«Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазіргі кезең құр даурықпа, даңғазалықтың уақыты емес. Нақты іс пен сапаның уақыты. «Әлемді дүр сілкіндірген дағдарыс дауылынан тек бәсекеге қабілеттілер ғана аман-есен қалды. Олар дағдарыстан кейін де өсіп өркендей алады. Сондықтан, Қазақстанның тауарлары заманауи талаптарға сай болуы керек.
Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде баға мен сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет. Біз Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына қосамыз десек, өзімізде шығарылатын тауарлардың баға және сапасының сай келуін ескеруіміз қажет.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................2
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒА САЯСАТЫНЫҢ РОЛІ МЕН ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы....................................................4
1.2 Нарық типтеріне байланысты баға саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері.............................................................................................................9
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілетті ортада баға саясатын қалыптастыру...........................................................................................................12


«ФудМастер» АҚ МЫСАЛЫНДА БӘСЕКЕЛІК ОРТАДА БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның жалпы өндірістік қызметін талдау.........................................17
2.2 Бәсекелік ортадағы кәсіпорынның баға саясатын қалыптасуын
зерттеу.......................................................................................................................21

«ФудМастер» АҚ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындағы баға саясатын қалыптастырудағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.................................................................................................24
3.2 Баға саясатын қалыптастырудағы шетел тәжірибесі.....................................25

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................33

Работа содержит 1 файл

КӘСІПКЕРЛІК КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 106.76 Кб (Скачать)

 

3-кестеде көрсетілгендей  әр нарықтағы баға белгілеу әр түрлі болады. Мысалы, еркін бәсекеде баға белгілеу тікелей өндірушілерге қатысты болмайды, ол нарық бағасымен келіседі. Ал таза монополия жағдайында бағаны монополист өзі бақылайды. Тұтынушылар да сол бағамен келіседі.

 

1.3 Өнімнің бәсекеге  қабілетті ортада баға саясатын  қалыптастыру

Нарықтық экономикада  кәсіпорын өнімдерінің тиімділігі мен бәсекелік қабілеті  оның баға белгілеудегі ұстанып отырған  саясатына тікелей байланысты. Бұл  жерде кәсіпорынның басты мақсаты  тек мол табыс алуға ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларды төмен  бағамен ынталандыру арқылы ұзақ уақыт бойы өнімдерін нарыққа  тиімді өткізуге де негізделуі тиіс.

Бәсекелік нарықтағы бағалық  бәсекенің өзі де кәсіпорындардың  төмен бағада өнім өткізу қабілеттерімен тартысқа түсу арқылы, өз мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған қадамдарын сипаттайды.

Бағалық бәсекеге түсуге  талпынған әр бір кәсіпорын нарыққа ену мүмкіндіктері мен шығыемен жұмыс істеу қауіптерін, бәсекелестерінің артықшылықтары мен тұтынушыны қызықтырар әдістерін, бәсекелестер тарапынан болатын қыспақтар мен олардың алдын-алу шараларын ойластыра отырып, баға саясатына қатысты шешімдерін айқындағаны дұрыс.

Өндірістік кәсіпорындардың  баға белгілеуге қатысты ұстанатын  саясаттарын зерттеулер нәтижесі баға саясатының келесі қағидаларын ашып көрсетуге мүмкіндік береді:

  • Баға белгілеу зиялылығы: тұтынушылардың өмір сүру деңгейлеріне сай өнім алуға мүмкіндік жасау;
  • Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі немесе төлем қабілеттілігі: өнімді сату арқылы кәсіпорынның дамуына және осының есебінен, ондағы қызмеикерлердің материалдық қамсыздануына жағдайдың болуы;
  • Өнім бағасының икемділігі: нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың және басқа да фактордың әсеріне байланысты кәсіпорынның бағаны өзгертуге дайындығы;
  • Тұтынушыға психологиялық әсері: өнімнің тұтынушыға бәсекелік қабілет қорын қалыптастыруда көтерме сауда қызметтерін үйлестіру;
  • Ынталандырушы бағалар: өнімнің тиімді өткізілуін қамтамасыз етуде бонуста, маусымдық жеңілдіктер белгілеу.

Бұл жағдай еліміздегі кәсіпорындарға ішкі нарықтағы өз үлестерін тұтынушығ  тиімді баға саясатын ұстану арқылы ұлғайтуды  қажет етеді. Алайда баға белгілеу саясатының өзі көптеген нарықтық факторларға тәуелді екенін ескерген жөн. Ол факторды әсер ету аясына байланысты үш топқа бөліп қарастыруға болады.

  1. Ұсынысқа байланысты факторлар: ұсынылатын өнім мен бәсекелес өнімдердің ерекшеліктер, мүмкіндіктері мен артықшылықтары;
  2. Сұранысқа байланысты факторлар: тұтынушылардың талғамы мен сал-дәстүр, әдет-ғұрып ерекшеліктері;
  3. Нақты тауарлы нарыққа байланысты факторлар: сұраныстың көлемі мен құрылымы, сұраныстың икемділігі, нарықтың сиымдылығы, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі, ұқсас өнімдердің болуы.

Нарықтық баға бәсекесі кезінде  қандай да бір өнімнің құнын төмендету  үшін кәсіпорын өзі шығаратын  басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз  баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес.

Бәсекелестік ортада қолданылатын кең тараған тәсілдердің арасынан -  өнімнің өзіндік құнына үстеме бағаны, шығынсыздық қағидатын, төлем қабілеттілігі сұранысына бейімделуді, нарықтық баға қарқынын және бәсекелестердің  бағалық ұсыныстарын атап өтуге болады.

Өзіндік құнға үстеме баға  тәсілі есептеудің қарапайымдылығы арқасында  нарықтық экономикада мейілінше жиі қолданылады.  Үстеме баға  өлшемдері  кең ауқымды қамтиды, бұл тауардың түрлеріне, нарықтың аумақтық ерекшеліктеріне, мемлекеттік реттеу органдарының қатынастарына және т.б. байланысты. Бағаны құраудың бұл тәсілінің  бірқатар артықшылықтары бар:

  • өндіруші-сатушыларға  сұраныс пен оған әсер ететін факторларды талдау  жөнінен маркетингтік шаралар кешенін орындаудан гөрі,  өндіріс шығындары деңгейін талдау, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын анықтау жеңілірек;
  • нарықтағы бәсекелестердің көбі баға белгілеудің дәл сондай саясатын ұстанған жағдайда, іс жүзінде бағалық бәсекелестік пен шығын мүмкіндігі жойылады, соның нәтижесінде пайданың айтарлықтай үлесі де;
  • өзіндік құнға үстеме баға, әдетте, ақылға сыйымды өлшемде (50%-дан көп емес) болады, бұл  өндіруші-сатушыға тұтынушылардың мүддесіне зиян келтірмей,  олардың артық қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

Алайда нарықтағы сұраныстың төлем қабілеттілігі қарқынын қадағалай  алмау  және кәсіпорынның баға тактикасын дер кезінде өзгерте алмау қаупі бар. Бұл кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестігінің төмендеуіне және шығындар тәуекелдігі деңгейінің артуына соқтыруы мүмкін.

Шығынсыздық қағидаты дегеніміз  – бағаны өнімді сатудан түсетін  пайда өндірістің жалпы шығындарын жабатын деңгейде белгілеу.Бұл тәсілді  қолдана отырып, кәсіпорын тұтыну көлеміне байланысты, бағаны диверсификациялайды, бұл сұрынысқа дем беріп, сатудан түсетін  пайданы арттырды.

Сұраныстың төлем қабілеттілігіне  бейімделу тәсілін өз құрамында  маркетинг бөлімдері бар немесе шығарылатын өнімге сұранысты  талдау үшін қаражаты жеткілікті кәсіпорындар қолданады. Бұл орайда сапаға, тауарды безендіруге, қызмет көрсетуге және т.б. сол сәтте қойылатын талаптарды ғана емес, сонымен қатар, тұтынушылар тілектерін (әлеуеттік сұраныс) де бағалау қажет. Бұл тәсілді пайдалану барысында кәсіпорын бағаны тұтынушылардың әлеуметтік топтарына байланысты, тауарлардың сапасына, жаңалығына, тауарлық санатына байланысты диверсификациялайды. Бұл тұтынушылардың түрлі топтарының  артық қаражатын тартуға мүмкіндік берумен қатар, маркетингтік шараларды жүзеге асыруға айтарлықтай кыржы бөлуді талап етеді.

Нарықтық бағалар қарқынына  бейімделу нарықтағы ағымдық  баға деңгейін есептеуден және оның қысқа  мерзімдік кезеңде бағаның өндіріс  факторларына байланысты немесе тұтынушылық  сұраныс үрдістеріне байланысты  өзгеруінен тұрады. Мұндай тәсіл баға саясатын қалыптастыруда, әсіресе, нарықтық баға деңгейі  жалпы шығындар мен пайда нормаларына қатысты шынайы көріністі бейнелейтін, жетілген және монополистік бәсекелестік нарығында, ірі ауқымдағы  маркетингтік зерттеулерден бас тартуға мүмкіндік береді

Бәсекелестердің күткен баға ұсыныстарына бейімделу тәсілі, көбіне,  олигополия нарығында, баға бойынша көшбасшылық жағдайында, көшбасшы-кәсіпорын бірінші болып бағасын бекітіп, нарықтың өзге қатысушылары берілген баға деңгейін ұстанған жағдайда  қолданылады. Кәсіпорын, сонымен қатар, бәсекелестердің күткенін бағаның орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік өзгеруіне қатысты бағалай алады. Нәтижесінде кәсіпорын «бағаны ұстану» немесе «баға бәсекелестігігіне» орай, баға саясатын жүргізеді.

Кәсіпорынның нарықта  пайда болуы кезеңінде,  оның алдында тұратын басты мақсат  — қатаң бәсекелестік күрес жағдайында аман қалу. Бұл жағдайда барынша қолайлысы – жаңа нарыққа ену стратегиясы  оны жүзеге асыру үшін бағаны құраудың психологиялық  факторларының маңызы зор.

Тұтынушы  психологиясын естерудің тағы бір нұсқасы  — бағаның сапа ретіндегі көрінісі — баға неғұрлым жоғары болса, сапа соғұрлым жоғары болады деген пікір қалыптасқан. Баға белгілеудің бұл нұсқасы әдетте Ресейдің кеңінен қолданылатын тауарлар, мысалы, киімдер мен аяқ киімдер  нарығына тән.

Бағаны қалыптастырудың  нарықтық екі әдісін көрсетуге болады: біріншісі-тұтынушының тауарға көз-қарасы бойынша-тұтынушыға бағыттылған әдіс;

Екіншісі-нарықтағы нақты  жағдайға байланысты- бәсекелестерге бағытталған әдіс.

Бағаны қалыптастырудың нарықтық әдістерінде өндірістік шығындар-шекті фактор ретінде қарастырылады, яғни ол, белгілі бір деңгейден төмен бағада өнім өткізу тиімсіз екндігін көрсетеді. Алайда, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың әсерінен белгіленген бағаны өзгертіп, нарықтық бағада өз өнімдерін сатуға мәжбүр болады.

Тұтынушыға бағыттылған  нарықтық әдісті қолданатын кәсіпорын  баға белгілеуде нарықтық сұранысты, сұраныстың икемділігін және өз өнімдеріне деген  тұтынушылардың көз-қарастарын негізге  алады.

Бәсекелестерге бағытталған  әдісті кәсіпорын нарықтағы өз орнын  ұстау үшін қажетті жағдайларда  өнімнің бағасын төмендетіп, тұтынушыларды  өзіне тарту үшін қолданады.

Нарықта баға бойынша бəсеке жəне бағаға қатыссыз бəсеке бөлінеді. Баға бəсекесі механизмінің мəні сол, кез келген кəсіпорын өз өнімдеріне баға деңгейін бəсекелестерге қарағанда төмен, арзан етіп белгілейді. Өндіріс үнемі жетілдіріліп, шығындар арзандаған жағдайда, бағаның көмегімен бəсекелесу табысты болып саналады.

Нарықтың белгілі бір  үлесін жаулап алып, ұзақ мерзімде пайдалы  əрекет ету мүмкіндігі - баға бəсекесінің нəтижесі. Бағаға қатыссыз бəсеке жасампаздыққа бағытталады. Ол өнімді үнемі жетілдіру, өнімнің сапасын, сырқы түрін, техникалық беріктілігін жəне тағы басқаларды жақсарту. Тауардың бірден-бір ерекше қасиеттері, оның сапасы жаңа тұтынушыларды өзіне тартуға жəне тауардың бəсекелестік деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Нарықтық баға белгілеу əдістеріне ағымдағы баға белгілеу əдісі, жапсырылған конверт əдісі жатады. Ағымдағы баға белгілеу əдісі бірыңғай тауарлар нарығында кең қолданылады, себебі бəсеке деңгейі жоғары нарықта бірыңғай тауар сататын фирманың бағаға ықпал ету мүмкіндіктері шектеулі болады.

Тендерлік баға белгілеу əдісі, жапсырылған конверт əдісі бұл  белгілі бір келісім-шартқа қол  жеткізу үшін, күшті бəсеке жүргізетін бірнеше компанияларда, салаларда қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Кәсіпорынның  өндірістік қызметін талдау

«ФудМастер» Компаниясының  тарихы 1995 жылы жас кәсіпкерлердің сүт өндіру шаруашылығы дәстүрлі түрде кеңінен дамыған Қазақстанда йогурт деген керемет өнімді білмейді және шығармайды деген мәселені көтеруден басталды. Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, «ФудМастер» алғаш рет Қазақстанда йогурт шығара бастады. Қазіргі таңда Республиканың түпкір-түпкірінде компанияның 4 зауыты, 16 сауда филиалы және екі сүт-тауар фермасы бар.

«ФудМастер»  компаниясы Қазақстан нарығында сүт өнімдерін  шығару бойынша көшбасшы болып табылады және Республикамыздың аумағындағы  жаңадан көп сүт өнімдерін  шығаруда да алғашқылардың бірі болып  саналады. Отандық өндірушілердің ішінде ең көп өнім шығаратын Компания әрқашан  қазақстандықтардың талғамы мен  сұранысын қанағаттандыруды мақсат етеді. Тұтынушылар ұнатқан өнімдердің ішінде: айран, қаймақ, Үй сүзбесі, Дольче йогурттары, БИО-С + ұйыған сүті және басқалары  бар.

Қазіргі таңда компания зауыттары 100-ден астам сүт өнімдерінің  түрлерін шығарады. Жыл сайын компания өз ассортиментін жаңартып, қазақстандықтарға  жақсарған жаңа дәмі бар жаңа өнімдер  ұсынады.

ФудМастер - Қазақстан нарығына жоғары сапалы отандық йогуртты шығарған алғашқы кәсіпорын.  Ең бірінші  кәсіпорының зауыты Есік қаласында  ашылғанын жоғарыда атап өткендей, қазіргі таңда заманауи жоғары технологиялық  зауыттың тәулігіне 100 тонна сүт өнімдерін шығаруға мүмкіндігі бар. Адам қолы тимейтін дамыған технология мен өнім салынатын құрылғыны зарарсыздандырып, тазалайтын автоматтандырылған жүйенің арқасында ФудМастер сүт зауыты жоғары сапалы сүт өнімдерінің түр-түрін шығаруда. Қазіргі таңда бұл компанияның  Республикамыздың бір неше жерінде зауыттары жұмыс істейді.

ФудМастер-Шымкент  зауыты-1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Көксәйек кентінде ФудМастер компаниясының бөлімшесі ретінде құрылды. ФудМастердің басқа да кәсіпорындары сияқты компанияда қолданылатын жалпы сапа стандартына сәйкес өнім шығаратын жоғары технологиялық зауыт болып табылады.

Есік қаласындағы ФудМастер-Асептик  зауыты - 1998 жылы «жаңадан» салынды. Бұл әлемге әйгілі Тетра Пак швед компаниясының жоғары технологиялық желісімен ультрапастерленген сүт шығаратын Қазақстандағы алғашқы зауыт. Бұл зауыт көптеген өнім түрлерін, соның ішінде ерекше заманауи ультрапастерлеу технологиясы – сүт өте қысқа уақытқа (2–10 сек.) 135–140 ºС-ге дейін тез ысытылып тез салқындатылатын процестің көмегімен, УЖТ сүт шығаруда алғашқылардың бірі болып саналады. Сүтті мұндай тәсілмен өңдеуде бктериялар мен микроорганизмдер өледі де, дәрумендер мен минералдар бүлінбей сақталып қалады.

ФудМастер-Павлодар зауыты. Бұл зауыттың ФудМастер компаниясының  құрамына кіру тарихы Павлодар сүт  зауытына ауқымды жаңартулар жүргізіле  бастаған 2009 жылдан бастау алады. ФудМастер компаниясы кәсіпорынды қайта құруға үлкен инвестиция салды, енді ауасына дейін зарарсыздандырылған өндірістік желілер компанияның басқа да зауыттарындағы сияқты сақтау мерзімі ұзақ табиғи және сапалы өнімді өндіре бастады. Бүгінгі таңда ФудМастер-Павлодар зауыты ең заманауи зауыт болып саналады, ол жерде өндірістің автоматтандырылған үрдісі мен сапаны бақылаудың көп сатылы жүйесі қолданылады.

Информация о работе «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы