Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 15:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ............................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың түрлері.........................................................................................................15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі...........................................................32

ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау................................................44
2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау......................................................................60

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы....................77
3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары.....................................................................82

Қорытынды..............................................................................................................86

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................88

Работа содержит 1 файл

курсовая салык1.doc

— 2.79 Мб (Скачать)

 

Бұл салықты салық төлеушілер  ай сайын келесі  айдың 15-інен қалдырмай төлеуге міндетті. Ал декларацияны өзі орналасқан жері бойынша  салық комитетіне тіркеуден өткен айдан кейін келесі айдың 15-інен  қалдырмай тапсыруға міндетті.

Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес.

Қосылған құнға салынатын салық, салық жүйесінде негізгі жанама салықтар қатарына жатады. Жанама салықтар немесе тұтынуға салынатын салықтар өнімнің, қызметтің бағасына қосылатындықтан, бұл салықты төлейтін  төлеуші мен салық ауыртпалығын көтеруші екеуі бір емес. Салық ауыртпалығын тауарды, қызметті тұтынушы көтереді.

Қосылған құнға салынатын салық  біздің еліміздің салық жүйесіне 1992 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілген. Бұл салық бюджет кірістерін құрайтын  салықтық түсімдердің ішіндегі негізгі салықтардың бірі.

Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, олардың өткізу бойынша салық  салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке  аударуды, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымы  білдіреді.

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.

Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып  табылады: қосылған өнімге кешенді   шығыстар, мысалы,  жарнамаға жұмсалатын және  басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.

Демек, бұл салықтың ерекшелігі –оның салық салынатын объектісі сатудан түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын  қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде,  соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: біріншіден ол жаңа  құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы  қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден,  бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің  кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты   базасын қамтамасыз  етеді. ҚҚС  қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса  маңызды көздерінің бірі болып саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 27,1% құрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және оларды айналысы процесінде қосылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.

Акциздер.

Жанама салықтардың келесі түрі – акциз деп аталады. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 2,7% құрайды.

              Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.

              Акциздер әмбебаптық және жеке жара акциздер болып бөлінеді.

              Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің  құнына пайызбен жалпы айналымынан өндіріледі; оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын  салықтарды жатқызуға болады.

              Жеке дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін.  Мәселен, акциздер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және оның аумағына импортталатын мына тауарларға, акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне салынады: спирттің барлық  түрлері,  алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, бензин, дизель отыны, мүгедектерге арналған жеңіл автомобильдер, атыс және газ қарулары, шикі мұнай, ойын бизнесі, лотореяны ұйымдастыру және өткізу.

Акциз мөлшерлемелерін Үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттың нысандағы өлшем бірліне абсолюттік сомада белгіленеді.

Қазақстанда өндірілетін тауарларға, қызметтерге акциз салығын салу объектілері республика аумағында акцизделетін  тауарларды өткізу немесе оларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру, көрсетілген қызметтерді, акцизделетін қызметті жүзеге асыру операциялары болып табылады, импорт кезінде импортталатын акциз тауарларының көлемі немесе тауардың кедендік құны болып  табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары акциздерді жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және оның аумағында жасырын әкелу, өндіру және өткізуді болдырмау мақсатында міндетті түрде таңбалауға жатады.

Сонымен, салықтар – қаржының бастапқы ктегориясы болып табылады және еліміздің мемлекеттік бюджетін толықтырудың, ұлттық экономиканы дамытудың негізі ретінде көрініс табады. 

 

1.3  Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі

 

Салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып,  біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Америка Құрама Штаттарының салық жүйесімен қысқаша да болса түсініктеме беру өте орынды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері 10-11 жыл ішінде көптеген елдермен тығыз қарым-қатынас жасап, ел экономикасын дамыту инвестиция тарту барысында үлкен жетістіктерге жеткені айқын. Экономиканы реформалаудағы маңызды саланың бірі – салық жүйесін реформалау, еліміздің салық жүйесін халықаралық деңгейге көтеру. Осы орайда дамыған Европа елдері мен Америка Құрама Штаттарының салық ісіндегі тәжірибесімен танысу болашақ салық мамандарына, қаржыгерлер мен кәсіпкерлерге өз көмегін тигізеді деп сенеміз.

 

 

Еуропаның салық жүйесі оның ерекшеліктері.

Германияның салық жүйесі

              Германия екі деңгейге бөлінген  мемлекеттік билігі бар  федеративтік мемлекет болып табылады. Осыған орай оның салық  салу жүйесі федерацияның, федерация мүшелері-жерлердің және осы жерлердің құрамдас бөлігі болып есептелетін қоғамдастықтардың мүдделерін (бюджеттерін)  көздей отырып құрылғанын байқаймыз. Сонымен, Германияның салық  жүйесі жалпы, федералдық салықтар мен  жерлердің және қоғамдастықтардың салықтарынан тұрады. Жалпы  салықтарға: еңбек ақыға салынатын табыс салығы; декларация бойынша төленетін  табыс салығы; корпорациялық салық; капиталдан алынатын табыстарға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; импорт айналымынан алынатын салық жатады.

              Федералдық салықтарға: мұнай өнімдерінен, темекіден, спирт және арақ өнімдерінен алынатын акциздер; сақтандыру салығы; жерлердің салықтарына: автомобиль иелерінен  алынатын салық;  мүлік салығы; сырадан алынатын акциз; шіркеулік салық; мұраға және сыйға  тартуға салынатын салық;  қоғамдастықтардың салықтарына: жер салығы; кәсіпқойлық салық  жатады.

              Германияның салық  жүйесінің ұтымдылығының жарқын  көрінісі ретінде мына келесідей жәйтті  атап өтуге болады: салықтық кірістері айтарлықтай мол Бавария, Вюртемберг,  солтүстік Рейн-Вестфалия жерлері онша дами қоймаған Саксония, Шлезвиг-Гольштейн жерлеріне өз  қаржылық  ресурстарының бір бөлігін әрдайым беріп отырады. Сонымен, Германиядағы салықтар мына: жеке  тұлғаларға  салынатын салық; корпорацияларға салынатын салық; қосылған құнға  салынатын салық; мүлікке салынатын салық; жер салығы;  жер учаскесін сатып алу кезінде төленетін салық;  сақтандыру жарналары;  мұраға және сыйға тартуға салынатын салық;  автомобильдік салық; кофеге, минералдық майларға,  арақ,  шарап және темекі өнімдеріне салынатын акциздер; Германия  аумағында мұнай және газ өндіруді дамыту үшін  алынатын кедендік  баждар мен алымдар, әлеуметтік сақтандыру қорына  алынатын жарналар сияқты негізгі түрлерге бөлінеді.

              Салық салу  туралы заңдар шығару, салықтарды алу және  салықтық  түсімдерді пайдалану процестері Германияның Конституциясымен  реттелінеді. Федералдық билік органдарына кедендік баждар мен  қаржылық  монополияларға қатысты заңдарды шығаруға байланысты айрықша құқық берілген. Қалған салықтар мен алымдар бойынша  бәсекелесу заңдары  шығарылады. Осы заңдарды шығару барысында кәсіпқойлық және жер салықтарына мұқият назар аударылады. Салықтарды алу  жөніндегі әкімшілік  құзыреттер Бас кедендік  басқармаларға  және  қаржылық басқармаларға бөлініп берілген. Осы  Бас кедендік басқармалар өз  қызметтерінің федералдық және Еуропалық қоғамдастық ауқымында жүзеге асыратын федералдық қаржылық органдар болып табылады.

              Ал қаржылық басқармалар жергілікті деңгейдегі салықтар мен кейбір  федерациялық  салықтарды алуға ат салысады.

Ұлыбританияның салық жүйесі

              Өткен  жүзжылдықта қалыптасып, құрылған Ұлыбританияның салық  жүйесі 1973 және 1987 жылдары реформаларға  ұшыраған болатын. Осы  салықтық  реформаларды құрайтын негізгі шараларға: жеке табыс  салығының  төменгі ставкасын 27-ден 20 процентке дейін төмендету;  тұрғылықты  халыққа  салынатын  табыс салығын 20,24 және 40 процент ставкалар мөлшерінде  алу; ерлі-зайыптылардың табыстарына бөлек  салық  салуды енгізу және т.б. жатқызылған еді. Ұлыбританияның қазіргі  кездегі салық  жүйесіндегі  салықтар (өз деңгейлеріне орай) :

              Орталық салықтар:  тұрғылықты халықтан  алынатын табыс салығы; корпорацияға салынатын табыс салығы; мұнайдан  түсетін табысқа салынатын салық; мұраға салынатын  салық; қосылған құнға салынатын салық; елтаңбалық алым; баждар  және акциздер.

              Жергілікті салықтар жылжымайтын мүліктерге: зауыттар мен фабрикаларға, жер учаскелеріне, тұрғын  үйлерге, дүкендерге және мекемелерге салынатын салықтардан тұрады.

              Ұлыбританияның салықтық заңдарының  негізі ретінде: 1970 жылғы халықтан және  корпорациялардан алынатын  табыс салығына қатысты заң Актісін, 1979 жылғы қосылған құнға салынатын салыққа қатысты Актіні және 1996 жылғы  корпорациядан алынатын салыққа  қатысты Актіні атап  көрсетуге болады. Британия парламентінің заң шығарушылық билігі  және осыған орай салықтық құзыреті Англияға Уэльске, Шотландияға және  Солтүстік Ирландияға таралды. Ұлыбританияның Үкіметі мен Қазынашылығы салық жүйесін  басқаруды жүзеге асырады.

              Ал салық  қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру міндеті үкімет департаменттері: Ішкі кірістер жүзеге асыру міндеті үкімет департаменттері: Ішкі кірістер басқармасы мен Баждар және  акциздер басқармасына жүктелген. Бұл жерде айта кететін  бір қызықты жәйт, елтаңбалық алым ең (ескі) көне салықтар қатарына жатады, себебі ол салық салу жүйесіне  1694 жылы енгізілген болатын.  

Францияның салық жүйесі

              Францияның салық жүйесіндегі салықтар  табыс салықтары, тұтынуға салынатын салықтар және капиталға салынатын салықтар болып аса ірі үш топқа бөлінеді. Сонымен қатар  Франциядағы салық салу көбінесе тұтынуға салынатын салыққа бағытталған. Франциядағы фиксалдық  жүйедегі тікелей салық салудың деңгейі төмен, ал жанама   салықтардың деңгейі аса жоғары болып табылады.

              Францияның салық жүйесінің негізін  құрайтын  салықтар орталық және  жергілікті салықтар болып бөлінеді. Негізгі орталық салықтарға мыналар: қосылған құнға салынатын салық; ақшалай капиталдардың табысына салынатын салық;  жылжымайтын  мүліктерден түскен  пайдаларға  салынатын  салық;  акционерлік компаниялардың пайдаларына салынатын  салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық;  капиталдың өсімінен алынатын салық; елтаңбалық және тіркеу  алымы; тіркеу салығы (алымы) жатады.

              Жергілікті салықтар жүйесіне мына келесідей салықтар мен  алымдар: тұрғын үйге салынатын салық; кәсіптік  салық;  жер салығы; құрылыс  салынған учаскелерден алынатын жер  салығы; құрал- жабдықтарға салынатын арнайы (қосымша) салықтар;  тұрмыстық қоқыстарды жою үшін алынатын салық;  рудниктерге салынатын департаменттік және  коммуналдық  салықтар; ауыл-шаруашылығы  палатасын ұстауға алынатын баж; автокөлік  құралдарынан алынатын баж;  көгалдандыру үшін салынатын  салық енгізілген.

              Бүгінде Францияның салық жүйесі үш әкімшілік  аумақтық  бірліктер жүйесін қамтиды. Оларға регион, департамент және коммуна жүйесі жатады. Әрбір регион, департамент немесе коммуна өз ерекшеліктері мен мұқтаждықтарына сай  қосымша салықтар енгізуге құқылы. Мәселен, Иль-де Франс  регионында құрал-жабдықтарға салынатын арнаулы салық  бұрыннан  белгіленсе, әкімшілік аумақтық бірліктердің (АӘБ) басшылары осы салықты Эссон, О-де-Сен, Сен-э-Марнь, Сен-Дени,  Валь-де-Марн, Валь-де Уаз және Эвелин  департаменттерінде  енгізе алады, сондай-ақ осы жәйттер Кальвадос, Ор, Сен-Маритин, Басс-Сен, Мерт-Э-Мозеле, Басс-Ран, О-Ранн аумақтарында да әртүрлі негіздерге байланысты қарастырылуы мүмкін.   

              Франциядағы салық жүйесін  басқаруды жүзеге асыратын бірден-бір орган Экономика және Қаржы министірлігі болып табылады.             

Италияның салық жүйесі

              Италияның салық жүйесінің айтарлықтай өзгеріске ұшырап, жаңадан қалыптасуы 1973-1974 жылдары көрініс тапқан еді және ол жанама салықтардан гөрі тікелей салықтардың басымдылығымен ерекшеленген болатын.

              Қазіргі кезде Италияның салық жүйесінің құрылымындағы салықтарға мыналар: жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; заңды тұлағалардан алынатын табыс салығы; жергілікті  табыс салығы; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; арнаулы акциздер; іскерлік операциялардан алынатын салық (елтаңбалық салық; тіркеу салығы; концессиялық салық); жерді иеленгені үшін алынатын салық; жылжымайтын мүлік құнының ұлғаюына салынатын салық; жарнамаға салынатын салық; көлік құралдарына салынатын салық; қоғамдық алаңдарды пайдаланғаны үшін салынатын салық; жергілікті лицензиялық алымдар; мектептік салықтық алым және т.б. жатады.

Информация о работе Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі