Құқықтың шығу тарихы Қазіргі заман құқығының айырмащылықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 19:22, курсовая работа

Описание работы

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Содержание

Кіріспе
1.Құқықтың түсінігі , сипаты
2.Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні
3.Құқық салалары:
Конституциялық құқық
әкімшілік құқық
Қаржы құқығы
Еңбек құқығы
Отбасы құқығы
Қылмыстық құқық
Экологиялық құқық
Азаматтық құқық
Азаматтық ісжүргізу құқығы
Халықаралық құқық
4.Қорытынды

Работа содержит 1 файл

кукык тусиниги.doc

— 182.00 Кб (Скачать)

          Қоғамдық қатынастар жүйесінде құқықтық әлеуметтік ережелердің дамуы, қоғамдық тәртіпті қолдау, тілек-талаптарды реттеуші сала, ретінде талданады.

             Ол құқықты, құқықтық сананы және құықтық шығармашылықты қалыптастыру үдерісі ретіндежәне құқықтық, юридикалық ережелерді қоғамның барлық деңгейінде әлеуметтік тәртіпке айналдыру үдерісі ретінде қарастырылады. Осыларға орай жалпы құқық деген не, оны әлеуметтік тұрғыдан қалай түсіну керек, деген заңды сұрақтар туады. Жоғарыда көрсетілгендей, құқық – алуан түрлі нормалардың (ережелердің), бұйрық-жарлықтардың, талап-тілектердің жиынтығы.

        «Норма» деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол ереже (яғни, мөлшер, шама деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда «ереже» сөзі басқарушы деген жалпылама мағынада қолданылады.

             Әлеументтік ереже дегеніміз, белгілі бір адамдар ұжымының мүддесін көздей отырып жасалған және бекітілген әрі адамдардың бір-біріне өзара қатынасының тиісті тәртібі .Бұл тиісті ,міндетті тәртіп қоғам тарапынан жасалған алуан түрлі іс-шаралармен қорғалып ,сақталынып отырады.

          Құқықтық ереже әлеументтік ереженің бір түрі. Құқықтық нормаға әлеументтік норманың барлық белгілері ,қасиеттері кірген.Сондықтан құқықтық ереже әлеументтік ережені қайталап отырады .Бұл екеуінің арақатынасы бүтін мен жартыға тең  Сонымен ,жоғарыда көрсетілгендей ,құқық ережесі дегеніміз ,мемлекет шығарған және бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отырылатын жалпыға бірдей мінез-құлық тәртібінің ережелер жиынтығы.

          Құқықтық ереженің сапалы болуы, оны жасайтын адамның өрісімен танымына,мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі – мемлекет. Сондықтан құқықтық ережелер жалпыға бірдей міндетті, тиісті тәртіп бола отырып, қоғамдағы адамдардан, олардың алуан түрлітаптары мен топтарына, жіктерінен оны бұзбауды, сақтауды, орындауды, қорғауды,талап етеді. Жалпыға міндетті ережелерге айнала отырып, құқық ережесі әлденеше құбылыс, үдерістермен ықпалдасып, қайталанып отыратын қоғамдық қатынастармен байланыста болады. осықайталанатын қатынастар, бір жағынан құқық ережесімен реттеліп отырса, екінші жағынан қайталанатын қатынастар құқық ережелерін жалпыға міндетті ережеге айналдырады.

         Құқықтық ережелерді орындамаушылық, тәртіп бұзушылыққа қарсы мемлект тарпынан еріксіз, мәжбүр ету, т.б. шаралары қолданылады.

            Сонымен, өзінің түрі жағынан құқық – бұл ережелер жүйесі, ол мемлекеттің белгілеп орнатуы, көндіруі немесе санкциясыарқылыжүзеге асыралып отырады.

          Құқықтық және нақтылы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін айыра білу қажет, өйткені, қоғамдағы ережелер (нормалардың) ондағы индивидтердің (адамдардың), әлеуметтік топтардың, жіктердің мұң-мұқтажы, талап-тілектерінің жанама түрде байланысты болады, ал ресми қабылданған құқықтық ереже (норма) қоғамда құқық жүйесінің жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден бір шарт болып есептеледі.

           Алуан түрлі мекемелердің, ұйымдардың әлеуметтік топтардың, индивидтердің, т.б. әр қайсысының өзіне тән, ерекше талап-тілегі, мұң-

мұқтажы, мүддесі болғандықтан қоғам әр қилы “Әлеуметтік кеңістіктегі” күштердің  жиынтығынан тұрады десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан бұлардың әр қайсысы әлеуметтік өмірде әр түрлі орында, ортада, жағдайда болып, әлеуметтік ресурстарда (мысалы, экономикада, саясатта, өнерде, т.б.) теңсіздікте болады. Әлеуметтік ресурстардың негізгі бір түрі “құқықтық ресурс” деп аталады. Осыған байланысты әлеуметтанушы мынындай мәселеге ерекше назар аударуы мүмкін. Қандай кезеңдерде немесе жағдайларда болмасын, кейбір әлеуметтік жағдайы біршамиа жоғары және көптеген әлеуметтік ресурстармен қамтамасыз етілген жеке адамдар мен топтар әрекет, қызмет етіп отырған құқықтық ережелерді (нормаларды) шектеуге мүмкіншіліктері бар ма, қолданыстағы, яғни, олардың жұмысын біршама тоқтата ала ма немесе кейбір құқық ережесі (нормасы) басқа бір адамдардың, топтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне қарсы тұрып, кедергі келтіре ала ма немесе қоғамда жоғары тұрған адам немесе топ бола ма, т.б.

          Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелердің (нормалардың) жиынтығы десек, онда құқық таза (яғни, юриспруденция) ғылымына жатады да әлеуметтік сипаты болмайды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.Құқық  салалары 

           Құқық саласы-өздерінің реттейтін біртектес қоғамдық қатынастардың ортақ болуы арқылы біріккен құқықтық нормалар мен институттардың бөлектенген тобы.Сондықтан оларды жіктеп,дербес топтарға бөлу қажет.

       Мемлекеттік немесе конституциялық құқық –құқықтың жетекші саласы болып табылады.Конституциялық құқық-Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылысы мен саясатының ,Қазақстан азаматарының құқықтық жағдайын,бостандықтары мен міндеттерін,Қазақстанның мемлекеттік органдарының жүйесін бекітетін мемлекеттік –құқықтық нормалардың жиынтығын құрайды.

         ХХI-ғасырдың бірінші он жылдығы Қазақстанда конституциялық құрылыстың жаңа кезеңімен атап өтілді. 2007 жылғы 21 мамырда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданып, онда ел үшін қағидаттық маңызды жаңалықтар жарияланды. Бұл ретте уақыт тезінен өткен мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық үлгісінің өлшемдері негізінен сақталды.

         Конституциялық реформа барысында осы үлгі аясында Парламент палаталарының рөлі мен ықпалын арттырған билік қатынастарының жүйесі жаңғыртылды, олар бүгінде мемлекеттегі істің жай-күйіне бұрынғыдан да үлкен жауапкершілік алады.

           Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы, мемлекет пен қоғам қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және қоғамдық институттардың неғұрлым белсенді өзара іс-қимылына конституциялық тыйымдар мен шектеулер алып тасталды, бүгінде біздің елдің ішкі жағдайы мен қажеттіліктеріне толықтай сай келетін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жаңартылды.

        Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдардың өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстармен ғана шектелді, бұл Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын білдіреді. Соттың қамауға алуға санкция беруі енгізілді, прокуратура мен соттың тергеу жүргізу мүмкіндігіне конституциялық тыйым алып тасталды.

          Жүргізілген реформа осылайша мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Конституцияда танылған осы жүйелі шешімдердің барлығы Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасында одан әрі іске асуға тиіс.

            Норма түзушілік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары бөлігінде одан әрі топтастыру; оны ескірген және қайталама нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толықтыру, қолданыстағы құқықтағы ішкі қайшылықтарды жою; заңдардағы сілтеме нормаларда анық баяндалуы керек. Конституцияға сәйкес заңнамалық актілер қабылдана алатын мәселелер тобы шеңберінде тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Нормативтік құқықтық актілерді бағалаудың халықаралық  стандарттары енгізілетін болады, бұл  азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің  мүдделерін неғұрлым толық ескеруге, құқық нормаларының тиімділігін, үнемділігін және ұтымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

          Мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігері елдің Негізгі заңының барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге асырылуы төңірегінде шоғырлануы тиіс.

Заңнаманы жетілдіру процесінде және құқық  қолдану қызметі барысында Конституцияның үстемдік принциптерін және төменгі  деңгейдегі актілердің жоғары деңгейдегі актілердің нормаларына сәйкестігін  бұлжытпай сақтау қажет.

          Елдегі заңдылық режимін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен қоса қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың қарышты дамуын да қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет. Құқықтық саясатқа кешенді көзқарас барлық нормативтік-құқықтық базаны мемлекет дамуының жалпы стратегиясы тұрғысында, оның ішінде нәтижелілік, ашықтық және есептілік принциптерінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасау жөнінен жаңғыртуға мүмкіндік береді.

              Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінін нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жал-пы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.

           Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

. Конституциялық  құқық пәнін білмейінше оның  нормаларын қолдану саласында  анықтау мүмкін емес. Өйткені,  нақты құқықтық әрекеттерді 

талдау  кезінде, ең алдымен қай саланың  нормасын қолдану қажеттігін анықтап  алу керек. Ал ол үшін, реттеудін, нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

          Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

         Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтын реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей: 1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету әдісі; 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституциясынын, 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.

          Конституциялық құкықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады.

            Әкімшілік құқық-мемлекттің басқару аясында мемлекет органдарын ұйымдастыру және олардың атқарушы-өкім ету қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді,жергілікті басқару органдарының  құрылымы мен күзіретін белгілейді.

Осылайша, прокурорлық қадағалаумен қатар атқарушы биліктің уәкілетті лауазымды тұлғаларының заңда көзделген әкімшілік мәжбүрлеу шаралары жағдайларын қолдана отырып, бағынысты емес субъектілерге – азаматтар мен ұйымдарға қатысты жүзеге асыратын, әкімшілік заңнамамен реттелетін қызмет салаларындағы заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету мақсатындағы әкімшілік қадағалаудың болуы заңдылық.

        Яғни азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қатаң сақтау кезіндегі әкімшілік қадағалаудың міндеті әкімшілік құқықтық режимді сақтауды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдірудің перспективалы бағыттары:

- бақылау-қадағалау  органдарының жүйесін оңтайландырумен;

- кәсіпкерлерге  ғана емес, сонымен қатар құқықтың  басқа да субъектілеріне қатысты  бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің ауқымын реттеумен және қысқартумен;

- әкімшілік-қадағалау  қызметін құқықтық реттеу деңгейін  арттырумен байланысты.

        Мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастар да әкімшілік құқықты реттеудің нысаны болып табылады. Оның дамуының басым бағыттар ретінде: 

- мемлекеттік  саяси және әкімшілік қызметтің  аражігін неғұрлым нақты ажырату;  

- мемлекеттік  қызметте адам ресурстарын басқарудың  жаңа институттарын қалыптастыру  және жұмыс істеп тұрғандарын  жаңғырту; 

- мемлекеттік  қызметке кәсіби және жеке  сипаттары негізінде іріктеудің жаңа әдістерін енгізу; 

- еңбекке  ақы төлеудің және ынталандырудың  жаңа принциптерін енгізу; 

- мемлекеттік  қызметшілердің түпкілікті нәтижеге  бағдарланған қызметін бағалаудың  қазіргі заманғы жүйесін енгізу  күтіледі.

Информация о работе Құқықтың шығу тарихы Қазіргі заман құқығының айырмащылықтары