Қонақ үй индустриясының теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 15:46, реферат

Описание работы

Қонақ үй шаруашылығының дамуы мен болашағы туралы айтпастан бұрын “қонақ үй” сөзінің мағынасын біліп алуымыз керек. Сонымен, қонақ үй - жолаушылардың уақытша тұруына арналған жай. Ертеде отырықшы қалалы елдерде саудамен жолға шыққан жолаушыларға арнап жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік тұратын қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан төлемақы алып тұрды.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 44.29 Кб (Скачать)

Кіріспе

Қонақ үй шаруашылығының дамуы  мен болашағы туралы айтпастан бұрын  “қонақ үй” сөзінің мағынасын  біліп алуымыз керек. Сонымен, қонақ  үй - жолаушылардың уақытша тұруына  арналған жай. Ертеде отырықшы қалалы елдерде саудамен жолға шыққан жолаушыларға арнап жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік тұратын қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан төлемақы алып тұрды. Дәстүрлі қазақ қоғамында  қалыптасқан қонақжайлық арнаулы  қонақ үй салуды қажет еткен жоқ. Кейін өндірістік-тауар, сауда қатынастарының дамуына байланысты ірі қалаларда  көп бөлмелі, үлкен асханалары, автогараждары, мәжіліс, ойын-сауық құжыралары, т.б. тұрмыстық үй-жайлары бар қонақ  үй салынды. Кеңестік дәуірден бастап Қазақстанда да қонақ үй көптеп салына бастады. Яғни, қазіргі таңда әрбір  адам қонақ үй стандарттары бойынша, қызмет көрсету сапасы бойынша, орналасуы  бойынша кез-келген қонақ үйді таңдай алады.

Бірақ та қонақ үй сөзінің  басқа да мағынасы бар: қонақ үй –  өз үйінен шетте жүрген адамдарға  ұсынылатын қызметтер жиынтығы, яғни түнейтін орын және тамақтандыру қызметтері ұсынлатын кәсіпорын. 

Соңғы онжылдықта қонақжайлылық  индустриясының дамуындағы ең маңыздыларының бірі, олар:

• қонақ үй және мейрамхана мамандықтарының дамыту;

• халықаралық қонақ үйлер  мен мейрамхана желілерін дамыту;

• шағын кәсіпорындар желісін  дамыту

• қонақжайлылық индустриясына  жаңа компьютерлік технологияларды  еңгізу;

Соңғы уақытта қонақ үйлер  мен мейрамханалармен қатар жаңа мамандандырылған кәсіпорындар пайда  бола бастады. Яғни олар туристік нарықтың белгілі бір сегменттеріне ғана арналаған қызметтер мен тағамдар түрлері ұсынады.

Қонақжайлылық кәсіпорындарын әрі қарай дамытуда ең мағызды  тенденциялардың бірі ол қонақ үйдің  халықаралық желісін дамыту. Және де олар жаңа қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын құруда және оны әрі  қарай жетілдіруде маңызды рөл  атқарады.

Қонақ үйдің халықаралық  желісін дамытудан басқа халықаралық  нарықта арнайы бірлестіктер де кең  қолданылады, олардың басты мақсаты  – қонақ үй бизнесінің ең жақсы  өкілдерінің басын қосу болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қонақ үй индустриясының  теориялық аспектілері

1.1 Қонақ үй шаруашылығының даму тарихы

Бірінші қонақ үйлер (караван-сараи),  б.э.д  2 мыңжылдықта көне шығыс  өркениетінде пайда болған. Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим заманында  таверналар мен хоспитеумдар – саяхаттаушы  сатушыларға, әртістерге, қажылар мен  мүсәпірлерге арналған ежелгі қонақ  үйлер дами бастады.

Ғасырлар бойы қонақ үйлердің түрі өзгермеді. Ол екі қабатты үй мен аттарды ұстауға арналған қорадан тұрды, оның бірінші қабатында  таверна орналасса, екінші қабатында  – жатын бөлмелері орналасқан. Артынан осы қызметтер қатарына театрлық қойылымдар секілді жаңа қызметтер  қосыла бастады. Сол кездері  қонақ  үй қожайындарынан саяхатшыларға  арналған тұрмыстық қызмет түрлері ұсынылды. Мұндай қонақ үйлер сол кезге  сәйкес келетін туристік кешеннің алғашқы  түрлері болды.

Ерте орта ғасырда саяхаттау  қауіпсіз бола бастайды, сондықтан  да қонақ үй шаруашылығының жұмысы тоқтап қалады. Осы кезде саяхатшылардың көп бөлігі діни туризмге бағытталды. Әлемнің әр шетінен қасиетті жерлерге жан жақтан қажылар жинала бастайды. Олар түнейтін орын мен тамақты(2 күнге  дейін тегін) шіркеулерден алатын. Қазіргі  тілмен айтқанда орта ғасырдағы шіркеулер  ең бірінші “қонақ үй желісінің” бастауы  болды.

Қонақ үй шаруашылығының дамуындағы келесі маңызды кезеңдерінің бірі ол Еуропадағы үздіксіз пошталық және транспорт  желісінің пайда болуымен байланысты болды. Пошталық трассаның жолында  жолаушыларға арналған кәсіпорындар, яғни мотельдер орнасты. Ол кездері  мотельдерде орналасу шарттары қазіргіден өзгеше болтын, мысалы, төсекте аяқ  киіммен ұйықтауға, бәр төсекте 5 адамнан артық жатуға тыйым салынды. 

Қазіргі мотельдерге қарағанда  еуропалық мотельдер жергілікті халық үшін уақыт өткізетін жер, яғни, олар онда әр түрлі құмар ойындар(дартс, домино, бильярд) ойнау үшін арналған жер болатын.

“Қонақ үй” сөзі  XVIIIғ. латын сөзінен шыққан. Басында  қонақ үй деп көп бөлмелі ғимаратты  айтатын болған және ол бөлмелерді айға, аптаға және 1 күнге де жалға берілген. Бұл мағынадағы терминді Францияда да қолданылған еді. Бұл термин АҚШ-қа дейін тарап, ондағы барлық таверналар қонақ үй деген атау алды және де олар мұндай атау оларға еуропалық(француздық) шик алып келеді деп ойлады.

Ал қонақ үйдің техникалық жаңартулар еңгізген ел, ол Америка  Құрама Штаттары болды. Бқл елде қонақ  үй шаруашылығы жақсы дамыды, өйткені  ол елде әрдайым имиграттар болатын  және олар уақытша тұраққа қажеттілігі  болатын. Мұндай қажеттілік қонақ үй шаруашылығының дамуына әкелді.

Ал келесі себебі, ол Америкада  Еуропадағыдай аристократтық сарайлар болмады және олар балдар мен “қоғамдық  іс- шаралар” өткізетін жерлер болмады, сондықтан да олар америкалықтар  үшін қонақ үй осындай шаралар  өткізетін жерге айналды. Сол  шаралар үшін арнайы залдар салынды. АҚШ-та қонақ үй шаруашылығы ең танымал  шаруашылық түрі болды.

Қазіргі бір адамдық және екі адамдық бөлмелер, есіктерінде  құлыптары бар және жуынатын жері бар қонақ үйлер 1829 жылы АҚШ-та пайда  болды. XIX ғасырдың ортасында жылу орнатылған қонақ үйлер пайда бола бастады. Ал алғашқы лифт пен бөлмелердегі ванна америкалық қонақ үйде орнатылған. Әлемдегі ең биік қонақ үйлердің (6 қабат) бірі де Америкада ашылды.

Ал бұл уақытта Еуропада швецарлық Цезарь Ритц қонақ үй шаруашылығына  зор үлес қосып жатты. Қазірде  оның аты ең атақты қонақ үй желісінің  атауын алып жүр, бірақ та Ритцтің  өзі өмір бойы жалдамалы бастық болатын  және өзінің жеке қонақ үйі болмаған еді. Ритцтің ең маңызды жаңартуларының бірі ол қонақ үйлерде оркестрдің пайда болуы еді. Ритцтің кезінде  қонақ үйлерде Штраустың әуендері ойналатын. Мейрамханада ойналатын  әуен қонақ үйге жақсы табыс әкелетін. Швейцарлық Ритц пен америкалық Статлер  қонақ үй шаруашылығының жанкүйерлері болатын. Олар әрбір ұсақ түйектің бәріне мән беріп, жаңа жаңартулар еңгізді.

Статлердің көмегімен  қонақ үй бөлмелерінде үлкен айна, телефон, канцелярлық қағаз, төсектің жоғарысында жарық пайда болды. Сонымен қатар ол қонақ үй жұмыскерлеріне бірдей форма дайыдауды ұсынды және де қонақ үй құрылысында көптеген жаңартулар еңгізді. “Қонақтың айтқаны әрқашанда дұрыс” дегенді де Статлер еңгізген болатын.

Статлер мен Ритцтің жұмысының  арқасында жоғары дәрежелі қонақ  үйлерге бару сәнге айналды. Мысалы, Ритцтің «Savoy» қонақ үйінде жұмыс  істеген кезінде ағылшындықтардың әдеттерін өзгерті, олар уақытты  елер клубында емес, әйелдерімен бірге  қонақ үйдегі мейрамханаларда тамақтанатын болды.

XIXғ аяғында – XXғ  басында Еуропа мен Американың  ірі қалаларында қонақтардың  барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын  5 жұлдызды қонақ үйлер пайда  бола бастады. 

Қазірде әлемде 300 мыңнан астам  қонақ үйлер бар және олардың  әрқайсысы әр түрлі, мысалы, 1 қабатты  немесе 88 қабатты, судың үстінде  немесе астында орналасқан қонақ  үйлер, кішкентай( бірнеше бөлмесі  ғана бар), үлкен (бірнеше мыңдаған бөлмелері  бар), арзан(күніне 20-30 доллар), қымбат(күніне бірнеше мың доллар) және т.б. Қазіргі  таңда көптеген қонақ үйлер салынуда, сондықтан да келушілер саны азаюа.

Глобальді компьютерлендіру қонақ үй шарушылығын да шетте  қалдырмады, өйткені қазір барлық қонақ үйлерде барлық жүмысты  компьютер арқылы бақылап отырады,мысалы, бөлмені жалдау үшін, бухгатерлік  есептер, азық-түлік пен тұрмыстық  заттарға тапсырыс беру секілді жұмыстар жасалады.

Соғыстан кейінгі кездерде қонақ үй желілері кең қолданыла  бастады. Ең алғашқыларының бірі Hilton қонақ  үйі болды. Оларға мұндай ұсынысты жасаған  америкалық «Пан Америкэн» авиатранспорт  компаниясы болды. Олар Латын Америкасына  барған кезде өздері үйренген қонақ  үй түрін таппады. Осының арқасында  қонақ үй желілері пайда болды. Яғни олардың қызметтері мен стандарттары барлық елдерде бірдей болу керек  болды. 

Қазіргі уақытта әлемде ондаған  халықаралық қонақ үйлер желісі жұмыс жасап жатыр. Олардың ішіндегі ең танымалдары Holiday Inn, Choice, Best Western, Marriott, Hilton, Sheraton, Hyatt және т.б.

Көптеген қонақ үй желілері қазіргі уақытта көбінесе франчайзинг  келісімі бойынша басқарғанды жөн  көреді.Желілер жергілікті капиталга  сатылып,ал басқару мен көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру өздеріне қалады.

Қазіргі ең танымал қонақ  үйлердің бірі Дубайда орналасқан «Джумейра  Бич» ,әсіресе оның екінші корпусында орналасқан - «Араб ғимараты»  тура Парсы шығанағында орналасқан.1999 жылдан қонақтарды қабылдай бастады.

Бұл қонақ үй әлемдегі ең биік қонақ үйлердің бірі.Оның биіктігі – 321м. Оның ішін көркемдеу үшін табиғатта  сирек кездесетін құрал-жабдықтар  қолданылды.Мысалы, еден мен қабырғасы  Бразилия мен Италиядан әкелінген  мрамормен қапталған.Төсек жабдықтары ирландық зығырдан,жиһаздар – қымбат және сирек кездесетін ағаштардан жасалған,кілемдер барлығы қолдан тоқылған.Ең қызығы қонақ үйдің есігі басқа қонақ  үйлердің есігі сияқты астыда емес,200м  биіктікте тікұшақ ауласында  орналасқан.Ең басты мейрамханасы керісінше  астынғы қабатта теңіздің түбінде  орналасқан.Солайша, қонақтар Парсы  шығанағының экзотикалық балықтармен,теңіз  маржандармен,балдырлардың айналасында  тамақтана алады.

Бұл қонақ үйде 170-180 шаршы  метр көлемді 202 бөлме бар және бөлменің құны күніне 1800-18000 АҚШ долларын құрайды. Әрбір бөлмеде су ағыны орналасқан. Қонақ үй шаруашылығындағы мамандардың  айтуынша «Араб ғимараты» соңғы 10 жылда ең керемет Бангкокте  орналасқан «Oriental» қонақ үйінен де асып түседі деп жатыр.

Келесі ең қымбат қонақ  үйлер қатарына кіретін атақты қонақ  үйлердің бірі Рим қаласында 100 жыл  бұрын салынған «Эксельсиор» қонақ  үйі. Бұл қонақ үйде әлемдегі ең үлкен  бөлме орналасқан, оның көлемі 1100 шаршы  метрді құрайды, ал оның бағасы – 10000 АҚШ  доллары. Бұл бөлмеде екі жатын  бөлме, алты қонақтарға арналған қосымша  бөлме, жұмыс істейтін кабинет, ас бөлмесі, үш жабық терраса, жаттығу бөлмесі, бассейн, сауна, кинозал және француз, италияндық, испандық, калифорниялық  шарап қоймаларымен жабдықталған.

Бұл қонақ үйлер әлемнің  ең үздік («Trophy hotel»)  қонақ үйлерінің  қатарына кіреді. Бір бөлменің құрылысының  құны - 1 млн АҚШ долларынан асады.

Ал басқа типтегі қонақтарға арналған «капсулды» (Capsule hotel) қонақ  үйлер желісі ойлап табылған. Мұндай қонақ үйлер Жапонияда кең  қолданылады. Мұнда көрсетілетін қызметтер  белгілі бір ақша көлеміне есептелген. Қонақ үйдегі бөлмелердің көлемі – ені 1,2м, ал ұзындығы  2,2м. Ал бөлме  ішінде теледидар, сағат және желдеткіш  орналасқан. Мұндай қонақ үйде түнеген  қонақ өз киімін сақтауға қойып, ал оның орнына ұйықтайтын киім мен сақтауға қойған киімдері салынған шкаф нөмірі бар түбіртек беріледі. Осы класстағы  қонақ үйлердің ең қымбаты 40 АҚШ  долларын құрайды, және мұнда соңғы  автобустан немесе метродан қалып қойған еркектерді ғана қабылдайды (мұнда  әйелдерді кіргізбейді). Ең қызығы бұл  қонақ үй желісі тек қана Жапонияда  ғана жақсы дамыған.

Дамыған елдер арасындағы сау өмір қалпын сақтау сәнге айналуы, әлемде экологиялық қонақ үйлердің пайда болуына әкеліп соқты. Осындай  қонақ үйлердің бірі «Мицпе Хайамим» (аудармасы «теңізге көрініс») Израилде орналасқан. Мұндай қонақ үй салу дәрігер- гомеопат Эрик Яростың ойына келген. Ол үлкен жер сатып алып, сол  жерде өзінің ойын іске асырады. Бұл  жерге шулы өмірден, қалалық жерден шарашаған адамдар келеді және қонақ  үйде сол қызметті атқарады.

Бұл жерде теледидар, жаңалықтар, газет, ал радиодан судың, құстардың  ән салғанын немесе медитация үшін әуен қояды. Қонақтар гүлден жасалған майлардан, емдік ванналармен, фитококтейлдермен, шөптермен емделеді. Осы емдік  шөптердің барлығы қонақ үй аумағында  өсіп жатқан шөптерден жасалады. Ал азық – түлікті сатып алмай, өздерінің  фермаларында өсіріп, қолданады. Жеміс  –жидек те қонқ үй ауласында өседі. Қонақтар оны әр уақытта жей алады. Судың өзін олар өздерінің құдықтарынан алады. Қонақтар фитнес залдарда, бассейнде, солярииде,саунада көп уақыт өткізеді, өйткені оларға қонақ үйден шығуға тыйым салынады.

Әлемдегі көптеген әр түрлі  қонақ үйлердің барлығын айтып шығу мүмкін емес. Мысалы, Боливияда тұздан жасалған қонақ үй, ал Швецияда әр қыста  мұздан жаңа «Ice Hotel» салынады.

Ал Берлиндегі «Артемизия»  қонақ үйіне еркектерді кіргізбейді ( қабырғадағы суреттерде де тек  қана әйелдер салынған және сол суреттерді де әйелдер салған) және жұмысшыларда әйел адамдардан құралған. 

Жақында Австрия, Блюмауда жаңа «Rogner Bad Blumau» қонақ үйі ашылды. Оның интерьерінде ешқандай тізу сызық  жоқ. Мысалы, қисық айналар, әр түрлі  түске боялған толқын секілді  дәліздер мен қабырғалар.

Соңғы кездері жаңа «жаңа  толқын» қонақ үй түрі танымал  бола бастады. Өз интерьерінде минимализмнің  жаңа концепциясын қолдана бастады. Бірақ та бұл арзаншылықты білдірмейді. Бұл қонақ үйдегі қызметтердің бағасы классикалық қонақ үйдегі қызметтердің бағасына сәйкес, ал кейде одан да асып түседі. «Жаңа толқын» қонақ үйлерінің  бірі «Blakes» қонақ үйі 1981 жылы Лондон қаласында өзінің бірінші қонақтарын қабылдай бастады. Жаңа стильдің эталоны  ретінде лондонның жаңа қонақ  үйінің бірі болып «Hempel» саналады. Қонақ үйге кіргенде шағын бөлме  орналасқан. Ол бөлме толығымен ақ түсті және ішінде жіңішке терракоталық құмыраларда орналасқан 81 ақ орхидея  гүлінен басқа түк жоқ деп  айтса да болады. Келесі бөлмесі  болса Олимпиядалық жүзу бассейніне ұқсайтын үлкен ақ холл бар, ал холлдың  арғы шетінде от жанып жатқан камин  орналасқан. Осы қонақ үйде болған адамдар еске қалған әсерлерін шокпен салыстырады.

Информация о работе Қонақ үй индустриясының теориялық аспектілері