«Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазіргі кезең құр даурықпа, даңғазалықтың уақыты емес. Нақты іс пен сапаның уақыты. «Әлемді дүр сілкіндірген дағдарыс дауылынан тек бәсекеге қабілеттілер ғана аман-есен қалды. Олар дағдарыстан кейін де өсіп өркендей алады. Сондықтан, Қазақстанның тауарлары заманауи талаптарға сай болуы керек.
Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде баға мен сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет. Біз Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына қосамыз десек, өзімізде шығарылатын тауарлардың баға және сапасының сай келуін ескеруіміз қажет.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................2
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒА САЯСАТЫНЫҢ РОЛІ МЕН ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы....................................................4
1.2 Нарық типтеріне байланысты баға саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері.............................................................................................................9
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілетті ортада баға саясатын қалыптастыру...........................................................................................................12


«ФудМастер» АҚ МЫСАЛЫНДА БӘСЕКЕЛІК ОРТАДА БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның жалпы өндірістік қызметін талдау.........................................17
2.2 Бәсекелік ортадағы кәсіпорынның баға саясатын қалыптасуын
зерттеу.......................................................................................................................21

«ФудМастер» АҚ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындағы баға саясатын қалыптастырудағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.................................................................................................24
3.2 Баға саясатын қалыптастырудағы шетел тәжірибесі.....................................25

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................33

Работа содержит 1 файл

КӘСІПКЕРЛІК КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 106.76 Кб (Скачать)

Испания. Бағаны мемлекеттік  реттеу мен бақылауды 1997 жылы Король декретімен бекіткен. Экономика және қаржы министарлігі жанында баға жөніндегі Жоғарғы кеңес баға реттеу мәселелерімен айналысады.

Мемлекет тікелей реттейтін және орнатылатын бағаның үлес салмағы кәсіпкерлік бағаның жалпы саны 10%- ын құрайды. Бағаны мемлекеттік реттеудің механизмі олардың мынадай түрлерін пайдалануды қарастырады: шешілуші баға, жергілікті және хабарлаушы баға.

Шешілуші баға. Нақты тауарға немесе қызмет көрсету бағасын жоспарлайтын мемлекеттік немесе жеке компания, Баға бойынша жоғары кеңеске өтініш жасайды және үкімет комиссиясынан рұқсат алғаннан кейін бағаны көтереді. Бағалар соялық майға, электр энергиясына, табиғи және тығыздалған газ,ға, жанармайға, керосинге, дизельдік отындарға, фармацевтік тауарларға, пошта мен телеграф қызметіне, жүк және жолаушы тасымалына белгіленеді.

Хабарлаушы баға. Бұл жоғарғы кеңес хабарынан кейін оның жүзеге асуынан бір ай бұрын жоғарылайтын бағалар.

Жергілікті бағалар. Бұл бағалар аурухана, санаторий, емхана қызметтеріне, жолаушыларды қалалық темір жолмен тасымалдыауға, халықты сумен қамтамассыз етуге қойылады.

Елдің жалпы нарыққа кіруіне  байланысты көптеген тауарлардың, оның ішінде ауылшаруашылық тауарларының бағаларын  реттеу жүргізіледі.

Австралия. Бұл елде арнаулы  баға саясатын реттеу жүйесі жоқ. Нан, сүт, жұмыртқа, бағаларын бақылауды бірқатар штаттарға, осы штаттардың қазынашылығы құрамына енетін арнаулы өкілетті органдар жүзеге асырады. Өкілетті ұйымдар, бұл тауарлар бағасының максималды деңгейін қайта қарап отырады. Ал қалған бұқаралық ауыл шаруашылық тауарларына минималды, кепілді баға қойылды.

