Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Содержание

І.Кіріспе.................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім......................................................................................................10
2.1.Тәрбие процессі туралы жалпы ұғым............................................................10
2.2.Тәрбие - біртұтас педагогикалық процесс..................................................14
2.3.Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру....................23
2.4.Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары......................37
2.5.Тәрбиені педагогикалық түрде жүзеге асыру............................................42
ΙΙΙ.Қорытынды.....................................................................................................51
Қолданылған әдебиеттері тізімі.........................................................................53

Работа содержит 1 файл

курс тарбие.doc

— 423.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде»

 

 

 

 

                                                                        Тексерген:____________________

                                                                       Орындаған:____________________

 

 

2012 оқу жылы.

Мазмұны:

І.Кіріспе.................................................................................................................3

II.Негізгі бөлім......................................................................................................10

2.1.Тәрбие процессі туралы жалпы ұғым............................................................10

2.2.Тәрбие - біртұтас педагогикалық процесс..................................................14

2.3.Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру....................23

2.4.Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары......................37 

2.5.Тәрбиені педагогикалық түрде жүзеге асыру............................................42

ΙΙΙ.Қорытынды.....................................................................................................51

Қолданылған әдебиеттері  тізімі.........................................................................53

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

      Тақырыптың өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

      Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі  бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда.      

      Ел Президентiнiң  сөйлеген сөзінде: “..Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың  сапасын арттыруымыз қажет..”,- деп, атай келе “Қазақстан – 2030” бағдарламасында: “...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...”,- делінген.

       Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.

         Қазақстан қоғамындағы әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер жалпыға бiлiм беру жұйесiн тұпкiлiктi жаңартуды қажет етедi. Сонымен қатар орта буын, яғни «терең бiлiм, кәсiптiк дағдылар негiзiнде iс-әрекет жасайтын, өзiн-өзi дамытатын, жылдам дамып отыратын бұгiнгi заманда өздiгiнен дұрыс, құлықтық-жауапкершiлiк шешiмдердi қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру» мақсат етiп қойылған. Жалпы бiлiм беру жұйесiн реформалауда негiзгi құрамдас бөлiк тәрбие болып саналады. 
Жастарды тәрбиелеу бүгiнгi кұнде жаңаша түрде жанасуды талап етедi. Қоғам қазiргi таңда «бәсекеге қабiлеттi, экономикалық ойлауы дамыған, жан-жақты қалыптасқан, жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруде шығармашылық iскерлiгi мен дағдысы болатын, тұрлi мамандықтарды меңгере алатын, өмiрлiк қиын да күрделi мәселелердi жылдам, әрi нақты шеше алатын тұлғаны тәрбиелеудi» мақсат етедi. Жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдаяттар жастар санасында басқа да құнды бағыттардың қалыптасуына, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу нормалары мен ережелерiне қайшы  келедi.

        Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында   нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін  педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді.

        Осы уақытқа дейiнгі тәрбие мәселесімен байланысты зерттелген еңбектерді  төмендегiдей сараптама бойынша жіктедік:

-Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Қоянбаев Ж.Б., Болдырев Н.И., Бержанов Қ., Мусин Ж., Мұхамбаева А.Х.,  Подласый И.П., Сейталиев К),(256);

-Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ., Әбiлова З.Ә., Сарыбеков Н.Қ., Ұзақбаева С.А., Наурызбай Ж.Ж., Қожахметова К.Ж., Жұматаева Е.Ө., Дүйсембiнова Р.Қ., Қабдыразақұлы Қ., Мұхамбетова С.К., Сәдуақасов Ә., Қоңыратбаева Т.Ә),(55-58);

-Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ., Беркімбаева Ш.К., Оразбекова К.А),(11-20);

-Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротов В.М,  Сабитова Г.В, Ходоровская З.А),(256);

-Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Көпжасарова М.Д., Байназаров Р., Галузинский В.М., Падалко Т.В),(318);

-Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ., Омаров Е.О., Садықова М.К),(55-62);

-Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi  тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д., Лебединский В.В., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Қасенов Е.Р),(302);

-Балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық аспектілері (Алиева Л.В., Волохов А.В., Литвак Р.А., Искандирова Т.Н,(23-28);

-Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р.К., Қаплиева А.Қ., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С),(88-90);

-Жаһандану жағдайындағы балалар қозғалысының даму тенденциясы және социокинетикалық ғылыми бағыт алғышарттары (Вульфов Б.З., Фришман И.И),(120);

-Албытова Н. Тәрбие негізі- өнеге//Қазақ тілі мен әдебиет.-2006.-№2,(84-86);

-Асанов Ж. Этнопедагогикалық білім беру мазмұны// Ұлағат.- 2003.-№5,(14-16);

-Иманбекова Б. Қазіргі педагогикалық технологиялыр// Оқыту – тәрбиелеу технологиясы.-2007.-№1,(26-28);

-Нұғманова Х.Е. Халықтық педагогиканы болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында пайдалану.-Қызылорда.- 1999,(52-60);

-Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. –Алматы,1991,(288);

-А.О.Пинт. Ата-аналар сиздер үшін. –Алматы, 1990,(22-30);

-Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. –Алматы, 1994,(288);

-Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. –Алматы,1995,(74-78);

-Қ.Жарыңбаев, Ж.Базарбаев т.б. Инабат. –Алматы, 1995,(44-48);

-А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы,  1968,(112); 
-В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы,  1976,(12-22); 
-Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика,  1970,(225); 
-Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М., 1968,(44-48), 
- А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер  және одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп,  1988,(102), 
- Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение,  1988,(25-30), 
- Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. -  М.: Просвещение, 1988,(22-33), 
-Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение,  1985,(23-33), 
-Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы,  1977,(85-92), 
- Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы,  1979,(97-102), 
-Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский рабочий,  1988,(50-66), 
- А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы,  1988,(78-99), 
-Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970.  Вып.2.(18-23), 
-ХарламовИ.П. Педагогика. -  М.,1990,(115-118), 
-Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы,  1991,(55-62), 
-Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана,  1998,(256), 
-Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.(17-25).

         Авторлар оқыту әдістемесінің бұл типтік бағдарламасын жоғары оқу орындарында білікті маман дайындауға көмегі бар деп сенім артады.

       Еліміздің  егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы  педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған. Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р.К., Иманбаева С.Т., Әбдiғаппарова У.М., Әбдiлдина С.Қ., Өтемұратова Б.С., Аманжолова А.А., Хасанова Ж.С., Жетпiсбаева К.Б., Сырымбетова Л.С., Қаплиева А.Қ., Қисымова А.Қ., Егенисова А.Қ., Арзымбетова Ш.Ж., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С., Сыдықов М.Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т.б) зерделенгенімен, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық.

       Ал, 1991 жылға дейінгі мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарын сипаттауға арналған Иржанова Р.Д., Құнантаева К.Қ., Татаурова Н.Л., Байназаров Р., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Кузьмина М.Н., Бекмағанбетова Р.К., Қасенов Е.Р. т.б зерттеулерiнде негiзiнен бұрынғы кеңестік дәуірдегі пионер (балалар) ұйымдарының iс-тәжiрибелерi партиялық идеология тұрғысынан зерттеліп, бұл еңбектердің өз кезінде педагогикалық маңызды рөл атқарғанына қарамастан, мектептегі оқушылар ұйымдары арқылы ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастырудың  толық қарастырылмағаны байқалды. Оның негізгі себептерінің бірі – оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарының коммунистік идеологияға және авторитарлық-педагогикалық саясатқа бейімделе жүргізілгендігінен туындаған еді.        

        Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің” дағдарысқа ұшырау себептері мен жаңа ғасыр жағдайындағы «социокинетика» ғылымының оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетке сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттілігін туындатты.

      Курстық жұмыстың мақсаты - қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған, тәрбие мақсаты -педагогиканың ең маңызды мәселесі.

      Курстық жұмыстың міндеттері:

-Әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі,

-Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде  бағаламау, салауатты өмір салтын  елемеушіліктің басым  болуы,

-Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы теріс ықпал етуі,

-Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Тіпті, олар тұжырымдамалық мәнде нақты белгіленгеннің өзінде тәрбие үдерісін дамыту бағытында мазмұндық және осы үдерісті жергілікті орындарда ұйымдастырудың проблемалары,

-Педагогтардың тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі,

-Балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі,

-Балалар және жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымның болмауы,

-Еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы,

-Мектептерде және мектептен тыс ұйымдарында үйірмелер мен спорттық секциялар санының жеткіліксіздігі.

        Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас жеткіншектер тәрбиесі еліміз қауіпсіздігінің негізін құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып,  отбасының тәрбиелік потен-циалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді.  Бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз.  Жоғарыда айтқанымызға орай  үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің бүгінгі жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туып отыр.

        Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып, халықтық-демократиялық принципке негізделген оқушылар ұйымының жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған, ұлттық сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені білім беру мен тәрбие ісі әлемдік өркениет пен ұлттық мәдени құндылықтар негізінде іске асырылады.

      Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерiне философия, мәдениеттану, этнология, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған таным теориясына қатысты ғалымдар тұжырымдары, гуманистік ілімдер, этномәдениет, этнопедагогика және этнопсихология саласындағы жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; білім беруді дамыту, ұлттық мектепте гуманитарлық, этномәдени білім мен тәрбие беру; адамгершілік, көркемдік-эстетикалық және экологиялық тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік тұжырымдамалар; философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық теориялар; жеке тұлға және оны дамытудағы қарым-қатынас, басқару қызметі  және тәрбие теориясымен байланысты педагог, психолог, социолог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.

Информация о работе Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде