Қозғалыс белсенділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 15:19, реферат

Описание работы

Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді.Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.

Содержание

Жоспар
І. Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------------3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қимыл – қозғалыс белсенділігінің физиологиялық негіздері----------------4
2.2. Адамдардың тірек –қимыл жүйесінің сипатамасы-----------------------------7
ІІІ. Қорытынды бөлім---------------------------------------------------------------------10
Қолданылан әдебиеттер------------------------------------------------------------------11

Работа содержит 1 файл

Қозғалыс белсенділігі.doc

— 74.50 Кб (Скачать)
 

Кіріспе 

   Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді.Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.  
   Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.  
   Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды.   Ал адам іс - әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл – қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты.  
   Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз - өте жоғары маңызды сигнал.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1 Қимыл – қозғалыс белсенділігінің физиологиялық негіздері

   Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.  
   Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады. 
   Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.  
   Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық өмір кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді. Қоғам байлығы, ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке адам денсаулығына байланысты. Басқаша айтқанда, өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды  әлеуметтік категория.  
   Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады.   Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады. 
   Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік – жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.  
   Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн.  
   Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп.  
   Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері 
   Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар , негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.  
    Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін - жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде.  
   Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И.М.Сеченев ұсынған. «Ми рефлекстері» атты еңбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл- қозғалыс әрекеттерінің табиғи – материалистік көзқарасты негіздеді. И.М.Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен. И.М.Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері – еріктіліктің  ең жоғары формасы.  
И.М.Сеченевтің едеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтың тәжірибелерінде дәлелденген. И.П.Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі функцияларына тигізетін әсерлерін мұқият есепке алып, осы заманға дейін өзінің маңызын жоймаған, рефлекстік теорияның материалистік принциптерін негіздеді.  
   Ерікті қимыл-қозғалыстардағы шартсыз тонус беруші – сергітуші рефлекстер. Ерікті қимыл-қозғалыстар – туа біткен рефлекстік негізді процестер. Туа біткен рефлекстер қатарына дене қалыптарының немесе кейіп рефлекстері, тепе-теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етуші және тағы басқа рефлекстер жатады.  
   Қолданыстағы жіктеу бойынша туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстері дене қалпын тыныштық күйде ұстап тұруды және дененің қозғалыстардан соң бұрынғы қалпына қайта келуді қамтамасыз етуші рефлекстер болып екіге бөлінеді.  
   Еріксіз қимыл-қозғалыс формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады. Ию, тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание, ретмические).Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде бала қол-аяғын иеді, егерде алақанды немесе табында баппен қысса, ол затты тебеді.  
    Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау – атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі – организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл-қозғалыстарға үйрету - өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау-қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.  
    Бұл айдарда қимыл-қозғалыс белсенділігінің және жүктемелеріне бейімделудің физиологиялық негіздері берілген. Бір бөлімі балалар, жасөспірімдер және бозбалалар дене жаттығуларының физиологиялық проблемаларына арналып отыр. Ден жаттығуларына, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына үйретудің физиологиялық заңдылықтары мен алғышарттары қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі дене жаттығулары сабақтарының түрлеріне негіздеме іспеттес. Балғын спортшыларды таңдау, оларды машықтандыру жағдайлары ескерілген.    Сонымен қатар сауықтыру жұмыстарындағы және кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жалпы халықтық дене тәрбиесінің рөлі көрсетілмек.

   Қимыл-қозғалыстың аздығы, үнемі бір орында отыру (жұмыста, үйде) қазіргі қоғамда кеңінен тараған құбылыс болып табылады. Бұл ретте, төмен дене белсенділігі, темекі шегу, артық дене салмағы, қан құрамында холестериннің шамадан тыс болуы, қан қысымының жоғары болуымен қатар, артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, тірек-қимыл аппаратының аурулары және т.б. сияқты көптеген созылмалы жұқпалы емес аурулардың даму қаупінің тәуелсіз факторы болып табылады. Күнделікті дене белсенділігі салауатты өмір салтының, аурулардың алдын алудың, халықтың, соның ішіндегі өсіп келе жатқан буынның денсаулығын сақтау және нығайтудың ажырамас бөлігі екені дәлелденген жайт. Өз денсаулығын нығайту үшін адамдар өмір бойы дене белсенділігін белгілі деңгейде қолдап отыруы қажет. Аптасына 5 рет қалыпты қарқынмен 30 минуттан кем емес уақыт дене жаттығуларымен айналысу ересек адамдар арасында бірқатар жұқпалы емес аурулардың даму қаупін төмендетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            2.2 Адамдардың тірек  –қимыл жүйесінің сипатамасы 

   Тірек – қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық – функциялық негізі. Жаңа қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.

   Күрделі қимыл – қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді.

   Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі мүмкін. Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы. Күрделі жаттығуларға үйретудің бірінші кезеңінде, қимыл – қозғалыстар автоматизмі пайда болғанша,қосымша амалдар мен жағдайларды пайдаланудың қажеті жоқ.

   Жаңа қимыл – қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың қимыл әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты. Назарды белсенді күйге келтірудің түрлі әдістерін қолдану,сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ әрекеттерге жан – сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің оңтайлы қозғыштығын жасауға атсалысады. Күрделі қимыл – қозғалыстарға шаршаған жағдайда үйрену өте тиімсіз. 
   Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі үйреніп жатқан қимылдарды қайталау санына тәуелді. Орындалу дұрыстығын оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар оларды қанша рет қайталауын қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің негізгі шарттарының бірі болып келеді.Индифференттік тітіркендіргіштердің күші,дәлірек айтқанда, үйренетін қимыл – қозғалыстардың өзі,оңтайлы дәрежеде болу керек.   Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер,яғни өте күрделі жаттығулар,оқушының қимыл – қозғалыс функцияларының жастық даму ерекшеліктеріне сай келмейтіндері меңгерілмейді. Керісінше,күші жағынан әлсіз, баланың ынтасын тудыра алмайтын қарапайым қимыл – қозғалыстар,оларды қайталай орындау үшін қозғаушы бола алмайды. 
   Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттің индифферентті агентке қарағанда күші максимал болуы керек. Оқушының әрекеттерін бағалау,түсінік беру, қателіктерін түзету,үнемі назарда ұстау жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. 
   Табиғи қимыл–қозғалыстарға жақын (мысалы, жүгіріс).

   Спорттық жаттығуларға үйрету, оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады. 
    Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да, жігерлі бақылаулар,қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда,ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл – қозғалыс автоматтандырылған сайын,оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды. 
   Балалар мен жасөспірімдерді қимыл – қозғалыстарға үйретудің ерекшеліктері. Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл – қозғалыстардан,сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы,оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара – бара мақсатты қимыл – қозғалыстар қалыптасады.     Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын,бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса,олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.

    Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады. 
    Бір – екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл – қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.

    Қимыл – қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл – қозғалыстарға ие бола бастайды. 
   Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады. Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл – қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл – қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта – жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.

   Ерікті қимыл – қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарна тәуелді. Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастайды. Қимыл – қозғалыстарға саналы ынта – жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді.Сондықтан қолда бар қуаттаушы агенттердің ішіндегі әлеуметтік маңызы бар түрін пайдалану маңызды.

   Баланы жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету жолындағы қуаттаушы агенттер:мұғалімнің сөзі,әрекет жетістіктерін бағалауы,баланың өз табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне - өзі баға беруі. Алайда оқытудың тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене жаттығуларындағы табыстары қарапайым,сонымен қатар айқын,жағымды,табиғи,биологиялық мазмұны құпия емес агенттерді пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыстарды орындап жатқан мезгілдің өзінде немесе орындалып біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар оқытуды жеңілдетеді. Мұндай әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың ойлау қасиетінің ерекше бейнелі болуымен байланысты. Оларда нақты тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ.Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық агенттер әсер етеді.

   Бастауыш сынып жасындағы балалар техникалық жағынан күрделі қимыл – қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті. Бұл 7-8 жаста жоғары жүйке әрекеттерінің дамуы едәуір биік сатыға көтерілгенін көрсетеді. Осы уақытқа дейін жүйке жасушаларының( клетка) өте маңызды өсу сатысы құрылымдық саралап жіктеумен аяқталады. Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады. Алайда ішкі тежелу процестері әлі де болса жетілмегендіктен,жаңа қимыл – қозғалыстарды жасау оларға қиынырақ түседі.

   Баланы қимыл – қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады( сын кезеңдері). Мысалы,6-8 жастағы баланы коньки тебуге,9-11 жас кезіндегіден үйрету жеңіл.8-12 жас аралығында, дәлдік пен жоғары үйлесімділікті, кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты, іс жүзінде қандай да болсын қимыл – қозғалысқа үйретуге болады.

   Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды( мысалы,екі аяқпен теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өйткені туа біткен қайшылас координация әлі де сақталған.Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір сәттілік симметриялық қимыл – қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің физиологиялық механизмдері дамып жетіледі.8-9 жастан бастап жүгіріс пен жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды,ал 10-11 жасқа жақын жүгіріс адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді,тіпті 10-11 жастағы балалар осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі. 
   Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлаудың басым болуымен байланысты,нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда,сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан( әсіресе бозбалалық шақта),негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл – қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғары қозғыштығымен, өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдарының ретсіздігімен( ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау – түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды. Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы,жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.

   Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі,қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл – қозғалыстарға ынта – жігер тез сөнеді.Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан –жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.

   Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары,организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып,биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен,ауыр заттарды көтерумен,күрделі акробатикалық,гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін - өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды бөлім 

   Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.  
   Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады. 
   Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.  
   Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық өмір кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді. Қоғам байлығы, ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке адам денсаулығына байланысты. Басқаша айтқанда, өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік категория.

Информация о работе Қозғалыс белсенділігі