінің тиімділігі олардың  қалай қолданылуына, педагог таңдаған гуманистік бағытқа тəуелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 .Қортынды

Оқыту әдістерінің барлығы  ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан  айырмашылығы, мұғалім мен оқушы  арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің  соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың  тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде  адекватты қойылған мақсатты іске асыруға  бағытталған. Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі.

 Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты.

Қазiргi кезде жас ұрпақты  тәрбиелеу жолында қолданылатын тәрбие әдістерінің ерекшеліктерінің мағынасын ажырату. Бұл жөнінде  ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді  талдау, тәрбиенің қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа  шығара алмайды. Жалпылама дүниетанымдармен қатар жоғалып келген немесе бұрын  күштеу нәтижесiнде айрылған аса  маңызды қасиеттердiң орнын толтыруда  адамның рухани мәдениетiнiң негiзiн  қалау тек мектепте тәрбие әдістеріне түрлендіру арқылы ғана жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

  ПАЙДАЛАНҒАН   ӘДЕБИЕТТТЕР   ТІЗІМІ

1.Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. Алматы, 1988 жыл, 49-бет.

2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев  Р.М. Педагогика. Астана. 1998 жыл, 26, 29-беттер

3.Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.

4. Абдижамитов К.А, Сабыров  Т.С. Жеке тұлға қалыптастыру  жолдары. Бастауыш мектеп, 1995 жыл, 16-бет.

5. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы. 2004 жыл, 55, 56-беттер

7.Білім берудің  құрылымы мен түрлері. Халық  тәлімі. №12, 2005 жыл, 20-маусым, 3-бет.

8. Кертаева Ғ.М. Ұстаз  қызметіндегі педагогикалық деонтология.  –А., Ғылым, 2002 жыл, 104-бет.

9.Бекболғанов Е. Өзіндік танымдық іс-әрекеттерді белсендіру. Қазақстан мектебі. Алматы. 2003 жыл, №6, 4-5 баттер.

10. Ахметова Г.К. Педагогика ғылымының мақсаты мен міндеттері. –А.,

11. Қалиев С. Жеке тұлға және оның ерекшелігі. Ұлағат. Алматы. 2000 жыл, №5, 13,14-беттер.

12. Баширова Ж.Р., Төлешова Ұ.Б. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы. 2003 жыл, 14-бет.

13. Дүйсенбекова Ш.Д. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Семей. 2003 жыл, 71-бет.


Информация о работе Тәрбие әдістері