Қазақстанда да бағаларды және баға саясатын қалыптастыруды мемлекеттік реттеудің тікелей жəне жанама əдістері қолданылады. Қалыптасқан бағалар деңгейіне мемлекеттің тікелей араласуы – бұл бағалар

қозғалысы, құрылымы, деңгейін қалыптастыруға, баға белгілеудің белгілі  бір

ережелерін бекітуге мемлекеттің  қатысуы. Баға белгілеу процесіне мемлекеттің тікелей араласу формалары:

• Бағаларды жалпы бір қалыпта ұстау немесе белгілі бір тауар түрлеріне

бағаларды қалыпта ұстау;

• Тұрақты тарифтер мен бағаларды белгілеу;

• Максималды жəне минималды баға деңгейінің шегін белгілеу;

• Рентабельділіктің шекті нормативін белгілеу;

• Қамтамасыз ету-сатып өткізу жəне сауда үстемелерінің шекті мөлшерін

белгілеу;

• Биржалық жəне биржалық емес айналым үшін мемлекеттік сектордағы

тауарларға бағаның шекті  деңгейін енгізу;

• Бағаларды декларациялау;

• Басты өнім түрлері бойынша ұсыныс бағаларын енгізу.

Баға саясатын қалыптастыруға жанама араласу əдістері нарықтағы тауар ұсынысын кеңейтуге, тұрғындар табысын басқаруға, өндірілетін жəне тұтынылатын өнімдерге салықты реттеуге жағдай жасайтын тəсілдер мен əдістер жиынтығының қолданылуымен қамтамасыз етіледі.

Баға белгілеуді жанама реттеу əдістеріне:

• Жеңілдік салық салуды қолдану;

• Жеңілдік несие беру;

• Мемлекеттік бюджеттен субсидиялау жəне дотациялау;

• Бəсеке мен кəсіпкерліктің дамуына жағдай жасау;

•Тұтыну тауарларын өндіруді, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді кеңейтуді, мемлекеттік бюджет есебінен тұрғын үй құрылысын көбейтуді дамыту бойынша арнайы үкіметтік бағдарламаларды жасау;

• Жаңа өнім түрлерін өндіруге жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге

мемлекеттік қаржыландыру;

•Біріккен кəсіпорындар құру, елге шетел инвестицияларын тартуды мемлекеттік ынталандыру;

• Елдегі тапшылық тауарларына жеңілдік баж салығын жəне кеден тарифтерін

тиімді пайдалану жатады.

Жоғарыда аталған елдер  дамыған елдер қатарына кіреді. Оларда бағаны белгілеу және баға саясатын қалыптастыру мемлекет жағынан аз бақыланады. Көбіне баға стратегиясын кәсіпорын өзі  қалыптастырып, өзі бағаны белгілеп отырады. Австрия мемлекетіне келетін  болсақ, оларда баға белгілеу өнімге кеткен шығындар негізінде емес, тұтынушылардың әлеуметтік және экономикалық жағдайына  байланысты жүзеге асырылады. Менің  ойымша, біздің нарықтағы кейбір кәсіпорындарда осы баға саясатын қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Баға саясатын реттеу-мемлекетіміздің  бәсекеге қабілеттілігі мен дамуына  әсер ететін басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Баға саясатын қалыптастыруға  ықпал ететін көрсеткіштерді талдай отырып, олардың тиімді және тиімсіз жақтарын атап өткен болатынмын. Көрсеткiштердi  таңдау өнiмнiң белгiлерiнде, пайдалану жағдайындағы және т.б. анықталады.

Баға саясатын бәсекелік  ортада талдай отырып, әр нарықтағы  баға саясатының өзіне тән ерекшеліктерге ие екенін көруге болады. Сапаны тұрақты жоғарылатудың мақсаты тұтынушылардың iшкі  және сыртқы  талаптарына сәйкес келетiн өнiмдер деңгейiн көтеру болып табылады, сапаны тұрақты  түрде көтеру  фирманың сапа жөнiндегi саясатының бөлiгi болып табылады.

Қазіргі жағдайда кез келген фирманың өмір сүре алуы,  оның тауар  мен қызметтер нарығындағы тұрақты  жағдайы, бәсекелестерімен салыстырғанадағы нарыққа ыңғайлы бағаға байланысты анықталады. Қазіргі уақытта халықаралық нарықта сапалы тауарларға сұраныс жоғары. Сол себепті әр бір кәсіпорын өнім сапасына байланысты баға саясатын қалыптастыру стратегияларын қолданады.

Курстық жұмысты қорытындылай келе, бәсекелік ортада баға саясатын қалыптастыру үшін кәсіпорын келесідей  міндеттерді орындауы қажет:

  • сұранысты талдау (бағалық және бағалық емес құрамдар); 
  • сұраныс икемділігін талдау; 
  • ұсынысты талдау ( бағалық және бағалық емес құрамдар); 
  • ұсыныс икемділігін талдау; 
  • өндіріс шығындарын бағалау; 
  • бәсекелестер шығаратын өнімдер мен олардың  бағасын талдау.
  • жаңа нарыққа ену  —бағаны құрайтын  психологиялық факторларды ескеру; 
  • нарықтағы  позициялардың тұрақталуы — тілекке сәйкес баға бейнесін жасау; 
  • нарықты және оның  сегментациясын дамыту — баға диверсификациясы.

«ФудМастер» АҚ өнімдері сүт өнімдері болып табылады, яғни күнделікті сұраныстағы өнім. Сол себепті кәсіпорын өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша толықтай зерттелуі қажет. Отандық өнімдеріміздің көшбасшысы саналатын бұл кәсіпорында баға саясатын қалыптастыру тікелей мемлекет жағынан реттеліп отырылады.

Еркін бәсеке негізінде құрылған баға саясаты реттелген және мемлекет тарапынан қадағаланатын болып  табылады. Бірақ кәсіпорын бәсекелестікке қабілетті баға саясатын қалыптастыру үшін баға өнім сапасына байланысты болуы  тиіс. Сол кезде ғана нарықта сол  өнімге деген икемді сұраныс қалыптасады.

Курстық жұмыстың міндетінің толық орындалуы нәтижесінде  келесідей қорытындыға келдім, баға саясаты - нарықтық ортаға және сыртқы факторларға байланысты негізгі  көрсеткіші. Сондықтан да әлемнің  ірі фирмалары баға саясатын басты  мақсат деп қарастырады. Тұтынушылар  қажеттілігін жоғары сапалы өнімді тиімді бағамен  ұсына  отырып біз мемлекетіміздің  экономикалық әлеуетін көтеруіне  ықпалын  тигіземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Биншток Ф.И. Ценообразование: Учебное пособие. М: ИНФРА-М, 2001. -197 с.
  2. Бухгалтерлік есептің стандарттары жəне əдістемелік ұсынымдары: «Кəусар бұлақ» баспасы, 2000ж. 521 б.
  3. Есипов В.Е. Цены и ценообразование: Учебник для вузов:- СПб: Питер, 2008.– 480 б.
  4. Желтякова Н.А., Маховикова Г.А. и др. Цены и ценообразование: Учебное пособие: - СПб: Питер, 2001. - (Краткий курс)
  5. Желтякова Н.А., и др. Цены и ценообразование: Тесты и задачи. Учебное пособие. - СПб: Питер, 2006. – 210с.
  6. Казамбаева А.М., Сагинова Б.К. Баға жəне баға белгілеу пəні бойынша қысқаша дəрістер жинағы: Орал: 2001. 
  7. Липсиц И.В. Коммерческое ценообразование: Учебник для вузов. - М: Издательство БЕК, 2001. – 368 с.
  8. Магомедов М.Д. Цены и ценообразование: Учебное пособие: - М: Финансы и статистика, 2000. –
  9. Мамыров Н.К. Есенгалиева Қ.С. Микроэкономика: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2004. – 420 б.
  10. Б. К. Сагинова Баға жəне баға белгілеу: Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.- ** бет.
  11. www.google.kz
  12. www.stat.kz
  13. www.bizhelp.damu.kz
  14. www.fad.kz

 

 


Информация о работе «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы