Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 11:47, дипломная работа

Описание работы

Психология ғылымында кәсіби бейімделу процесін, кәсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мәнге ие бола тұрса да, бұл мәселе әлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген. Сондықтан, студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3

1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар.
1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары--------------------------------------------6
1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде---------------------------------------15

2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.
2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы-----------------------------------------23
2.2 Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі-------------31
2.3Студенттердің мәдени құндылық бағыттануы ------------------------------------38


3. Студенттердің кәсіби құндылықтарының дамуын эксперименттік
Зерттеу-----------------------------------------------------------------------------------------46

Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------------58
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------------------60

Работа содержит 1 файл

Шынар 1.doc

— 669.00 Кб (Скачать)

   Құндылық  нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз. [3]   

  Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз қосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға берілгендік, сол мұраттармен  құндылықтар  үшін  жігерлік күш жұмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі, мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды  қалыптастыруға жағдай туғызады.  

   Құндылық  нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті әсер етеді. Осыған байланысты  құндылықтарды  еңбек, отбасы білім ғылым, өнер және басқа жақтарға бөлуге болады.  

  Бұндағы  құндылық  ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сүріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін  еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті кейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік  құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс.    

   Құндылық  нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен - өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды.  Құндылық  бағыттарының қалыптасуы тиісті сана -  сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ.   

   Құндылықтар  проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық  және logos – ілім, сөз) деп аталады. Ол –  құндылықтар  теориясы болып табылады. [2]

Аксиология  құндылықтар  табиғаты, олардың реалдықтағы орны және құндылық  әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың  өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.

Ең кең мәнінде  құндылықтар  проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы  реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады.

Антикалық және орта ғасырлық философияда   құндылықтар  (этико – эстетикалық және діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына  кірістірілген еді.

Диалектикалық – материализм құндықтарды  олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен  қоса қарастырылады.

Құндылық  объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы, үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.

Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі  бір қоғамдық – тарихи параметрлерде  шекті және абсолютті болып көзге  түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін туды.

2.3 Студенттердің мәдени құндылық бағыттануы

Өркениетті  елдер қатарына жету деңгейінде жастарды қазіргі қоғамда ізгілікке, парасаттылыққа баулитын жалпы мәдениеттілігі, болашақ  мамандығына деген кәсіби құндылығы  мен білімділігін арттыру өзекті мәселенің бірі болып отыр. Жалпы  рухани құндылық, ұлттық мәдениет пен дәстүрді қорғау мәселесі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары болып келеді. Демек, еліміздің қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси, мәдени өркендеуі өндірістің барлық салаларында қызмет жасайтын мамандарды даярлаудың сапасын жетілдіруді қажет етеді. Бұлар  білім беру мен тәрбиелеу ісін жаңаша сипатта жаңғырту, жетілдіру міндеттерін қамтитын білім беру жүйелерінің қабылдаған жаңа мазмұнды заңдар мен тұжырымдамаларда т.б. көрсетілген.

Жоғары оқу  орындарындағы студент тұлғасын қалыптастыру, олардың кәсіби маман ретінде көрінісін білдіретін құндылығын мәдени тұрғыда қалыптастыру білім беру саласындағы маңызды мәселе.

Философиялық, психологиялық және педагогикалық  әдебиеттерге жасалған талдаулар «мәдениет» ұғымының бейнесі тым көп екендігін көрсетеді. В.А.Коневтің «мәдениет» ұғымына берген анықтамасы: «Мәдениет – бұл адамды қалыптастыру арқылы осы іс-әрекетті қайта өңдеуге қажетті оның жинақтаған тәжірибесі».

Мәдениет ұғымын танып білуде болашақта мәдени іс–шаралардың жаңа үлгісін жасайтын және өзі меңгерген мәдени әлеуметтік тәжірибені қайта өңдеуге қабілетті жастарды тәрбиелейтін іс-шараларға бағытталған бейнені алады. Біз мәдениет ұғымын әлеуметтік қызметтің субъектісі ретінде дамыған адаммен байланыстырамыз, яғни адам өз әлеуметтілігін іске асыру арқылы қызмет субъектісіне өтеді.

«Мәдениет»  деген термин Цицеронның еңбектерінде «Жанды жетілдіру» деген ұғыммен байланысты қарастырылды. Кейінірек еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Уақыт өте келе, тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, кең мағынада білім беру, ағартушылық деген мағыналарда да қолданылған. Демек, бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры сонау көне заманнан бастау алады. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, олай болса, білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. [32]

Біз үшін сипаттамаларды анықтаудың маңыздылығы сол, бір уақыт аралығында тұлғаның мәдениет субъектісі әрі объектісі болуында, сондықтан жалпы мәдени құндылық – бұл жинақталған білімнің, дағдының, тәжірибенің, қарым – қатынастар мен сапалардың бірлігі, сонымен бірге олар мінез – құлық пен іс - әрекеттерді жүзеге асырудың тәсілі мен үдерісі, бұл жағдай, әрі нәтиже, әрі жеке тұлғалық және әлеуметтік құндылықтарды меңгерудің, әрі жасудың өнімді үдерісі.

Мәдениетті  іс-әрекет тұрғысынан қарастыруда, біз  бұл құбылыстың әлеуметтанушылардың назарындағы жай – күйін ескереміз: мәдениетті алуға және беруге болады; оның әлеуметтік мирасы бар; оны оқып, үйренеді, себебі ол адамның генетикалық табиғатымен берілмейді. Мәдениет біріншіден өнім, екіншіден, адамның әлеуметтік тұрғыдан өзара әрекет жасайтын жоғары қабілеттілік жүйесі. Біздің зерттеуіміздегі берік ұстанатын нәрсе ол мәдениетті бойында  тұрақтандырған екі субъектінің бар екендігінде, олар: қоғам және адам, сондықтан да тұлға мәдениеті мен қоғам мәдениеті туралы айту заңды құбылыс. Әрине олар бір – бірінсіз өмір сүрмейді, Адам қоғамсыз, ал қоғам адамсыз өмір сүрмейді. Педагогикалық көзқарас тұрғысынан бұл өзара байланыс бізді оқу – тәрбие үдерісі негізінде қызықтырады.

Мәдениет туралы, ол адам әлемі, адамның шығармашылық белсенділігі, тіпті тұтас бір өркениетті халықтың болмыс-бітімі, ғасырлар бойы жинаған мұрасын келесі ұрпақтарға қалдыру тәжірибесі деген қорытынды шығаруға болады. Бұл тұрғыда көпшіліктің сыртқы тұлға-болмысынан, олардың өзара қатынасынан, тілінен, жасаған өнер туындылары мен тұрмыстық бұйымдарынан, әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктерінің, дүниетанымының, эстетикалық көріністегі сапаларын, эстетикалық-мәдени даму жолдарын, салт-дәстүрлер үлгілерін көруге болатынын айта кетуге тұрарлық. Негізінен, адамның дамуына сырттай әсер ететін қозғаушы факторлар – білім беру, оқыту, тәрбиелеу, яғни педагогиканың негізгі категориялары  болса,  ал  адам  өмірінің  құндылығы  оның  руханилығы, өзінің кім  екенін  саналы  түрде  меңгеруге  ықпал  ететін  қозғаушы  факторлар – жан мен рух екенін көптеген ғалымдар мойындауда.

Қарапайым тілмен түсіндірсек, мәдениет дегеніміз –  адамдардың іс-әрекетінің моральдық, сапалық  жиынтығы. Ал оның көрсеткіштері: бойындағы білімі мен біліктілігін, тәжірибесін дұрыс, орынды, ұтымды пайдалана алуы, дүниетанымының қалыптасуының деңгейі. Сонымен бірге мәдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал болып табылады.

Жалпы мәдени құндылықты қалыптастырудың мәдени - әлеуметтік шарттары мәдениет мүмкіндігімен байланысты, өйткені мәдениетте адамның шығармашылық қуаты мен қабілеті бар, қоғам дамуының жан – жақты қамтылған сипаты мен қызмет түрлерін меңгереді; мәдениетте адамның өмір мен әлемді игеру тәжірибесін қабылдау, ойлау, күйзелу және әрекет жасау түрінде қуаттандырылады; сонымен бірге білім, құндылық, қағида, мақсат және мазмұн түрінде оның тәжірибедегі іс - әрекеттері мен рухани тәжірибесін қайта жасайды, ал білім – оның тірі «жол басшысы» әрі байланыс жасайтын құралы.

Мәдениет құбылыс  ретінде оқу-тәрбие үдерісінде екі  жағдайда байқалады: қоғамдық және жеке болып. Біздің зерттеуімізде оқыту мен тәрбие мәселесінің бұрыннан келе жатқан дәстүрдегі этнопедагогика элементтерін пайдалану отандық психология мен педагогикада да қарастырылған. Педагогика ілімі дәстүрлі педагогикалық әдебиетте оқыту мен үйрету, тәрбиелеу жолы арқылы тұлғаның мәдениеттілігін қалыптастыру үдерісі ретінде қарастырылады. Бұл әлеуметтендіру үдерісінің мәні адамзаттың жағымды әрі маңызды тәжірибесін болашақ ұрпақтарға беру және педагогикалық қызмет пен мәдениеттің өзара әрекеттерінің қоғамдық деңгейі ретінде қарастырылады. 

Зерттеулеріміздегі  адамды тұлға, субъект, жеке тұлға деген  анықтамалар негізінде анықтағанымыздай студент – ол тұлға ретінде  өзін тануды қажет ететін, өмірдегі өз орнын анықтауға, өзіне өзінің, қоршаған ортаға, өз болашағына қарым – қатынасын, тұлғалық тұрғыда өзін белгілеуге, өзінің белгілі бір ішкі мүмкіндіктері мен қабілеттері бар тұлға. Сонымен бірге, біз студентті іс - әрекеттің субъектісі деп қарастырамыз, себебі оның өзін - өзі дамыту, өзін - өзі жасау туралы педагогикалық тұрғыда әрекеттері байқалып отырады.

Мәдени - әлеуметтік шарттарға этномәдениеттің шарттары жақын жанасады. Қалыптасып отырған  жаңа жағдай мәдениеттің бұрын болмаған кескінін жасайды. Этномәдениеттің  себепшісін жеткілікті бағаламау көптеген зерттеушілердің пікірінше қақтығыстар, тоқыраушылық пен түсінбеушілікке алып келеді және өзінің мәдениетін ғана үздік деп қабылдауға мүмкіндік жасайды.

Мәдениетті  тануда бөгде мәдениеттегі деректерге сезімталдық қарым – қатынастардың  мәнін ескеру маңызды. Адам оған байыппен, төзімділікпен, бейтарап қарауы тиіс, ол жайында хабардар болуы, өз қызығушылығын көрсетуі, сүйінішін, таңданысын көрсетіп, әсермен күйзеліп, көбірек тануға тілегін білдіруі қажет және т.б. Бөгде мәдениеттің деректеріне байланысты жеке өмір дерегі ретінде немесе сырттағы, бөгдедегі көңіл – күйдің құндылық деңгейіне байланысты адамның күйзелуі байқалады. Бұл бөгде мәдениетті және менталитетті түсінуге ықпал жасайды, сонымен бірге, бөгде мәдениет бөгде болмағанда өзара түсіну айқындалады.

Мәдениеттануды  зерттеуге жасаған талдаулар  қоғамды жаңа бағытта жасауда  әлеуметтік қайта жасаудың маңызды  шарттары немесе себептері ретінде  менталитетті ескеру міндетті екенін көрсетті. Менталитетте оның ұйытқысын  құрайтын дәстүрліліктің бар екені белгілі және уақыт өте оның құрамын жаңалар толықтырады, олар да уақыт өте дәстүрге айналады. Бұл ұйытқының мазмұнын анықтау – көптеген әлеуметтік үдерістерді түсіну, жалпы мәдени құзіреттілікті жетістіктермен қалыптастырудың болжамы мен оны күтудің негізі. Менталитет тіл мен мәдениет қорымен қалыптасады, бірақ ол адамның жеке ерекшелігі мен оның әрекеттерінің тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады. Туындаған төрт бастаулардан (тіл, мәдениет, жеке тұлғалық, іс - әрекет) менталитет адам өміріне өзі ықпал жасайды. Бұл ретте менталитет дүниетанымға жақын, алайда нақты ұқсастық жоқ. Дүниетаным – адам өмірінің философиясын айқындайтын әдіснамалық феномен. Менталитет адам өмірінің қандайда бір бағыттарын белгілейді, мысалы, кәсіби, ұлттық және т.б. бағыттар.

Мәдениет саласындағы саясат мәселелері бойынша өткен ЮНЕСКО конференциясының 30 – шы сессиясының қорытынды құжатында нұсқалған мәдени өзгешеліктердің мәселелері бойынша ережелердің біздің зерттеуіміздегі «мәдениет диалогы» идеясын жүзеге асыру үшін маңызы ерекше. Онда мына мәселелер ерекше айтылады:

- кез – келген  мәдениетте қайталанбас әрі таптырмайтын  құндылықтар жиынтығы бар;

- кез – келген  ұлт өзіндік дәстүрлері мен  лебіздері арқылы өзі туралы  әлемге жария ете алады;

- мәдениетіндегі  өзіндік ерекшеліктерді бекіту әрі нақтылау халықтардың еркіндігіне ықпал жасайды, әрі керісінше, кез келген үстемдік оның өмір сүруіне қауіпті болуы мүмкін немесе оның өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығаруы мүмкін;

- мәдени өзгешеліктер  бағасы жоқ құндылықтар болып,  адамды жан – жақты дамыту мүмкіндіктерін кеңейтеді, әр бір халықты өз өткен тарихын меңгеруге жетелейді әрі басқа мәдениет элементтерін меңгеруге мүмкіндік береді;

- барлық мәдеиеттер  адамның жалпы мирастарында бір  бүтінді құрайды. Халықтардың  мәдени өзгешеліктері басқа халықтардың құндылықтары мен дәстүрлерімен байланыс жасау нәтижесінде байиды және жаңарады. Мәдениет бұл диалог, ол басқа мәдениеттердің дәстүрлері мен құндылықтарына қол жеткізу шарттары болып табылады;

- ешқандай мәдениет  жан – жақтылыққа үміттене  алмайды. Жан – жақтылық барлық халықтардың тәжірибелерінен жинақталады, олардың әрбірінің өзіндік өзгешеліктері бар. Мәдени өзгешелік пен мәдениеттің алуан түрлілігі бір бірімен байланысты;

- әрбір халықты  қорғайтын, дамытатын және байытатын  өзгешеліктері мен мәдени мұралары бар, басқа мәдени қағидаларды толық құрметтеуді қамтамассыз ететін мәдениетті саясат қажет;

- барлық мәдениеттердің  теңдігі мен әрбір халықтың  құқығын және мәдени қауымдастығын  мойындау әрі олардың өзіндік  мәдени ерекшеліктерін сақтау  және оларды қастерлеуді қамтамассыз ету қажет.

Педагог әрбір  студенттің мүмкіндігіне қарауы тиіс және оны тек педагогикалық ықпалдың объектісі деп қабылдамай, оны  ерікті әрі өз еркімен әрекет жасаушы  тұлға деп қабылдауы керек. Бұл  студенттерге әдеппен қарау, олардың қадір – қасиетін құрметтеу, бұл жағдай өзара сыйласу, әріптестік жасау атмосферасын қалыптастырып, студенттерде мәдени құндылық қалыптасуына жағымды көзқарастар туындауына ықпал етеді. Мәдениеттендіруге бағдарлану қолайлы педагогикалық технологиялардан бас тарту емес, керісінше, студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер, жасау. Мұнда  келесі талаптарды да ескерген жөн, олар: білім алушыны күмәнсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қарым – қатынас жасау; жеке тұлғасына құрметпен қарау және әр түрлі жағдайда да өзіндік жеке сезіміне құрметпен қарау; басқаға ұқсағысы келмейтін тұлғалық құқығын мойындау; ерікті таңдау жасауға мүмкіндік беру; білім алушының жеке тұлғасын емес оның іс - әрекеттеріне баға беру; білім алушының жеке даралық психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін ескеру (жүйке жүйесінің түрі, темпераменті, ойлау ерекшеліктері, қабілеті, қызығушылығы, қажеттіліктері, іс - әрекеттері, бағытталғандығы, мен тұжырымдамасының жағымды қалыптасуы, белсенділігі).

Информация о работе Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы