Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 15:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ............................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың түрлері.........................................................................................................15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі...........................................................32

ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау................................................44
2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау......................................................................60

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы....................77
3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары.....................................................................82

Қорытынды..............................................................................................................86

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................88

Работа содержит 1 файл

курсовая салык1.doc

— 2.79 Мб (Скачать)

Шынайы тәжірибенің призмасы арқылы қарастырылатын салық механизмі нақты уақыт пен кеңістікте әртүрлі. Бұл билік пен басқарудың әр деңгейіндегі әр мағыналы салықтық әрекеттер, сондай-ақ уақыт қатынасындағы маңызды айырмашылықтар.

Салық механизмі – іс жүзіндегі салықтық қызметтердің жинағы ретінде, салық заңдылықтары мен Ережелерін жүзеге асырудың шарттары мен Ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Объективті негізге негізделмеген кез-келген салықтық шара ұдайы өндіріс процесін субъективистік араласу болып көрініс табады. Ол болса өз кезегінде деформацияға ұшыратады. Салық механизмі салық салудың негізгі салық заңдылықтарына сүйене отырып, салық қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.

Салық механизмі, бұл ұғымды ұйымдастыру  экономикалық категория ретінде сәйкесінше қоғамда жасалған ұлттық байлықты жинақтау барысында қалыптасатын қайта бөлу қатынастарын басқарудың қажетті процесі ретінде түсіндіретін салық теориясының бір бөлігі болып табылады. Бұл процесте қалыптасатын қатынастардың барлық сферасын 3 ішкі жүйеге бөлуге болады:

-            салықтық жоспарлау;

-            салықтық реттеу;

-            салықтық бақылау.

Салық механизмі шаруашылық механизмі сияқты екі бастаманы біріктіреді:

-                Жоспарлау, яғни халық шаруашылығының барлық аймақтары мен салаларының дамуын теңестіруді объективті күшіндегі экономикалық заңдар арқылы, экономикалық процестерді қоғамдық өндірістің дамуының мақсатты бағытымен сәйкестендіру арқылы экономиканы ерікті реттеу;

-                Стихиялық нарықтық бәсеке. Мұнда өндірушілер мен тұтынушылар тіке және кері байланыстар арқылы өзара әрекет  етеді.[21]

Өндірушілердің бір шеттілігінің, олардың қайшылықты мүдделерінің салдарынан қиын құбылыстар туады. Сөйтіп, нарық қатынастары бір жағынан қатаң бәсеке жағдайында кейбір жекелеген субъектілердің дамуына әкелсе, екінші жағынан сай келмеуі нәтижесінде жекелеген кәсіпорындардың арасында шаруашылық қатынастарының үзілуіне әкеледі. Осыдан барып өндірістегі үзілістердің және нарықтық дағдарыс тенденцияларының алдын алу үшін мемлекеттің нарықтық қатынастарды реттеу қажеттілігі туындайды. Мұндай реттегіш болып қазір көптеген елдерде мойындалған салық механизмі табылады. Салық механизмін қолданудың тиімділігі мемлекеттің салықтардың ішкі мәні мен қайшылықтарын қаншалықты деңгейде ескеретініне байланысты.

Салық механизмі мен салық саясаты салықтардың қоғамдағы рөлін анықтайды. Бұл рөл мемлекет қызметінің өзгеруіне байланысты әр уақытта өзгеріп отырады.  Функцияға қарағанда салықтардың рөлі анағұрлым көпқырлы және икемді. Ол белгілі деңгейде әлеуметтік топтар мен партиялардың мүдделерін көрсетеді. Салық механизмі мен салық  саясатының негізінде үстемдік концепциясы жатыр. Концепцияның дұрыстығы практикада тексеріледі. Егер салық теориясы танымдылыққа ие болмаса және теріс нәтижелер берсе, онда жаңа теориямен алмастырады.

Экономикамызда салық жүйесін бағалау критерилері өте маңызды рөл атқарады.

Салық саясаты – мемлекеттің жалпы саясаттық жағдайының құрамды бөлігі болып табылады. Салық саясаты үш негізгі критерийлер арқылы бағаланады. Олардың негізгілері – теңдік, тиімділік және қарапайымдылық болып табылады.[22]

Осы аталған критерилерге мыналарды қосуға болады: түсімдерді жұмылдыру, халықаралық бәсекелестік және ұлттық басымдылықты  дамыту.

„Теңдік” немесе „Әділдік” критерйі әртүрлі салық төлеушілерге салық салудың салыстырмалы режимін сипаттайды.

Әділдіктің екі түрі болады:

Бірінші түрі – сатылас әділдік. Яғни, салық ауыртпалығының кірістер деңгейлері арасында прогресивті түрде орналастырылуы. Басқа сөзбен айтқанда салық салу ставкасы салық төлеушілердің табыс көздерінің өсуіне байланысты жоғарлауы керек.

Әділдіктің екінші түрі – деңгейлес әділдік. Яғни салық төлеушілер бірдей жағдайда салық салу ставкаларын бірдей мөлшерде төлеуі керек. Басқа сөзбен айтқанда табыстары бірдей деңгейдегі салық төлеушілер бірдей мөлшерде салықтарды төлеуі керек.

Салық саясатын талдауда қолданатын келесі критерий –салық жүйесінің  тиімділігі деп аталады. Салық жүйесінің тиімділік критерийі – экономикалық өндіріске салық жүйесі құрылымының әсер етуін сипаттайды. Егер де салық жүйесі нарықтардың баға белгілеу жүйесіне аз мөлшерде тартылса, онда жоғарғы тиімділік байқалады.

Қарапайымдылық – салық саясатын бағалауда ең қажетті критериі болып табылады. Салық жүесінің қарапайымдылығы сонымен қатар салықтарды жинауда басқару рөлін атқарады. Бұл жүйе деңгейлес әділдікпен байланыса жүзеге асады.

Сонымен, салық жүйесінің негізгі мақсаттарының бір – түсімдерді жұмылдыру болып табылады. Бұл салықтық түсімдер мемлекеттік бағдарламаларды және үкіметтің макроэкономикалық міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.

Ерекше шаралар негізінде алдағы түсімдерді  болжамдау – оларды бағалаудың қажетті аспектісі болып табылады.

 

3.2. Салық салуды жетілдіру жолдары

Соңғы 10 жыл ішінде мемлекет салық жүйесінің перманентті реформалау жағдайында болып отыр. Салық жүйесін  жетілдіру жолдары шексіз, өйткені қоғам дамуындағы әрбір жаңа кезеңнің экономика дамуында өз артықшылығы бар, бұл өз кезегінде мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасындағы мәселелерді адекватты түрде шешуді талап етеді.

Салық әкімшілігі – салықтардан кетуден гөрі салықтарды төлеу тиімдірек деген деңгейге әлі жеткен  жоқ.

Салық жүйесінде әлі күнге дейін нашар жиналатын салықтар көлемі өте үлкен көлемде, ол кәсіпорындағы шаруашылық қызметін нашарлатады, бұл өз кезегінде бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді.

Мемлекеттік мүлікті түгендеу процесі өте баяу жүруде, дегенмен бюджеттік ұйымдардан жасырынатын, яғни салық төлеуден жалтарынатын қарапайым коммерциялық ұйымдар жиі кездеседі.

Қазақстан Республикасындағы салық саясатын жетілдіру мақсаттары қандай? Бұл өте маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Орта мерзімді дамуда – бұл экономикадағы салық жүктемесін төмендету, мемлекеттік міндеттемелерді реттеу, басымдылық міндеттерді шешуде қаржы ресурстарын шоғырландыру, бюджеттік кірістердің әлемдік бағалар коньюнктурасынан тәуелділігін төмендету, мемлекеттік қаржыларды басқаруды құру және бюджетаралық қатынастардың тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Салық реформасы салық төлеушілерге салық ауыртпашылығын төмендетуге, салық жүйесін жеңілдетуге, салық салу шарттарын реттеуге және салық әкімшілігінің сапасын жоғарлатуға бағытталған. Салық төлеушілер тиімді сот механизмдерінің көмегімен салық және кеден инспекторларының озбырлығынан қорғануы тиіс. Сонымен қатар салық төлеушілер салықтарды уақытында төлемегенде, жауапкершілігі қатаң түрде болуы керек.[23]

Жалпы алғанда еліміздің салық жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

-            салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

-            салық жүйесін максималды түрде ықшамдау;

-            салық ставкаларын төмендету мақсатында, салық прессингін әзірлеу;

-            салық прессингін  әлсіздендіру;

-            салықтарды алудың парасатты деңгейін қамтамасыз ету;

-            тікелей және жанама салықтарды оңтайлы түрде байланыстыру;

Соңғы жылдары нарықтық экономикасы  дамыған мемлекеттерде тікелей салықтарға өте үлкен көңіл бөлінеді, ал жанама салықтарға бағдарлану мынаны куәландырады: яғни әкімшілігінің тікелей салықтарды жинаудаға тиімді салықтық бақылауды ұйымдастырудың қабілетсіздігі.

        тұрақты салық салынатын базасы бар мүлік салықтарының рөлін күшейту;

        салықтарды төлеумен есептеудің тәртібін  жүзеге асыратын салық заңдарымен басқа да заңдарды сәйкестендіру;

        шаруашылық субъектілерінің нақты шығындарымен олардың өндірістік қызметімен байланысты салық салудың максималды есебі;

        жеке тұлғаларға салынатын табыс салығын жетілдіру;

        инфляциялық процесс есебі мен салық салудың икемді шәкілін талдау;

        салықтарды төлеу кезінде еркінділік принципін дамыту;

Яғни бұның негізгі ажыратылмайтын бөлігі салық төлеушілерге уақытында салық заңдарының өзгеруі жөнінде хабарлауы, салықтарды төлеу және есептеу туралы консультациялық қызметтер көрсету болып табылады. [24]

Сонымен бірге айта кету керек, көп мөлшердегі негізгі сомалар салық салудан және салық төлеушілердің әр түрлі банктерде көптеген шоттарды ашу кезіндегі салық органдарының бақылауынан шығады.

Қазақстанда мемлекеттіміздің экономикасын өркендетіп, шаруашылықты дамытатын салық жүйесі керек.

Солардың бірі – салық жүйесінің тұрақтылығы. Салық жүйесінің тұрақтылығы – экономиканың дамуының негізгі кілті болып табылады. Салықтарда тұрақтылық және қозғалмалылық түсініктері бір мезгілде қатар жүреді. Неғұрлым салық салу жүйесі тұрақты болса, соғұрлым кәсіпкер өзін сенімді болып сезінеді. Яғни кәсіпкер қаржылық операциялардың, өткізілген келісімдердің және басқа да шаруашылық шешімдердің жүзеге асыру нәтижесі қандай болатынын алдын-ала және толық  нақты түрде есептей алады.

              Белгісіздік -  кәсіпкерліктің жауы болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда тәуекелдікпен тығыз байланыста болады. Егер тұрақсыз нарықтық конюнктураға салық жүйесінің тұрақсыздығы ставкалардың салық алу шарттарының шексіз түрде өзгеруі қосылса, онда тәуекелдік деңгейі екі есе үлкейеді.[25]

Сонымен қатар алдағы кезеңде салық салудағы ставкалармен шарттардың қандай болатынын нақты білмей, бюджетке түсетін табыстар бөлігі мен кәсіпкерге түсетін пайда мөлшерін анықтау мүмкін емес.

Салық жүйесінің тұрақтылығы салықтар құрамын,  ставкаларын, жеңілдіктерін,  санкцияларын өмір бойы тұрақтандыруды білдірмейді. Яғни салық жүйесінің  бір қалыпта  болуы мүмкін емес.

Салық салудың кез келген жүйесі қоғамдық құрылыстың сипатын, мемлекеттік экономикалық жағдайларын, әлеуметтік-саяси жағдайлардың тұрақтылығын, халықтардың өкіметке деген сенімділік деңгейін бейнелеп көрсетеді.

Салық жүйесінің құрамы,  яғни салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және тағы басқалары  бірнеше жыл  ішінде тұрақты болып тұруы керек.  Салық салу жүйесін тұрақты деп санауға болады, егер де санкциялар мен жеңілдіктер, салық жүйесінің құрамы, салық салудың принциптері өзгермей  кәсіпкерлік қызмет үшін өте қолайлы болса. Осы аталғандардың барлығы салық жүйесін дамытуда өте үлкен рөл атқарады. [26]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қорыта айтқанда, салықтар – мемлекет қазынасын толтырудың, экономиканы дамытудың негізгі көзі болып табылады. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған күннен бастап қысқа мерзімде қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өзінің салық жүйесін құруды көздеді. Яғни 1991 жылы салық мәселелеріне байланысты заң актілерін қабылдау мемлекеттің басты мақсаты болды. Бұл актілердің құрамына 14 заң актілері, солардың ішіндегі ең негізгісі „Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы” заңы кірді. Атап айтқанда, осы заң салық жүйесін құрудың жалпы принциптерін, салықтар мен төлемдер өндіріп алуды реттеу, сонымен қатар салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін және төлемдердің бюджетке толығымен, әрі уақытында есептелуін анықтайды.

Тарихымызда „Салық Кодексін” Қазақстан Республикасымен қатар ТМД елдері де қабылдады. Елімізде „Салық Кодексі” қабылданбас бұрын, салық заңы 45 заңдардан және Қазақстан Республикасы Президентінің үш жарлығынан құралған. Салық реформасын жүргізбес бұрын ең алдымен оның стратегиялық мақсаттарын, негізгі бағыттарын және өткізу мерзімін анықтау керек еді. Бұл салық реформасын жүргізуде кеткен негізгі кемшіліктердің бірі болды. Салық жүйесі әлемдік тәжірибеде жалпы қабылданған принциптердің есебі негізінде құрылуы керек болды. Оларға әділдік, қарапайымдылық және экономикалық бейтараптылық принциптері жатады.

Осы аталған мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1995 жылдың 1-ші шілдесінде жүзеге асқан „Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер” туралы заңында көрініс тапты. Оның негізгі мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады: салық ауыртпалығын бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер көлемін қысқарту арқылы төмендету, салық салудың халықаралық практикасының прогрессивтік тәжірибесіне жету, салық жүйесінде нақтылықты, қарапайымдылықты және әділікті қамтамасыз ету. Салық жүйесін жетілдіру бағыттары келесі:

-                     салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

-                     салық жүйесін максималды ықшамдау, яғни заңдар мен нормалардан бір мәнді емес түсіндірмелерді алып тастау;

-                     салық ставкаларын төмендету арқылы, салық прессингін әлсірету;

-                     тікелей және жанама салықтарды оқтайлы түрде ұштастыру;

-                     тұрақты салық салынатын базасы бар, мүлік салықтарының рөлін күшейту; жеке тұлғаларға салық салуды, инфляциялық процесс есебімен салық салудың икемді шәкілін өндіруді жетілдіру және тағы басқалары.

Информация о работе Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі