Қоғамның саяси жүйесі қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ

Работа содержит 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі,КУРСАЧ.docx

— 96.67 Кб (Скачать)

Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Азаматтық қоғам мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз- дербестікке дамыту.

Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда «Азаматтық қоғам» бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру  үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды.

Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-баптың 1- тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (ІІ бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27- бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5- бап) және тағы юасқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық- азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде- мақсаты./1/

1.2САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.

Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табнушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.

Саяси жүйенің екінші түрі - дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы. Бұл еллдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы, таптардың , топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.

Саяси жүйенің үшінші түрі - ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс-конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.

Адам қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса да өмір сүрген.

Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежұзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл объективтік прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.

Сонымен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі қызметі