Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда спорттың даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 22:26, реферат

Описание работы

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды. Қазақстан спортшылары ірі-ірі халықаралық жарыстарда табысты енер көрсетті. XI Азиялық ойындарға алғаш қатысқан қазақстандықтар жалпы командалық есепте 4-орынды иеленді, 77 медаль (25 алтын) жеңіп алды. Дәулет Тұрлыханов, Сергей Филимонов, Наталья Торшина, Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретінде танытты. Қысқы олимпиада ойындарында көкшетаулық В.Смирнов (шаңғы), XXVI жазғы олимпиада ойындарында Ю.Мельниченко (грек-рим күресі), А. Парыгин (бессайыс), В. Жиров (бокс) чемпиондар атанды. XXVII олимпиада ойындарында (2000) Ольга Шишигина,

Работа содержит 1 файл

Спорттың дамуы.docx

— 59.72 Кб (Скачать)

Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.

Бекзат Сейілханұлы Саттарханов  шаршы алаңда 143 жеке жек өткізіп, 132 рет жеңіске жеткен.

Ольга Шишигина

Шишигина Ольга Васильевна - спринтерлі орғу бойынша әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен жалғыз қазақ жеңіл атлеті.

Шишигина Ольга  Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туылған. Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады. 1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген. 1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған. 1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы). 1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған. 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген. 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі. 2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі. [1]

І дәрежелі “Барыс”, “Құрмет”, “Дарын” ордендерімен марапатталған.

 

 

 

 

Илья Ильин

Илья Ильин (1988 жыл, 24 мамыр, Қызылорда) - атақты жас қазақ штангашысы. Ауыр атлетпен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн сегiз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. 
Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.

Жетiстiктерi

Ол жастар мен  ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.[1] 2011 жылы Париждегі ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үшінші рет әлем чемпионы атағына ие болды.

Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет пен спорттың дамуы барысында өмір барынша қызғылықты және мәнді бола түсті. Қаржы жетіспеушілігіне қарамастан, мәдениет пен өнер, спорт дамуға жаңа серпін алды. Ғылым мен мәдениеттің дамуында жаңа бағыттар байқалды, өзге елдердің жетістіктері жақын бола түсті.


Информация о работе Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда спорттың даму тарихы