Стандарттау негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:45, реферат

Описание работы

Стандарттау-бұл белгілі бағыттағы жұмыс барлық жұмыстарды бір тәртіпке келтіру,барлығына бірдей қолдануға жататын ережелер шыға- ру және қолдану арқылы жүргізіледі,істеліп жатқан немесе алдағы жұмыстарды қолданылады.
Стандарттаудың мақсаттары:

Содержание

Негізгі бөлім
Стандарттаудың мақсаты, ғылыми және әдістемелік негіздері
Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидалары
Стандарттау объектілері
1.5 Мемлекеттік қызмет стандарттарының құрылымы мен құрамы
1.7 Қорытынды

Работа содержит 1 файл

стандарттау негіздері.docx

— 34.03 Кб (Скачать)

Жоспар:

 

 

 

    1.  Негізгі бөлім 
    2. Стандарттаудың мақсаты, ғылыми және әдістемелік негіздері
    3. Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидалары
    4. Стандарттау объектілері

1.5 Мемлекеттік қызмет стандарттарының құрылымы мен құрамы

1.7 Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Стандарттаудың мақсаты,талабы, ғылыми және әдістемелік негіздері.

 

          Стандарттау-бұл белгілі бағыттағы жұмыс барлық жұмыстарды бір тәртіпке келтіру,барлығына бірдей қолдануға жататын ережелер шыға- ру және қолдану арқылы жүргізіледі,істеліп жатқан немесе алдағы жұмыстарды қолданылады.

         Стандарттаудың мақсаттары:

1).Тұтынушылар мен мемлекеттің сапа және номенклатура жөніндегі талаптарын қорғау.Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпсіз бол- уын қамтамасыз ету,қоршаған ортаға зиянсыз болуын қамтамсыз ету.

2).Өнімнің сапсын ғылым мен техниканың дамуына,халықтың талап- тарының өсуіне сәйкес жоғарлату.

3).Өнімдердің бір-біріне сәйкес келуі және алмастыру мүмкіндігі.

4).Материалдық,адамдық ресурстарды үнемдеу,экономикалық тиімділігін арттыру.

5).Әлеуметтік-экономикалықжоспарлардыңнегіздерін салу.

6).Өндіру және саудадағы техникалық кедергілерді жою,отандық өнімдерін ,дүниежүзілік нарықта өтімділігін арттыру.

7).Өндірістік объектілердің табиғи,технологиялық апараттарға қауіп- сіздігін арттыру.

8).Елдің қорғану және жұмылу қабілетінің жоғары болуына көмектесу.

           Стандарттау ғылым ретінде мына жұмыстарды атқарды:зертейді және қортады,стандарттау заңдылықтарын жалпы түрде немесе белгілі уақытта.Мысалы:системалау,класстау,кодтау,техникалық информа- циялау.

          Практикалық стандарттау-бұл нормалық документтерде керекті ере- желерді,нормаларды белгілеу.Қайталанатын жұмыстармен өндірістерде оптимальді бағыт ұстауға көмектеседі.Өмірде және өн- дірістерде қолданылады.Практикалық жұмыстың нәтижесі нормалық құжаттар шығару.

           Нормалық құжат-бұл құжатта ережелер,нормалар белгілі бір жұмыс бағытында қолданылады. Мысалы: стандарттар, эталондар, техникалық көрсеткіштер.

          Стандарт-бұл нормалық документ ынталы жаұқтардың жалпы келісім бойынша жасалады және белгіленген орган арқылы бекітіл- ген барлық жерде әрқашанда орындалуға тиісті әртүрлі жұмыстар- мен өнімдерге,көрсеткіштермен талаптар,нормалар белгіленеді. Стандарт-бір ыңғай оптималды тәртіп орнатуға бағытталған.

Стандарттау басқару жүйесі ретінде-мемлекеттік стандарттау жүйе-сі комплектің нормалық құжаттарға негізделген.Олар өзара байла- нысты талаптар қояды ұйымдастыру шараларын белгілейді.

Стандарттау құжаттары әртүрлі деңгейде болады:

a).Мемлекеттік заттар.

b).Мемлекетаралық заңдар.

c).Жүйелік стандарттар.

d).Өндірістік орындардарының стандарттарымен техникалық талаптары.

Мемлекеттік қызмет: Мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа да мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың мен мүдделі жеке және заңды тұлғалардың өзара қатынасының және тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет жабдықтаушысының ішкі жұмысының нәтижелері.

        Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылар: Өз біліктілігі мен функционалды міндеттері шеңберінде қызметтің нақты бір түрін көрсететін мемлекеттік органдар, мекемелер, және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар.

Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар: Өз құқықтарын, мүдделерін немесе нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушыларға тікелей немесе өзінің өкілі арқылы қатынасатын Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға немесе ұйым.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілері. Қызметтің кейбір түрлері, солардың көрсетілуіне байланысты процестер, процедуралар, және уәкілетті органдар мен олардың бөлімшелерінің функциялары, кейбір лауазымды тұлғалардың әрекеттері. Осылар үшін талаптар, нормалар, ережелер, мінездемелер, өлшемдер шығарылады.

Стандарттау жұмысына төмендегі әдістемелер  кеңінен қолданылады:

    1. стандарттау обьектісін реттеу
    2. параметрлік стандарттау
    3. өнімді сәйкестендіру
    4. агрегаттау
    5. кешенді стандарттау
    6. озық стандарттау

           Сонымен қатар стандарттау әдістемесі – бұл стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданулатын тәсілдер жиынтығы болып табылады.

          Стандарттау обьектісін реттеу – өнімді процесс пен қызметті стандарттау саласындағы әмбебап әдістеме. Реттеу  - көп түрлікті басқару ретінде ең әуелі көп түрлілікті қысқартумен тығыз байланысты.

           Стандарттау обьектісін сұраптау – арықарай өндіруге және қоғамдық өндірісіне пайдалануға ыңғайлы деп танылған нақты обьектілерді сұраптауға бағытталған іс-қимыл.

           Параметрлік стандарттау – өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

          Параметрлер  сипаттамасы:

  • Мөлшерлік параметрлер
  • Салмақ параметрлері
  • Машина, құралдардың өнімдері
  • Энергетикалық параметрлер

ГОСТ 8032 « Ыңғайлы сандар және ыңғайлы  сандар қатары». ГОСТ 6636 «Қалыпты сызықтық мөлшерлер. ГОСТ 8032 Ыңғайлы сандардың 4 негізгі қатарын белгілейді:

  1. Қатар R5 - 1,00; 2,50; 4,00; 6; 30; 10,0...
  2. Қатар R10 -  1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50...
  3. Қатар R20 – 1,00; 1,25; 1,40; 1,60...
  4. R40 – 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25...

 

         Өнімді сәйкестендіру деп детальдардың типтік саны мен бірдей қызметтік мақсаттағы агрегаттар санын оңтайлы қысқарту іс-қимылын айтады.

          Агрегаттау – бұл машина құрал жабдықтары геометриялық және қызметтік негізде өзара алмастыру, әртүрлі бұйымдарды жасауда көп мәрте пайдаланатын, жекелей стандартталған, сәйкестендірілген түйіндерден құрастыру.

         Кешенді стандарттау – өзара  байланысты талаптар жүйесін  мақсатты да жоспарлы түрде  белгілеу.

        Озық стандарттау әдісі – стандарттау  обьектісіне бүгінгі практикада  қойылып отырған талап, нормаларды  қазіргі жетістіктерінен жоғары  деңгейге көтеріп, келешекте тиімді  болатындай етіп жобалауға мүмкіндік  береді.

Стандарттар ғылым мен техниканың жеткен деңгейінен ғана шектелуі тиіс емес.

     

2. Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидалары

 

  Өз біліктілігі мен функционалды міндеттері және қызметтің нақты түріне қойылған стандарттар шеңберінде мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаты  Қазақстан Республикасында тұратын  және жұмыс істейтін жеке және заңды  тұлғалардың құқықтарын, бостандығын  және заңды мүдделерін корғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік билік пен  қоғам арасындағы өзара қатынасты  ұтымды деңгейіне жеткізу болып  табылады. 

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі  міндеті мемлекеттік қызмет көрсету  процестерін нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету болып  табылады, атап айтқанда:

- мемлекеттік қызметтерді жіктеу;

- мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілерін және олардың құрамын анықтау;

- стандарттау объектілеріне қойылатын негізгі талаптарды және олардың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінің ұйымдастырылуын және технологиясын анықтайтын құжаттардың құрамы мен мазмұнын бірегейлендіру;

- атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруға сапа басқару жүйесін енгізу;

- әкімшілік кедергілерді жою.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі  қағидалары:

 Мемлекеттік қызмет көрсету  процесін тұтынушыға клиент ретінде  бағдарлау қағидасы. Мемлекеттік қызмет стандарттарын әзірлеу барысында мынадай талаптардың орындалуын қажет етеді:

- тұтынушылардың қажеттіліктерін және үміттерін зерттеу, ең  бірінші, мемлекеттік қызметтердің сапасы, олардың көрсетілу тәртібі мен мерзімі, бағасы және басқа сипаттары;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті түрде бағалауды қамтамасыз ететін тұрақты кері байланыс жүйесін орнату.

Мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын  хабардар ету қағидасы.  Бұқаралық  ақпарат құралдарын, компьютерлік желілерді  және т.б. қоса, әр түрлі хабар көздерін пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабармен тұрақты  қамтамасыз ету жүйесін орнату және қолдану.

Орындаушының мүдделілігі қағидасы. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру барысында, орындаушының мемлекеттік қызметтің тиісті түрін сапалы және уақтылы көрсетуге мүдделі болуын талап етеді.

         Стандарттардың жүйелілігі және ұтымдылығы қағидасы. Әрбір жаңадан шығарылып жатқан стандарт тұтынушы үшін қарапайым және түсінікті болуы тиіс және кызметтерді жабдықтаушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге қайшылығы жоқтығы тексерілуі тиіс. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға қойылатын талаптар мен шарттардың санын азайтуға ұмтылу қажет.

Ғылыми ізденістерді және инновацияларды пайдалану қағидасы. Мемлекеттік  қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін  зерттеу жұмыстарын өткізуді, мемлекеттік  қызметтерді көрсетудің әлемдік  тәжірибесін және практикасын талқылауды және мемлекеттік қызметтерді көрсету  процестеріне инновациялық шешімдер енгізуді талап етеді.

       Жауапкершілік қағидасы. Мемлекеттік қызметтердің сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету үшін лауазымды тұлғалардың жеткілікті жауапкершілігінің болуын талап етеді.

        Екі жақтама бақылау қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылардың жұмысына тиімді және ұтымды ішкі және сыртқы бақылау жүйесінің орнатылуын талап етеді.

       «Бір терезе» қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін, тұтынушының бір орындаушыға баруын талап етеді. Бұл талаптың орындалуы үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы бір бірімен байланысты органдар қызмет көрсету уақытын азайту мақсатында өздерінің әрекеттерін барынша үйлестіруі керек.

 

3. Стандарттау объектілері

 

Іс  түрінен және басқа жіктеу белгілерінен тәуелсіз түрде, мемлекеттік қызметтердің стандарттау объектілері мыналар болып табылады:

- жіктеу және терминология;

- біркелкі қызметтердің топтарын және шағын топтарын, қызметтердің әр түрлі түрлерін, жеке қызметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер тізімі;

- мемлекеттік қызметтердің әр түрінің нақты сапа және қолжетімділік көрсеткіштеріне қойылатын талаптар;

- мемлекеттік қызметтерді тұтынушыға қойылатын талаптар;

- қызметтерді көрсету процедурасы;

- лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері (орындамағаны) бойынша шағымдану тәртібі мен мерзімі;

- қызмет тұтынушыларын хабардар ету түрлері және әдістері;

- тұтынушылармен жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың біліктілігі, жауапкершілігі және бағыныштылығы;

- қызмет көрсету орнындағы шарттар;

- тұтынушылармен жұмыс істеудің жалпы ережелері.

Жіктеу және терминология, осы стандарттың ретімен 6 және 3 бөлімдеріндегі талаптарға сай болуы тиіс. 

  Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер тізімі мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

- көрсетілетін қызметтер құрамы тұтынушы үшін анық және айқын болуы тиіс;

- түпкі нәтижесі және қызмет көрсету пішіні көрсетілуі тиіс;

- мемлекеттік қызметтің нақты бір түрін көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе ұйымның атауын қамтуы керек.

 Мемлекеттік қызметтердің белгілі түрлерін алу үшін қойылатын талаптар.    Бұл көрсетілген қызметті алу үшін тұтынушының орындауы міндетті (немесе сай болуы керек) ережелер.

Мемлекеттік қызметтерді  көрсету регламенті мыналарды қамтиды:

- мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тәртібі және технологиялық тізбегі;

- қызмет көрсету уақытының және жеке процедуралардаң ұзақтығы;

- мемлекеттік қызмет тұтынушысының алатын түпкі нәтижесінің толық анықтамасы. 

 Шағымдану тәртібі  мыналарды қамтиды:

- лауазымды тұлғалардың әрекеттері бойынша шағымдану процедурасы;

- шағымды қарастыру, шаралар қабылдау және қабылданған шешімдер жөнінде тұтынушыны хабардар ету мерзімдері;

- мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың арыздары мен шағымдары бойынша шешім қабылдауға жауапты лауазымды тұлғалар мен органдардың атаулары, адресі мен телефон нөмірлері;

- қоғамды қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар ету.

Көрсетіліп  жатқан мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктеріне  байланысты тұтынушыларды хабардар етудің мынадай формаларын және әдістерін  пайдалану орынды:

- арнайы басылымдар;

- вебсайттар;

- бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалық беттер;

- жарнамалық парақшалар;

- мекеменің өз орнынан басқа жерге орналастырылатын мекеме туралы көрнекі мәлімет;

Информация о работе Стандарттау негіздері