«Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазіргі кезең құр даурықпа, даңғазалықтың уақыты емес. Нақты іс пен сапаның уақыты. «Әлемді дүр сілкіндірген дағдарыс дауылынан тек бәсекеге қабілеттілер ғана аман-есен қалды. Олар дағдарыстан кейін де өсіп өркендей алады. Сондықтан, Қазақстанның тауарлары заманауи талаптарға сай болуы керек.
Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде баға мен сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет. Біз Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына қосамыз десек, өзімізде шығарылатын тауарлардың баға және сапасының сай келуін ескеруіміз қажет.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................2
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒА САЯСАТЫНЫҢ РОЛІ МЕН ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы....................................................4
1.2 Нарық типтеріне байланысты баға саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері.............................................................................................................9
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілетті ортада баға саясатын қалыптастыру...........................................................................................................12


«ФудМастер» АҚ МЫСАЛЫНДА БӘСЕКЕЛІК ОРТАДА БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның жалпы өндірістік қызметін талдау.........................................17
2.2 Бәсекелік ортадағы кәсіпорынның баға саясатын қалыптасуын
зерттеу.......................................................................................................................21

«ФудМастер» АҚ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындағы баға саясатын қалыптастырудағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.................................................................................................24
3.2 Баға саясатын қалыптастырудағы шетел тәжірибесі.....................................25

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................33

Работа содержит 1 файл

КӘСІПКЕРЛІК КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 106.76 Кб (Скачать)

Пайданың өзгеруі

Бағаның өзгерісі

баға көтеріледі

баға арзандайды


 

2-кестенің жалғасы

 

пайданың көбеюі

нарық бағаға сезімтал емес

неғұрлым төмен бағалар  пайданың азаюына қарағанда, нарықтың сыйымдылығының тез ұлғайтады

тауардың алғашқы бағасы төмендетілген,тұтынушылар көп төлеуі мүмкін-тауар тапшылығы

тауардың алғашқы бағасы көтеріңкі, сұраныс шектеулі болады, баға арзандағаннан кейін ол кенет  ұлғаяды

өндірістік қуаттар шектелге, тапсырыс кәсіпорынның мүмкіндігінен  асып түседі

тауарды өткізу бағасына қарағанда, тауардың бір өлшеміне есептелінген өндірістік шығындар тез азаяды

нарық сыйымдылығы  тез  ұлғаяды

неғұрлым төмен бағалар  жаңа нарыққа шығу мүмкіндігін туғызады

неғұрлым жоғары бағалар  тұтынушыға тауарды тартымды жасайды

кейбір бісекелестердің  нарықтан шығуы

саладағы бәсекелестердің  бағаны көтеруі

пайда азаяды

өнімді өткізу бағаларын  көтеру өндірістік шығындардың артуын өтемейді

өте төмен бағаларға нарық  сезімтал емес, және өткізу көлемі салыстырмалы тұрақты

бастапқы бағалар дұрыс  белгіленген-сатудан түсетін түсімнің көбеюіне қарағанда, өткізу көлемі өте  тез азаяды

бастапқы бағалар дұрыс  белгіленген-баға арзандағаннан кейін  өткізу көлемі көбейген жоқ

бәсекелестердің жауап ретінде  баға деңгейін арзандатуы, салада ең төмен  деңгейдегі баға белгілеу және жаңа тұтынушылардың болмауы

нарыққа жаңа бісекелестердің  енуін болдырмау


 

Бағалардың өзгеруі нәтижесінде пайда көбеюі де азаюы да мүмкін. Сол үшін кәсіпорын баға саясатын ылғи қадағалап тұруы қажет.

Баға саясатының негізгі  мақсаттары төмендегідей:

1.Нарықта фирманың  одан ары күнелтуін қамтамасыз  ету. Нарықтағы

бəсекелестіктің шиеленесу  деңгейіне жəне тұтынушылардың сұранысы, мұқтаждығы өзгеруіне сай көптеген мəселелер туындайды. Осы жағдайда, өндірісті одан əрі жалғастыру жəне өтпей қалған запас тауарларды өткізу үшін баға шамасын арзандатады. Мұнда пайда өз мағынасын жояды. Баға өзгермелі жəне тұрақты шығындарды əзірге өтей алғандықтан, уақытша бір кезге дейін өндіріс жалғасады. Дегенмен, фирманың алдындағы бұл мақсат қысқа мерзімдік болып саналады.

2.Пайданы қысқа  мерзімде барынша көбейту. Кез келген кəсіпкер, өз өнімдерінің бағасын неғұрлым мол пайда табу мақсатында қалыптастырады. Ол үшін, əр баға (баға альтернативасы) бойынша алдын ала сұраныс жəне алдын ала өндірістік шығындар деңгейі жорамалданады. Сонан соң, осы балама варианттардан, келешекте қысқа мерзімде мол пайданы қамтамасыз ететіні таңдап алынады.

3.Айналымды қысқа  мерзімде ұлғайту. Қысқа мерзімде айналымды ұлғайтуға

ынталандыратын бағаны, тауарды  бірлесіп өндіре отырып, өндірістік шығындардың деңгейі мен құрылымын анықтау қиын болған жағдайда таңдайды. Мұнда, сұранысты анықтау маңызды. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін делдалдарға өткізген өнімдеріне делдалдық пайыз төленеді.

4.Өнімнің өтімін  барынша ұлғайту. Кəсіпкерлер жəне əр түрлі фирмалар өнімнің

өтімін ұлғайту өнімнің  бір өлшеміне есептелінген өндірістік шығындарды

арзандатады, соның негізінде  пайда ұлғаяды деп тұжырымдайды. Осындай тəсілді

«нарықты жаулап алу баға саясаты» деп атайды. Мамандардың  айтуынша осы саясат келесі шарттар ескерілгенде ғана дұрыс нəтиже береді: 1) егер де нарықтың бағаға сезімталдығы өте зор болса (бағаны арзандаттық-сұраныс көбейді.); 2) өндіріс көлемін ұлғайту нəтижесінде өндіріс жəне өткізу шығындары арзандаса; 3) егерде бəсекелестер баға деңгейін арзандатпаса.

5. Жоғарғы деңгейдегі  бағаларды белгілей отырып, нарықтың  «қаймағын

қалқу». Фирмалар жаңа тауарларға барынша жоғары баға белгілеген кезде, осы баға саясаты орын алады. Ол «сыйлық баға белгілеу» деп аталынады, өйткені нарықтың кейбір сегменттері бағасы қымбат жаңа тауарды пайдаланғаннан өз шығындарының үнемін көреді жəне өзіне керегін толық қанағаттандырады. Қымбат бағамен өтім азая бастағанда фирма бағаны арзандата отырып, клиенттердің келесі орташа топтарына назар аударып, қызықтырады. Осылай, мақсатты нарықтың əр сегментінде барынша мол айналымға қол жеткізеді. «Қаймақ қалқу» баға саясатында, бастапқы уақытта баға өте жоғарғы деңгейде тағайындалады да, бірте-бірте, өндіріс аумағы өсуімен қатар, төмендетеледі деген мағынаны білдіреді. Мұндай саясат жаңа тауарды сенімді патенттік қорғаумен қамтамасыз етуді талап етеді.

6.Сапа бойынша  озат болу. Сапа бойынша озат атағына ие фирма, сапаны

арттыруға байланысты жоғарғы  деңгейдегі өндірістік шығындарды, жəне осы

мақсатта жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстары шығындарын өтеу үшін өз

өніміне ең қымбат баға құрайды. Жоғарыда аталған баға саясатының мақсаттары əр түрлі уақытта, əр деңгейдегі бағамен жүзеге асуы мүмкін, олардың арасындағы арақатынас əр түрлі болғанымен, олардың барлығы кəсіпорынның жалпы мақсаты – пайданы ұзақ мерзімді ұлғайту мақсатына қызмет етеді.

Баға саясатының қалыптасуы жəне оның іске асырылуы кəсіпорынның жалпы саясатымен байланысты, себебі əрбір кəсіпорынның негізгі мақсаты – тұтынушылардың басым көпшілігіне өнімдерді табысты сатып өткізу мақсатын көздейді. Баға саясатын қалыптастыру жəне табысты іске асыру үшін белгілі бір кəсіпорындарда өнімдерге баға белгілеу мəселелерін шешетін тұрақты қызмет етуші құрылымдық бөлімшелер, яғни баға бөлімшелері əрекет етеді. Бұл бөлімшелердің қызметі кəсіпорынның маркетингтік жəне сатып өткізу қызметтерімен тығыз байланысты болады.

 

1.2 Нарық типтеріне байланысты баға саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері

Нарық типтеріне байланысты сатушы  баға саясатын қалыптастырғанда  әр түрлі деңгейдегі еркіндікте болады.  Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және әрқайсысы  баға саясатын қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.

  1. Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады.  Бірде — бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың  баға деңгейіне үлкен ықпалын  тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен  сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық  тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу,  тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және  өткізуді ынталандыру  минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді. Егер кәсіпорын таза бісекелестік жағадайында қызмет ететін болса, онда ол өнімдерінің әр данасын нарықтағы бағаға сәйкес сатады.

Бағаға байланысты сұраныстың икемділігі, немесе, икемділіктің коэффициенті болып табылады. ,

 

бұнда Ed — бағаға байланысты сұраныстың икемділік коэффициенті; Q — тауарға сұраныстың көлемі; Р — тауардың бағасы. Икемділіктің бірнеше типтері болады.

• бірлік икемділік-бағаның  әрбір 1%-ке өзгеруіне сұраныстың көлеміде сонкес 1%-ке өзгереді (Ed=l).

;

• сұраныс көлемінің проценттік өзгерісі бағаның проценттік өзгерісінен  тез жүріп отырса сұраныс икемді болады (Ed>l).

;

• икемді емес сұраныс —  сұраныстың көлемінің проценттік өзгерістері  бағаның процентгік өзгерістерінен төмен болады. (Ed<l).

;

• өте икемді емес сұраныс - Бұл бағаға қандай өзгеріс жүрсе  де, сұраныстың көлемі өзгермегені (Ed=0).

;

• шексіз икемді сұраныс  — Бұл баға өте аз өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз коп өзгеруі (Е_d=∞).

Бағаның төмендеуімен байланысты тауарға сұраныс өссе, бірақ тауар  өндірушінің жалпы табысы өзгермесе, онда осындай сұраныстың икемділігі бірге тең болады; егер бағаның  төмендеуінің нәтижесінде тауарға  сұраныс өсуімен қатар тауар  өндірушінің жалпы табысы да өссе, онда бағаға байланысты сұраныс икемді болады: егер бағаның төмендеуі тауарға  сұранысты өсірсе, тауар өндірушінің  жалпы табысы төмендесе, онда тауарға  осындай сұраныс икемді емес болғаны.

Икемділік өзара алмасатын  тауарларды пайдаланумен байланысты болады. Егер тауардың алмастырушылары көп  болса, онда баға бойынша сұраныс  икемді болады. Егер тауардың алмастырушылары  жоқ болса, онда сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі тауардын бағасы төмендеп ал, алмастырушылардың бағасы тұрақты  болса, онда бұл тауарға сұраныс  өсе түседі, осындай сұраныс икемді болады

2. Монополиялық бәсекелестік  нарығы келісімді біркелкі нарықтық  бағамен емес кең диапазонды  бағалармен жасайтын сатып алушылармен,  сатушылардан құралады. Баға диапазонының  болуы сатушылардың, сатып алушыларға  тауарлардың әр түрлі варианттарын  ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды  бұйымдар бір-бірінен сапа, касиеті,  сырт безендіруі бойынша айырмашылықта  болады. Айырмашылық тауарға қосымша  атқарылатын қызметтерде де болуы  мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын кіретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік стратегиясы әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады.

3. Олигополистикалық нарық  баға белгілеу саясатына және  бір-бірінің маркетингілік стратегиясына  өте сезімтал біршама сатушылардан  құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер  бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан  олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек.

4. Таза монополия жағдайында  нарықта тек қана бір сатушы  болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға,  Қазақстанда темір жол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия не жүйеленбейтін монополия. Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әр түрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін.  Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару,  не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынуды жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға “Әділ нормалы табыс” келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға рұқсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше ең жоғары бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып — нарықты игеруді тереңдете түсу.

Нарық типтеріне байланысты баға белгілеудің өзіне тән ерекшеліктері  болады. Оны төмендегі кестеден көруге болады. (3-кесте)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-кесте. Әр түрлі нарық  типтеріндегі баға белгілеу ерекшеліктері

нарық сипаттамасы

нарық типтері

еркін бәсеке

монополиялық бәсеке

олигополия

таза монополия

баға белгілеу сипаты

еркін, бәсекелік

сараланған фирмалық  өнім нарығы шегінде монополияның басымдылығын ескере отырып бәсекелік баға белгілеу

Монополиялан-дыру, бірақ аз ғана бәсекелестердің өзара тәуелді байланыстылығы

Монополияландыру

өнімнің ерекшеліктері

біртекті, жиі стандартталған

сараланған, бірақ тауар  ауыстырмасы тобына жатады

біртекті, стандартталған және сараланған болуы мүмкін

бірегей, жақын, ауыстырмасы  жоқ

кәсіпорындар саны-нарық  агенттері

өте көп

көп

аз

біреу

кәсіпорынның нарықтағы  бағаны бақылауы

бақыланбайды, нарық бағасымен  келіседі

азғана шектелген мөлшерде бақыланады

бақыланады, бірақ мұнда  бәсекелестердің реациясы есепке алынад, және келісім болуы мүмкін

монополист бақылайды

бағаға қатыссыз бәсеке

болмайды

маңызды орын алады

әдеттегідей

маңызды, әр түрлі формасы  болады

салаға, нарыққа ену жағдайлары

кедергілер болмайды

біршама оңай

қиын

жауып тасталған

Информация о работе «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы