Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 15:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ............................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың түрлері.........................................................................................................15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі...........................................................32

ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау................................................44
2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау......................................................................60

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы....................77
3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары.....................................................................82

Қорытынды..............................................................................................................86

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................88

Работа содержит 1 файл

курсовая салык1.doc

— 2.79 Мб (Скачать)

              Корпорациялық табыс салығының ставкасы бірыңғай 36 процент, ал жергілікті табыс салығының ставкасы 16,2 процент мөлшерінде белгіленген. Италиядағы  салық салу жүйесі салық кодексіне негізделген. Ал салық қызметін жүзеге асырушы бірден бір орган Қаржы министрлігі және оның аумақтық бөлімдері мен басқармалары болып табылады.

Испанияның салық жүйесі

              Испанияның салық жүйесін жалпы ұлттық салықтар мен жергілікті салықтар құрайды. Испанияның өзі 56  провинциядан тұратын 17 автономдық аумақтарға бөлінеді. Олардың ішінде салық салу жөнінде айрықша мәртебелері бар Баскілер елін, Наварраны және Қанар аралдарын атап өтуге болады. Испания аумағында алынатын салықтарды белгілейтін  органға Испания Парламенті-Кортестер жатады. Салық жүйесін басқаруды Испанияның Экономика және Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Ал салықтарды жинау ісі Мадридтегі бас салық конторасына, регионалдық салық басқармаларына, сондай-ақ тікелей және жанама салықтарды басқаратын жекелеген салық қызметі департаменттеріне жүктелген.

              Жалпы ұлттық негізгі салықтарға: компанияның пайдасына салынатын салық; азаматтардан алынатын табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; әлеуметтік сақтандыру  жүйесі бойынша алынатын салықтар; ауқаттылыққа салынатын салық жатады. Жылжымайтын мүлікке салынатын салық; жалжымайтын мүліктерді қалаларда сатқаны үшін алынатын салық; коммерциялық қызметпен айналысқаны үшін салынатын салықтар жергілікті салықтар болып табылады.

              Осы салық жүйесінде алынатын  жеке  тұлғалардың  табысына салынатын салық ставкасының төменгі шкаласы 16 процент, жоғарғы шкаласы 56 процент, корпорациялардың табысына салынатын салық мөлшері 35 процент, қосылған құнға салынатын салық ставкасы 16,7 және 4 процент, ойын бизнесіне салынатын салық ставкасы 20 мен 55 процент аралығында, мұраға немесе сыйға тартуға берілетін мүлікке салынатын салық ставкасы 7,65-тен 34 процент мөлшерінде белгіленген.

Швецияның салық жүйесі

              24 лэндер мен 284 коммуналдардан тұратын Швецияда салықтардың мынадай түрлері алынады: корпорацияларға салынатын салық (28%);  қосылған құнға салынатын салық (25,21,12%); капиталдан түсетін табысқа салынатын салық (30%); мұраға және сыйға тартуға салынатын салық (10-нан 60% дейін); ұлттық салық (170мың кроннан асатын табыстардан 20%мөлшерінде); жергілікті табыс салығы (13 проценті лэндерге; 17 проценті коммуналарға; 1,1 проценті шіркеулерге төленеді); мүлікке салынатын салық (оны тек жеке тұлғалар төлейді); әлеуметтік төлемдер(есептеулердің жалпы сомасы еңбек ақы төлеу қорының 38% мөлшерін құрайды); акциздер (тек алколголь,темекі,бензин және энергия тобындағы тауарлардан алынады).Салықтардың  түрлерін жоғарғы орган Рикстаг айқындағанымен олардың  ставкалар мен алыну тәртібін региондар мен жерлер  бойынша  лэндер мен коммуналардың құзырлы органдары белгілейді. Салық заңдарын даярлайтын орган Қаржы министірлігі  болып  табылады. Салықтарды жинайтын және салықтық  заңдардың  орындалуын бақылайтын органдарға Ұлттық салық  басқармасы мен  жергілікті жерлердің салық органдары жатады.

Еуропаның салықтық құқығы

              Еуропаның салықтық құқығы негізінен алғанда Еуропалық  қоғамдастықтың, Еуропалық Одақтың және Еуропалық Кеңестің өз салық жүйелерінің құрылуы мен  жұмыс істеулеріне,  осыған орай және  тағы басқа да маңызды жәйттерге  байланысты  шығарылып, қабылданған ұлттық  салықтық заңдар мен өзара  интеграцияланған Еуропалық Одақ мүшелері- мемлекеттердің  құрылтайлық шарттарында көзделген салық  ережелері мен  салықтық құқық  принциптерінің, сондай-ақ өзге де  халықаралық-құқықтық және ұлттық құқық  актілерінің  жиынтығынан  тұрады. Еуропаның салықтық құқығының  осындай мән-жайын  Еуропалық құқық айқындайтынын білу қажет.

              Еуропалық салықтық құқық Еуропадағы салықтар мен  салық салу және кеден мәселелеріне байланысты туындайтын  айрықша қатынастарды реттейтін интеграциялық және  мүше  мемлекеттердің салықтық құқықтарының  жиынтығы болып  табылады.

              Еуропалық салықтық құқықтың  құрамдас  бөлігі интеграциялық  салықтық құқықтың Еуропа қоғамдастығының  құқық  жүйесінде  алатын орны қоғамдастықтың  салық саясатымен  айқындалады, сондай-ақ оның дерек көздерінің қатарына  регламенттер, директивалар, шешімдер, құрылтайлық шарттар, Еуропалық қоғамдастық Соттың шешімдері және  халықаралық салықтық  шарттар  жатады. Еуропалық салық салу  жүйесінің негізгі принциптері ретінде демократиялық  принципін, құқықтық плюрализм принципін, адам құқығы мен  бостандығының басымдылығы принципі, ЕО құқықтарының  басымдылығы принципі, салық салу аясындағы қарым-қатынастардың икемділігі принципін атап өтуге болады.

АҚШ мен Канаданың салық жүйесі. Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері

АҚШ салық жүйесі үш деңгейлі (федералдық, штаттардың және  графиктардың, муниципалитеттердің, тауншиптердің) билік органдарына сәйкес жоғарғы, ортаншы және төменгі  сатылардан тұрады. Федералдық салық жүйесіндегі салықтар мен  басқа да міндетті төлемдерге  тұрғылықты халықтан (жеке тұлғалардан) алынатын федералдық табыс салығы; корпорациялардың  пайдасына салынатын салық; әлеуметтік  сақтандыруға  салынатын федералдық салықтар; федералдық акциздер; кедендік баждар; мұрадан және сыйға тартудан алынатын  салықтар жатады.

              Штаттардың салық жүйесіндегі салықтар мен өзге де  міндетті төлемдер ретінде саудаға салынатын жалпы салықты (немесе әмбебап акцизді); тұрғылықты халықтан алынатын  табыс салығын; корпорациялардың пайдаларына салынатын салықты;  мұраға және сыйға тартуға салынатын  салықтарды; мүлік  салығын атап өтеуге болады.

              Саудадан алынатын жалпы салықтың штаттардан түсетін  жиынтық мөлшері 30% тең келеді. Осы салықтың ставкаларын  әр шарттардың құзырлы органдары белгілейтін болғандықтан  олардың мөлшері әртүрлі болып келеді. Мәселен, Колорадо, Вайоминг, Канзас, Солтүстік Каролина штаттарында-3% көлемінде алынса, ал Аламба, Айова, Луизиана,  Мичиган, Джорджия, Оңтүстік Дакота штаттарында-8%, Нью-Йоркте -8,25% мөлшерінде алынады. Бұл жердегі  бір  қызықты жәйт,  осы салық Аляска, Дэлавер және Нью- Джерси штаттарындағы салық жүйесінде белгіленбеген.

              Штаттардағы жеке тұлғалардан алынатын салық  ставкасының мөлшері 2%-тен 12%-ке дейінгі аралықты қамтиды.Флорида,Невада, Оңтүстік Дакота, Техас, Вашингтон,Вайоминг штаттарында және Колумбия дистриктінде осы  салықтың түрі салық жүйелеріне енгізілмеген.

              Жергілікті жердегі саудаға салынатын салық, тұрғылықты халықтан алынатын жергілікті табыс салығы, корпорациялардың пайдаларына салынатын салық, мұралардан  алынатын салық, мүлік салығы, акциздер, экологиялық салықтар графтықтардың, муниципалиттердің, тауншиптердің, мектеп  дистриктерінің, арнайы  дистриктердің және т.б. салық  жүйелерінен орын алған. Осы жергілікті  салықтар 80 мың  әкімшілік бірліктердің қаржылық базасын  жеткілікті  деңгейде қалыптастырып   отырғанын байқаймыз.

              Жоғарыда аталған негізгі жергілікті салықтардан  басқа әрбір құзырлы жергілікті органның өз ұйғарымы бойынша мына  салықтар мен міндетті төлемдер: мейманханалық  қызмет көрсетулерге салынатын салық; коммуналдық қызмет  көрсетуге  салынатын салық; мейманхана, телефон, газ және электр жарығы  үшін төлемақы; іскерлік белсенділігіне салынатын  салық  және т.б. белгіленуі мүмкін.

              АҚШ салық жүйесінің қызмет  атқаруының құқықтық негізгі  ретінде 1954жылы қабылданған Қшкі табыстар кодексінің  орнын 1986жылы  заңи күшіне енгізілген АҚШ-ның  Салық кодексі басқан болатын.

              АҚШ салық  жүйесін басқару ісі Қаржы министірлігінің  құзыретіне жатады. Салықтардың төленуіне және салық  заңдарының  дұрыс атқарылуына  жүргізілетін бақылау АҚШ Қаржы  министірлігінің Ішкі табыстар қызметіне жүктелген. Ішкі  табыстар қызметінің  құзырындағы жеті аймақтық салық  басқармасы мен елу сегіз салық басқармалары өздеріне тиесілі қызметтерін  атқарады.  

Жапонияның салық жүйесі

Жапонияның салық жүйесінің негізін 25мемлекеттік салықтар мен 30 жергілікті салықтар  құрайды, сондай-ақ осы жүйе 3045қалалар мен  аудандарды және поселкелерді біріктіретін 47 префектура аумағын қамтиды.

              Жоғарғы кіріс көздері-заңды және жеке тұлғалардан тікелей алынатын мемелекеттік табыс салығы (барлық  салықтық түсімдердің  көлемін 50%-ке жоғарлататын салық  деуге болады), мүлікке салынатын тікелей салықтар (олардың тобына  елтаңбалық алымды, мұраға салынатын салықты,  лицензияны тіркеуге салынатын салықты, жерлерді өңдеуге және  жақсартуға салынатын  салықты жатқызуға болады), сондай-ақ  тұтынуға салынатын тікелей және жанама  салықтар болып табылады.

              Жеке тұлғалар төлейтін мемлекеттік табыс  салығының  ставкалары 10,20,30,40,және 50% мөлшерінде белгіленген. Префектуралық табыс салығы 5,10 және 15% ставкалар  көлемінде алынады. Тағы бір айта кететін жәйт, Жапонияның әрбір  тұрғыны әр жыл сайын өздері тапқан табыс көлеміне  қарамастан  мемлекет  қазынасына 3200иен сомасы мөлшерінде  салық төлеп отырады. Автомобиль иелеріне салынатын  салық,  бензинге салынатын акциздер, кедендік баждар, мейманханада тұрғаны  үшін, ресторанда тамақтанғаны үшін, ыстық су көздеріне түскені үшін алынатын акциздер тиісті бюджеттерді  айтарлықтай көлемдегі  қаражаттармен  толықтыруға септігін  тигізеді.  

Ресей Федерациясының салық жүйесі

Ресей Федерациясының салық жүйесінің құрамы және оның құрылымын құрайтын салықтар мен  басқа да салықтық нысандағы төлемдердің түрлері тікелей және  жанама салықтар, сондай-ақ заңды тұлғалардан,  жеке тұлғалардан, заңды және жеке  тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді. Жанама салықтарға  мұнай, газ, көмір, бензин және т.б. өңдеу және кен  байыту өнімдері түріндегі өндірістік тауарлар мен спирт, арақ  және басқа алкоголь өнімдері, темекі өнімдері, сыра сияқты кең сұранысқа ие тауарлардан қосылған құнға салынатын салық,  саудаға салынатын салық, акциздер, кедендік төлемдер-кедендік тарифтер жатады.

Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, басқа да шаруашылық субъектілерінің пайдаларына салынатын салық, дивидендтік  сомалардан, яғни капиталдан алынатын салық, мүлікке салынатын салық, ресурстық және экологиялық салықтар, жануарлар әлемінің объектілерін пайдаланушыларға салынатын салық, заңды тұлғалардан алынатын тікелей салықтар болып табылады.

              Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы , жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, мұралардан және сыйға тартудан алынатын салық, лицензиялық және тіркеу үшін алымдар жеке тұлғалар төлейтін тікелей салықтар болып саналады. Ал заңды және жеке тұлғалардан алынатын   салықтар ретінде курорттық салықты, жарнамаға салынатын салықты, аумақтарды дамытуға салынатын салықты, жер, су, экологиялық және орман салықтарын, шетел валютасын, бағалы қағаздарды, алтын кұймаларын сатып алуға салынатын салықты атап өтуге болады.

              Енді, осы Ресейдің салық жүйесіне берген қысқаша  сипаттаманы нақтыландыру мақсатында, оның негізін құрайтын  элементті салықтар жүйесін қарастырып өтеміз.

              Ресей салықтары жүйесі федералдық салықтар мен алымдар,  регионалдық (аймақтық) салықтар мен алымдар және жергілікті  салықтар мен алымдар сияқты үш деңгейден тұрады.

              Федералдық салықтар мен алымдарға: қосылған құнға  салынатын салық; акциздер; ұйымдардың пайдасына (табыстарына) салынатын салық; капиталдан түсетін табыстарға  салынатын салық; жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; мемлекеттік баж; кедендік баждар мен кедендік алымдар; жер қойнауын пайдаланғаны үшін алынатын салық; мемлекеттік  әлеуметтік бюджеттен тыс  қорларға алынатын жарнамалар;  минералдық-шикізат базасын қалпына келтіру үшін  алынатын салық; көмірсутектерді өндіруден түскен қосымша  табысқа салынатын  салық; жануарлар әлемінің объектілерін және су биологиялық ресурстарын пайдалану құқығы үшін  алынатын  алым; орман салығы; экологиялық салық; федералдық лицензиялық алымдар жатады.

              Регионалдық салықтар мен алымдар ретінде  ұйымдардың мүлкіне салынатын салық;  жылжымайтын мүлікке салынатын салық; жол салығы; көлік салығы; саудадан алынатын салық; ойын бизнесіне салынатын салық; регионалдық лицензиялық алымдар белгіленген. Жер салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жарнамаға салынатын салық, мұраға немесе сыйға салынатын салық, жергілікті лицензиялық  алымдар жергілікті салықтар мен алымдарға жатқызылған.

              Ресей Федерациясының Конституциясы, Ресей  Федерациясының Салық кодексі, «Ресей Федерациясының салық органдары туралы» РФ Заңы, «Ресей Федерациясының мемлекеттік салық қызметі туралы» РФ Президентінің Жарлығы, РФ салықтар мен алымдар жөніндегі Министірлігінің бұйрықтары мен  хаттары Ресей Федерациясы аумағындағы салық органдары жүзеге асыратын салықтық қызметтердің нормативтік құқықтық базасы болып табылады. Осыған орай, Ресей Федерациясының салық органдарының құрылымы мынадай  құрамда көрініс тапқан: РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі министірлігі; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің Федерация субъектілері бойынша басқармалары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің регионалдық  инспекциялары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің аудандар бойынша, қалалардағы аудандар бойынша және аудандарға  бөлінбейтін қалалар  бойынша инспекциялары; Салықтар мен алымдар  жөніндегі  министірліктің ауданаралық инспекциялары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ (Қ.Р., КӨКСУ АУДАНЫ БОЙЫНША САЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ МЫСАЛЫНДА)

2.1       Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау

Республикамызда соңғы жылдары аймақтың экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жерде салық жүйесінің алатын орны зор.

              Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке,Қаржы Министрлігіне жүктеледі.

Информация о работе Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі