Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:46, курсовая работа

Описание работы

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................3

1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
1.1 Құқықтық нормалардың құрылымы............................................. 4
1.2 Құқықтық нормалардың жіктелуі..........................................12

2 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ
2.1 Құқық қолданудың негізгі сатылары.....................................14
2.2 Құқық нормаларын талқылау және оның түрлері...................20

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................

Работа содержит 1 файл

ТГП.doc

— 212.50 Кб (Скачать)

1.                  Қаралып отырған іс сол органның құқықтық құзырына жата ма, әлде жатпай ма?

2.                  Істі зерттеу барысында лауазымды тұлға, мемлекеттік органдар тек заңдылық шсңберінде өз қызметтерін атқарулары тиіс. Заңды бұрмалау арқылы алынған айғақтар мен информациялар заңсыз деп танылуы тиіс.

3.                  Жан-жақты зерттеу құқық қолданатын лауазымды тұлғаға өте жауаптылықты жүктейді. Үстірт біржақты, немесе бұрма-лаушылық таныту арқылы қарау мемлекеттік органның халық алдында беделін түсіруге тікелей жол ашады, заңсыздық пен бассыздыққа әкеліп соқтырады.

4.                  Жасалған қорытындылар міндетті түрде дәлелдер негізінде нақтыланулары тиіс.

5.                  Қаралып отырған іс бойынша адам құқықтары қатаң сақ-талуы тиіс.

Екінші сатысы — қаралып отырған іске, оқиғаға, сол қаты-настарды реттейтін, корғайтын құқық нормасын табу және жа-салған әрекеттің квалификациясын дәлме-дәл беру. Бұл саты ең күрделі және құқық қолданатын лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардан асқан жауапкершілікті және білім-ділікті талап ететін сәт болып табылады. Мысалы, судья қылмыстық, немесе азаматтық істі қарау барысында субъектінің жасаған әрекеттерін реттейтін, немесе сол әрекеттің қандай құқық нормаларындағы диспозицияларға дәлме-дәл сай келетінін мұқият зерттеп, баға беру арқылы квалификациясын жа-сайды, яғни құқық қолданады.

Үшінші саты - құқық қолдану кесімін шығару. Кесім мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мәртебелері мен құқықтық жағдайларына байланысты жарлық, өкім, шешім, бұйрық, үкім болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті он бала туған ананы «Алтын алқа» орденімен марапаттау туралы Жарлық шығарады, немесе жұмыста қыдырымпаздық жасаған субъектке сөгіс, қатаң сөгіс, тіпті жұмыстан, қызметтен шығару туралы бұйрық шығарады, судья қылмыс жасаған адамға үкім шығарады. Аталмыш мысалдардың бәрі құқық қолдану кесімдері болып табылады.

Құқық қолданудың төртінші сатысы - кесімдерді іс жүзіне асыру, яғни олардың нақтылы мерзімде орындалуын қамтамасыз ету. Егер құқық қолдану кесімі іс жүзіне аспаса, орындалмаса бүкіл құқық қолдану процесінің қызметі зая кетеді, тек тілек ретінде қағаз жүзінде қалып қояды. Мысалы, судьяның шығарған үкімі, немесе қабылдаған шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс. Сотталған адам түрмеде жазасын өтейді, алимеит кесу туралы шығарылған судьяның шешімі мұқтаж болған балаға әкесінен, не шешесінен ақы берілуі тиіс.

Заң әдебиетінде құқық қолдану кесімдері негізінде екі түрге бөлінеді. Біріншісі - реттейтін және екіншісі құқық қорғайтын. Ретгейтін құқық қолдану кесімдері өмірдің барлық салаларын қамтиды және кең, ауқымды салалар мен қатынастарға әсер етеді. Атап айтқанда экономика, әлеуметтік, саяси, қатынастарды реттеу, дамыту сияқты мәселерге байланысты қолданылады. Мысалы, аудандық әкім Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде арнайы бір аудан аумағын экологиялық зардаптардан сақтау туралы шешім шығарады. Бұл құқық қолдану кесімі реттейтін түрге жатады.

Құқық қорғайтын кесімдерге негізінде құқық қорғайтын арнайы мемлекеттік органдардың (сот, прокуратура, ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік, полиция, тергеу) шығарған кесімдері жатады.

Кұқық қорғау органдарының тәжірибесінде кейбір жағдайларда өмірде болған жағдайлар, немесе құқықтық қатынасқа түскен субъектілердің мінез-құлықтары құқық нормаларымен реттелмеуі мүмкін. Себебі өмір кең болғандықтан заң шығаратын орган заңнамада адамдардың барлық қимыл-әрекеттерін қамти алмайды және құқық нормаларында бекітуіне мүмкіндігі жоқ. Қоғамдық қатынастар күрделі, шиеленісті, ауқымды, адамдардың саналық қызметтері мен әрекеттерінен қалыптасады. Бір әрекет бір әрекетке ұқсамайды, дара, ерекше сипаттарға ие. Жаңа қалыптасқан қоғамдық қатынастар құқықтық вакуумды қалыптастырады, жаңа құқықтық норманы қабылдауды талап етеді. Құқықтағы кемшіліктер мынандай себептерден қалыптасады:

1.                  Құқық жасайтын органдардың құқық нормаларын қабылдау кезінде заң ғылымының жетістіктерін ескермеу және оны пайдаланбау.

2.                  Лоббизмнің әсерінен, немесе оның тікелей ықпалынан, бір ғана топтың, мүдденің құқық нормаларында бекітілуі. Мысалы, бір заң жобасын парламентке бір партияның, мсмлекеттік органның тікелей ықпалымен, араласуымен және дспутаттарға әсер ету, қысым жасау арқылы қабылдануы.

3.                  Құқық нормаларының мәтінінің түсініксіз болуы, соның нәтижесінде құқық қолдану барысында түсінбеушіліктің пайда болып, бұрмалауға әкеліп соқтыруы.

Міне, осындай жағдайларда құқықтағы ксмшіліктерді толықтыру мәселесі туындайды. Мсмлекет және құқық теориясы кемшіліктерді толықтырудың екі түрін пайдаланады:

Біріншісі - заң аналогиясы (үқсастығы), екіншісі — құқық аналогиясы.

Заң аналогиясы дегеніміз өмірде болған жағдайлар мен оқигалардың құқық нормаларында көрсетілмегендігіне байланысты ұқсас норманы қолдану.

Мысалы. бір адам қоғамға қауіпті бір әрекет жасады, бірақ оның сол мінез-құлқы құқық нормаларында нақтылы бекітілмеген. Сондай жағдайда ұксас норма қолданылады. Бірақ, Қазакстан Рсспубликасының Конституциясының 77-бабының 10-тармағы: «Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді» деп атап көрсеткен. Бұл Конституциялык норма Қылмыстық кодекстің 9-бабында дәлме-дәл қайталанып берілген.

[3]Құқықтың аналогиясы дегеніміз нақтылы қаралып жатқан іс бойынша ұқсас құқықтық норманың жоқ болуына байланысты қабылданған құқұқтық қағидалар негізінде шешім қабылдау.

Жалпы теорияда құқық аналогиясын қолдануға жол берілмейді. Бұл көрініс негізінде жаңа қалыптасып, құрылып келе жатқан құқықтық жүйелерге тән қасиет. Мысалы, Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі жаңа құқық жүйесін қалыптастырғанға дейін құқық аналогиясын құқық қорғау органдардың тәжірибесінде жиі пайдаланды. Өркениетті, құқық жүйесі дамыған мемлекеттерде аналогияға жол берілмейді, адам құқын аяққа таптау, зандылықты өрескел бұрмалау болып саналады.

Мемлекет қабылдаған құқық нормалар қоғамдық қатынас-тарды реттеу барысында бірін-бірі қайталауы әбден мүмкін. Соның салдарынан оларды қолдану барысында шиеленісті қай-шылықтар тууы әбден ғажап емес. Теорияда заң коллизиясы деп бір қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқық-тық кесімдердің арасындағы қайшылықтарды айтады. Заң кол-лизиясы осы күнге дейін көптеген мемлекеттерде кездеседі. Оның негізгі себебі құқық жасау барысында құқықтық сауатсыздықтан туындайды. Жалпы қабылданған ереже бойынша зандар коллизиясы пайда болған жағдайда мынандай ереже қолданылады:

1.  Егер Конституция мен Парламент қабылданған заңдар арасында қайшылықтар пайда болса, Коиституцияның нормалары қолданылады. Негізгі заңның басқа нормативтік-құқықтық кесімдерге қарағанда ең жоғары күші бар.

2.  Егер заң мен заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық кесімдердің арасында қайшылықтар туса, заң іс жүзіне асырылады, қолданылады. Мысалы, Қазақстан Респуб-ликасының Президентінің шығарған жарлығы Парламент қабылдаған заңға қайшы келген болса, заң қолданылады.

3.  Құқықтық мәртебесі жағынан төмен тұрған органның шығарған кесімдері жоғары органдардың нормативтік құқық-тық кесімдеріне қайшы келетін болса, жоғарғы органнын шы-ғарған кесімдері қолданылады.

4.  Әр кезде бір органмен қабылданған кесімдер арасында қайшылықтар туған болса, соңғы қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер иайдаланылады. Бұл ежелгі Рим құқы қалыптастырған ереже. «Lex posterior derogat priori (Лекс тостэриор дэрогат приори» - кешірек қабылданған заңмен ерте қабылданған заң жоққа шығарылады).

5.  Егер бір орган қабылданған нормативтік-құқықтық кесімдер арасында қайшылықтар пайда болса, жалпы кесім емес, арнайы қабылданған кесімдер қолданылады. Бұл туралы Рим заңгерлері: «Lex specialis derogat generali» — арнайы заң жалпы заңның қолдануын жоққа шығарады» (лекс спэциалис дэрогат гэнэрали).

6.  Егер жалпы және арнайы нормативтік құқықтық кесімдер арасында қайшылықтар туса және олар әр түрлі органдармен қабылданған болса,               жалпы               кесім қолданылады.Сонымен қатар мемлекет және құқық теориясында құқық нормаларының бәсекелестігі деген мәселе бар. Бұл туралы академик В.Н.Кудрявцев былай дейді: «Құқықтанушылар екі норма бір мағынадағы ережені бекіткенде «нормалар бәсекелестігі» дегенді айтады. Кейбір жағдайда бұл пайдалы. Бірақ, кейде басқаша болады: жаңа нормалар іс жүзіндегі нормалар жүйесін еске алмай қабылданады». Жалпы құқық қорғау органдарының тәжірибесінде құқық бәсекелестігі сирек кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Құқық нормаларын талқылау  және оның түрлері

 

2.   Құқық нормалары мемлекеттің бекіткен әмірі ретінде Құқықтық қатынас субъектілерінің мінез-құлыктарының жалпы сипаттамаларын жол-жора, ереже ретінде ғана айқындайды. Себебі, жеке тұлғалар мен занды түлғалардың өмірде жасалатын барлық іс-әрекеттерін құқық нормаларына сиғызу мүмкін емес. Мысалы, ұрлық құдайдың құтты күні сан алуан түрде, әр түрлі сипатта жасалынады. Түнде, күндіз және заттар үйден, қоймалардан, калтадан, гараждан, мейманханадан, автомобильден, магазиннен, базардан ұрланады. Заң шығарушы орган ұрлықтың құрамының барлық сипаттамаларын құқықтық нормада бекітпейді тек нағыз мазмұнын, қоғамға қауіпті ерекше сипаттарын ғана белгілейді. Объективтік жағынан ұрлық тек кана «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген іс-әрекетті бекіткен. Адамды жауапқа тартуға біреудің мүлкін жасырын ұрлағаны жеткілікті. Ал, қай жерден, кімнің мүлкі екені көрсетілмейді. Бір сөзбен айтқанда заң шығарушы органның құқық нормаларында субъектілерінің бекітілген мінез-кұлықтарын толыққанды, терең түсіну үшін әділетті мағынада іс жүзіне асыру және дұрыс қолдану үшін оларды талкылау кажет. Бұл процесс ойлау арқылы болады және соның нәтижесінде құқық нормасының мәні айқындалады. Жалпы құқық нормаларын талқылаудың тарихына көз жүгіртетін болсак заңның нормаларын, оның сөздік мәнін түсіндіруге тыйым салынғанын аңғарамыз. Кезінде Юстиниан, Пий IV, Наполеон I, Ш.Л.Монтескье, Ч.Беккарна сияқты ірі кайраткерлер заңға түсінік беріп, оны талкылауға тыйым салуды талап еткен. Олардың ойынша мұндай әрекеттер заңның мазмұнын бүрмалауға әкеп соқтырып, заңсыздыққа тікелей жол ашады.[ Баққұлов С.  -248 б.]

Ойлау барысында талкылаушы субъект алдына мынандай сұрақтар кояды:

1. Құқық нормасының мазмұны не?

2. Оның мақсаты не, кандай талаптарды іс жүзіне асыруға бағытгалған?

3. Құқықтық норманы іс жүзіне асыруда мемлекет қандай мақсат көздейді?

4. Құқық нормасы дұрыс қолданыла ма, жоқ па?

Түсінік беруші субъекі аталмыш сұрақтарға жауап беру үшін заң әдебиеттерін оқиды, сот практикасын таиып біледі, ғалым-дардан кеңес сүрайды. Сондай әрекеттердің нәтижесінде құқық нормасы жан-жақты талқыланады, құқықты дұрыс, әділетті қолдануға мүмкіндіктер жасалады.

Құқық нормаларын талқылау деп заң шығарушы органның қуқық нормаларында бекіткен еркін, мазмунын ұғынуға, тусіндіруге ба-гытталган субьектілердің қызметтерін айтады.

Талқылау құқық колданудыңең маңызды және жауапты сатыларының бірі болып табылады, ол арқылы құқық нормалары іс жүзіне асырылады. Талқылаудың өзінің мазмұны бар және оның кейбір жақтары негізінде екі үғыммен қамтылады: ұғыну және түсіндіру.

Ұғыну — субъектінің ойлау процесінің жемісі, құқық нормасын түсінудегі қорытынды пікірі. Ұғыну толғаныс, күйзеліс арқылы қалыптасады, тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде логикалық заңның күшімен тексерілген, дүрыс қорытынды туындайды.

Түсіндіру — интерпретатордың құқық нормасын дұрыс қолданудың мазмұнын айқындап, ашып көрсетуі. Түсіндіру — тек ғана ұғынудан кейін болатын саты. Алдымен ұғып алып, содан кейін ғана түсіндіруге болады. Ұғынусыз түсіндіру болмайды.

Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар.

1. Субъектілері бойынша құқық нормаларын талқылау ресми және ресми емес болып екі түрге болінеді.

1.Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субъектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы кұқықтык кесім аркылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талкылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық норманы колдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада үғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда кателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді.

2. Нормативтік талқылауда құқықтық норманы талқылаған түсініктің өзі бәріне міндетті нормаға айналады, көп рет қолдануға мүмкіндіктер туады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы заңында» заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылдаған органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар нормативтік талқылаудын субъектісі болып әділсот органдары, атап айтқанда Қазақстан Республикасыиың Жоғарғы Соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар мен заңға сәйкес кабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге түсініктеме береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 81-бабында: Қазакстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі Жоғарғы Сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысанасында олардың кызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады», — деп атап көрсетілген.

3. Казуальдық талқылау нақтылы қаралған іс бойынша қолданылатын құқық нормаға түсінік беру. Мұндай талқылау негізінде құқық колдану барысында арнайы құзырға ие органдардың шешімдері мен соттардың үкімдерінен, шешімдерінен өздерінің көріністерін табады, соттық және әкімшілік болып екі түрге бөлінеді.

II. Ресми емес талқылау заң күші жоқ, құқық нормаларын іс жүзіне асыруда құқық субъектілеріне міндетті емес түсінік беру. Мұндай талқылау кеңес берумен ғана шектеледі. Ресми емес талқылау мемлекет және құқық теориясында үш түрге бөлінеді: кәдімгі, кәсіби және доктриналдық.

Информация о работе Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері