Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:52, статья

Описание работы

Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («'''Архайос'''» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі

Работа содержит 1 файл

Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті.docx

— 375.25 Кб (Скачать)

Таренттен табылған тәңірия. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы 480 ж. шамасы.Берлин. Мемлекеттік  музейлер

Бейнелер сюжеттері мифологиядан алынған. Батыс фронтонның сол жағында мүсінші жартылай адам, жартылай балық кескініндегі теңіз құбыжығы, қабыршақты алыпТритонмен шайқасып жатқан Гераклды бейнелеген. Мүсіннің орталық бөлігі құрыған, ал оң жақ жартысын үш адамның кеудесі боп көрінетін, арқасында қанаты бар, бұлғаңдаған жылан құйрықты фантастикалық мақұлық алып жатыр. Бірінші тұлға — қолымен өрт жалынының тілін қысып тұрса, екіншісі — толқыған жемелекті ұстап, ал үшіншісі — алақанына құс қондырып тұр. Бұл грекфилософтары әлем құрылымының негізгі элементтері деп есептеген үш апаттың нышаны — от, су мен ауа деген жорамал бар. Үш басты жылан ненің бейнесі екені белгісіз. Қазіргі заман ғалымдары мұнан үш басты дәу Герионды, қандай кейіпке де құбылып көше алатын киелі қасиеті бар сиқыршы теңіз қарты Протейді, біресе жер астындағы дүниенің қараңғы қапа- сында туып, аузынан от құсатын сұсты айдаһар Тифонды, біресе, керісінше, мейірімді де қайырымды аттика құдайларын көрмек болады. Соңғы жорамал солардың ішіндегі ең нанымдысы сияқты. Көзін бақырайтып күліп тұратын мифтік мақұлықтардың ғажайып құбылыс-жүздерінен аңғал құмарлық пен ғаламмат шаттық сезіледі. Мүсіндердің шаңқан ашық бояуы осы әсерді күшейте түседі. Бұлшық еттері тырсиған мығым денелерге сарғылт түстен қоңыр қызыл түске дейінгі бүкіл жұмсақ, жайлы реңдермен ке- лісті өң берілген, сақал мен мұрт — қара көк бояумен сырланған, ұзын шаштарының көк түсі кейде қою жасыл түспен ауысады, ал фронтон кеңістігін табиғи толтырып тұрған жылан құйрықтары көк те қызыл реңді. Назарыңды бірден тартар мөлдір көрініспен салтанаттысәнді- ліктің астасып жарасуы жалпы архаикалық өнер шығармаларына тән.

Эгина аралынан табылған бейнелі құмыра. Керамика. Б. э. бүрынғы VII ғ. бірінші жартысы. Лондон.Британия музейі

Акропольдегі храм қасында сан алуан мінәжат монументтері — куростардың, салт аттылардың, сфинкстер мен қыздардың бейнелері болған. Солардың ішінде бұзау көтеріп келе жатқан адамның (грекше «Мосхофор») мәрмәр мүсіні — ежелгі аттикалық мүсін өнерінің жақсы үлгісі. Ол б. э. бұрынғы 570 жыл шамасында, Гекатомпедонның поростық мүсіндері жа- салған тұста сомдалған. Тұғырындағы жазудан мүсінді Аттиканың бай тұрғыны Ромб (әлде Комб) сыйлыққа әкелгені аңғарылады. Шебер сыйлық әкелушінің өзін иығына құрбандыққа шалынатын бұзауын көтерген қалпында бейнелеген. Осылардың бәрі тұтас бір топ құрайды. Мосхофордың тұлғасын айқындап тұрған жұқа киімінен қайратты, толысқан, келісті денесі байқалады. Бұзаудың сирағын қысып ұстаған қолының шиыршық атқан бұлшық еті де айқын көрініп тұр. Пластиканы жаныңмен сезіну дәстүрлі шарттылықпен ұштасады. Шашы мен сақалы ою-өрнекті кестені еске түсіреді. Әр жерінде сақталған сыр-бояу рең шешімінің батылдығын аңғартады: бұзау көк, Мосхофордың көзі қызыл, сақалы жасыл. Көп ғасырларөткен соң қадым заманғы

Эгина аралынан табылған бейнелі құмыра. Бір бөлшегі

Мосхофордың тұлғасы ертехристиандық  өнерге Христің нышандық бейнесі — иы- ғына қозы көтергенбақташы жігіт, «ізгілік пірі» болып енді. Кемел кезеңіне жеткен архаикалық өнердің таңдаулы туындыларына б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндер жатады. Б. э. бұрынғы 520 жыл шамасында афинылық шебер жасаған мәрмәр курос осындай. Бұл туған қаласын қорғау жолындағы шайқаста қаза тапқан жауынгерлердің басына қойылған құлпытас еді. Мүсін тұғырындағы өткіншіге арналған: «Тоқта да, құдіретті Арес шайқас- тағы жауынгерлердің алдыңғы сапынан жұлып алған марқұм Кройсостың қабірі қасында қайғыр»,— деген жазу сол туралы сыр шертеді.

Бұл куростың кескіні архаикалық мүсіннің дәстүрлі типін қайталайды, әйтсе  де дене пропорциясыолардан анағұрлым дұрыстығы, нақтылығы, дәлдігімен көзге түседі. Байсалды пішіннің сымбатты сүлдесі батыл қолмен келісті көмкерілген, жігіттің шашы мойнына бұйралана әсем төгіліп тұр. Мәрмәрдың әдемі пішім үлгісі мүсінге қайран қаларлық өмір тынысын берген. Дененің бұлшық еттерін, толысқан кеудені, қол мен мығым аяқтың шымыр бұлшық еттерін жарасты жеткізе алған шебердің байқампаздығы бірден аңғарылады.

Жігіттің бүкіл кескін-келбетінен сенімді де айбынды қайрат сезіледі. Оның осы кейпі белгілі біреудің дәлме-дәл портреті емес. Бұл — қорытылған типтік бейне. Өң-жүзінің батыл, байсалды әлпеті іштей сабырлылықтың, ақылмен өз бойын еркін билей алатын ұстамдылықтың белгісі. Мұның өзі б. э. бұрынғы сонау VII ғасырда ақын Архилох айтқан: «Табысқа жөнімен қуанып, қайғыда жөнімен күйіне біл» ,— деген Ежелгі Грекияның тәрбиелік мұратымен үндес еді.

Жауынгердің ерлігі мен азаматтың қаһармандығы мүсінші жасаған көркем бейнеде жарқын жарасымын тауып тұр.

Этикалық және эстетикалық мұраттың ұштасуы грек халқының сұлулық туралы ұғымының өзіндік ерекшелігін айқындайды. Осы мұраттың нышаны куростың жоғалған мәрмәр мүсінінің жұрнағы деп есептелетін (б. э. бұрынғы 490—480 жж.) жігіттің тамаша бас бейнесінен көрінеді. Сопақтау келген бет әлпеті көрікті келісіп, сәнді таралған шашы ай маңдайына түскен. Жүректі жігіттің келбетін қаз-қалпында жеткізген ақ мәрмәрдің бетінде жарық пен көлеңке шағылысып ойнайды. Асқақ сұлулыққа құштарлық, әсіресе, мүсіншінің бет әлпетті бейнелеуде белгілі бір норманы сақтайтындығынан жете сезіледі. Бет тепе-тең дерлік үш құрамнан тұрады:маңдай, мұрын және мұрын мен иектің арасы да өзара тең. Жазық маңдай қырлы мұрынмен жалғасады, қиылған қиғаш қас, таңғажайып сұлу ерін жиектерін мүсіндеуде асқан бір шеберлік өресі көрінген. Балғын жігіттің бүкіл кескін-келбетінен өз күшіне кәміл сенетінпарасатты асқақ тұлғаның лебі еседі, айналаны оймен шола қарауынан іштей бір сабырлылығы мен ұстамдылығы айқын аңғарылады — гректер еркін азамат мінезінен осы қасиеттерді биік бағалаған. Монументтік мүсінге ерекше тән ер жүрек атлет-сарбаз типі б. э. бұрынғы VI ғасырдың бедерлібейнелерінде жиі кездеседі. Б. э. бұрынғы 510 жыл шамасында афинылық шебер Аристокл Аристионның бейнесі салынған мәрмәр құлпытас жасады. Оның кеудесіндегі қалың былғары сауытының астынан хитоны көрінеді, басында дулыға, аяғын- да қола саптама сауыт. Сарбаз найзаға сүйеніп тұр, ол бар тұлғасымен ұзынша тақта тасқа келісті ойылған. Шебер Аристионның бет әлпетін, қолының саусақтары мен аяғының башпайларын, бұлшық ет- терін айқындап тұрған хитонының нәзік күлтелерін таңғажайып өнерпаздықпен сомдаған. Шынайы өміршең көріністерді берудегі айрықша бір сүйіспеншілік бейнеге тұтастық дарытып тұр. Бедер сырланған. Сарбаздың сәнді шашында, сақалы мен қару-жарағында қызғылт сырдың ізі сақталған.

Писистрат пен оның балаларының тираниясы заманында афинылық құл иеленушілердің нәзік эстетикалық талаптарына гректер кора деп атаған қыздардың тамаша мәрмәр мүсіндері жауап берді. Афины абызтайларын бейнелейтін олар Акропольдегі тәңірия храмында тұрды. Мұндай мүсіндердің бірнеше ондағаны табылды. Олардың көбісі б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысына, Аттикада иониялық шеберлер жұмыс істеген кезге жатады. Бізге аты беймәлім талантты аттикалық бәдізшінің қолынан шыққан кораның мүсіні әмбеге аян. Ол б. э. бұрынғы 530 жыл шамасында парос мәрмәрінен қашалған, Шебер жүн матадан ұзын пеплос (лыпа) киіп, белін қынай буған қыздың қимыл- сыз қалпындағы кескінін бейнелеген. Оның иығында қалыңдау материалдан тігілген желбегей, лыпасының астынан нәзік сызықтармен тартылған кенеп хитоны байқалады. Хитонның төмен қарай төгілген етегі қыздыңсұңғақ пішінін айқындай түседі. Қыз басына сән берген қола шір сақталмаған, құлағында сырғасы болған, сол қолына шір немесе бұтақ ұстап тұрған. Мүсінші мәрмәрда қыздың албыраған жүзін, қиықшалау, баданадай көз жанарын, қиғаш қасы мен сәл езу тарта жымиған ойлы күлкісін таңға- жайып нәзіктікпен жеткізген. Бақырая қараған ашық жанары мен бетінің алмасындағы иірім шұқыры өңіне аңғал пәктік, рухани айқындық береді. Кора бейнесі шынайы шаттығымен, баурап алатын жастық шақ сұлулығымен көз тартады. Мәрмәрдің алтындай жайлы түсі иығына төгілген шашының қызыл күрең реңіне тамаша жарасады. Мүсінге жағылған сыр талғампаз өнерді танытады. Қас-кірпігі қара, көзі мен ерні қоңыр, желбегейінің жиегі жасыл сырмен боялған. Осының бәрі мүсінге мерекедегідей шат-шадыман өң беріп, жайнатып тұр. Иониялық шеберлер жасаған коралар аттикалық мүсіндерден анағұрлым сезімтал, сәндірек сияқты. Соңғы архаика кезеңінен жеткен азғана діни мүсіндердің үлгісі — Италияның оңтүстігіндегі грек отары Таренттен табылған мәрмәр тәңірия. Аса сәнді айшықталған тағында жайғасып отырған оның қарапайым да салтанатты келбеті ежелгі шығыс мүсіндерін еске түсіреді. Тәңірияның оң қолында зерен, сол қолында гүлдер немесе жемістер. Мүсінші кімді бейнелегенін айту қиын: Гера ма, Персефона ма, әлде Афродита ма, белгісіз. Тәңірияның өкшесіне түскен ұзын киімінің әдемі күлтелері белгілі бір ырғақпен қайталанып, төгіліп тұр. Бет әлпетінен айбарлы парасат лебі еседі, ал өң-ажары классикалық өнер асқақ бейнелерінің қай-қайсынан да асып түскен. Грек архаикасы мүсінінде, жалпы алғанда, шарттылықтың көптеген белгілері бар. Шеберлер әлі адам денесінің қимыл- қозғалысын батыл бейнелей алмай, көбінесе таза сәндік тақырыптарға ойыса беретін. Алайда, сұлу, жан- жақты дамыған адамды бейнелеу жолы, б. э. бұрынғы V ғасырда реалистік өнердің гүлденуіне алып келген жол бірте-бірте саралана түсті. Архаикалық дәуірдің монументтік өрнек өнері сақталған жоқ, әйтсе де б. э. бұрынғы VII—VI ғасырларда құмыраларды өрнектеген суреттерге қарап, кескіндеменің даму дәрежесіне ой жүгіртуге болады. Бұлардан полистік құрылыс қалыптасып, қолөнерлік кәсіп пен теңіз саудасы қаулап өскен тұстағы, эллин отаршылдығының күшейген кезеңіндегі құл иеленушілік қоғамның жаңа көркемдік мүдделері айқын көрінеді. Дүние жүзі жаңа қырынан ашылып, оның шекараларының кеңейе түсуі гректерді Ежелгі Шығыс ұлы цивилизацияларының бай мәдениетімен таныстырды. Пирамидалар мен храмдардың аса қомақтылығы, патша сарайларының таңғажайып сән-салтанаты, монументтік мүсіндер мен қабырғалық өрнектердің молдығы — осының бәрі Мысыр мен Алдыңғы Азия елдерін аралаған Ежелгі Эллада көпестері мен теңізшілерін қайран қалдырды. Гректердің асқақ қиялын Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған фантастикалық құбыжықтар дүниесі де баурап алды. Бұлардан эллиндік мифологияның тамаша туындыларына ұқсас нышандар табылды. Грек қалаларының бай құлиеленушілері металдан жасалған көркем бұйымдарды, ұқыпты айшықталған қару-жарақ пен Шығыс шеберлерінің сәнді маталарын жоғары бағалады. Өнердің осындай шығармаларымен таныстығы грек құмыра өрнекшілеріне зор ықпал жасады. Алайда, олар бұған тікелей көшіру жолымен еліктеген жоқ. Өзге мәдениет жетістіктерін қабылдаған эллин суретшілері оларды өз ойымен байыта отырып, творчестволықпен қайта қорытты. Ежелгі Шығыс мифологиясы бейнелерінің ықпалымен архаикалық құмыра өрнектеу өнерінде арыстан денелі, әйел басты, құс қанатты тылсым сфинкстер, қанатты, жылан құйрықты дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар —грифондар; өлген- дердің аруағы есептелетін адам басты құстар — сиреналар, азуы ақсиған ірбіз басты ғаламат құстар пайда болды. Құмыраларда құдайлар бейнелері және Гомер эпосындағы шайқастар көріністері мен түрлі хайуандар пішіндері: бұқалар мен бұғылардың, қабандар мен тау текелердің, бүркіттер мен су құстарының,арыстандар мен ірбіздердің бейнелері жиі кездесті. Мысыр мен Алдыңғы Азия өнерінің сәндік өрнектеріне еліктеу ою-өрнектерді таңдаудан айқын сезіледі. Суретшілер құмыраларды әшекейлеуге мәнерленген құрма жапырақтарын, лотостың гүлдері мен қауызын пайдаланды. Әйтсе де б. э. бұрынғы VIII ғасырдағы геометриялық керамикамен салыстырғанда архаикалық дәуір өрнектерінде сюжетті- хикаялы бейнелерге қарағанда ою- өрнеіске орын аз бөлінді.

Протоаттикалық лутрофер.Керамика. Париж.Лувр

Шайқас пен аң аулау көріністері  бейнеленген ыдыс.Бір бөлшегі

Грек шеберлері тапсырма берушілердің қызық та ғажайып бейнелерге құмарлығын, олар Шығыс өнерінің жарқыраған шаңқан реңіне қызығатындығын мықтап ескерді. Б. э. бұрынғы VII ғасырда құмыраларға  салынған өрнектер ақ саз балшыққа қоңыр күрең лакпен сырланған. Геометриялық ыдыстардағы реңі бірыңғай сүлделік ою-өрнектерден басқаша өң беру үшін суретшілер бөлшектерді қырнай із қалдыра  тартылған сызықтармен, ақ және қызыл  барқын сырмен айқындайтын жұқа сұлбалық суретті қолданған. Шұбырып бара жатқан аңдар пішіндері құмыраның  дөңес бүйіріне бірінен соң бірі орналастырылып, олардың арасындағы ашық кеңістік ою-өрнекпен толтырылған. Мұның бәрі қабырғалық өрнекке ғажайып  сән, керемет көрік беріп тұратын, оларды өрнекті кілемдерге ұқсататын. Өрнектер архаикалық ыдыстардың пластикасы мен шырайлы пішініне тамаша жарасатын. Б. э. бұрынғы VII. ғасырда қалыптасқан кескіндеме стилі «кілемдік» немесе «ориентальдастырылған» стиль (яғни, Шығыс өнеріне еліктеуші) деп аталды.

Кілемдік стиль Элладаның алдыңғы қатарлы сауда-қолөнерлік кәсіп полистерінде дамыды. Оның өркендеуінде Родос, Самос, Хиос аралдары, кішіазиялық қалалар, олардың арасында Милет, сондай-ақ солтүстік Пелопоннестің аса ірі орталықтарының бірі Коринф көрнекті роль атқарды. Бұл қалалардың көзе шеберханалары негізінен бұйымдарды сыртқа шығару үшін жұмыс істейтін. Кілемдік стиль құмыра- ларының саудасы Оңтүстік Италияға, Сицилияға, Этрурия мен Қара теңіз жағасындағы грек отарларына керамика бұйымдарын жеткізіп беретін коринфтік және милеттік көпестердің қолында болды.

Б. э. бұрынғы VII ғасырдағы көзешілік  өнерінің таңдаулы туындыларының біріне солтүстік Пелопоннесте б. э. бұрынғы 640—630 жылдар шамасында жасалған шағын  шарап құтысы (грекше «ойнохоя») жатады. Оның өрнектері бірнеше қатарға орналасқан. Ең жалпақ фриздегоплиттер шайқасы көрсетілген. Ауыр қару-жарақ асынған дорлық жауынгерлердің қалың сап түзеген екі қанаты сыбызғы үнімен бір-біріне қарсы ұмтылып барады. Алдыңғы саптағылар найзаларын тік көтеріп, солқылдата сілкіп келеді. Келе жатқандардың бірыңғай кескіні қимыл-қозғалыстың бір қалыпты ырғағын айқындап көрсетеді. Суретші қару- жарақты: айдарлы, биік дулығаларды, сауыттар мен аяққа киетін саптама сауыттарды, самғап ұшқан қырандар бейнесі, Медуза Горгонаның бет пердесі, сондай-ақ бұқалар мен арыстандар басы салынған шұбар ала дөңгелек қалқандарды миниатюралық нәзіктікпен бейнелеген. Екінші фризден салт аттыларды, төрт ат жеккен күймені, отырған сфинкс пен аңшылардың арыстанмен шайқасын көруге болады. Аң аулау көріністері берілген фриздер асқан әсерлі, әдемілігімен, жандылығымен көзге түседі: ит ерткен аңшы қалың бұтаны тасалап тұр, тазылар түлкімен қоянды қуып жеткен. Өмірден алынған сан алуан оқиғалар сюжеті шебердің байқампаздығын аңғартады.

Аттикалық қызыл пішінді амфора. Б. э. бұрынғы жыл шамасы 510.Берлин. Мемлекеттік музейлер

Суретші қара лақты, ақ, қызыл барқын сырды, сондай-ақ сары және ашық күрең  реңді қызғылт сары фонмен үйлестіре  отырып, тамаша әсер туғызатын әрлі өрнек жасаған. Б. э. бұрынғы VII ғасырдың аяғында алдыменКоринфте, одан соң басқа да грек қалаларында құмыра өрнегінің кілемдік стилі б. э. бұрынғы VI ғасырда аттикалықкерамикада гүлденудің шырқау шыңына жеткен қара пішін өрнегімен орын алмасты. Мұнда афинылық көзешілер енгізген маңызды ісмерлік жетістіктер үлкен роль атқарды.

Аса сапалы қою қара лақты пайдалана  бастаған олар саз балшықтыкүйдірілген соң, біркелкі тегіс қызғылт реңге айналдыру үшін аздап жосамен сырлайтын. Ою-өрнек әшекейлер салынбайтын осындай ашық фонда адамдар мен хайуанаттар сүлдесі металл сияқты жылтырап көрінетін. Қара пішін стилі одан бөлшектерді қырналған сызықпен, ақ және қан қызыл сырмен баса көрсету тәсілін ала отырып, сұлбалық әдісті ығыстырды. Бірте-бірте қабырғалық өрнектің композициялық құрылымы өзгере берді.Құмыраларды көлденең орап тұратын фриздермен пішіндерді орналастыру жүйесі жоғалды. Олар ыдыстардың бүйіріне еркін орналастырылған көп пішінді тұтас көріністермен орын ауысты.

Б. э. бұрынғы VI ғасырдағы афинылық шеберханалар құмыраның сан алуан түрін: амфораларды, шарап құятын шаралар — киликтерді, таза су сақталатын ыдыстар — гидриялар мен кратерлерді жасады.[2]

 

Пайдаланған әдебиет


  1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.   
  2. Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет 

Информация о работе Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті