Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Содержание

І.Кіріспе.................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім......................................................................................................10
2.1.Тәрбие процессі туралы жалпы ұғым............................................................10
2.2.Тәрбие - біртұтас педагогикалық процесс..................................................14
2.3.Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру....................23
2.4.Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары......................37
2.5.Тәрбиені педагогикалық түрде жүзеге асыру............................................42
ΙΙΙ.Қорытынды.....................................................................................................51
Қолданылған әдебиеттері тізімі.........................................................................53

Работа содержит 1 файл

курс тарбие.doc

— 423.00 Кб (Скачать)

        Зерттеу әдістері: зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды: философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; сауалнама, ойын-сайыстар, сұрақ-жауап, бағалау, салыстыру, бақылау және социометриялық кесте, тренингтер мен танымдық-тестік сұрақтар.

      Зерттеу көздерi: Педагогика тарихы мен теориясы, философия, психология, этнопедагогика мен этнопсихология саласындағы ғылыми еңбектер, ресми оқу-әдiстемелiк құралдары мен басылымдар, ұлттық тәрбие мәселелерiне арналған мемлекеттiк және авторлық жобалар, бiлiм мен тәрбие жүйесiне арналған Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi құжаттары.

      Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

      - оқушылар (балалар) ұйымының қалыптасу тарихы сараланып және оның ғылыми негіздері педагогикалық тұрғыдан зерделенді;

      -бүгінгі күн талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес оқушылар ұйымын қайта құрудың жаңа моделі жасалып, оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалды;

   - «Атамекен» бағдарламасы тәжірибеден өткізілді;

       Зерттеудің практикалық мәнділігі:

      - оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін “Атамекен” бағдарламасы әзірленіп, тәжірибелік сынақтан өткізілді;

     - жаңа заманғы мектеп оқушыларының қоғамдық-демократиялық ұйымының қалыптасуының жаңа мүмкіндіктері ашылды;

        - жалпықазақстандық патриотизм  идеясын жүзеге асыру мақсатында ұлттық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жүйесінің моделі жасалды;

        Курстық жұмыстың құрылымы.

        Курстық жұмыс кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi тұрады.

       Кiрiспеде зерттеудiң өзектiлiгi, мақсаты мен мiндеттерi, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерi, зерттеу әдістері, зерттеу көздері, практикалық мәндiлiгi, ғылыми жаңалығы, қолданылатын әдіс-тәсілдер қарастырылып сипатталады.

     «Тәрбие процессі туралы жалпы ұғым»-бұл тарауда процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту, белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру, мәдени мұраға тарту, көркемдік талғамды дамытуды анықтау, тәрбие қызметінің бағыттарын  анықтау. 
      «Тәрбие - біртұтас педагогикалық процесс»-бұл тарауда жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастауы, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие     проблемалары ерекше назар аударуы.

      «Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру»-бұл тарауда жас ұрпақты адамгершілік қарым-қатынасы, жақсы мінезбен жамап мінезді салыстырып, әдептілікке, кішіпейілдікке шақыру, сонымен қатар педагогикалық технологияның жас ұрпақтың жақсы тәрбие беруіне үлесі.

      «Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары»-бұл тарауда қазіргі заманғы тәрбиешілерге толық анықтама беру, тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттарына тоқталу.

  «Тәрбиені педагогикалық түрде жүзеге асыру»-бұл тарауда тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары, тәрбие  әдісі қойылған  тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолдары, тәрбие  әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру  мақсаттары,    тәрбие құралдары-тұлғаны қалыптастыру жолдарын анықтау.

       «Қорытынды бөлiмiнде» тарихи-педагогикалық теориялық тәжiрибелер мен практикалық нәтижелер және ғылыми-эксперименттiк көрсеткiштерге негiзделген ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалды. теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар нақтылы түрде көрсетілді. Жаңа технологияларды пайдалануда  пәнге қызығушылықтарын  арттырудың тиімді жолдары екені айқын көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Негізгі бөлім.

2.1.Тәрбие процессі туралы жалпы ұғым.

Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту; белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени мұраға тарту, көркемдік талғамды дамыту енеді. 
Осы негізгі қызметтерді есепке ала отырып, тәрбие қызметінің бағыттарын анықтаймыз. 
          Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызметі, олардың осы қызмет процесінде жеке адам мен коллективтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-қатынастары ретінде анықтауға  болады. 
           Мақсатты бағыттағы барлық қызмет сияқты, бұл процесс еріктік күш-жігер мен талпыныстарды қамтиды, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің санасы мен сезімдеріне қозғау салады. Тәрбие қызметі қоғамның қажеттіліктерімен толық сәйкес, қоғамдық даму заңдылықтарын есепке ала ұйымдастырылады. Ол адамдардың обьективті жағдайларымен негізделген. Тәрбие берудің қоғам ішінде болатындығы олардың еркі мен санасына тәуелді емес. Оны ысырып тастауға да, тоқтатуға да болмайды; бұл қоғам дамуының қажетті  шарты.  Тәрбие процесінде жеке адамның сыртқы ықпалдарды іштей қорытуы үлкен орын алады. Жеке адамға сырттай ықпал жасауды оның жауап іс-әрекетімен үйлестірудің маңызы үлкен. Жеке адамды сыртқы дүние ықпалдарын самарқау шағылыстыратын айна ретінде қарастыруға болмайды. Адамның айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекеттесетіні және дербестік көрсететіні белгілі, ол едәуір дәрежеде өзін-өзі қалыптастырады. Психологтар мен педагогтардың зертттеулері жеке адамның дамуында сыртқы факторлардың ықпалы (жағымды және жағымсыз) мәнге өзінен өзі емес,адамның жеке позициясы, оның осы факторларға деген көзқарасы, осы көзқарастардың оның әрекеттері мен қылықтарында практикалық іске асуы арқасында ие болатынын дәлелдейді.  Жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы – тәрбие процесі заңдылықтарының бірі.Оның мазмұны, формалары мен әдістері көбіне тәрбиеленушірердің жалпы дамуы деңгейіне тәуелді.Ал олардың дамуы -– ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі. Жеке адам тәрбиелене және үйрене отырып дамиды (С.Л.Рубинштейн).  
Тәрбие теориясы адамның дамуын оның әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді, икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп саймайды.Даму, алдымен, адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруінен, онда мінездің жаңа сапа, қасиеттерінің қалыптасуынан көрініс береді. Бұл процесс үнемі өрге өрбіп, шиеленіссіз және қайшылықсыз жүріп жатпайды. Тәрбиелік ықпал ету адамның жеке-дара санасы мен тәжірибесі арқылы, заттарға және айнала қоршаған ақиқат құбылыстарына, басқа адамдарға деген қарым-қатынастары арқылы алуан түрге енеді.Бұл әсерлер үнемі үйлесіп тұрмайды.Олардың қарама-қарсы бағытта әрекет ететін кезі аз емес.Бұдан тәрбие беру процесінің қарама-қайшылықта болатыны туындайды.Тәрбие жұмысы практикасында кейде мектеп пен семья тәрбиесі арасында, қоғам пікірі мен тәрбиеленушінің жеке бастың мүдделері арасында, дұрыс қадам жасау мен солай жасау мүмкіндігі (ішкі және сыртқы) арасында, мектеп оқушысының өзінің сырт талаптары мен ішкі ұмтылыстары.

        Қазақстан қоғамындағы әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер жалпыға бiлiм беру жұйесiн тұпкiлiктi жаңартуды қажет етедi. Сонымен қатар орта буын, яғни «терең бiлiм, кәсiптiк дағдылар негiзiнде iс-әрекет жасайтын, өзiн-өзi дамытатын, жылдам дамып отыратын бұгiнгi заманда өздiгiнен дұрыс, құлықтық-жауапкершiлiк шешiмдердi қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру» мақсат етiп қойылған. Жалпы бiлiм беру жұйесiн реформалауда негiзгi құрамдас бөлiк тәрбие болып саналады. 
Жастарды тәрбиелеу бүгiнгi кұнде жаңаша түрде жанасуды талап етедi. Қоғам қазiргi таңда «бәсекеге қабiлеттi, экономикалық ойлауы дамыған, жан-жақты қалыптасқан, жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруде шығармашылық iскерлiгi мен дағдысы болатын, тұрлi мамандықтарды меңгере алатын, өмiрлiк қиын да күрделi мәселелердi жылдам, әрi нақты шеше алатын тұлғаны тәрбиелеудi» мақсат етедi. Жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдаяттар жастар санасында басқа да құнды бағыттардың қалыптасуына, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу нормалары мен ережелерiне қайшы  келедi. 
         Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс- әрекетке үйрену мен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», «Мектеп тәрбиесі адам қылды» деп нақтылып айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адм дамуы мен қалыптасына әлеуметтік- экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдар болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті  білеміз.  
       Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс «Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуымен?К.Д. Ушинский: «Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» деп тұжырымдаған. Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және педагогы Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртурлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз». Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді қалыптасуымен азаматтық болмысты игеру жолымен іске асды»- деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттің азаматтық болмысты игеруге пайдаланатын құрал- жабдығы деп білі  қажет.  
      Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішнде келесі құрылым бірліктерін қамтиды:?Ал енді осы болмыстың өзі не және оны игеру қалай  өтеді  
1. Адамдардың табиғат және қоғам жөнінде жасаған білімдерінің жиынтығы  
2. Еңбектің әр қилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет  әдістері  
3. Әлеуметтік, рухани  қатынастар.  
       Педагогика үшін және бір маңыздысы - жеке адамдық даму тұлғаны тәжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына  байланысты. 
      Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекеттегі белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділіпен өзара байланысқан көмек болуы  мүмкін. 
      Елбасы Н. Ә. Назарбаев мұғалімдердің республикалық ІІ съезінде атап көрсеткендей, оқыту мән тәрбиелеудің бір – бірінен ажырап қалуы, тәрбиенің оқуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі де жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кетушілікке (деградацияға) себеп болды. Сондықтан да Үкімет білім беру жүйесін реформалау мақсатында ҚР Білім Заңын және соған сәйкес жасалған «Білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісін ұйымдастырудың кешенді бағдарламасын» жасап,  енгізді.    Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдайым оқушылардың белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды және шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру  қажет. 
      Білімді,ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды)игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттанушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс.(Келтірілген пікірлер, біздіңше, тәрбиенің мәнін жеткілікті әрі түсінікті де ашып, оған ғылыми анықтама беруге негіз болуы мүмкін.Сонымен,тәрбие-бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені  Жоғарыда айтылған пікірлерді қорыта келе, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жолдары» деп  анықтадық.

Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті  сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері. (256)

Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің  білімдік күш-қуаты мен жалпы  мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық. Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тəрбие тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді тəуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым тəрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен , жылдам жеткізетін жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік шыңы.

Тəрбие тəсілі – жалпы əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке əрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тəсіл- тəрбиешінің өз шəкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тəсілмен басқа да тəрбиешілер пайдалана бастаса, тəсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - əдістерге айналады. Əдістер мен тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.

Тəрбие құрал-жабдықтары. Тəрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал-жабдықтар  тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек –тəрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру –тəсілдер. Сөз (кең мағынада) – тəрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, əзіл ескертпе, ескертпе теңеу – осы жабдық құрамындағы тəсіл. Бұл тұрғыдан кейде тəрбие əдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды.

Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен нақты жағдайларға  сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Əдістер классификациясы дегеніміз  қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген əдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тəн сипаттарын тереңірек түсінеді.

Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар  белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді. (47-80)

 

 

 

 

 

2.2.Тәрбие - біртұтас педагогикалық процесс.

        Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі  мен  еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие     проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының білім  беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы  жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін  басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің   заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

      Тәрбие мақсаты – ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.

      Тәрбие мақсаты – бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты -педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде керінеді. Мақсат пен міндет бүтін және 
бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің нақты тербие міндеттерінің жүйесі. » 
Тербие мақсаты жалпы жене жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын кездейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін керсетеді. Мақсаттылықа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.(55-62) 
      Медениет деңгейі, тірбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму зандылығына сүйену қажет. 
       Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі зандылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының коғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз. 
       Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушьшардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін беліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қальштастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты. 
      Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеу қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі. Мұндай жағдайда баланың қызығушылығы екінші орынға шегеріліл отырды. 
Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіңдігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда. 
      Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуте болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тқлғаның дамуымен даралығын қальштастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады. 
      Тірбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушьшардьщ өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикальщ басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады. 
      Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымдьі іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позипияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат. 
      Қарым-қатьшастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады. 
      Мақсат – іс-әрекет нәтижесін күні бүрьш идеалды ой-тұжырым арқылы болжау. Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.

Информация о работе Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде