Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 17:04, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия, Жапония елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

1-тарау. Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы...............5
1.1 Германияда Гитлердің билік басына келуі...................................................5
1.2 Италияда Муссолини бастаған фашистік қозғалыстың пайда болуы.........12

2-тарау. Германия, Италия, Жапониядағы мемлекеттік құрылыс........................14
2.1Германия, Жапония, Италиядағы мемлекеттік аппарат.................................14
2.2 Фашистік Германия, Жапония, Италиядағы басқару жүйесі........................19

3-тарау. Саяси жүйе...............................................................................................23
3.1Германия, Жапония, Италия саяси жүйесі.......................................................23
Фашистік Германияның, Италияның, Жапонияның сыртқы саясаты........24

Қорытынды............................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................

Работа содержит 1 файл

germania_zhaponia_italia_izmenenny_variant.doc

— 281.50 Кб (Скачать)

  Жергілікті əкімшілік фашистік партияның құрамынан тағайындалатын префекттер мен подесттердің басқаруына берілді. 1926-1927  жылдардағы  “Мемлекетті қорғау туралы” заңдармен фашистік партиядан басқа барлық саяси партиялардың жəне фашистерге қарсы барлық газеттердің қызметіне

тыйым салынды.  Фашистік кəсіподақтардан басқа  барлық кəсіподақтар таратылды.

         Қуғын-сүргіндік аппарат белсенді түрде қалыптасты. 1923 жылы Жоғарғы Фашистік кеңестің шешімімен ұлттық қауіпсіздікті қорғаумен айналысатын ерікті милиция құрылды, оның мүшелерінің саны елдің қарулы күштеріндегі əскердің санынан асып кетті. Милиция тек дучеге бағынатын.

1926  жылы мына  органдар құрылды:  ұлттық қауіпсіздік полициясы; фашистерге қарсы қозғалыстардан қорғау ұйымы; саяси тергеудің ерекше қызметі. Қарулы күштер үкімет басшысына бағынды, жəне оған ішкі істер министрі ретінде карабинерлер корпусы да бағынды.

Сот жүйесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді:  арнайы комиссиялар (полициялық соттар); режимге қарсы қылмыстарды реттеуге арналған ерекше саяси трибунал;  мемлекетті қорғау бойынша арнайы фашистік трибунал ерекше өкілеттіктерді иеленді.

 Партия бюрократиялық, əскерилендірілген аппаратқа айналды. 1927  жылы Жоғарғы Фашистік кеңес Еңбек хартиясын қабылдады,  оған сəйкес,  фашистік мемлекеттің негізін кəсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктірген корпорациялар құрады,ереуілдер мен қозғалыстарға тыйым салынды

Фашистік режим  Корпорациялардың арнайы министрлігін жəне Корпорациялардың ұлттық кеңесін қалыптастырды. Елде өнеркəсіптің əртүрлі салаларында 22  корпорация құрылды,Корпорациялардың ұлттық кеңесі экономиканы басқару органына айналды.

 Фашистік режим Ватиканмен одақтасты. 1929 жылы Ватиканды Рим папасы басқаратын мемлекет ретінде тану туралы келісім бекітілді. Католик діні Италияның жалғыз діні ретінде танылды.

 Сыртқы саясатта, фашистік Германиядағы сияқты, агрессия ерекше сипатты иеленді. 1936  жылы Эфиопия  (Абиссиния) жауланып алды, ал 1939 жылы Албания оккупацияланды. 1940жылы Италия əскерлері Грецияға басып кірді. 1937  жылы Италия  “Антикоминтерндік пактқа”  Жапония мен Германия мен бірлесе отырып қосылды. 1940  жылғы шілдеде Италия Англия мен Францияға соғыс жариялады,  содан кейін Италия КСРО-ға қарсы (Қырымда) соғысқа қатысты.    

       Бұл жолы бейбітшілікке басты кепілдік берушілер Ұлыбритания, Франция және АҚШ болды. Әлемге қауіп төндірушілер неміс реваншизмі мен Ресей большевизмі деп жарияланды. Бұлардан басқа Ұлттар Лигасы құрылып отыр, бірінші, ең ірі тұрақты түрде жұмыс істейтін бұл халықаралық ұйым бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс болды. Версаль-Вашингтон жүйесі дүние жүзінің бірқатар аймағында жеңімпаздардың пайдасын көздеп, ұтылғандардың ренішін туғызып, қару-жарақтың саны мен сапасын алға тартты. Бұл реніш бірте-бірте келіп неміс реваншизмі мен жапон милитаризміне ұласты. Бұған ілесе неміс және жапон экономикасының күрт дамуы Германия мен Жапонияның Италиямен бірлесіп, "Берлин - Рим - Токио" белдеуін құруына мүмкіндік берді, олар енді халықаралық саяси-құқықтық тәртіпті өзгертуге ұмтылыс жасады. Ақырында, пайда болған қайшылықтар Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеп ұрындырды.

1945 жылы Гитлерлік  Германия талқандалды. Муссолини  Римдегі Гүлдер алаңында өлім  жазасына қиылды. Императорлық Жапония  толық және сөзсіз жеңілгендігі  туралы актіге қол қойды. Екінші  дүниежүзілік соғыстың біржола  аяқталуы жаңа геосаяси құрылым Ялта халықаралық-саяси жүйесін дүниеге келтірді. Бұл жаңа құрылым адамзат тарихында жаңа дәуірдің басталғанын, ғаламдық бір-біріне қарсы тұру немесе айтылып жүргеніндей, қоскүндікті әлем дегенді жариялады. Ұзақ жылдарға созылған антагонистік екі жүйе арасындағы жарыс, халықаралық қарым-қатынас екі ғаламдық блоктың КСРО бастаған Варшава Шарты Ұйымы мен АҚШ бастаған Солтүстік Атлантика блогы НАТО (СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС) арасындағы теке тіреске айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымы бейнесінде жаңа геосаяси бірлік және оның бас органы Қауіпсіздік Кеңесі пайда болды.

Мұндай ғаламдық деңгейде екі жақ болып қарсы тұру қырғи  қабақ соғыстың басталуына қарсылас екі жақ ашық соғысқа бармай-ақ ұдайы жасырын әрі ашық түрдегі  идеологиялық, экономикалық және саяси  бәсеке мен жаппай қарулануға көшті. Мұндай геосаяси құрылым жағдайына мүлдем жаңа қатер ядролық соғыс қаупі мен адамзаттың жаппай жер бетінен жойылу апаты алға шықты.

Соғыс шиеленісінің ешқандай болашағы жоқ екендігі, екі  жақтың да тұтастай қырылатыны халықаралық  тайталасты бәсеңдету талабына бағытталды. Оның ең маңызды бір шарасы "Хельсинки  процесі" болды, Еуропадағы қауіпсіздік  пен бірлескен іс-қимыл (ОБСЕ) жөніндегі Кеңес өткізумен аяқталған бұл шараның қорытындысында 1975 жылы Хельсинки актісіне қол қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау Германия, Италия, Жапониядағы мемлекеттік құрылысы

    1. Германия, Жапония, Италиядағы мемлекеттік аппарат

 

Германияда  фашистер билік басына келгенне кейін  барлык мемлекеттік аппаратты өзгерту  мәселесі туындады.Басқарудың мемлекеттік  құрылымдары өзгеріске ұшырады немесе түгелдей жойылды.  Президента қызметі үкiметiнiң қаулысы бойынша 1934 жылдың 1 тамызында Гинденбургiнiң өлiмінен кейiн жойылды,ал барлық өкiлеттi билік Гитлер қолына түйлiктi.Сөйтіп Гитлер өмірлік рейхканцлер атағын алды.

Германияда фашистік диктатураның орнауына төрт жағдай əсер етті:

1)  ірі өндірістік  жəне қаржылық буржуазия тоқыраудан  шығудың жалғыз жолы ретінде  диктатураға үміт артты; 

2)  ұсақ буржуазия  мен шаруалар ұлтшылдардың бақытты  өмір туралы уəделеріне сенді; 

3)  Германияның жұмысшы табы өз ішінде ыдыраудың нəтижесінде əлсізденді,  сол себепті,  коммунистер фашистермен жалғыз өздері күресуге дайын болмады;

Фашистік Германияның  басқару аппараты қөп сатылы болды.Гитлер өз мойнында фашистік елдің фюрері,президенті,жоғарғы бас қолбасшыс лауазымын қоса атқарды.

Италиядағы  фашистік диктатура контрреволюциялық  сипатта болды. Фашистер жергілікті социалистік және коммунистік партия ұйымдарына ғана емес, соған қарамастан, буржуазиялық, республикалық және либералдық партия ұйымдарына қырғидай тиді. Фашистердің осындай іс-әрекеттері билік басындағы либералдық буржуазияны да мазаламай қоймады. Бұл өз кезегіндегі билеуші топ арасында фашизмге деген көзқараста алауыздық тудырды. Кейбір буржуазия өкілдері фашизмнің көмегі арқылы ашық реакциялық мемлекет құруға тырысса, кейбірі елдегі революцияны басуға пайдалануға тырысты. Соңғыларының қатарына премьер-министр Джолитти жатады. [11,125б].

Міне  осы жағдайда фашистерге қарсылықты ұйымдастыру күрделі болды. Антифашистік қозғалыстардың кең тараған тұрі еруілдер мен шерулер болды. Алғашқы ереуілдердің бірі 1921 жылы 25 қаңтарда Флоренцияда болып өтті. Мұндай ірі ереуілдер Пизеде, Мортареде. Ливорнада болып өтті. Туриндер фашистер еңбек палатасын өртеп жіберуіне жауап ретінде ірі ереуіл болып өтті. Жұмысшылар қаланың ірі кәсіпорындарын басып алды. Ереуіл қалаға артиллерия мен әскердің бір бөлігі келгеннен басылды. Антифашистердің және фашистердің қозғалысы Римде үйреншікті жағдайға айналды. Алайда фашистер барлық қақтығыстарда үстем болып шықты. Себебі қала полициясы және қару-жарағы сай болмады.

Антифашистік  қозғалыстарда жалпы еңбек конфедерациясы үлкен роль атқарды. Алайда бұл ұйымдар күрестің кәсіподақтық әдісін қолданды, яғни ереуілдерге шықты. Қатардағы социалистер және коммунистер антифашистік қозғалыстарды ұйымдастыруда маңызды орын алды. Алайда бұл партияның басшылары фашизммен күресу үшін жалпы  саяси жүйені жасай алмады. Себебі, фашистер барлық қақтығыстарда үстем болды. Себебі қала полициясы және қару-жарағы сай болды. [12,III том].

Фашизм ең алдымен кәсіподақ ықпалымен күресу қажет болды. Италияның социалстік партиясының басшылары фашизмге қарсы әлсіз қарсылықтар көрсетті.

Коммунистік партия басшылары елдегі жағдай бойынша  былай жауап берді: "Біз дайындыққа дайындықпен, қарулануға қаруланумен, күшке күшпен жауап береміз"-деді.

Фашистік  қозғалыстың басшылары фашизмнің  идеологиялық принциптік негізін жүйелеуге тырысты.

1921 жылы қарашада фашизмді конституциялық  партияға айналдырды. Қайта құрылған  фашистік партия негізі ұлттық  идея болып табылатын жаңа программамен шықты. Фашистер қазіргі қоғамды, әлеуметтік ұйымдарды тап емес, ұлт билеу керек екендігін дәлелдеді. Бағдарлама: "Ұлт - өзінің кұрамына өткен қазіргі және болашақ ұрпақты біріктіретін ағза болып табылады" деп жазылды. Жеке адамдар өткінші кезең болып есептелді. Осыдан жеке және топтың мүдделері ұлт мүддесін жоғарғы қоюы қажет деген көзқарас туды. Бағдарламада фашизм деген саяси экономикалық, әскери ағза болып табылады делінген.

1921 жылы съезден кей  фашистер өздерінің бағыттары  бойынша белсенді тұрде жүргізе бастады. Саяси күресте фашизм өздеріне қарсылас болып табылатын парламентке және демонстрант мүшеге кедергі келтіруге тырысты. Фашистер халық партиясының оң және сол қанаттарын жауластыруға әрекеттенді. 1922 жылы қаңтарда Пия 11-нің таққа келуімен фашистер Ватикан мемлекетімен жақындасу мүмкіндігі туды. Ағылшын жылнамашысы Гвин: «Жаңа Рим папасы Милан архиепископы кезінде-ақ фашистердің мадағына, сеніміне ие болған адам» деп жазды.

Фашистер әскери облыста партия құрумен әскери күшті орталықтандыруға қол жеткізді. Жеке әскери отрядтар (скавадрылар) фашистердің милициясына айналды. Оның уставына әскери маман генерал Гандольфо құрды. Сквадрлар партияға бағынышты болды. Осылайша фашистік басшылар маңызды мақсаттарды іске асыру үшін жеке әскери отрядтарын құрды. Муссолини билікті басып алуға тырысты.

Әсіресе фашистік партия кәсіподақтарының қозғалыстарды ұйымдастыруда үлкен жетістікке жетті. Болоньеде 1922 жылы қаңтарда фашистер тұрған кәсіподақтардың съезі болып өтті. Съезде фашистік партияның өкілдері болды. Шешім бойынша фашистер тұрған кәсіподақтар фашистік партияларға бағынышты болуы тиіс болды.

Фашистік  кәсіподақ ең алдымен ұлттық мүддені  алға қоюы тиіс болды. Буржуазия мен жұмысшы тап арасында саяси диолог ұйымдастыруды көздеді.

1922 жылдың бастарында фашистер жастар  арасында әсіресе, ұсақ буржуазияның оқымыстылардың арасында ықпалын күшейте бастады. Муссолини өз партиясын жастардың партиясы деп мәлімдеді. Муссолини өзінің үндеуінде салтанатты тұрде жастарды ескі партияға қарсы қойды.

1922 жылыдың басында  Италиядағы экономикалық дағдарыс өз дегеніне жетті. Осы жылдың январында жұмыссыздардың саны 607 мыңға жетті. Ірі елі монополиялық бірлестік шығынға ұшырады. (Ильва және Янсольдо). Елдің ең ірі банкісі Банно итальяно ди сконто банкротқа ұшырады. Бұл банк пен елдің ірі өндіріс магнаттарына байланыстарына байланысты болатын. Олар үкіметтен банктың шығынын ұлттық бюджет қорынан жабуды сұрады. Бірақ Бономи бұл қадамға бармады, соның нәтижесінде оның алып өндірісшілерінің арасында абыройы жоғалды.

1922 жылы 2 қаңтарда Бономи үкіметі  отставкаға кетті. Италияның бірігуінен кейін оның жағы биліктегі дағдарысты жуды. 25 ақпанда үкімет басына коалициялық үкімет келді. Оның басында Факт тұрды. Бұл премьерді кейінірек Ромул Августоли деп атап кетті. Бұдан артық абыройсыздық жоқ еді. Ақпанда үкімет дағдарысы кезінде фашистер Бономиде, Римде, Флоренцияда шерулер өткізді. Шерулер «Жасасын диктатура», «Парламент тарасын» деген лозунг астында өтті. Муссолини «Біз диктатураға барамыз ба?» деген тақырыпта мақала жазды. Оның ойы бойынша фашистік демонстрацияның Бономидегі лозунгілері болашақта бүкіл Италияны қамтиды. Фашистер билеуші либералдарға ашық түрде қарсы шыға бастады. Муссолини: «XIX ғасыр,- деп жазды,- «бәрі» деген демократияның ұранымен толды. Енді «азшылық» және «таңдаулылар» деген сөзді айтатын уақыт келді»-деді. Либералдық билеуші таптың саяси үстемдігі, елді билеу мүмкіндігі таусылуы да мүмкін. Енді фашистердің антидемократиялық сипаты айқындала бастады. Италияда демократияға деген немқұрайлы пікір қолайлы болды [14,55б].

Жұмысшы тап фашизммен күресу үшін демократияны емес пролетариаттық бірлікті көздеді. Жұмысшы тап қозғалысында демократияны қорғау және антифашистік құралды табу идеясы болмады. 1922 жылы ақпанда жұмысшы тап қозғалысының антифашистік "Еңбек одағы" атты кәсіподақтық ұйымы құрылды. Оны құруды жалпы еңбек конфедерациясының басшылары және еңбекшілердің автономды, таптық, кәсіподақтық ұйымдары маңызды роль атқарды. Олар бірігуге әрекет жасады. Алайда бұл бірігу фашизммен күресуде әлсіз болды. "Еңбек одағының" басшылығында еңбекшілердің әскери комитеті реформа жасаушылары тұрды. Олар бұл кезде елде қандай да демонстрациялар жасауды дұрыс көрмеді.

Еңбекшілердің кәсіподақтық ұйымдарының антифашистік күресінің әлсіз болуына екі пролетарлық партиялардың бірлігінің болмауы да әсер етті. Социалистік партияның фашистерге қарсы қандай да бір позитивті бағдарламасы болмады. Срциалистік партия фашизмге қарсы қарулы қарсылықтың өріс алуына қарсы шықты. Ал коммунистік партияға келетін болсақ, 1922 жылы наурызда ол тағы да сектанттық жүйесін таңдады. Бұл сектанттық жүйе Римдік тезистің символына айналды. Ол бойынша: "Фашизм мен буржуазиялық демократияның арасында ешқандай да айырмашылық жоқ. Бұның бәрі буржуазия диктатурасының формалары. Партияның тактикасы сыртқы жағдайларға байланысты өзгермеуі тиіс. Тезис Италияда пролетарлық диктатураның орнына Советтік биліктің орнауын шақырды." Жұмысшылардың антифашистік күресі сәтсіздікке ұшырады. Жұмысшы қозғалысының өз ішінде фашизмге қарсы қырқысудың нәтижесінде әлсіреді. Новарадағы, Ломбардиядағы және Рим пролетариаттарының ереуілдері (1922 жылы көктем және жазда) осы халге ұшырады[15,75б].

1922 жылы фашистік террордың өсуі  жаңа үкімет дағдарысын тудырды. Италияның социалистік партиясында реформистер мен максималистердің арасында келіспеушілік туды. Олар алғаш рет буржуазиямен келісімге келу арқылы фашизмді жоюды мақсат тұтты. Алайда бұл келісімнің негізін қалай жасау керектігін анықтай алмады.Үкіметтегі дағдарысқа ықпал етуге және үкімет құруға тырысқан еңбек одағы жалпы ұлттық ереуіл ұйымдастырды. Ол 1922 жылы 1 тамызда басталды. Еңбекшілер фашистік террорға бейбіт, заңды антифашистік сөздермен шектелуге шақырды. Бүған қарамастан ереуілшілер фашистермен қарулы қақтығыстарға барды. Пармде қантөгіскен күрес болды. Алайда Факттың екінші кабинеті құрылғаннан кейін Еңбек одағы ереуілді тоқтату туралы бұйрық берді. Бұл бұйрық тамыз ереуілін тоқтатты. Бұл кезде пролетариат өзінің әскери мүмкіндігін көрсеткен болатын. Тамыз ереуілінен кейін жұмысшы қозғалысы өзінің дағдарысын басынан кешті. Еңбек одағы тамыздың соңына қарай тарап кетті [16,IIIтом].

Информация о работе Фашистік Германия, Жапония, Италияның құрылуы тарихы