Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:46, курсовая работа

Описание работы

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................3

1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
1.1 Құқықтық нормалардың құрылымы............................................. 4
1.2 Құқықтық нормалардың жіктелуі..........................................12

2 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ
2.1 Құқық қолданудың негізгі сатылары.....................................14
2.2 Құқық нормаларын талқылау және оның түрлері...................20

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................

Работа содержит 1 файл

ТГП.doc

— 212.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Құқықтық нормалардың жіктелуі

 

Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады. Құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді. Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы, отбасы, әкімшілік, банк, сайлау, инвестиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық-құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып жіктеледі. Ал, құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

1. Міндеттейтін (диспозицияда көрсетілген)

2. Тыйым салатын (бұл да диспозицияда көрсетіледі)

3. Құқық беретін (көрсетілді)

1.   Дефинитивтік нормалар дегеніміз нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормаларда субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде, не мағынада көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі категорияларын анықтайды үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан Рсспубликасының құқықтық жүйесінде, құқық салаларында жиі кездеседі.[ Жоламан Қ. Д. - 230 б.]

Мысалы, Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы қылмыстық ұғымының мына анықтама мағынасында бекіткен: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық кауіпті әрекет(іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады»

«Неке және отбасы туралы заңның» 1-бабында емес жеке катынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен зандарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ», - деген дефинициямен берген.

5. Декларативтік нормаларда негізгі құқықтық идеялар жариялану мағынасында көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізуге кодекісінің 8-нормасында қыл-мыстық процестің барлық міндеттері былай деп жарияланған: «Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділсот талқылауы және қылмыстық занды қолдану болып табылады».

6. Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтык нормалар диспозитивтік, императивтік, мадақтайтын және ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі. Диспозитивтік нормалар субъектілергс өз тараптарынан құқықтары мен міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзіне асыруға мүмкіндік және құқықтык қатынастарға түскен жағдайда еркіндік тандау мінез-құлқы қамтамасыз етіледі. Мысалы, азаматтық құқықтың нормалары осы санатқа жатады. Императивтік нормалар қатаң сақталуды, орындалуы талап етеді және екі жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың нормалары императивтік болып саналады.

Мадақтайтын нормаларда құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-құлықтары қызметтерінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол аркылы субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады. Мысалы, бекітілген норма бойынша жазасын түзеу колониясында өтеп жүргендер үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Немесе адам көмбе тауып алған болса Қазақстан Рсспубликасының Азаматтық кодексі 247-бабының 2-тармағы мынандай марапаттайтын норманы бекітеді: «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуге тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу проценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы».

Сонымен қатар мемлекет жәнс құқық теориясында ұсыныстық нормаларда жиі пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Рес-публикасы Президенті қабылдаған жарлықтарында Үкіметке арнайы бір саланы рсттеуге қаулы қабылдау керек скеніне ұсыныс жасауы мүмкін.

Функциялары бойынша құқықтық нормалар реттейтін және құқық қорғайтын нормалар болып бөлінеді. Реттейтін нормалардың диспозицияларында құқықтық қатынасқа түскен субъектілердің құқықтары мен міндеттері бекітіліп, қоғамдық қатынастар реттеледі, шиеленістер мен қақтығыстар тәртіптік жүйеге түседі. Сатып алу, айырбас жасау, шартқа отыру, некеге тұру, мұрагерлікке ие болу, ипотека және т.б.

Құқық қорғайтын нормалар кұқық бұзушылыққа барған субъектілерге мемлекет атынан шара, күш колдану арқылы қол сұғылған, бұзылған құқықтарды орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функциясын атқарады. Құқық қорғайтын нормалар негізінде әкімшілік, қылмыстық кодекстің ерекше бөлімдерінің баптарында нақтылы мағынада бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ

2.1 Құқық қолданудың негізгі сатылары

 

Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қатынастарды реттеудің тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерді іс жүзіне асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан беру ең күрделі мәселелердің бірі. 1с жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек ғана жақсы тілек ретінде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды. Құқық нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы органдардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі алдына койған мақсаттары орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып жатса, онда олардың әрекеті және күші бар деген мағананы білдіреді. Ал, қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздік танытып жатса қағаз жүзінде қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор.

Құқық нормаларын іс жузіне асыру деп құқық субъектілерінің құқық нормаларының талаптарымен келісіп, құқыққа сай мінез-құлықтың қалыптасуы, адамдардың өздеріне жүктелген субъективтік қуқықтары мен құқықтық міндеттерін іс жүзіне асырудағы қызметтерін айтады.

Теорияда құқық нормаларын іс жүзіне асырудың негізінде төрт әдісі бар: сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.

Құқық нормаларын сақтау индивидтердін, субъектілердің мемлекет қабылдаған барлық нормативтік құқықтық кесімдерді саналы түрде сақтау. Адам өз тарапынан тыйым салатын және міндеттейтін құқықтық нормаларды сақтаулары тиіс. Сондай жағдайда ғана құқық нормалары іс жүзіне асады, құқық бұзушылыққа жол берілмейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы:

1.«Әркім Қазакстан Республикасының Конституциясын
және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бос-
тандықтарын, абыройы мен              ар-намысын              құрметтеуге міндетті».

1.   2.«Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» — деген норманы бекітеді.[ Баянов. 624 б ]

Бұл конституциялық норма аталмыш талаптарды сақтауға міндеттейді. Немесе, міндеттейтін нормаларды іс жүзіне асыру үшін субъект өз тарапынан, саналы түрдс белсенділік танытуы тиіс. [2]Мысалы, Азаматтық кодекстің 337-бабы «Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ереже нсгізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп соқтырады». Белсенділік танытпай кспілпұлды жазбаша жасалмаса, құқық нормасының талаптары сақталмаған болып табылады, берілген ақша қайтарылмайды.

Орындау арқылы құқық нормалары субъектінің белсенділігімен іс жүзіне асырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Кылмыстық іс жүргізу кодексінің 451-бабы орындау мәселесіне байланысты мынандай норманы бекітеді: «Үкім орындалғанға дейін іс бойынша төрағалық етуші немесе сот төрағасы қамауда ұсталып отырған сотталушының еріне (зайыбына), жақын туыстарына олардың өтініші бойынша сотталушымен жүздесу және телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігін беруге міндетті». Судья заң талаптарына сәйкес белсенді әрекет таныту аркылы сотталушының туыстарымен, бала-шағаларымен жүздесуіне барлык мүмкіндіктерді жасауы тиіс. Сонда ғана аталмыш құқықтық норма іс жүзіне асырылады, орындалады. Немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 647-нормасының 3-тармағы мынандай талаптарды орындауды міндеттейді: «Жасаулы әкімшілік қамауға әкеліп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа материалдары алынған күні, ал әкімшілік ұстауға ұшыраған адам жөнінде — ол ұсталған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей қаралады». Бұл жерде судья істің қаралу мерзімін қатаң орындауға бағыттауы тиіс, барлық кимыл-әрекетін норманы орындауы тиіс. Бапта көрсетілген міндеттерін орындалмаса, шағым бойынша жауапқа тартылады.

Сонымен қатар орындау арқылы жоғарғы органдардың төменгі сатыда тұрған органдарға берген нұсқаулары іс жүзіне асырылады. Құқықты іс жүзіне асырудың келесі әдістердің бірі — пайдалану. Пайдалану субъекттер заң, құқық нормалары бекіткен құқықтарын іс жүзіне асыру арқылы мақсаттарына жетеді, бұзылған нсмесе қол сұғылған игіліктерін қалпына келтіреді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтык кодексінің 260-бабы: «Меншік иесі өзгеден заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы». Бұл жерде меншік иесі өзінің меншікке деген иемдену, пайдалану билеу құқын пайдалану арқылы меншікті даулап алуға құқы бар. Немесе, Қазақстан Республикасы Конституциясының              57-нормасының              6-тармағы Парламенттің әр Палатасы, дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз... «депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға және Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне жүгінуге хақылы, егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдында Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы мәселені қайталап коюға хақылы. Мұндай жағдайларда Республика Президенті Үкімет  мүшесін қызметтен босатады».

Пайдалану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың әдісі ретінде оның субъектілеріне мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар да жатады.

Құқық нормаларын іс жүзіне асыруының төртінші әдісіне құқық нормаларын қолдану жатады. Адам құқық нормаларын өзіне-өзі қолдана алмайды. Құқықты қолдану мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға берілген құзыр. Сондықтан құқық нормаларын колдану оларды іс жүзіне асырудың тәсілі болып саналады. Тәжірибеде құқық қолдану мынандай ерекшеліктерге ие:

1. Құқық қолдану әркашанда арнайы өкілеттілікке ие бол-ған мемлекеттік органдардың (сот, прокуратура, полиция, әділет және т.б.) біліктілік қызметтері және функциялары арқылы іс жүзіне асырылады.

2. Құқық қолдану аркылы мемлекет субъектілердің құқық нормаларын сақтауға, орындауға міндеттейді, бұзылған, қол сұғылған құқықтар мен игіліктер қалпына келтіріледі.

3. Мемлекет құқық қолдану барысында тек ғана заңға бағы-нуы тиіс. Заң бұрмаланып қолданылған құқықтық нормалар адам құқықтарын аяққа таптауға және бассыздық пен заңсыз-дыққа әкеп соқтырады. Мысалы, құқық қолдану барысында қамауға алу, айыпкерге жасаған әрекетіне қатысы жоқ құқық нормасын телу, әділетсіз үкім шығару және т.б. әрекеттер. Сон-дықтан құқық қолдану құзырына ие болған мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың «саяси аппараттың қызметі жеке адамдардың қызметіне, беделіне негізделуге тиіс. Беделсіз жеке адамның мемлекеттік билік жүргізу құқы жоқ...мсмлекетті басқару арнайы кәсіби дайындықтан өткен, сауатты, беделі мол жеке адамдарға берілуі ең негізгі талап... Мемлекетті басқару аппаратты міндеттерін мүлтіксіз атқару үшін сол жүйенің лауа-зымды адамдары ең алдымен мемлекеттік, ұлттык мүддеге кіршіксіз таза көңілмен қызмет етуге тиіс. Жеке бастың пайда-сын ойлау, лауазымды мемлекеттік қызметті қара бастың қамы-на пайдалану — халыққа, мемлекеттік құрылымға қарсы жасал-ған және заң алдында жауапқа тартылуға тиісті зиянкестік».

Құқық қолдану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың ең маңызды тәсілдерінің бірі. Құқық қолдану күрделі процесс ретінде бірнеше сатылардан тұрады және оларға қойылатын та-лаптар өте зор. Құқық қолданудың бірнеше сатылардан өтуінің негізгі мақсаты істі, оқиғаны жан-жақты, терең мағынада ұғыну, зерттеу және сол арқылы қателіктер мен әділетсіздікке жол бермеу болып табылады. Құқық қолдану мынандай сатылардан тұрады.

Бірінші сатысы - қаралатын істі жан-жақты зерттеу, танып білу. Бұл сатыда құқық қолданатын орган болған жағдайларды

дәлелдер мен айғақтардың қорытындыларын зерттей келе жағ-дайлардың, болған оқиғалардың шынайы көрінісін жасау бо-лып табылады. Мысалы тергеуші прокурор, судья шағым, қозғ-алған іс бойынша болған істің мән-жайларын толыққанды дәрежеде зерттеп, материалдарды, алынған ақпараттарды салыстырмалы мағынада пайдалану барысында ақиқатты анықтайды. Бұл сатыда құқық қолданатын органдар мынадай мәселерге назар аударады:

Информация о работе Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері