ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

ҚР кеден баждары.doc

— 897.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

КІРІСПЕ            3

1 ТАРАУ Қазақстан  Республикасында  кеден баждарын  төлеуді 

кедендік  бақылаудың теориялық, құқықтық және

ұйымдастырушылық  негіздері

1.1 Кедендік бақылаудың  болмысы, принциптері, 

мақсаттары  мен міндеттері         5

1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы  16 

2 ТАРАУ Кеден баждарын  төлеуді бақылау  тәжірибесі

2.1 Кеден баждарын  төлеуді бақылау механизмі     34

2.2 Жылдар бойынша  және жеке баждар  бойынша кеден  төлемдерін

бақылау нәтижелері          55 

3 ТАРАУ  ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді

бақылау тиімділігін арттыру  ресурстары      

3.1 Кеден баждарын  төлемеу қаупін  төмендетуді есепке  ала отырып

кеден тарифтерін қалыптастыру        58

3.2 Халықаралық стандарттар  негізінде кеден  баждарын төлеуді

кедендік  бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру    75 

ҚОРЫТЫНДЫ           89 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ     92 

ҚОСЫМШАЛАР 
 

    КІРІСПЕ 

    Қазақстанда қайта құру кезеңінің  басында жарияланған  ашық экономиканы  құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды. Сонымен қатар, тарифтер мен сауда бойынша Бас Келісімінің (ТСБК) “уругвайлық” раунд нәтижесінде біршама жаңартылған көпқырлы халықаралық сауда жүйесіне негізделген әлемдік шаруашылық қатынастарының жаңа глобальды құрылымының қалыптасу процесі ары қарай дамуда және  жеделдетілуде. Бұл процеске Қазақстанның қатысуын абстракциялау оның онсыз да күрделі жағдайын шиеленістіріп жібереді. Сондықтан да елде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформа аясында ең басты міндеттердің бірі болып Қазақстанның ДСҰ-на кіруі саналады.

    ҚР  бұл жолда қандай болашақ күтіп  тұр, қандай мәселелер мен теріс үрдістерді қабылдау немесе алдын алу қажет, сондай-ақ бұның бәрі республиканың ауыл шаруашылығына қалайша әсер етеді? Осы және басқа да сұрақтарға жауап беру мақсатында осы жұмыс жазылып отыр.

    Дипломдық жұмыстың көкейкестігі Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылауды ұйымдастырудың ДСҰ мүше-елдеріндегі кедендік бақылаумен салыстырғанда әлі де дамымағандығында және жетілмегендігінде болып отыр. ҚР кедендік жүйесі даму сатысында: бұл кедендік бақылау логистикасының жетілдірілуі әрі бақылаудың жаңа технологияларының енгізілуі, кадрлық саясат, құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестік және т.б.

    Жұмыстың  тәжірибелік құндылығы: дипломдық жоба экономикалық факультет студенттері  үшін негізгі әрі  қосымша материал бола алады.

    Дипломдық зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылау жүйесін зерттеу болып табылады. Қойылған мақсат келесі міндеттерді шешуге негізделген дипломдық жұмыстың мазмұнын анықтайды:

    - кедендік ресімдеуге  дейінгі, ресімдеу  кезіндегі және  одан кейінгі кедендік бақылаудың теориялық мәні мен болмысын қарастыру;

    - ДСҰ кіру жағдайындағы  кедендік бақылаудың  қалыптастырылуын  қарастыру;

    - кедендік органдар  алдында тұрған  кедендік бақылаудың  тиімді жүйесін  қалыптастыру жөніндегі  міндеттерді игеру.

    Дипломдық жұмысты жазу кезінде монографиялар, оқу құралдары, мерзімдік баспасөздер, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің (бұдан былай – ҚР ҚМ КБК) тоқсандық және жылдық есептері пайдаланылды.

    Зерттеу пәні – Қазақстан  Республикасындағы кедендік бақылау жүйесі.

    Зерттеу нысанасы болып ҚР ҚМ КБК табылады.

    Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен (3 тараудан және 6 бөлімшеден тұратын), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан  тұрады. 
 
 
 
 
 
 

1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері 

1.1 Кедендік бақылау  болмысы, принциптері,  мақсаттары мен  міндеттері

          Кедендік бақылау – орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендік іс және халықаралық шарттар жөніндегі заңдарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік органдарының жүзеге асыратын іс-шараларының жиынтығы.

      Кедендік бақылау кедендік істі тәжірибеде іске асырудың басты құралы ретінде, сондай-ақ мемлекеттік кедендік саясатын жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылады.

      Кедендік  бақылаудың негізгі  мақсаты – түрлі  тексерулер көмегімен  өткізілген операциялар  мен әрекеттердің кедендік заңдарға сай болуын, кедендік қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалардың белгіленген кедендік ережелер мен процедураларды орындауын анықтау.

      Кедендік  бақылауға кедендік режимге сәйкес, Қазақстан  Республикасының  кедендік шекарасы арқылы өткізілген барлық тауарлар мен көлік құралдары жатқызылады.

      Кедендік  бақылау әкелуде  – тауармен (көлік  құралымен) Қазақстан  Республикасының  шекарасынан өту  сәтінен; әкетуде  – кедендік декларацияны қабылдау сәтінен  басталады.

      Кедендік  бақылау әкелуде  – тауарлар мен көлік құралдарын шығару сәтінде; әкетуде – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту сәтінде аяқталады.

      Кедендік  органдардың көлік  құралдарын мәжбүрлі түрде тоқтатуға, шетелдік кемелер  мен басқа мемлекеттер  аумағында орналасқан кемелерден басқа, кедендік органдардың рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан өткен теңіз, өзен және әуе кемелерін қайтаруға құқығы бар.

      Кедендік  бақылауды Қазақстан  Республикасының  кедендік органдарының лауазымдық тұлғалары  жүргізеді және былайша жіктеледі:

      тауарларды (импорттық, экспорттық, транзиттік) кедендік бақылау;

      көлік құралдарын (теңіз, өзен және әуе кемелерін, темір жол құрамдарын, автокөлік құралдарын) кедендік бақылау.

      Тауарлар  мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының  кедендік шекарасынан өткізетін тұлғалар кедендік органдарға кедендік бақылауға қажетті құжаттар мен мәліметтер беруі қажет, ал кедендік органның лауазымдық тұлғасы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы қосымша мәліметтерді талап етуге құқылы.

      Тауарлар мен көлік құралдары құжаттарын тексеру олардың қолданыстағы кедендік іс ережелеріне сай болуында және олардың толығымен қалыптасуын белгілеуде болып отыр. Кедендік мақсаттарға арналған құжаттар өздерінің тағайындалуына байланысты келесі топтарға: көлік, сауда, кедендік және т.б.топтарға енгізілуі мүмкін.

      Көлік құжаттарына тауарларды темір жол, автомобиль, су, әуе көліктері  арқылы кедендік шекарадан  өткізетін жөнелтпе құжаттары, коносаменттер, вагон парақтары, жүк түбертектері, тапсыру тізімдемелері  және басқалар жатады.

      Сауда құжаттарына: тауар  жабдықтаушыларының жасаған келісім-шарттары, шот-фактуралары, спецификациялары, инвойстары, буып-түю  құжаттары және басқалар жатады.

      Кедендік  құжаттарды кедендік органдардың лауазымды  тұлғалары береді және куәландырады – бұлар кедендік декларациялар, жеткізуді бақылау құжаттары, кедендік мөрі мен поломбасы басылған тауарларды тасымалдау үшін көлік құралдарын (контейнерлерді) жіберу туралы куәліктер, әр түрлі лицензиялар және біліктілік аттестаттары және басқалар.

      Кедендік  бақылауға қажетті  басқа құжаттар: сапа сертификаттары, тауардың шығу тегі, әскери рұқсаттамалар, сыртқы экономикалық қызметтпен айналысуға құқық беретін  құрылтайшы құжаттар және басқалар.

      Кедендік  бақылау кедендік органдар орналасқан жерлерде құрылған кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады. Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау күндіз және түнгі уақытта, Қазақстан Республикасы аумағындағы сүрлеу және айналым жолдарына тірелген шекаралық кедендік постылар мен рұқсаттама пунктілерінің дисклокация межесі бойынша кедендік шекараны бойлай жүргізіледі.

      Егер  орындалуын бақылау  Қазақстан Республикасының  кекдендік органдарға жүктелген заңдар бұзылатын болса, онда тауарлар мен  көлік құралдарының шығарылуына байланысты оларға кедендік бақылау кез келген уақытта жүргізіледі.

      Кедендік  бақылау – бұл  тәжірибеде қолдануда  бір-бірімен өзара  байланысты және ұқыпты зерделеуді қажет  ететін белгіленген  ережелер, әдістер  мен формалар бойынша  жүзеге асырылатын процедура.

      Темір жол тасымалдарын кедендік бақылау.

      Халықаралық теміржол жүгі хабарламасы  туралы келісімінің 11 бабына сәйкес, тауарларды кедендік бақылауға  алып, теміржол көлігімен  тасымалдауда темір  жол жөнелтпе құжатына жүктің жол бойғы  кедендік ережелердің  орындалуына қажетті  ілеспе құжаттары қосымша берілуі тиіс. Кедендік жөнелту органдары кедендік бақылау мақсатындағы тасымалданатын тауарларды идентификациялауға мүмкіндік беретін көліктік және тауарға ілеспе құжаттарды міндетті түрде талап етеді.

      Қажетті құжаттарды ұсынбаған  жағдайда кедендік жөнелту органдары жекелеген жағдайларда шекаралық теміржол станцияларында тасымалдаушы құралдарды кідіртуге немесе оларды ҚР кедендік шекара шегіне қайтаруға құқылы.

      Жүкті теміржол көлігімен  жеткізуде ресімделетін негізгі тауар  көліктік құжаты болып теміржол жөнелтпе құжаты саналады.

      Темір жол жөнелтпе құжаттары  мынадай мәліметтерден  тұрады:

      жүк алушы мен жүк  жөнелтушінің атауы  мен мекен-жайы;

      тасымалдаушының реквизиттері;

      жүкті тиеу және түсіру орны мен уақыты;

      жүк атауы, орын саны; буып-түю түрі, таңбалау, көлемі, жалпы салмағы;

      қосымша құжаттар;

      жеткізу шарты;

      жүктің  құны;

      жөнелтпе  құжатының ресімделу  уақыты және орны.

      Тауарларды  теміржол көлігімен  жеткізуде, акциздік тауарлардың жекелеген  түрлеріне қатысты  ҚР ҚМ КБК белгілеген жағдайларды есептемегенде, кедендік баждар мен салықтар талап етілмейді.

      Мемлекеттік теміржол кедендік тасымалдаушы құқығына ие. Тауарлар темір жолдар арқылы вагондарда (контейнерлерде) Жүктерді тасымалдау ережелері және Халықаралық  теміржол жүгі хабарламасы  туралы келісімге сәйкес  кедендік бақылау жүргізу арқылы тасымалданады.

      КЖД құрам бір ғана алушының мекен-жайына бағытталған жағдайда, оның жөнелтпе құжаттарының санына қарамастан, көлік құралдарының құрамына толтырыла алады.

      Жөнелту теміржол станциясы міндетті түрде КЖД немесе транзиттік декларацияда станцияның жауапты жұмыскерінің қолымен куәландырылған станцияның мөртабаны болуы қажет.

      Теміржол  көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу  орындары межелі станциялар болып табылады. Межелі станцияларға жеткізілген тауарларды кедендік ресімдеу олардың уақытша сақтау тұрақтарында немесе ондай қоймаларға тұрағы болмаған жағдайда, кедендік органның рұқсатымен кәсіпорынның кірме жолдарында жүргізіледі.

      Кедендік  органдар ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін  тауарлар мен көлік құралдарына таңдаулы түрде кедендік тексеру жүргізеді. Тауарларды жүк иелеріне теміржол қызметкерлері тек кедендік органның импорттық-экспорттық операциялар бөлімінің лауазымдық тұлғасының рұқсатымен ғана қайтара алады.

Информация о работе ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары