Әлеуметтік әрәптестәк және еңбек құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:26, реферат

Описание работы

Әлеуметтік әріптестік - бұл қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен атқарушы билік органдарының арасындағы олардың мүдделерін үйлестіруге, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты жасалатын өзара қарым-қатынастар жүйесі.
Әлеуметтік әріптестік теориясы мен практикасы Батыста соғыстан кейінгі жылдары (ең алдымен, батыс еуропалық және скандинавиялық елдер жөнінде сөз қозғалады) қалыптасты. Соңғы жылдары Қазақстанда да әріптестік практикасы игерілуде.

Содержание

1.Кіріспе
Әлеуметтік әріптестік және еңбек құқығы
2.Негізгі бөлім
1)Еңбек қатынастары
2)Еңбек құқығының пәні
3)ҚР «Еңбек туралы заңы»
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Srsp Op.docx

— 32.13 Кб (Скачать)

                                                Жоспар

 

1.Кіріспе

 

Әлеуметтік әріптестік және еңбек құқығы

 

 

 

2.Негізгі  бөлім

 

1)Еңбек қатынастары

 

2)Еңбек құқығының  пәні

 

3)ҚР «Еңбек  туралы заңы»

 

3.Қорытынды

 

 

4.Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

                                             1.Кіріспе

Әлеуметтік әріптестік - бұл қызметкерлердің, жұмыс берушілер  мен атқарушы билік органдарының арасындағы олардың мүдделерін үйлестіруге, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты  жасалатын өзара қарым-қатынастар жүйесі.

Әлеуметтік әріптестік теориясы мен практикасы Батыста соғыстан кейінгі жылдары (ең алдымен, батыс  еуропалық және скандинавиялық елдер  жөнінде сөз қозғалады) қалыптасты. Соңғы жылдары Қазақстанда да әріптестік практикасы игерілуде.

Әлеуметтік әріптестік еңбек  нарығындағы қатынастардың шартты сипатын сақтап, дамытады, алайда мұның  өзінде осы нарықта бүкіл тарих  жалғасында қалыптасқан шарттық  қатынастардан сапасымен ерекшеленеді. Осы орайда әңгіме жұмыс беруші мен  жалдамалы қызметкердің ортақ ымыраға  келуі жөнінде ғана емес, сонымен  бірге осы мүдделердің ортақтығы  тілге тиек етіледі. Осы бірігудің  нәтижесінде экономика өседі  және оның нәтижелері жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында бөлінеді. Әріптестіктің арқасында еңбек  нарығындағы қатынастардың сипаты да өзгереді. Әлеуметтік әріптестік мүдделердің  ортақтығын негізге ала отырып, өндірістің дамуына жұмыс беруші ғана, сонымен  бірге қызметкер де мүдделі екенін білдіреді, демек олар осы дамудың  жолын іздестіріп, ортақ мақсаттарын  іске асыру үшін күш-жігерін біріктіру  тиіс.

Әлеуметтік әріптестікті жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін  жетілдіру «трипартизм» идеясына жол  ашты. Осы идеяға сәйкес әлеуметтік әріптестік мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер деп аталатын үш субъектінің өзара ықпалдасуымен  қамтамасыз етіледі. Мемлекет жұмыс  беруші мен қызметкерлердің арасында өтетін келіссөздерге міндетті түрде  қатысады (келіссөз жүргізілген жағдайда үш жақты келісім жасалады). Ал егер мемлекеттік органдар келіссөзге тікелей  қатыспағанның өзінде мемлекет кез  келген жағдайда «ойынның ережесін»  пысықтап, тиісті бағдарларды белгілейтін  төрешінің де, сонымен бірге қол  жеткізген келісімдердің кепілдігінің рөлін де атқарады.

Аталмыш келісімдер әр түрлі  деңгейде, яғни жалпыұлттық, өңірлік, салалық, жекелеген фирма деңгейінде де жасалуы  мүмкін. Бұл ретте қызметкерлердің  атынан кәсіподақ немесе қызметкерлер мақұлдаған өкіл-қызметкерлер, ал жұмыс  берушінің атынан - олардың одақтары немесе қауымдастықтары қатысады.

Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы:

  • жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
  • өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
  • еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
  • еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар.[1]

Еңбек құқығы — меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеум. құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Е. қ-ның арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұнына айналады. Е. қ-ның әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі жақтың теңдігін орнатуды; еңбекті ұйымдастырудың айрықша режимін; еңбекті пайдаланудың шарттары мен ұйымдастырылуын орталықтан нормалауды және жергілікті жерде ретке келтіруді; еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірлігі мен жіктелуін; Е. қ-ның ажыратылмайтын, рұқсат етілетін және ұсынылатын жосындарын іске қосудың ерекше тәсілдерін; еңбектік-құқықтық қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың құқЕ. қ-ның жүйесінде қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың барлық құрамдас бөліктеріне қатысты нормалар бар. Олар жиынтық түрінде Е. қ-ның жалпы бөлімін құрайды. Оған құқықтың осы саласының арқауы, әдістері мен жүйесі, оның бастаулары, сондай-ақ, Е. қ. ғылымының пәні мен методологиясы кіреді. Азаматтардың еңбегін пайдалану жөніндегі қоғамдық қарым-қатынастардың жекелеген топтарын реттейтін құқықтық нормалар Е. қ-ның ерекше бөлімін құрайды. Соған сәйкес Е. қ-ның жүйесінде құқықтық ин-ттар, яғни қоғамдық еңбек қатынастарының құрамдас бөлігін арқау ететін құқықтық нормалар жиынтығы ерекшеленеді. Ерекше бөлім Е. қ-ның мынадай негізгі ин-тарын: жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды, ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді, еңбек келісімшартын, жұмыс мезгілі мен демалыс уақытын, еңбекақыны, еңбек тәртібін, келісімшарт жасаушы тараптардың материалдық жауапкершілігін, еңбекті қорғауды, қызметкерлердің кәсіби білігін көтеруді, еңбек дауларын қамтиды. ылары мен заңды мүдделерін қорғаудың арнаулы процессуалдық пішімдерін, сондай-ақ, санкция қолдану реттерін қамтиды.

 

 

 

 

 

 

                                              2.Негізгі бөлім

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен, еңбек туралы заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық шарттармен реттеледі.

Еңбек құқығының пәнін  құрайтын барлық қатынастарды қарастырып өтелік:

1. Негізгі қатынастар - жұмыс  берушінің (ұйым, жеке кәсіпкер) қызметкердің  еңбекке қабілетін (оның жұмыс  күшін, білімін, дағдыларын және  т.б.) пайдалануымен байланысты еңбек  қатынастары шарттық және ақылы  негізде жүзеге асырылады. Қызметкер  өз еңбегі үшін алдын-ала белгіленген  нормалар (тарифтер) бойынша жалақы  не ұйым табысының бөлігін  алады, ал жұмыс беруші өзіне  қажетті еңбек өнімін алады.  Еңбек қатынастарына қызметкер  және жұмыс беруші өз еркі  бойынша қатысады. Еңбек құқығы  қатынастарын қызметкердің жұмыс  берушімен еңбек жағдайларын  пайдалану жөніндегі занды байланысы  (қызметкер өз жұмысын мұқият  орындауға, ал жұмыс беруші  оған жалақыны жүйглі түрде  төлеуге міңдетіі) құрайды.

Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады:

а) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Ал бұл функция тұрақты сипатқа ие және соңғы нәтижемен аяқталмайды, яғни, еңбек қатынастары - бұл ұзақ уақытқа созылатын қатынастар. Өзге құқықтық қатынастарда, мысалы, еңбекпен байланысты азаматтық құқықтық қатынастарда орындаушыға нақты бір тапсырма беріледі, ол бұл тапсырманы орындаған соң барлық міндеттемелер де тоқтатылады, яғни, құқықтық қатынастар тәмамдалады;

ә) еңбек қатынастары - бұл  нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар;

б)  еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, яғни, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. таңдай алады. Еңбекті таңдау кезіндегі ерік білдіруге дәлел ретінде қызметкердің жұмысқа тұрардағы өтінішті өз қолымен толтыратынын және жұмыс берушінің осы өтінішке қол қоя отырып, қызметкерді қызметке алу туралы еркін білдіруін келтіруге болады;

в)    қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерінде еңбек ұжымы мүшелерінің бірлескен қызметінің жағдайлары және тәртібі белгіленеді. Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы және сапалы дайындауға міндетті. Мысалы, қысқа мерзімді жалдау шарты бойынша адвокат, аспаз немесе құрылысшы жұмысқа тартылған кезде жұмысты орындаушының өзі немесе оның бригадасы істей ме, олар жұмыс уақытында әлде түнде жұмыс істей ме және осы сияқты жағдайлар жұмыс беруші үшін аса маңызды емес, оны толғандыратын басты мәселе - жұмыстың уақтылы және сапалы орындалуы;

г)     еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен - еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты;

д)  мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты;

е)  жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рәсімделеді және қызметкерді кәсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады. Еңбекпен байланысты өзге де қатынастарда жұмысты орындаушы штатқа алынбайды. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші үшін еңбек үрдісіне қарағанда еңбектің нәтижесі маңыздырақ болады;

ж) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған және оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.

Сонымен, қазіргі кезде еңбек құқығының пәнін қоғамдық қатынастардың екі тобы құрайды:

1)  еңбек қатынастары - еңбек құқығы пәнішң басты элементі;

2)     еңбек қатынастарымен тығыз байланысты және солардан туындайтын өзге де қатынастар.

Еңбек құқығының рөлі, міндеттері және функциялары. Еңбек құқығын^ің рөлі, міндеттері және функциялары өзара тығыз байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің, өндірістің, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін білдіреді.

Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда еңбек қатынастарына түседі, бұл ретте олардың әрқайсысы өз мақсаттарын көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының негізгі рөлі - реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен қызметкер

еңбек құқықтары мен міндеттерінщ жүзеге асуын және олардың кепілдіктерін  қамтамасыз етеді.

 

Енді еңбек құқығының әлеуметтік қамтамасыз ету құқығымен арақатынасын қарастырып өтелік. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы дербес құрылым ретінде, құқық саласы ретінде салыстырмалы түрде жақында, өткен ғасырдың 60-70 жылдары қалыптасты. Бұған дейін  әлеуметтік қорғау нормаларыңың басым  көпшілігі еңбек құқығы саласына кіретін. Осылай, бұл екі құқық  саласын тарихи түп-тамыр байланыстырады. Сонымен қатар, оларды құқықтық реттеудің  пәні мен әдістеріңщ ортақ сипаттары  да байланыстырады.

Егер еңбек құқығыңың басты  пәні болып қызметкер мен жұмыс  берушінің арасыңдағы еңбек қатынастары  табылса, әлеуметтік қамтамасыз ету  құқығы азаматта қандай да бір себептермен  жұмысқа қабілеттігін уақытша не тұрақты жоғалтқан немесе зейнеткерлік жасына жеткен жағдайда, оларды материалдық  қамтамасыз ету үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Әдетте бұл қатынастар еңбек қатынастарымен тығыз байланыста болады. Мұңдай жағдайда азаматтарды материалдық қамтамасыз етудің мөлшері олардың еңбек  қатынастары үрдісінде алған  жалақысына және еңбек стажына сәйкес есептеледі.

Сонымен қатар бірқатар айырмашылықтар да бар. Оларды мынадан байқауға болады. Азаматтар еңбек қатынастарында еңбек құқығын жүзеге асырады, ал әлеуметтік қорғау құқығының реттеу пәні болып материалдық қамтамасыз етуге қатысты құқықты жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары үрдісінде жалақы төлеу қызметкер жұмыс істейтін кәсіпорыңның, ұйымңың немесе мекеменің қорынан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы жәрдемақылар мен зейнетақыларды орталықтандырылған қорлардан төлеуді көздейді. Сонымен қатар, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығына еңбек құқығыңдағы материалдық төлемдердің шарттық әдісі тән емес. Құзыретгі оргаңдар қабылдаған құқық шрмаларынын негізіңде азаматгар магериалдық қамсызданцырылады, соңдықтан мұңдай шараларды өзгертуге және таратардың келісімімен ңақтылауға болмайды.

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 2-бабы

1.       Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Заңның нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2.  Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заңның және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің алдывда артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес адамның және азаматтың маңызды  құқықтары мен бостандықтарының қатарына ҚР «Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы» заңында бұл  заңның реттейтіні тура аталып көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін  таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-бабы).

 

ҚР «Еңбек туралы» заңында осы  заңның «Қазақстан Республикасындағы  азаматтардың еңбек бостандығына қатысты  конституциялық құқығын жүзеге асыру  барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні» көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасындағы еңбек  бостандығына қатысты конституциялық құқық, ең алдымен, әрбір адамның  өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке  қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері  мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы.

Информация о работе Әлеуметтік әрәптестәк және еңбек құқығы