ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

ҚР кеден баждары.doc

— 897.50 Кб (Скачать)

      Теміржол  көлігімен тасымалданатын тауарларды әкетуде межелі теміржол станциясы болып ҚР аумағынан тауарларды шығарудағы шекаралық теміржол станциясы саналады. Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды транзиттеуде жөнелту теміржол станциясы болып ҚР аумағынан тауарларды шығарудағы шекаралық теміржол станциясы саналады, ал межелі теміржол станциясы - ҚР аумағынан тауарларды шығарудағы шекаралық теміржол станциясы саналады.

      Теміржол  көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды ҚР кедендік аумағынан  әкетуде “Қазақстан теміржолы” АМК құрылымдары транзиттік тауарларды кедендік ресімдеу үшін бір тауар партиясына 14 доллар көлемінде алым салады.

      Теміржол  көлігімен тасымалданатын тауарлардың акциздік тобына кедендік бақылауды  күшейту мақсатында ҚР кедендік аумағына рұқсаттама кедендік орган депозитіне кедендік төлемдер мен салықтарды төлегенннен кейін ғана беріледі.

      Автотасымалды кедендік бақылау

      ҚР  әкелінетін тауарлар мен көлік құралдары  еркін айналымға  жіреле алады, әкелу  орнындағы кедендік режим бойынша  орналастырылады  немесе межелі кеденге кедендік бақылау арқылы жеткізу талаптарына сай кедендік ресімдеуге жіберіледі.

      ҚР  әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу кедендік бақылау арқылы жеткізу  талаптарына сай  жүзеге асырылады.

      Жеткізу кезінде кез-келген жағдайда жүргізушінің өзінде тауардың ілеспе құжаттары болуы керек:

      тауар партиясына шот-фактура (инвойс);

      тауардың  ілеспе құжаты.

      Жүкті автомобиль көлігімен  жеткізуде толтырылған  тауардың ілеспе құжаттарының ең негізгісі болып, мына мәлеметтерден  тұратын автомобиль жөнелтпе құжаты (СМR) табылады:

      жүк алушы мен жүк  жөнелтушінің атауы  мен мекен-жайы;

      тасымалдаушының реквизиттері;

      жүкті тиеу және түсіру орны мен уақыты;

      жүк атауы, орын саны; буып-түю  түрі, таңбалау, көлемі, жалпы салмағы;

      қосымша құжаттар;

      жеткізу шарты;

      жүктің  құны;

      көлік құралының тіркеу нөмірі мен маркасы;

      халықаралық жөнелтпе құжатының  ресімделу уақыты және орны.

      СМR алты данада толтырылады  және жүк жөнелтуші  мен тасымалдаушының  мөрімен куәландырылады.

      ТМД көлемінде тауарларды жеткізуде СМR-дің орнына тауардың ілеспе құжаттары пайдаланылады.

      ҚР  кедендік аумағына автомобиль көлігі арқылы жеткізілген  тауарлар үшін қосымша  жеткізу шарттарына кедендік органда  тіркелген ұсынысы  және осы органның лауазымды тұлғасы  куаландырған ҚР басқа  мемлекеттік органдары рұқсаттамалары (лицензиялары) қажет.

     Тауарлар  кедендік тасымалдаушымен  немесе кедендік алып жүру арқылы тасымалданатын болса, жөнелтуші  кедендік органға  көрсетілген рұқсаттамалар (лицензиялар) талап етілмейді.

     МДП кітапшасын қолдана  отырып жүктерді халықаралық тасымалдау туралы кеден келісімшартына (МДП келісімшарты, 1975 жыл) сәйкес автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу ережелері ҚР қабылданған.

     Автомобиль  көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу  мерзімін жөнелтуші  кедендік орган айына екі мың километр есебінен белгілеуге құқылы.

     Автомобиль  көлігімен тасымалданатын тауарларды алдын  ала декларациялау

     Кеден баждары мен салықтары  салынған автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу (тауарларды әкелуде) көлік құралдарының тиісті жабдықтары болған жағдайда және мына шарттар орындалған жағдайда жүзеге асырыла алады:

     кедендік  орган депозитіне кедендік төлемдерді  ақша қаражатын салу түрінде қамтамасыз ету;

     банк  кепілдемесін беру;

     тауарларды  кедендік тасымалдаушымен  немесе кедендік алып жүру арқылы тасымалдау.

     Бұл тауар категорияларын кедендік ресімдеуді қызмет аймағында  тауар алушы орналасқан кедендік орган жүргізеді.

     Кедендік  орган депозитіне кедендік төлемдерді  ақша қаражатын салу түрінде қамтамасыз еткен жағдайда алдын ала декларациялау жүргізіледі.

     Алдын ала декларациялау  тауарлардың межелі жерге жетуіне  қалған 30 күннен кейінгі  мерзімде декларанттың ҚР кедендік органына барған кезінде жүзеге асырылады.

     Жөнелтуші кедендік органда  тауарларды жеткізу  туралы рұқсаттама болмаған жағдайда, қамтамасыз ету сомасы депозитке нақты салынған ақша қаражатының сомасынан асып кетсе, белгіленген сомалар арасындағы айырмашылық валюта бағамының өзгеруіне байланысты болған кейбір жағдайларды санамағанда, әкелінген тауарлар жеткіліксіз соманы бермейінше ішкі кедендік органға жіберілмейді.

     Су  көлігі арқылы тасымалдауды кедендік бақылау

     Теңіз және өзен көлігі.

     Жүкті теңіз көлігімен  жеткізуде тауарға  ілеспе құжаттарының ролін коносамент атқарады.

     Коносамент  заңды тұрғыда  үш қызметті атқарады:

     Тасымалдау  туралы шарттың болуын растау.

     Коносамент  тауарға ілеспе құжаты болып табылады. Коносамент ұстаушы жүктік заңды  иесі болып табылады. Ол жүкпен түрлі мәмілелер  жасай алады: басқа  тұлғаға беруге, сақтандыруға, банкке салуға, несие  алуға.

      Жөнелтуге жүкті қабылдау дәлелдемесі.

      Коносамент  келесі мәліметтерден  тұрады:

      кеменің атауы;

      тасымалдаушының атауы;

      жүк тиеу порты мен  елі;

      баратын порты мен елі;

      жөнелтушінің  атауы;

      алушының  атауы;

      тасымал үшін төлем мөлшері,

      жүк атауы, таңбалау, орын саны мен жүк саны;

      коносаменттің берілу уақыты мен  орны.

      Теңіз және су жолдары арқылы тасымалдаудың әкелу/әкету  орны дегенде  тауарларды тиеу фактісі осы  порттың кедендік органымен расталғанда, бірінші/соңғы тиеу порты немесе  ҚР аумағындағы асу  порттары түсініледі.

      Теңіз көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу еркін айналым  үшін шығарылған режимге  сәйкес (таңбалауға жататын алкоголь және темекі өнімдерінен  басқа) әкелу орындарында  орналасқан кедендерде жүргізіледі.

      Басқа режимдерге сәйкес, теңіз көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу жалпы ережелерге сай жүргізіледі.

      ҚР  кедендік шекарасы арқылы өтетін, теңіз және өзен көлігімен тасымалданатын тауарлар, егер теңіз  және өзен кемелері ҚР порттарына бірнеше  рет сапар жасаса, олар тауар транзитінің кедендік режиміне орналастырылады. Мұндайда жөнелтуші кедендік орган болып, алғашқы келіп жеткен орында орналасқан кедендік орган саналады, ал межелі кедендік орган – теңіз немесе өзен кемелерінің соңғы келіп жеткен орнында орналасқан кедендік орган саналады.

      ҚР  кедендік аумағы арқылы өтетін тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау КЖД ресімдеусіз  және мына жағдайларда  кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар  алмай-ақ жүзеге асырылады:

      техникалық  айналып соғу –  кеменің жұмыс қабілеттілігін немесе дұрыстығын тексеру (бортқа жанар-жағармай және басқа материалдарды тиеу) бойынша операциялар жүргізу үшін, яғни жүкті, тауарларды тиеу немесе түсіру, олармен жүк операцияларын жүргізу (буып-түю, қайта орау және басқалары), сондай-ақ жолаушыларды отырғызу немесе түсіру мақсатында кеменің айналып соғуы.

      мәжбүрлі  айналып соғу –  кеменің белгіленген  бағыт бойынша  ары қарай қозғалуына мүмкіндік бермейтін, бірақ тауарлармен  немесе жүктермен  жүк операцияларын  жүргізбестен ары  қарай жылжуға мүмкіндігі бар себептерімен айналып соғуы.

      Халықаралық әуе тасымалдарын кедендік бақылау

      Тауарларды  әуе жолымен жеткізуде  ресімделетін тауарға  ілеспе құжаттарына  әуе жөнелтпе құжаты жатады.

      Әуе жөнелтпе құжаты мынадай  мәліметтерден тұрады:

      жөнелту және келу аэропортының атауы;

      жүк алушы мен жүк  жөнелтушінің атауы  мен мекен-жайы;

      жүк атауы, орын саны; буып-түю  түрі, таңбалау, көлемі, жалпы салмағы, кг;

      қосымша құжаттар;

      жарияланған құндылығы;

      тасымал үшін төлемдер;

      жөнелтпе  құжатының толтырылу  уақыты.

      Әуе тасымалдарының әкелу/әкету  орындары дегенде  тауар тасымалдаушы ұшақтың қонған (ұшқан) жері түсініледі, егер тиеу фактісі осы  әуежайдағы кедендік органмен расталса, сол жерде тауарларды түсіру/тиеу жүргізіледі.

      Әуе көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу еркін айналым үшін шығарылған режимге сәйкес (таңбалауға жататын акциздік тауарлардан басқа) әкелу орындарында орналасқан кедендерде жүргізіледі.

      Басқа режимдерге сәйкес, әуе көлігімен  тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу жалпы ережелерге сай жүргізіледі.

      Әуе көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу  кедендік төлемдерді қамтамасыз ететін кедендік бақылау арқылы Тауарларды жеткізу ережелеріне  сай жүзеге асырылады.

      Тауарларды  әуе көлігімен  тасымалдауда әуе  кемелерінің техникалық немесе мәжбүрлі қону орныдарында орналасқан кедендік органдарында  тауарларды жеткізуді ресімдеу жүргізілмейді.

      Әуе кемелері ҚР кедендік аумақтарына екі  немесе одан көп рет  қонса, әуе көлігімен  ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар тауарлардың кедендік транзит режиміне орналастырылады. Мұндайда жөнелтуші кедендік орган болып, алғашқы қонған орында орналасқан кедендік орган саналады, ал межелі кедендік орган – әуе кемелерінің соңғы қонған орнында орналасқан кедендік орган саналады.

      ҚР  кедендік аумағы арқылы өтетін тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау транзиттік декларацияны ресімдеусіз және мына жағдайларда кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар алмай-ақ жүзеге асырылады:

      техникалық  қону – әуе кемесінің  жұмыс қабілеттілігін немесе дұрыстығын тексеру (бортқа авиациялық жанар-жағармай және басқа материалдарды тиеу) бойынша операциялар жүргізу үшін, яғни жүкті, тауарларды тиеу немесе түсіру, олармен жүк операцияларын жүргізу (буып-түю, қайта орау және басқалары), сондай-ақ жолаушыларды отырғызу немесе түсіру мақсатында кеменің қонуы;

      мәжбүрлі  қону – әуе кемесінің  ұшу жоспары бойынша  ары қарай ұшуына мүмкіндік бермейтін, бірақ тауарлармен  немесе жүктермен  жүк операцияларын  жүргізбестен ары  қарай жылжуға  мүмкіндігі бар себептерімен айналып соғуы.

      Құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін  тауарларды кедендік бақылау 

      ҚР  кедендік шекарасы арқылы магистральды мұнай  құбырларымен, газ  құбырларымен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін  тауарларды кедендік ресімдеуді жалпы басшылыққа алуды және бақылауды Энергетикалық кеден жүзеге асырады.

Информация о работе ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары