Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа

Описание работы

Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.

Содержание

КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22

ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом+2012.doc

— 832.50 Кб (Скачать)

     Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыадамзаттық құндылықтардың бiрi – тәрбиенiң басқа адамға деген қажеттiлiгi, басқа адамдарды сүйе бiлу қажеттiлiгi болып табылады. Философиялық тұрғыда рухани құндылық, соның ішінде патриотизм рухани сұраныстарды қанағаттандыратын және тұлғаның  рухани әлемін байытуды көздейді. Тұлғаның бойындағы руханилық өлшемдер  оның ой- санасында, мінез-құлқында,  іс-әрекетінде ұлттық және жалпыадамзаттық  құндылықтардың үйлесуі, қалыптасуы деп көрсетеді.

 Жалпыадамзаттық құндылықтар –  халықтың, түрлі діннің, әрқилы дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Зерттеуіміздің негізгі мақсаты тұлғаның бойында тәрбиенің негізгі өзегі болып табылатын патриоттық құндылықты қалыптастыру. “Құндылық” (И.Кон, В.А.Караковский, А.Г.Здравомыслов, В.А.Ядов, В.П.Тугаринов, С.Қалиев, Ж.Наурызбай, Г.Қ.Нұрғалиева, Р.К.Төлеубекова, т.б. ғылыми зерттеулерінде)  – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер, еңбек, адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы, т.б. болып саналады.

Тұлғаның бойындағы патриоттық  құндылықты айқындауда жоғарыда патриотизмге  берiлген анықтамаларға  және құндылық, адамгершiлiк құндылық  ұғымдарын  философия, педагогика, психология  ғылымдары тұрғысынан саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық  құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю,  мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты  сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай  ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың  негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм,  Қазақстандық патриотизм,  жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың  жоғары көрсеткіштері  -мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана,  және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері  қалыптасады. Психологиялық тұрғыда патриоттық құндылықтар сапаға айналып, iс-әрекет (тұлғаның “Менi”) тұрғысынан көрiнiс береді (Сурет 3).

 

   

      

 


 

                                   


(Сурет 4).

Мектеп оқушыларына  патриоттық тәрбие берудің  педагогика және психология ғылымдарында зерттелу бағыттары

Патриоттық тәрбие  беру мәселесiн зерделегенде алыс және жақын шетелдердегi жүргiзiлiп жатқан жүйелі жұмыстар зерттеуiмiздiң теориялық және практикалық негiзiн ашуға үлкен септiгiн тигiздi. Тұлғаны әлеуметтендiру және жеке тұлғаның бойындағы  патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты зерттеулер  АҚШ, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, т.б. мемлекеттердегі ғалымдардың еңбектерінде  ерекше орын алады. Кестеде педагогика және психология ғылымдары бойынша  патриоттық тәрбиенің зерттелу бағыттары айқындалды (Сурет 4).


Информация о работе Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары