Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 17:04, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия, Жапония елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

1-тарау. Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы...............5
1.1 Германияда Гитлердің билік басына келуі...................................................5
1.2 Италияда Муссолини бастаған фашистік қозғалыстың пайда болуы.........12

2-тарау. Германия, Италия, Жапониядағы мемлекеттік құрылыс........................14
2.1Германия, Жапония, Италиядағы мемлекеттік аппарат.................................14
2.2 Фашистік Германия, Жапония, Италиядағы басқару жүйесі........................19

3-тарау. Саяси жүйе...............................................................................................23
3.1Германия, Жапония, Италия саяси жүйесі.......................................................23
Фашистік Германияның, Италияның, Жапонияның сыртқы саясаты........24

Қорытынды............................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................

Работа содержит 1 файл

germania_zhaponia_italia_izmenenny_variant.doc

— 281.50 Кб (Скачать)

1921 жылы мамырда парламент сайлауы  өтті. Бұл сайлауға Италияның  коммунистік партиясы (ИКП) және социалистік партиясы жеке дара түсті. Сонымен қатар Халық партиясы және Италияның ұлттық партиясы сайлауға түсті. Ұлттық партияның құрамында буржуалистер, демократтар, фашистер болды. Бұл партияның жетекшісі Джолитти еді. Джолитти фашистерді блокқа енгізудегі негізгі мақсаты өз ықпалын күшейткісі келді және өзінің саясатын жүргізуде тілалғыш құрал ретінде пайлаланғысы келді. Алайда оның үміті ақталмады. Солшылдардармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат қана өткізе алды, ал социалистер мен коммунистер 138 және Халық партиясы 108 орын алды. Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді. Маусымның соңында ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс министрі болған және қарулы фашистік отрядтардың қалыптасуына атсалысқан бұрынғы социалист Бономи отырды [13,264б]. Ол фашистердің қызу саяси іс-әрекеттерін яғни террорлық істерін басуға тырысты. Муссолини жұмысшы ұйым басшыларымен ымыршылдыққа баруға ұсыныс жасады. Италияның социалистік партиясы бұл ұсынысқа келісті. Осылайша 1921 жылы 3 тамызда бір-біріне деген жауласуды тоқтау туралы пактіге қол қойылды. Алайда фашистер еңбекшілерге қарсы террорлық іс-әрекеттерін жалғастыра берді. Фашистердің бұл пактіге қол қоюы жай ғана маневр еді, яғни еңбекшілердің қарсылығын басып, билеуші буржуазия арасында қолдауға ие болу болатын 1921 жылы экономикалық дағдарыс кең етек жайған тұста кәсіпкерлер жұмысшыларға қысым көрсете бастады. Кәсіпкерлер коллективтік келісімнің мерзімінің аяқталуын сылтаулатты және оны қайта жаңартуға қарсылық көрсетті. Осы жерден шарулардың наразылығы туындады. Кәсіпкерлер қысым көрсету фашистердің қысым көрсетуімен дөп келді. 1921 жылы фашистердің қозғалысы күшейе бастады. Олардың құрамында 300 мыңнан астам мүше болды. Фашистік қозғалыстың құрамында ауылшаруашылығы жұмысшылары, қолөнершілер, саудагерлер болды.

 

БҰҰ 1947 жылы Палестинаны Израиль еврей мемлекеті мен арабтық Палестина деп бөлу жөнінде жоспар жасап бекітті. Осы кезеңнен бастап онда қарулы қақтығыстар орын алды. Израиль мемлекеті кұрылып, одан ағылшын әскерлері шығарылған соң жеті араб мемлекеті бірігіп Израильге қарсы шықты. Бірінші араб-израиль соғысы басталды. 1949 жылы БҰҰ-ның араласуымен мәміле жасалынды. Израиль өзінің өмір сүру құқын сақтап қалды, алайда оны араб мемлекеттері мойындамады. Араб Палестина мемлекеті құрылмады, оның территориясының біразын Израиль, біразын араб елдері басып алды.

1947 жылы Британ  парламенті Үндістанның тәуелсіздікке  көшу жоспарын бекітті. Жоспар елді Үндістан және Пәкістан деп екі бөлікке бөлуді көздеді. Территорияны бөлшектеуде әр түрлі халықтар орналасқан аудандарда тайпааралық қақтығыстар орын алды, оның барысында территориялық дау туды. Соның бірі – үнді-пәкістан қақтығысы. Үндіқытай түбегінде тағы да бір қақтығыс туындады. 1940 жылы француз отарларын басып алған Жапонияның капитуляциялануы Вьетнам коммунистерінің лидері Хо Ши Минге тәуелсіз Демократиялық Вьетнам Республикасын (ДРВ) жариялауға мүмкіндік берді. Алайда Франция бұл тәуелсіздікті мойындаудан бас тартып, Вьетнамға күшпен қайтадан бақылау орнатуға әрекет жасады. Осыған байланысты 1946 жылы соғыс басталды. 1949 жылға дейін басымдылық француздар жағында болды. Алайда Қытайда өкімет басына коммунистер келген соң Хо Ши Мин КСРО мен Қытайдан көмек алып басымдылық вьетнамдықтар жағына көшті.

 

  3.2Фашистік Германияның, Италияның, Жапонияның сыртқы саясаты

Сыртқы  саясатта Жапония бүкіл Тынық  мухиты елдерін өз астына алғысы келді.Бұл ойы Жапондықтардың 1941 жылы Аериканың Перл-Харбор әскери базасына шабуылы кезінде көрініс тапты.Бүкіл әлемді жаулап алу мақсатында олар Берлин-Рим-Токио пактісіне қол қойды,Бірақ соңында бұл армандары көкке ұшты.Сөйтіп олар бұл соғыста жеңіліс тапты.

Сыртқы саясатта, фашистік Германиядағы сияқты, агрессия ерекше сипатты иеленді. 1936  жылы Эфиопия  (Абиссиния) жауланып алды, ал 1939 жылы Албания оккупацияланды. 1940жылы Италия əскерлері Грецияға басып кірді. 1937  жылы Италия  “Антикоминтерндік пактқа”  Жапония мен Германия мен бірлесе отырып қосылды. 1940  жылғы шілдеде Италия Англия мен Францияға соғыс жариялады,  содан кейін Италия КСРО-ға қарсы (Қырымда) соғысқа қатысты.    

 

Екінші  дүниежүізілк соғыстың соңғы оғы  атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір деңгейіне енгендей болды. Дүниежүзілік тарихтағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осыдан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны жеңгендер оккупациялады, енді герман милитаризмнің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте түсу жүзеге асырылып отырды.

«Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін-Берлин конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам қалашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Реузвелытің орына болған Гари Трумэн, Ұлыбритания-Уинстон Черчилль, КСРО-Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Түңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «үлкен үштік» құрамы жаңарды [36].

Берлин  конференциясы бейбіт конференция  болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын  еді. Германия окккупацияланды, оның территориясьшда  билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, АҚШ, Франция жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардың Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен өнеркәсіпті милитаризациялауды құралы болған картельдердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келісті.

Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО иеліктеріне Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің барлығы ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО, Англия мен АҚШ ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағыдры айқын болса да, одақтастар Бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығысқа келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткені КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Реапарцияның жалпы сомасы 20 млрд доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды [37]. Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемелкет ретінде сақтап қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп, жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық мемелкеттер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлері үстінен халықаралық сот басталды. Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтқындарға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам уақытқа дейін созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.

1945 жылы Еуропадағы соғыстың аяғына  қарай, Тынық мұхитта соғыс  әлі жүріп жатқан кезде, дүниежүзінің  соғыстан кейінгі құрылымы туралы  шешім қабылданды. 50 елдің өкілдері Сан-Франциско қаласына (Калифорния) Біріккен ¥лттар ұйымына құру конференциясына жиналды. Оның негізгі заңдылықтары бекіттілді, ол Ұлттар Лигасы уставын еске түсіретін еді. Жаңа ұйымның құжатында мемлекеттер арасында достастық қатынасын дамыту; экономикалық-әлеуметтік және гуманитарлық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; дүниежүзіндегі аштық пен қайыршылық, ауруларымен күрес шараларын үйлестіру көрсетілген. БҰҰ барлық мүшелерінің теңдігі, дау-таластарды бейбіт шешу, күш қолдану қауіпінен сақтану принциптеріне негізделген. Солай бола тұрса да БҰҰ мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпайды. Егер өз кезінде АҚШ Ұлттар Лигасына қатысудан бас тарса, енді сенат 3-98 дауыспен БҰҰ-ның хартиясын ратификациялады. Бұл АҚШ- тың сыртқы саясатында белең алған оқшауланудың аяқталғандығын, дүниежүзіне Құрама Штаттардың халықаралық қатынастарда жетекші роль атқаруға ниеттенгендігін көрсетті.

БҰҰ жоғарғы органы болып, сессия жылына бір рет болатын Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінен, сол кезде 11-дің—тұрақты (АҚШ, ¥лыбритания, КСРО, Қытай) және Бас Ассамблея екі жылға сайлап, 6-ы ауысып отыратын мүше мемлекеттерден тұрды. Қазіргі кезде БҰҰ-ның 189 мүшесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының болғандығы қуантады. Уставқа сай Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікті сақтау міндетін тікелей атқаратын үнемі әркет ететін орган болып табылады. Өзінің өкілеттілігіне сай қауіпсіздік Кеңесі агрессорларға санкция салуға, блокада енгізуге және оларға қарсы күш қолдануға құқы бар. Барлық мәселелерді шешуде қауіпсіздік Кеңесінің бірауыздылығы қажет. Бас Ассамблея Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес. Халықаралық сот, БҰҰ-ның Бас хатшысы бастаған Секретариатты сайлайды. Кейінірек БҰҰ эгидасымен әртүрлі арнайы ұйымдар құрылды. Соның бірі-ЮНЕСКО (Білім, ғылым, мәдениет бойынша БҰҰ, Оның уставын алғашқыда 50 мемлекет қол қойды. Оның ішінде КСРО-нан БҰҰ мүшелері статусын алған Укарина мен Белоруссия да кірді. Германияның бұрнығы одақтасымен бітімшартын дайындау бір жарым созылды. Бейбіт бітімшартының мәтініне келісу Сыртық істер министрлер Кеңесінің Лондонда, Парижде өткен сессияларында және КСРО, АҚШ пен Англия сыртық істер министрлерінің мәскеуде өткен мәжілісінде жасалды. 1946 жылы 29 шілде-16 қазанда Париж бейбіт конференциясы өткізілді. Оның жұмысына 21 мемлекет қатысты: АҚШ, Англия, Франция, КСРО, Қытай, Австрия, БССР, Бельгия, Бразилия, Голландия, Греция, Индия, Канада, Норвегия, Жаңа Зеландия, Польша, УССР, Чехословакия, Эфиопия, Югославия, ОАР.

Конференцияда басты назар фашизмді түпкілікті жою, мәселесіне аударылды. Демократиялық күштер фашизмнің қайта туындауына мүмкіндік бермеуді талап етті. Бітімшартының мәтініне Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндиядағы фашистік ұйымдардың қызметіне тыйым салынған баптар енгізілді. Осындай баптардың Италиямен жасалынатын бітімшартына енгізілуіне батыс мемелкеттер қарсы шықты. Бұрынғы Италия отарларының тағдыры жөнінде мәселе талқыланғанда батыс державалар, егерде сыртық істер министрлер кеңесі бір жылдың ішінде өз пікірін білдірмесе Бұл мәселені шешуді БҰҰ-на беруге ұсыныс жасады. Оған дейін оларға ағылшын-американ әскерлері бақылау жасады. Ол Грецияға Додеканез аралдарын, Югославияға Истрия түбегін берді.

Еуропадағы  территориялық мәселелерді реттеу барысында Англия мен АҚШ өкілдері өз ұсыныстарын өткізуге барын салды. Олар грек делегациясының еш негізсіз болгар территориясына көз тігуін қолдады, Финляндияның КСРО есебінен территориялық мәселені шешуге тырысқан реакциялық тобының антикеңестік көңілін қоштады, Италияның өзіне Юлиалық Крайна мен Триесті беру жөніндегі талабын қорғады. Финляндия КСРО-ға Печенга облысын берді. Үштік пактінің барлық мүшелері репарация төлейтін болды.

КСРО  соғыстан кейін өзінің территориясын  тағы да үлғайтты. КСРО құрамына Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары кірді. Сонымен қоса КСРО Қытай территориясынан иелік алды, соның нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қытай соның ықпал ету аймағына айналды. КСРО-ға печенгадан басқа, РСФСР-дың Калиниград облысы болып аталған. Шығыс Пруссия бөлігі қосылды. КСРО үкіметі Оталық және Оңтүстік - Шығыс Еуропа мемлекеттерінде өкімет басына кеңестік күштер, атап айтқанда коммунистік партиялар келуге бар күшін салды. 1945-1946 жылдарда территориясын ұлғайтудан соң КСРО Түркияға территориялық көзтігіп, Дарданеллда КСРО-ның әскери-теңіз базасын жасау құқын қоса Қара теңіз бүғаздарының статусын өзгертуді талап етті.

Егерде  бірнші дүниежүзілік соғыстан кейін  Ұлы державалар соғыстан кейінгі дүние құрылымында экономикалық проблемаларға онша мән бермеген болса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Бұл проблемаларға баса назар аударылды. Соғыстан кейінгі дүниеде финас тұрақтылығына қол жеткізу мен валюталық соғысты болдырмау үшін БҰҰ эгидасымен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Халықаралық қайта құру мен даму банкі (ХҚДБ) құрылды. Осылайша антигитлерлік коалиция елдерінің соғыстан кейінгі де ынтымақтастығын жалғастыра беруге негіз жасалды. Жаңа әлемдік негізіне ескі үжымдық қауіпсіздік идеясы алынды. Оның көрінісі Б¥¥ болды да, оны жүзеге "әлемдік полицей" ролін атқарған, кең өкілеттіліктер берілген жеткеші бес держава асырды.

Алайда оқиғаның әрі қарай дамуы кеңес басшылғының 30 жылдарындағы тәжірибе сәтсіздігінен кейін ұжымдық қауіпсіздік мүмкіндігіне сенбейтіндігін көрсетті. Сталин 1939 жылдан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз етудің дәстұрлі жолы күш қолдану территориялық экспансия және ықпал ету аймағын құру-осы бағыттан таймай жалғастыра берді. КСРО ұжымдық қауіпсіздік жүйесін өзінің қуатын кеңейте түсу үшін пайдаланатындығы айқын болды. Бұл Еуропаны елеңдетпей қоймайды. Франция мен Италияда коммунистік партиялар ең ірі саяси партиялар болтатын. Осы жерлерде және Батыс Еуропаның басқа елдерінде коммунистер үкімет құрамына кірді. Оның үстіне Еуропадан американ әскерінің негізгі бөлігі әкетілген соң КСРО конинентальдік Еуропада басты әскери күшке айналды. Осы жағдайлардың барлығы кеңес басшылығы жоспарының жүзеге асуына қолайлы жағдайлар туғызды.

КСРО-ның  жүргізген саясатына батыс елдері әртүрлі көзқараста болды. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе Бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеді, КСРО-ның Еуропа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридің Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Еуропада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспонсионизмнінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, "англосаксон дүниесінің барлық дүниесімен" КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемелкеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда Мәскеуде АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп, ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында "тежеу" саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алуы үшін, Батыс елдері өздеріне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. "Тежеу" саясатына олар соғыстың алдын-алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді.

Информация о работе Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы