Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда спорттың даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 22:26, реферат

Описание работы

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды. Қазақстан спортшылары ірі-ірі халықаралық жарыстарда табысты енер көрсетті. XI Азиялық ойындарға алғаш қатысқан қазақстандықтар жалпы командалық есепте 4-орынды иеленді, 77 медаль (25 алтын) жеңіп алды. Дәулет Тұрлыханов, Сергей Филимонов, Наталья Торшина, Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретінде танытты. Қысқы олимпиада ойындарында көкшетаулық В.Смирнов (шаңғы), XXVI жазғы олимпиада ойындарында Ю.Мельниченко (грек-рим күресі), А. Парыгин (бессайыс), В. Жиров (бокс) чемпиондар атанды. XXVII олимпиада ойындарында (2000) Ольга Шишигина,

Работа содержит 1 файл

Спорттың дамуы.docx

— 59.72 Кб (Скачать)

 

Топтық түрлері

Синхронды жүзу

Керей, Айнұр

1984 ж.

Алматы қаласы

Дуэт

Тоқтаған, Арна

1986 ж.

Астана қаласы

Дуэт


 

Байдарка және каное есу

Торлопов  Дмитрий

1977 ж.

Оңтүстік Қазақстан обл.

байдарка бірлік, 1000 метр

Дергунов  Алексей

1984 ж.

Батыс Қазақстан обл.

байдарка бірлік, 500 метр

Торлопов  Дмитрий/Кальтенбергер Дмитрий

1976 ж.

Оңтүстік Қазақстан обл.

байдарка екілік, 500 метр

Емельянов Михаил

1984 ж.

Оңтүстік Қазақстан обл.

каноэ бірлік, 500 метр

Нұрмағанбетов Қайсар

1977 ж.

Астана қаласы

каноэ екілік, 500 метр

Дядчук Алексей

1983 ж.

Алматы қаласы

каноэ екілік, 500 метр


 

Гандбол (әйелдер)

Егунова Ольга

1981 ж.

Кызылорда облысы

Әйтенова  Жаннат

1989 ж.

Кызылорда облысы

Травникова  Ольга

1972 ж.

Кызылорда облысы

Скорикова Лидия

1988 ж.

Кызылорда облысы

Қилыбаева Ләззат

1979 ж.

Алматы қаласы

Козлова Елена

1981 ж.

Алматы қаласы

Яковлева  Наталья

1986 ж.

Павлодар облысы

Портова Елена

1981 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Пикалова  Марина

1985 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Васильева Яна

1981 ж.

Алматы облысы

Кубрина Наталья

1975 ж.

Алматы облысы

Боречко Ирина

1972 ж.

Қарағанды облысы

Ысқақова Гүлзира

1988 ж.

Қызылорда облысы

Аджигерская Ольга

1982 ж.

Қызылорда облысы


 

Волейбол

Грушко Ольга

1976 ж.

Алматы қаласы

Наседкина Ольга

1982 ж.

Алматы қаласы

Карпова Ольга

1980 ж.

Алматы қаласы

Ишимцева  Карина

1984 ж.

Алматы қаласы

Эзау Елена

1983 ж.

Алматы қаласы

Илющенко  Ксения

1979 ж.

Алматы қаласы

Жукова Наталья

1980 ж.

Алматы қаласы

Куцко Юлия

1980 ж.

Алматы қаласы

Павлова Елена

1978 ж.

Алматы қаласы

Матвеева  Инна

1978 ж.

Алматы қаласы

Зайцева Ирина

1982 ж.

Алматы қаласы

Жаралғасова Сана

1989 ж.

Батыс Қазақстан облысы


 

Қазақстан нәтижесі

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 29-орынға ие болды. Медаль саны бойынша 13 жүлдемен 19-орынды иемденді. Бұған қоса, 2 спортшы төртінші орын алып, 8 саңлағы бесінші орынды иемденді. Сонымен қатар, осыынау дүбірлі додаға үкілеп қосқан тарландары 3 мәрте алтыншы орыннан көріне білді.

Алтын

Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі);

Күміс

Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Асхат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Алла Важенина (ауыр атлетика, 75 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі);

Қола

Нұрбахыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі), Елена Шалыгина (еркін күрес, 63 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Арман Шылманов (таэквондо, +80 келі).

 

 

Қазақ спортшылары

Бақыт Сәрсекбай

Бақыт Сәрсекбай (1981 ж., Солт. Қазақстан қарашаның 29 туған) - 69 килограмм салмақтағы бокстан 29-шы жазғы олимпиялық ойындардың чемпионы.

2004 жылғы Олимпиада ойындарынан кейiн Өзбекстаннан атақонысына көшiп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзiне тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi. Бақыт Сәрсекбай Қазақстанға келмес бұрын Өзбекстанның 69 килограмм салмақтағы нөмiрi бiрiншi боксшысы болған. Бiрақ, өзбек ағайындарымыздың дәл Афины Олимпиадасы қарсаңында қазақ Бақыт Сәрсекбайдан гөрi өзбек Дильшод Махмудовқа көбiрек бүйректерi бұрып кеткенi жөнiнде баспасөз беттерiнде жазылды да.

Бақыт Олимпиада  ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финалда Бақыт Сәрсекбай өзiнiң ежелгi қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты.

Бақыттың бұған  дейiн де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi. Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт былтыр Чикагода өткен әлем бiрiншiлiгiнде бесiншi орынға табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның иесi де осы Бақыт Сәрсекбай болды.[1]

 

 

Бақтияр Артаев

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (1983 жыл, 14-Наурыз, Жамбыл облысы) – Қазақстан боксшысы.

Әкесі - Артаев Ғарифолла  Бекбасарұлы (1956 ж.т.), «Олимпиадалық  резерв даярлау орталығы» MM спорттық ғимараттар меңгерушісі. Анасы - Жексембиева  Тұмарткүл Өміртайқызы (1960 ж.т.), Жамбыл облысы әкімдігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бастығы.

2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

Бақтияр Артаев Грекияда өткен 28-Олимпиялық Ойындардың бокс турнирінде Баркер кубогі иегері атанды.

2008 жылғы Бейжің  Олимпиадасында 1/8 финалында Ресейден  келген сол кездегі Әлемнің  екі дүркін Чемпионы Матвей  Коробовты жеңді. Бірақ өкінішке  орай келесі сатыда Ұлыбританиялық  Джеймс Ди Гейлден ұтылып қалды.

Қазіргі уақытта  өзінің туған өлкесінде әкімшілік  саласында қызмет етуде. Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тамамдаған.

Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы»  ЖШС-ның менеджері болып бастаған. ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары, «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген. 2009 жылдан бері Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген.

2011 жылдың қаңтарынан бастап Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.

 

 

Бекзат Саттарханов

Бекзат Сейілханұлы  Саттарханов (4 сәуір 1980 жыл, Түркістан Қаз КСР- 31 желтоқсан 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақтың әуесқой боксшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы. 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды.


Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің Бекзат ең кенже баласы. Мектеп кезінде спорттық бәсекелерде оза шапқан Саттархановтардың Бекзаттан өзге үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.

Алғашында өзін өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы  Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда, күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта, кейіннен Жұмабек Еділбаев атындағы № 18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ, бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан ол республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.

Бокстан өзге заң мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыруфакультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындады. Сонымен қатар, Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.

1995 жылы он бес жасында Түркістан қаласында өткен З. Сейітбековты еске алу турнирінде тұңғыш рет топ жарған Бекзат өмір бойы осы жүлдесінің ең ыстық екенін айтып өтті. «Түркістан 95» деген жазуы бар қыш құмыраны Сидней Олимпиадасының алтынымен тең көрген. Дәл сол жылы жасөпірімдер арасындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, бапкерлер көзіне түсе бастады.

1996 жылы Қостанай қаласында жастар арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының ішкі біріншілігінде чемпион атанды. Дәл сол жылы шымкенттік Анатолий Визириякин атты бапкердің қарамағына өтіп, облыс орталығындағы мектеп интернатта жаттыға бастайды.

1997 жылы Қарағанды және Германияның Кельн қалаларында өткен халықаралық турнирде топ жарды. Сонымен қатар, облыстық Олимпиада даярлау орталығына қабылданады.

1998 жыл Бекзат үшін  табысты болды. Сол жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Қостанай қаласында өткен  жарыста 54 келіде сынға түскен ол Марат Мәзімбаевтан ұтылып қалғанымен, бапкерлер сенімінен шығып, ұлттық құрамаға қабылданды. Түркістан қаласында Әбдісалан Нұрмахановтың құрметіне өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып қоймай, жарыстың ең үздік боксшысына берілетін сыйлықты олжалайды. Сағадат Нұрмағамбетоватындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Таиландта өткен бүкіл Азия біріншілігінде жүлдегер қатарына ілігеді.

1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен халықаралық турнирде оза шауып, Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге қол созады. Дәл осы күміс жүлдесімен бірге Сидней Олимпиадасының жолдамасын да қалтаға басты.

2000 жыл Бекзаттың қысқа ғұмырында тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі төртжылдық додасына аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілді. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубокты төбесіне көтерді. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншіледі.

Ташкентте бокстан өткен  Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Бекзатты бапкерлер  жартылай жеңіл 57 келі салмақ дәрежесіне лайық көреді. 57 келіде ел намысын Атланта Олимпиадасында қорғаған Бақтияр Тілегенов көп салмақ қуатындықтан, бапкерлер оған сенбейді. Оның үстіне, 1999 жылы Хьюстон қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Бақтияр жеңіліс тауып, бапкер үмітін ақтамады. Есесіне, Бақтиярдың орнын басатын жас дарын өсіп келе жатыр еді. Ол – Бекзат Саттарханов. Қазақстандық жанкүйерлер мен бокс мамандары Бекзаттың жастығын алға тартып, оны Олимпиадаға жібергісі келмейді. Бірақ, ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзінде от барын байқаған соң, ел намысын қорғауды Түркістандық жас ұланға сеніп тапсырады. Олимпиадаға аттанар кезде ұшақ баспалдағынан Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!» деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген.

Бекзат Саттарханов Сидней шаршы алаңындағы алғашқы кездесуін румын боксшысы Бобирант Овидиу-Тибериуға қарсы өткізді. Жекпе-жектің бірінші раундында Бекзат өзіне бір жұдырық дарытпай, 4-0 есебімен алда тұрды. Екінші раундта табло 8-2 есебімен көрсетіп тұрды. Ал, ең соңында төрешілер 14-5 есебімен бұл кездесудің сөзсіз жеңімпазы деп Бекзатты таныды.

Олимпиаданың сегізінші күнінде Бекзат африкалық Джефри Матебулламен қолғап түйістіріп, 16-5 есебімен қарсыласын талқандады. Сиднейдегі екінші кездесу де Бекзаттың жеңісімен аяқталған болатын.

Олимпиададағы үшінші кездесуінің  өте тартысты болғанын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Бекзаттың өзі мойындады. Кезінде Грузияда жаттығып, кейін Түркияның намысын қорғаған Рамазан Палианимен арадағы тартыс 12-11 есебімен Бекзаттың пайдасына шешілді.

Марокколық Тахар Тамсаманимен Бекзат ХХVІІжазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында жолықты. Егер бұл сыннан өтсе, Олимпиада алтынына таласуына мүмкіндік туатын еді. Өз мүмкіндігін құр жібермеген Бекзат 22-10 есебімен қарсыласын қапыда қалдырды.

Бекзаттың финалдағы қарсыласы  әлем чемпионы, америкалық Рикарду Хуарес еді. Ол Сидней финалына жету жолында Атланта Олимпиадасының чемпионы С. Камсингті тізерлеткен мықты боксшы болатын. Атағы алысқа кеткен қарсыласын Бекзат Саттарханов 22-14 есебімен жеңіп, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанды.

Бекзат рингте тек жұдырықпен ғана емес, ақылмен жұмыс істейтін боксшылардың қатарынан. Әсіресе, аяқпен қимылдауда ерекше белсенділік танытқан. Сидней рингіндегі қарсыласы Джеффри Матебула: «Бекзаттың аяғы мықты екен, жорға жүрісті боксшы есімді алды. Осы жігіт финалға ілігеді» деп дөп басып айтыпты. Жаттығу кезінде аяғына 3-4 келілік қорғасын байлап алып жүгіреді екен. Аяғына ауыр тас байлап алғандығына қарамастан, құрамадағы әріптестерінің үнемі алдын орап кететін. Бокс мамандары мен жанкүйерлер Бекзаттың бокстасу техникасы қазақтың даңқты боксшысы, Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа ұқсайтынын ерекше атап өтті. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 23-45-те Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатына ұшырап, қайтыс болды.

Информация о работе Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда спорттың даму тарихы