Әлеуметтік әрәптестәк және еңбек құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:26, реферат

Описание работы

Әлеуметтік әріптестік - бұл қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен атқарушы билік органдарының арасындағы олардың мүдделерін үйлестіруге, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты жасалатын өзара қарым-қатынастар жүйесі.
Әлеуметтік әріптестік теориясы мен практикасы Батыста соғыстан кейінгі жылдары (ең алдымен, батыс еуропалық және скандинавиялық елдер жөнінде сөз қозғалады) қалыптасты. Соңғы жылдары Қазақстанда да әріптестік практикасы игерілуде.

Содержание

1.Кіріспе
Әлеуметтік әріптестік және еңбек құқығы
2.Негізгі бөлім
1)Еңбек қатынастары
2)Еңбек құқығының пәні
3)ҚР «Еңбек туралы заңы»
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Srsp Op.docx

— 32.13 Кб (Скачать)

 

 

ҚР Конституциясының және ҚР «Еңбек туралы» заңының бұл  ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда  бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының  және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық- құқықтық актілердің талаптарына  сәйкес келеді.

 

 

                                      

 

                                           3.Қорытынды

 

Әлеуметтік әріптестік - бұл қызметкерлердің, жұмыс берушілер  мен атқарушы билік органдарының арасындағы олардың мүдделерін үйлестіруге, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты  жасалатын өзара қарым-қатынастар жүйесі.

Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың  ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі - аралас нысандағы еңбек  те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке  негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген  еңбек қатынастары (меншік иелерінің  еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің  еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек  қызметі, меншік иесі-кәсіпкерлердің, еңбек кооперацияларының қызметі  және т.б. қызмет жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып - заңды тұлғаны құрмастан дәріхана, дүкен, шаштараз және т.б. орындарды  ашып, қызметкерді жалдамастан, өзі  өз дәріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, ғалымның, өнертапқыштың қоғамдық кооперциядан тыс жүзеге асырылатын еңбегі де еңбек  құқығының саласына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек  шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек  құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына  айналады.

Қазақстан Республикасындағы еңбек  бостандығына қатысты конституциялық құқық, ең алдымен, әрбір адамның  өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке  қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері  мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

                             4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

  1. Ахметова Г., 2005. © Нұр-пресс, 2005.

 

 

  1. ҚР еңбек туралы заңы

 

 

  1. Мемлекет және құқық теориясы

 

 

  1. Wikipedia.org

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      АБЫЛАЙХАН    АТЫНДАҒЫ    ҚАЗАҚ    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР  ЖӘНЕ   ӘЛЕМ   ТІЛДЕРІ        УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

       СӨЖ

 

                               Тақырыбы:     Әлеуметтік әріптестік және еңбек құқығы

 

 

 

 

                                                             Орындаған:Амандос.Е 226 топ

 

                                                             Қабылдаған:Мұхамедсадыкова.Ә.Т

 

 

 

                                             

 

 

                                                         2012


Информация о работе Әлеуметтік әрәптестәк және еңбек құқығы