Қоғамның саяси жүйесі қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ

Работа содержит 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі,КУРСАЧ.docx

— 96.67 Кб (Скачать)

“Саяси реформа”, қысқаша айтсақ, саяси жүйеге өзгерістер енгізу. Ал саяси жүйе  биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демократиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.

Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялылығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс. Билік қоғамдағы пікірдің өзгеруіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзгерістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостандығы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары болуы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жылжуы керек. Бірақ әлемде өзінің саяси жүйесін дамытудың шегіне жеткен, бұдан әрі даму мүмкіндігі жоқ деп айтатын ел жоқ. Өйткені, адамзаттың ерекшелігі сол, жақсы нәрсеге үйренген соң, одан да биік талап туындайды. Тұрмыста да, ғылымда да, саясат пен экономикада да сол.

Әрине, біздің қоғамның өзіндік ерекшелігі бар. Бізде еліміз егемендігін алып, қайта құру басталғанға дейін билікке талап қою тәжірибесі болған емес. Сонау патша дәуірінде де, кеңес дәуірінде де билік өз бетімен, қоғам өз бетімен өмір сүрді. Сондай-ақ қоғамның билікке әсер ететін тетіктері болған жоқ. Сайлаудың барлығы баламасыз сайлау болды. Мемлекеттігіміз қалыптасу кезеңінде тиімді  саяси жүйе іздеу – заңды құбылыс./6/

Егер саяси жүйе экономикада, шығармашылықта, саясатта, жалпы адамның кез келген еңбек ету саласында шынайы мықтыларды іріктеп алып, соларды көшбасшы ететіндей болса, барлық салада елдің бәсекелестік деңгейі өседі. Олай болмайтын болса, бәсекеге қабілеттілік төмендейді.

Негізі партия деген  сөздің өзі қоғамның бір бөлігі деген ұғымнан шыққан. Бөліну әртүрлі болады: әлеуметтік, кәсіптік, діни, жас мөлшерлігі, т.б. Ал партия деген – дәстүрлі қалып­тасқан саяси көзқарастар, саяси құндылықтар, бағдарламалар негізінде біріккен топтар. Олар қоғамға жалпы ел қандай бағытта дамуы керек деген идеялар ұсынады. Сол идеялардың, бағдарламалардың бүкіл қоғамға кедергісіз таралуына жағдай жасалса, қоғам өзі сол партиялардың ішінен ұнағанын таңдап алады. Өкінішке қарай, бізде әлі ондай жағдай жоқ. Тіпті, басқа күштерді былай қойғанда, Мемлекеттік комиссияға, басқа да отырыстарға қатысып жүрген біздің партияның шараларының, ұсыныстарының өзі кейбір мемлекеттік электрондық ақпарат құралдарында ешқашан көрсетілмейді. Бұл партиялардың арасындағы бәсекенің әділ еместігінің көрінісі. Әсіресе, мемлекеттік басылымдар, БАҚ бүкіл халықтың қаржысына ұсталатынын ескерсек, олар бүкіл партиялардың идеяларын Конституция аясында халыққа еркін жеткізуге тиісті. Сонда ғана әділ бәсекелестік  болмақ. Екіншіден, түрлі деңгейдегі әкімдіктер мықты партиялардың болуы мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі екенін түсінетін күн жетті. Жалпы, елдің ішінде саясатта әділ бәсекелестік болмаса, келешекте мықты саяси тұлғалардың шығуы да, ұлт мүддесін қорғау да қиын болады.

Егер кейбір партиялар теледидардан көрінбейтін болса, олардың ойлары халыққа жетпейтін болса, бұл ел әлеуетін шектеп, ұлт мүддесіне қайшы келеді. Мысалы, дамыған елдерді алсақ, қазір Франциядағы биліктегі партияда  Николя Саркази президенттіктен үміткер болып отыр. Ал Сиголен Роял деген әйел басқа партиядан үміткер, бірақ Францияның бүкіл теледидары сол Сиголен Роялдың да сөзін еш кедергісіз көрсетеді. Өйткені, сол арқылы ең мықты ойлардың халық мүддесі үшін жұмыс жасауына жағдай туғызылады.

Партиялардың  ықпалы мықты болуы үшін жалпы еліміздің саясатында қоғамдық пікірдің ықпалы күшті болуы керек. Ол үшін кез келген деңгейдегі сайлау әділ бәсекелестік түрінде таза өтуі тиіс. Бұл жағдайды қалыптастыру – билік тетіктерін ұстап отырған әрбір азаматтың парызы. Бізде әлі күнге дейін осыны түсінбейтіндер жеткілікті. Мен  алдыңғы жылы Шығыс Қазақстан облысының бір ауданында болғанымда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы айтты: “Міне, менің қолымда бір қап дәрі. Бұл өткен сайлаудан кейін пайда болды. Енді тағы бір сайлау өткізсем, инфаркт болатын шығармын. Өйткені, халықтың айтқанын жасайын десем, билікке ұнамайды. Биліктің айтқанын жасайын десем, жолдастарымның көзіне қарай алмаймын”. Егер осылай жалғаса беретін болса, көппартиялық жүйенің халыққа беретін мол мүмкіндігі пайдаланылмай қалады.

Сайлаудың мағынасы – таңдау. Талғам таңдау арқылы қалыптасады. Таңдау мүмкіндігі болса, халықтың саяси талғамы жетіледі. Партиялар халықтық таңдаудан өту үшін өздерінің қоғамды, экономиканы дамыту тұрғысынан жаңа, тың ұсыныстарын жасайды. Сол ұсыныстар бәсекеге салынып, тиімді шешімдер қабылдауға септігін тиізеді. Сондықтан партиялардың қаншалықты қолдауға ие екенін айту үшін, алдымен партиялар арасында әділ бәсекелестік болу керек. Екіншіден, елде үрей болмау керек. Мен басқа пікірдегі пар­тияны қолдасам, ертең жұмысымнан айырыламын, менің туыстарым жапа шегеді-ау деген қорқыныш болмау керек. Осындай жағдайда ғана кімнің шынайы қолдауға ие болғанын білуге мүмкіндік бар.

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі қызметі