Астана көшелерінің ұлттық ономастика тарихымен байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 10:06, научная работа

Описание работы

Астана көшелерінің ұлттық ономастика тарихымен байланысы жайлы сөз еткенде, сол көшелерге, даңғылдарға, тас жолдарға, жасыл желектерге, орамдарға берген ұлттық тарихи тұлғалардың, тарихи қалалардың, тарихи орындардың, тарихи оқиғалардың атауымен байланысты. Астана қаласының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы бойынша қаламызда төмендегідей ұлттық тарихи атаулар бар.

Работа содержит 1 файл

Астана к-д.docx

— 2.35 Мб (Скачать)

 

 

 

БӨЖ


     


 

 

 

 

 

Тақырыбы: Астана көшелерінің ұлттық ономастика тарихымен байланысы

 

 

Орындаған: Жаманова Әсел

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана көшелерінің ұлттық ономастика тарихымен байланысы жайлы сөз еткенде, сол көшелерге, даңғылдарға, тас жолдарға, жасыл желектерге, орамдарға берген ұлттық тарихи тұлғалардың, тарихи қалалардың, тарихи орындардың, тарихи оқиғалардың атауымен байланысты. Астана қаласының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы бойынша қаламызда төмендегідей ұлттық тарихи атаулар бар:

Көшелер (небәрі 618 көше)

  1. Абайдың 150 жылдығы көшесі, Ағыбай батыр көшесі, Айдархан Тұрлыбаев көшесі, Айша бибі көшесі, Академик Рамазан Сүлейменов көшесі, Ақан сері көшесі, Ақмешіт көшесі, Аққорған көшесі, Ақмола көшесі, Ақтамберді көшесі, Ақын Сара көшесі, Ақыт Үлімжіұлы, Алмалық көшесі, Ақмешіт көшесі, Алматы көшесі, Алпамыс көшесі, Аманкелді Иманов көшесі, Аңырақай көшесі, Арқайым көшесі, Асан қайғы көшесі, Асқар Тоқпанов көшесі, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, Ахмет Жұбанов көшесі;
  2. Әбдіғапар Ділманов көшесі, Әбдіғапар Жанбосынұлы, Әбубәкір Диваев көшесі, Әбілхан Қастеев көшесі, Әділбек Майкөтов көшесі, Әлихан Бөкехан көшесі, Әлия Молдағұлова көшесі, Әлкей Марғұлан көшесі, Әлмұқан Сембинов көшесі, Әліби Жангелдин көшесі, Әлімхан Ермеков көшесі, Әміре Қашаубаев көшесі, Әнуар Әлімжанов көшесі, Әубәкір Ысмайылов көшесі, Әулие ата көшесі;
  3. Байғозы батыр көшесі, Байзақ Датқа көшесі, Бақтыбай ақын көшесі, Бақтыораз Бейсекбаев көшесі, Балуан Шолақ көшесі, Басықара батыр көшесі, Батыр Баян көшесі, Бәкен Серікбаев көшесі, Беғазы-Дәндібай көшесі, Бейімбет Майлин көшесі, Бекет ата көшесі, Бекзат Саттарханов көшесі, Бұланты көшесі, Біржан сал көшесі, Бірімжановтар көшесі;
  4. Ғабиден Мұстафин көшесі, Ғабит Мүсірепов көшесі, Ғұмар Қараш көшесі;
  5. Дәулеткерей көшесі, Домалақ ана көшесі, Доспамбет жырау, Дулат Бабатайұлы көшесі, Дінмұхамед Қонаев көшесі;
  6. Елубай Тайбеков көшесі, Ер Қосай көшесі, Ер Тарғын көшесі, Есет батыр көшесі, Естай көшесі;
  7. Жақан Төлеубаев көшесі, Жақып Ақпаев көшесі, Жақып Омаров көшесі, Жалаңтөс көшесі, Жамбыл көшесі, Жанайдар Жирентаев көшесі, Жанқожа батыр көшесі, Жаңатай Шәрденов көшесі, Жаһанша Досмұхамедұлы көшесі, Жаһанша Сейдалин көшесі, Жаяу Мұса көшесі, Жәнібек Тархан көшесі, Желтоқсан көшесі, Жиембет жырау көшесі, Жұбан ана көшесі, Жұмабай Шаяхметов көшесі, Жұмабек Тәшенов көшесі, Жұмат Шанин көшесі, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, Жүсіпбек Аймауытов көшесі;
  8. Иманжүсіп Құтпанов көшесі, Исатай батыр көшесі;
  9. Кейкі батыр көшесі, Кенесары көшесі, Кенжебек Күмісбеков көшесі, Керей мен Жәнібек хандары көшесі, Көшек батыр көшесі, Күйші Дина көшесі, Күләш Байсейітова көшесі;
  10. Қадырғали Жалайыри көшесі, Қажымұқан көшесі, Қазтуған жырау көшесі, Қайрат Рұсқұлбеков көшесі, Қарасай батыр көшесі, Қаратай Тұрысов көшесі, Қарашаш көшесі, Қарашаш ана көшесі, Қашаған көшесі, Қобыланды батыр көшесі, Қожаберген Жырау көшесі, Қозыбасы көшесі, Қорқыт көшесі, Қошке Кемеңгерұлы көшесі, Құлтума ақын көшесі, Құрманғазы көшесі, Қызылкеніш көшесі;
  11. Латиф Хамиди көшесі;
  12. Майлықожа көшесі, Малайсары батыр көшесі, Махамбет көшесі, Мәди көшесі, Мәлік Ғабдуллин көшесі, Мәншүк Мәметова көшесі, Мәриям Жагорқызы көшесі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көшесі, Мұқағали Мақатаев көшесі, Мұқан Төлебаев көшесі, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, Мұрын жырау көшесі, Мұстафа Шоқай көшесі, Мұхамеджан Сералин көшесі, Мұхамеджан Тынышбаев көшесі, Мұхамет-Салық Бабажанов көшесі, Мұхаммед Қайдар Дулати көшесі, Мұхит көшесі, Мұхтар Әуезов көшесі, Міржақып Дулатов көшесі;
  13. Наурызбай батыр көшесі, Нәзір Төреқұлұлы көшесі, Никифор Ирченко көшесі, Николай Хлудов көшесі, Нұртас Оңдасынов көшесі, Нұрхан Ахметбеков көшесі;
  14. Орбұлақ көшесі, Ордабасы көшесі, Орхон көшесі, Орынбай ақын көшесі, Орынбор көшесі, Оспан батыр көшесі, Отырар көшесі;
  15. Сабыр Рахимов көшесі, Сарайшық көшесі, Сауран көшесі, Сәбит Мұқанов көшесі, Сәкен Сейфуллин көшесі, Сейітқали Меңдешев көшесі, Смағұл Сәдуақасов көшесі, Сұлтанбек Қожанұлы көшесі, Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі, Сүгір Әліұлы көшесі, Сүйінбай ақын көшесі, Сығанақ көшесі, Сыдық Мұхамеджанов көшесі, Сыпатай батыр көшесі, Сыпыра жырау көшесі, Сырым батыр көшесі;
  16. Тайыр Жароков көшесі, Талғат Бегельдинов көшесі, Талғат Мұсабаев көшесі, Таңжарық Жолдыұлы көшесі, Тараз көшесі, Ташкент көшесі, Тәттімбет көшесі, Телжан Шонанұлы көшесі, Тоқтар Әубәкіров көшесі, Төлеген Тоқтаров көшесі, Түркістан көшесі, Тұрар Рұсқұлов көшесі;
  17. Уәлитхан Танашев көшесі, Үкілі Ыбырай көшесі, Үмбетей жырау көшесі, Үшкілтай Субханбердина көшесі;
  18. Ұлбике ақын көшесі, Ұмай ана көшесі;
  19. Хайретдин Болғанбаев көшесі, Халел Ғаббасов көшесі, Халел Досмұхамедұлы көшесі;
  20. Шабал Бейсекова көшесі, Шалкиіз жырау көшесі, Шара Жиенқұлова көшесі, Шәкен Айманов көшесі, Шәмші Қалдаяқов көшесі, Шәңгерей Бөкеев көшесі, Шоқан Уәлиханов көшесі, Шолпан Иманбаева көшесі, Шортанбай ақын көшесі, Шөже ақын көшесі;
  21. Ыбырай Алтынсарин көшесі, Ықылас Дүкенұлы көшесі;
  22. Ілияс Есенберлин көшесі, Ілияс Жансүгірұлы көшесі;

Даңғылдар: (небәрі 15 даңғыл бар) Абай даңғылы, Абылай хан даңғылы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, Бөгенбай батыр даңғылы, Қабанбай батыр даңғылы, Мағжан Жұмабаев даңғылы, Нұрғиса Тілендиев даңғылы, Рахымжан Қошқарбаев даңғылы, Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы

Тас жолдар: (небәрі 4 тас жол бар) Алаш тас жолы

Желек жолдар: (небәрі 2 желек жолы бар)

Орамдар: Абай орамы, Ақсүмбе орамы, Алексндр Затаевич орамы, Аманкелді Иманов орамы, Бытығай орамы, Күләш Байсейітова орамы, Күлтегін орамы, Нұрғиса Тілендиев орамы, Сайрам орамы, Саққорған орамы

Ұлттық тарихқа байланысты қойылған атауларды тақырыбына байланысты саралап бөлуге болады. Мысалы:

  1. Қазақ батырларына байланысты қойылған көше атаулары: Қабанбай, Бөгенбай, Баян, Сырым, Наурызбай т.б.
  2. Кеңес Одағының батырларына байланысты қойылған көше атаулары: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы т.б.
  3. Қазақтың хандарына, билеріне байланысты қойылған көше атаулары: Абылай хан, Майлықожа би, Керей мен Жәнібек хандары т.б.
  4. Жырауларға байланысты қойылған көше атаулары: Шалкиіз, Ақтамберді, Сыпырау т.б.
  5. Ақын-жазушыларға байланысты қойылған көше атаулары: Абай, Мағжан Жұмабаев, Ғабиден Мұстафин т.б.
  6. Өнер қайраткерлеріне (композитор, әнші, биші, режиссер, спортшылар т.б.) байланысты қойылған көше атаулары: күйші Дина, Бекзат Саттарханов, Шәмші Қалдаяқов, Жұмат Шанин т.б.
  7. Ежелгі қалаларға байланысты қойылған көше атаулары: Сайрам, Тараз, Ташкент, Түркістан, Сығанақ, Отырар, Алмалық т.б.
  8. Алаш азаматтарына байланысты қойылған көше атаулары: Әлихан Бөкейхан, Халел Ғаббасов, Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақбаев, Қошке Кемеңгерұлы т.б.
  9. Қоғам қайраткерлеріне байланысты қойылған көше атаулары: Дінмұхамед Қонаев, Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров, Александр Княгинин (Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, қазақ тілінің жанашыры)
  10. Ғалымдарға байланысты қойылған көше атаулары: Академик Рамазан Сүлейменов көшесі, Әлкей Марғұлан т.б.
  11. Атақты аналарға, әулиелерге байланысты қойылған көше атаулары: Жұбан ана көшесі, Домалақ ана көшесі, Ұмай ана көшесі, Бекет ата көшесі, Қарашаш ана көшесі, Мәшһүр Жүсіп т.б.
  12. Тарихи оқиғалардың болған орындарына байланысты қойылған көше атаулары: Аңырақай, Орбұлақ, Бұлантты, Аққорған, Ордабасы т.б.
  13. Тарихи ескерткіштер мен ежелгі мәдениет атауларына байланысты қойылған көшелер: Беғазы-Дәндібай, Күлтегін, Саққорған т.б. – деп әр алуан тақырыптарға көше атауларын топтастыра аламыз.

 

Менің ойымша, даңғылдар, көшелер, орамдар атауларының бірдей болып келуі дұрыс емес. Себебі адамдарды, әсіресе қалаға келген туристер мен қала қонақтарын шатастыруы мүмкін. Мысалы, бір ғана композитор «Нұрғиса Тілендиевтің» немесе ұлы ақынымыз «Абайдың» есімі даңғылда да, көшеде де, орамда да кездеседі. Сол секілді  «Аманкелді Иманов» көшбасшымыздың есімі, әнші «Күләш Байсейітова», ежелгі қала «Сайрам» – көше мен орамдардың ортақ атауы 

Келесі пікірім, жалпы 1000-ға жуық (даңғыл, орам, желек  жолдар, тас жолдарды қоса алғанда) көшелердің ұлттық тарихи атаулармен байланысы соншалық аз саны (жоғарыда көрсетілген тізім бойынша) жанға  батады. Көптеген атауларды мүлдем алып тастау керек. Мысалы, университетіміз  қиылысатын «Мирзоян» көшесі. Мирзоянның Сталинге хаты жақында ғана «Айқын» газетінде жарық көрген еді. Сол хата Мирзоян «антисоветтік элементтерге байланысты бірінші категория бойынша 8000, екінші категория бойынша 8000 адамды репрессиялау құқығы берілген болатын. Қазір бұл лимит толық орындалды. Біз 10 желтоқсанға дейін антисоветтік элементтерді тазалап бітіруіміз керек. Сол үшін тағы бірінші категория бойынша 600, екінші категория бойынша 1000 адамды репрессиялауға рұқсат беріңіз» деп тағы лимит сұраған. Масқара, сондай қанішер адамға көшенің атауын беріп отырмыз!

Көптеген атуларда орфографиялық, стилистикалық қателер  байқалады. Мысалы, Бірімжановтар көшесі. Алғашқыда мен ағайындар ма, әлде отбасы ма деген сан ойлар келді. Расында бұл Ахмет Қорғанбекұлы (Алаш қозғалысының қайраткері) екен. Сонда бір кісіні көпше түрде не үшін атағаны түсініксіз.

Сонымен қатар  айтуға да, жаттауға да қиын келетін  Қазақстанға қатысы жоқ көшелер  бар. Мысалы, Нормандия-Неман Эскадрильясы көшесі. Сол секілді «Луи Пастер» көше атауын қайтеміз? Оның француз биологі мен химигі екендігін француздардың өзі де ойланып-толғанып еске түсірер. Орыстардың қолбасшыларын, соғыс өнерін дамытушыларын, қоғам қайраткерлерін, орыс мәдениетінде, тарихында күңгірт тұлғаларды не істейміз? Одан да қазақ халқының атақты үш биінің атын (Төле, Қазыбек, Әйтеке), орыстар мен қырғыздарды тығырыққа тығып, өз атымен оларда үрей туғызған «Қасым ханның» есімін неге қоймасқа? Өзінің ғылыми ашылымдарымен таңқалдырған  Қаныш Сатпаевтан шетелдіктер: «Қазақ деген қандай халық?» деп сұрағанда «Қазақтардың ішінде мен ең жаманмын» деп оларды одан сайын таңқалдырған Сатпаевтың атын көшелерімізге қойсақ, ұлттық рухты да көтеріп, тарихты да қадірлегеніміздің айқын көрінісі емес пе...

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Астана көшелері. Жинақ/Құраст.: Е.Тілешов.... Алматы: «Сардар», 2011, - 376 бет
  2. Астана көшелерінің атаулары. Алматы: «Өнер» баспасы, 2006. – 128 бет.
  3. Ақмола облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы. С.Негимов.... – Көкшетау: Келешек – 2030, 2008. – 218 бет.

 


Информация о работе Астана көшелерінің ұлттық ономастика тарихымен байланысы