Мемлекеттік іс қағаздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 00:10, реферат

Описание работы

Тілдік қатынастың қай түрі болмасын мәтін арқылы жүзеге асады. Іс қағаздарының мазмұны, қатынас құралы ретіндегі қоданылу аясы, қолданылу жағдайы, бағыты, өрісі әр түрлі болғандықтан, мәтін құрамындағы тілдік бірліктердің тіркесу, байланысу сипаттары түрліше болады. Бірақ іс қағаз мәтіндерін үлкен бір құрылым ретінде алып қараған кезде, аталған сипаттараның түрлілігіне қарамастан, ол жалпыланған, біртектес жүйе ретінде танылады.

Работа содержит 1 файл

негізгі бөлім.docx

— 35.66 Кб (Скачать)

Э.Д. Сүлейменова редакциялығымен  шыққан «Тіл білімі сөздігінде»: «Клише ағыл.Cliche, stereotyped expression, фр.Нем. Klisshel, feste Wendung– қарым-қатынас жасау барысында сөйлеу ситуациясында оңай айтылатын дайын сөйлем орамы, сөздер тіркесі, стереотип. Мысалы, орыс тілінде смотреть с оптимизмом, найти выход, передавать привет, қазақ тілінде келешекке үміт арту, тығырықтан жол табу, тісімен құс тістеу», - деп түсіндірілген [12,180 б]. Яғни сөздік авторлары клише, стереотип, стандарт ұғымдарын бір қатардағы, синонимдес тілдік бірлік ретінде қарастырып, бұларға тілдік құбылыс ретінде жағымды сипаттама берсе, штамп, шаблон, трафарет   ұғымдарын бір қатардағы, синонимдес тілдік бірлік     ретінде

-7-

 

қарастырып, оларды жағымсыз тілдік құбылыс ретінде түсіндіреді.

А.Салқынбай, Е.Абақан авторлығымен шыққан «Лигвистикалық түсіндірме сөздікте»: «Штамп – тілдік Ш. – экспрессиялық, образды мағынасы бар, стилистикалық  рең беруші сөйлеу құралы.Штамп дайын  тұратын, қолайлы белгі ретінде  түсініледі. Тілдегі кез келген жиі  қолданыста болатын бірлік Штампқа  айналады. «Штамп», «трафарет», «шаблон» тәрізді терминдер сөздерді кез  келген жерде ойсыз, ретсіз және орынсыз  қолдануға қарсы айтылады. Мысалы: «қара, ақ алтын»(мұнай, мақта), «ақ халатты абзал жан»(дәрігер), «қоян-қолтық араласу»(тығыз байланыс) және т.б. [13,270 б]. 

Тек лигвистикалық сөздіктерде  берілген анықтамалар ғана емес, бұл  мәселеге байланысты ғылыми-зерттеу  жұмыстарында айтылған ғалымдардың  пікірлері де әр түрлі,кей жағдайда тіпіт қарама-қайшы десе де болады. Мысалы, дайын тілдік бірліктердің баспасөз бетіндегі қолданысын қарастыра  отырып Г.М.Поспелова клише терминін қолданады. Клишелік бірліктер публицистикалық  стильдің қоғамдық қарым-қатынас және әлеуметтік қызмет қажеттілігінен туындағанын, олар негізінен ақпарат беру және үгіт-насихат жүргізу мақсатында жазылған материалдарда жиі қолданылатындығын  атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше  «клишелердің функционалдық-семантикалық ерекшілігі публицистикалық стильдің қажеттігінен туындаған, олардың газет  тілінде қолданылуы табиғи құбылыс» [14,67 б]. Г.А.Золотова дайын күйінде қолданылатын тілдік бірлік ұғымын беру үшін штамп терминін қолданады. Ғалым «орыс тілін штамптардан тазарту керек» деген принципті ұстанушы ғалымдардың пікіріне қарсы уәж ретінде газет тілі мен іскери тілде белгілі бір мөлшерде штамптар болатындығы туралы Ш.Балли, К.Фосслер, Г.О.Винокур, С.И.Ожегов пікірлерін келтіреді[15,167 б]. Ауызекі сөйлеу тіліндегі дайын тілдік бірліктерді зерттеуші А.Н.Васильева өз еңбегінде

клише терминін қолданады. Зерттеуші  «ауызекі сөйлеу тілі белгілі бір  жағдайларда туындайтын түрлі клишелерге бай. Қатынастың ауызша түрі тілдік құралдарды барынша аз пайдалана отырып, ақпаратты  қосымша түсіндірулерсіз-ақ жеткізуге  мүмкіндік береді», «клише ауызекі  сөйлеу тіліне ғана емес іскери, ғылыми, публицистикалық тілге де тән», –  деп атап көрсетеді[16,14 б].

Түрлі әдебиеттерде штамп, клише, стандарт сөздер деп түрліше беріліп  жүрген сөз қолданыстарын стандарт тілдік бірліктер деп атаған дұрыс. Стандарт тілдік бірліктер ұғымы  клише, штамп, стереотип, шаблон, трафарет, стандарт құрылымдар деп әр түрлі  атағанша терминдік қолданысқа қойылатын  талап деңгейіне сай бірізді  болсын деген мақсатпен және жоғарыда келтірілген ғалымдар пікірлерін сараптай келе алыныпп отыр.

-8-

Сонымен қатар іс қағаздары  тілінде қолданылатын стандарт сөз, сөз тіркесі, синтаксистік құрылым, сөйлем мен мәтін қолданыла келіп қалыптасқан, нормаға айналған, оларды іс қағаздарын жүргізуші маман да, іс қағаздарын толтыратын, жазатын кез келген жеке тұлға да дайын күйінде алып қолданатындықтан іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктер деп қарастырғанды жөн көрдік. Олар дайын сөз, дайын сөз тіркесі, дайын синтаксистік конструкция, дайын сөйлем, дайын мәтін түрінде келеді, осылардың басын біріктіріп, бір сөзбен стандарт тілдік бірлік деп алып отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-9-

2. СТАНДАРТ ТІЛДІК  БІРЛІКТЕРДІҢ РЕСМИ-ІС ҚАҒАЗДАР  ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

2.1 Стандарттылық – ресми-іс қағаздар стилінің даярлаушы белгісі

 

Тіл біліміндегі штамп  термині итальян тілінде мөр  мағынасын беретін Stampa сөзінен қалыптасқан. Жалпы тілдік штамп дегеніміз – стилистикалық реңкі бар тілдік құрал, осы тілді қолданатын ұжым санасында қолдануға дайын, қолайлы, өзінің атқаратын қызметі бар белгі. Штамп ұғымының негізінде функционалдық белгі жатыр. Кез келген тілдегі жиі қолданылатын сөз, сөз тіркесі, сөйлем түрлерін, сондай-ақ қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді штамп деп тануға болады. Кез келген штампта құрылымдық – мазмұндық – мағыналық бірлік болады. Штамптарды ақпараттық, қажеттілік сипаты бар коммуникативтік мақсатқа сай қолданылатын дайын тілдік формула ретінде де тануға болады. Бұл тілдік формуланың ұтымды жағы:

    1. қолданысқа дайын;
    2. үнемді;
    3. үйреншікті.         

Кез келген стандарт тілдік бірлік іс қағаздар тілінде бір күнде  пайда болған жоқ. Бірнеше жылдардың жемісі ретінде танылады. Белгілі бір қолданыстар іс қағазының белгілі бір түріне ыңғайлы, анық, ойды дәл жеткізетін т.б. қасиеттеріне қарай жиі қолданылуы нәтижесінде стандарт тілдік бірлікке айналады да, іс қағаздар тілі үшін нормалану процесіне енеді. Іс қағаздарын жазу барысында, іс қағаздар тілінің қалыптасуы барысында іс жүргізуші немесе кез келген азамат түрлі тілдік бірлікті қолдануы мүмкін. Оның ішінде әдеби тілге тән, оның даму арнасына сай келетіндері, оңтайлы, ыңғайлы түрлері жиі қолданылып, белгілі бір кезең өткеннен кейін қалыптасқан, стандарт тілдік бірлікке айналады. Ал әдеби тілден тыс немесе әдеби тіл элементі болғанымен іс қағаздар тілінде қолдануға онша оңтайлы болып табылмайтындары іс қағаздарын жүргізуде қолданылмайтын элемент қатарына да қосылады.

Жоғарыда келтірілген  штамп терминіне қатысты ғылымда  сөйлеу штампы және ойлау штампы ұғымдары бар. Олардың арасындағы байланыс сөйлеудің  субъективті және интерсубъективті дағдыларының үйлесімі туралы кең көлемдегі  мәселенің бір бөлігі ретінде  әлеуметтік лигвистика мен психолингвистика шеңберінде қарастыралады. Сөйлеу штампы – сөйлеу процесінде жиі қайталануы нәтижесінде штампқа айналған, дайын күйінде қолданылатын тілдік элемент. Стандарт тілдік бірліктердің жекелеген түрлері функционалды стилистика және фразеологияға байланысты кейбір зерттеулерде қарастырылғанымен, бүгінгі күнге дейін жан-жақты қарастырылып, теориялық тұрғыдан негізделген еңбек жоқ.

Көркем әдебет тілі мен  публицистика тілінде штамптарды пайдалану  шығарманы сүреңсіздіріп, сапасын түсірсе, іс қағаздар тілінде стандарт тілдік бірліктерді барынша жиі, тиімді пайдалану іс қағаздарын жазушының

-10-

сауаттылығын, лингвистикалық даярлық деңгейінің  жоғарылығын  көрсетеді, іс қағаздарының коммуникативті функциясын айқын көрсетуге септігін тигізеді. «В наиболшей степени регламентированы и наименее индивидуальны деловая  и научная речь. Именно здесь, как  нигде, открывается простор для  самовыражения художника», - деп  жазады Г.Я.Солганик. [1,86 б].

Іс қағаздар тіліндегі  стандарт тілдік бірліктердің сипатын, табиғатын, ерекшеліктерін көрсетуші  ғалымдардың көпшілігі өз еңбектерінде «бекіп, қатып қалған сөздер», «қатып қалған құрылымдар», «жалпыға бірдей қабылданған  сөйлеуформуласы», «сөйлеу штампы»  деген құрылымдарды қолданады. Бұл  қолданыстардың астарында өзгермейтін, өзгертуге болмайтын, бекітілген, қабылданған, деген ұғымдар жатыр. Іс қағаздарының қайсысы болмасын белгілі бір  заңдық күші бар құжат екендігін, заң ұғымыныңар жағында өзгертуге болмайтын, бекітілген деген ұғымдар жатқанын ескерсек, ресми-іс қағаздар стиліне стандарт тілдік бірліктердің басқа тілдік стильдерге қарағанда жиі қолданылуы, оның негізгі белгісі ретінде танылуы біздің ойымызша тек стереотиптілікке ғана байланысты емес, олардың заңға тікелей қатыстылығына да байланысты сияқты.

Іс қағаздар тіліндегі  стандарт тілдік бірліктерді талдау нәтижесінде олардың мынадай  негізгі белгілері анықталады. Олар:

  • құрамының тұрақтылығы;
  • үнемділігі;
  • дыбысталуының үйреншіктілігі;
  • мазмұнының көпшілікке түсініктілігі;
  • қолданысқа икемділігі;
  • дайын тілдік бірлік ретінде қолданылуы;
  • еркін сөз тіркестері сияқты семантикалық мүшеленуі;

Іс қағаздар тіліндегі  стандарт тілдік бірліктердің бойында  мұндай фразеологизмдерге де, еркін сөз тіркестеріне де тән белгілердің, яғни қарама-қайшылықтың болуы біздің ойымызша оларды өз бойына қарама-қарсы белгілерді жинақтаған, үйлестірушілік қасиеті бар, ауыспалы типті құбылыс ретінде тануға алып келеді. Жоғарыда аталған белгілер іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктерді фразеологиялық және фразеологиялық емес деп топтастыруға болады. Мұның фразеологиялық емес деп қарастырылатындарының өзінде де жалпы іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктерге тән жоғарыда аталған белгілер болатындықтан, оларды фразеологияну үстіндегі стандарт тілдік бірліктер деп қарастыруға болатын сияқты. Жалпы іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктердің пайда болуының өзі жағдайдың жиілігі мен қайталануына байланысты екендігін ескерсек, мұндай жағдайда негізгі сөздің айналасында контексуалды элементтердің ұдайы қайталанып отыратын жиынтығы пайда болады. Сөйлеу узусы, дағды, әдет мұндай сөз тіркестерін стандартқа айналдырады. Яғни, олар сөйлеу желісіндегі дайын орам ретінде қайта туындайды да, көпшілігі әлі фразеологизм ретінде танылмаса да, фразеологиялық тілдік бірліктер

-11-

сияқты қолданылады. Бірақ  мұндай стандарт тілдік бірліктердің фразеологиялық тілдік бірліктермен ұқсастығы  функционалдық тұрғыдағы ұқсастықпен шектеледі. Себебі мұнда компоненттер байланысы еркін, фразеологиялық бірліктерге тән семантикалық өзгеріс жоқ.

Іс қағаздар мәтіндерінде қайталанып отыратын біртектес, стандарт жағдайлар мен ұғымдар экстралингвистикалық фактор ретінде стандарт тілдік бірліктер  мен іс қағаздар тіліндегі терминдер  мен терминдік құрылымдарды тудырады. Бұл – реми-іс қағаздар стилінің маңызды белгілерінің бірі. Іс қағаздар тіліндегі стандартталу процесі  тілдің барлық деңгейін – лексикасын, морфологиясын, синтаксисін қамтиды. Осының нәтижесінде тұрақты тілдік стереотип қалыптасып, тілдің нормаға  түскен мәтіндерден тұратын ерекше типін жасайды. Стандарт тілдік бірліктердің негізгі қасиеті олардың құрылымы мен семантикасының тұрақтылығы, өзгермеген, дайын күйінде қолданылуы болып  табылады.

Іс қағаздар тіліндегі  стандарт тілдік бірліктердің сипатын, табиғатын ерекшеліктерін көрсетуші  ғалымдардың көпшілігі өз еңбектерінде «бекіп, қатып қалған сөздер», «қатып қалған құрылымдар», «жалпыға бірдей қабылданған  сөйлеу формуласы», «сөйлеу штампы»  деген құрылымдарды қолданады. Бұл  қолданыстардың астарында өзгермейтін, өзгертуге болмайтын, бекітілген, қабылданған  деген ұғымдар жатыр. Іс қағаздарының қайсысы болмасын белгілі бір  заңдық күші бар құжат екендігін, заң ұғымының ар жағында өзгертуге  болмайтын, бекітілген деген ұғымдар  жатқанын ескерсек, ресми-іс қағаздар стилінде стандарт тілдік бірліктердің басқа тілдік стильдерге қарағанда жиі қолдануы, оның негізгі белгісі ретінде танылуы біздің ойымызша тек стереотиптілікке ғана байланысты емес, олардың заңға тікелей қатыстылығынада байланысты.

Стандарт тілдік бірліктерді  ресми-іс қағаздар стилінің негізгі, даралаушы  белгісі ретінде таныдық. Бұл  қазіргі ресми-іс қағаздар тілінің  синхронды тұрғыда қарастырылуына орай, яғни жеке стильдік тармақ ретінде  қалытасқан кездегі белгісі. Ал белгілі  бір жағдаяттардың жиі қайталануына байланысты туындайтын стандарт тілдік бірліктердің тарихан әріден іздеу  керек. Стандарт тілдік бірліктердің тілде  бар құбылыс екендігі анықталды, олай болса адам санасында берік  орын алған, белгілі бір жағдаяттың қайталануына байланысты пайда болған мұндай тілдік бірліктердің қалыптасу  тарихын көнеден іздеу, арнайы зерттеу  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-12-

 

2.2 Іс қағаздар түрлерінің үлгілері

 

    1. Анықтама

 

АНЫҚТАМА

Осы анықтама__________________________________________

(аты-жөні)

________________болып жұмыс істейтіндігі туралы берілді.

(лауазымын көрсету)

Анықтама ___________________________________________

(берілген органның атауы)

көрсету үшін берілді.

 

________қаласы

(______ауданының)  әкімі__________    ___________________

                                                         (қолы)                (аты-жөні)

 

 


 

    1. Куәлік

Өтініш  бергендігі туралы

КУӘЛІК

________қаласы                              20__жылғы «__» ___________

 

 

    


 


Информация о работе Мемлекеттік іс қағаздар