Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

- әрбір айдың соңында өндіріске түгендеу жүргізіліп ондағы жұмсалынбай қалған материалдар сторно етіліп отырылуы тиіс.

Бұл айтылған ұсыныстар кәсіпорынның жұмыс жүргізуінде төменде аталған шығындарын азайтуға және өндіріс өнімділігін арттыруға өз септігін тигізеді:

- әрбір цех, яғни өндіріс бойынша қоймашыны ұстауға шығын шығарылмайды (еңбекақы);

- әрбір цех, яғни өндіріс бойынша басқадай қойманы ұстау шығыны азаяды (қойма салу);

- материалдарды орталық қоймада ғана сақтау бір өндірісте (цехта) пайдаланылмай жатқан материалдырдың екінші бір өндірісте (цехта)  жетіспеуін болдыртпайды;

- материалдардың дұрыс сақталынуын қамтамасыз етеді;

- материалдардың тиімді жұмсалынуын бақылауды қамтамасыз етеді;

- өндірілген өнім көлемін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

Аяқталмаған құрылысты дұрыс бағалау үшін бұл салынып жатқан объектінің дайындық жағдайын; яғни оған жұмсалынған шығындарды түгендеуді дұрыс әрі сапалы жүргізу қажет. Бірақ Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 маусымдағы №216- бұйрығына қосымша «Инв – 4» «Қорларды түгендеу (инвентарлық) описі (Инвентаризационная опись запасов)», - деп аталатын нысаны (формасы) аяқталмаған өндірісті дұрыс бағалау үшін оны түгендеуді дұрыс әрі сапалы жүргізу үшін қажетті және толық ақпарат болып табылмайды. Өйткені бұл аталған нысанда салынып жатқан құрылыс объектісінің дайындық жағдайының қандай мөлшерде екендігін көрсететін көрсеткіштерді енгізу қарастырылмаған. Соған сәйкес бұл «Инв – 4» Қорларды түгендеу описі нысанындағы көрсетілінетін ақпараттық мәліметтер арқылы басқарушылық шешім қабылдау және бухгалтерияда толық көлемді есеп жүргізу мүмкін емес. Соған сәйкес біз аяқталмаған құрылысты, яғни салынып жатқан құрылысты түгендеудің инвентарлық описінің нысанын ұсынамыз. Бұл нысанда аяқталмаған, яғни салынып жатырған құрылыстың қаншалықты дайын екендігі, оны салуға, өндіруге жұмсалынған шығындардың нормалық мөлшері көрсетілінеді. Сондай-ақ бұл нысан аяқталмаған құрылыстың нормативтік өзіндік құнын дұрыс есептеуді анықтайды. Кәсіпорынның аяқталмаған құрылысының дұрыс бағалануын тексеруші органдар, яғни аудиторлар, инвесторлар және басқада қызығушылығы бар тұлғалар осы нысанды пайдалануына болады. 

Аудиттің бас тұжырымдамасына сәйкес аудиттің теориясы мен тәжірибесін жинақтап қорытуды кәсіпорынның басшысының немесе оның иесінің қызығушылығына қарай ішкі құжаттарға жүргізілген бақылау жүйесі ретінде қарастыруға болады. Ішкі аудит кәсіпорынның ішінде оның қаржы-шаруашылық және басқарушылық қызметін тәуелсіз кәсіби тұрғыдан бағалау болып табылады. Сондай-ақ ішкі аудитті кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін бухгалтерлік есеппен ішкі бақылау жүйесінің бағалау құралы деп те қарауға болады. Ішкі аудит кәсіпорын басшыларына ақпарат беру және кеңес беру қызметін атқарады. Ол кәсіпорында басқарудың құралы ретінде қызмет атқарып басқарушылық шешім қабылдауға ықпал етеді.

Аудит басқарудың өз алдына бөлек қызметі бола тұра кәсіпорындағы басқа, яғни бухгалтерлік есеп, талдау, жоспарлау қызметтерінің тиімді ұйымдастырылып жүргізілуіне ықпал жасайды.

Біздің ойымызша, ішкі аудит ­ бұл ұйымның өз қызметкерлерімен жүзеге асырылатын, ұйым жұмысының тиімділігін бағалауға бағытталған ішкі бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі. Оның басты мақсаты ұйым қызметкерлеріне өз жұмыстарын тиімді орындауға көмектесу. Сонымен бірге, ішкі аудит экономикалық диагностика, қаржылық стратегия, маркетингтік зерттеулер, кеңес беру, өндірістік­қаржылық үдерістерді ағымдық және кезекті бақылау, қаржылық ақпараттардың сенімділігі жөнінде меншік иелерінің мүдделерін қанағаттандыру міндеттерін шешеді.

Сондықтан егер ішкі аудитор қандай да бір бөлім жетекшісіне тәуелді болса, онда ол жауапты тұлғалардың қолайсыз әрекеттеріне объективті пікір айта алмайды деген қауіп-қатер бар. Бұл пікірдің дұрыстығын ішкі аудиттің 81 халықаралық кәсіби стандартына сүйене отырып дәлелдеуге болады: «ішкі аудит органы басқарманың атқарушы органына бағынышты болмауы тиіс». Басқаша жағдайда, өзінің үстінен қарайтын  тұлғаның қызметін тексеру барысында ішкі аудитордың объективтілігі бұзылады. Сол себепті ішкі аудитордың еркін іс-қимылына оның ұйымдық мәртебесі жеткілікті дәрежеде кепіл болуы тиіс.

Біздің пікірімізше, егер ішкі аудит тұрақты түрде жүзеге асырылып отырса, шаруашылық операцияларына күнделікті бақылау жасауға және басқа да іс-әрекеттерді орындауға мүмкіндік өте көп, ал сырттан мамандарды шақыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Ал, ішкі аудит қызметі үшін кейбір нақты міндеттерді шешу кезінде сырттан аудиторларды тартуға да болады.

Жалпы кәсіпорындарда алдымен ішкі аудит қызметінің мақсаты мен міндеттерін дұрыс анықтап алу қажет және оны, яғни кәсіпорындағы ішкі аудитті ұйымдастырудың басты мақсаттарын төмендегідей етіп көрсетуге болады:

- кәсіпорынды неғұрлым тиімді басқару және бақылау жүйесін қамтамасыз ету;

- кәсіпорынның қызметтік бөлімдері бойынша ағымдық мәселелерді жедел анықтау;

- кәсіпорынмен оның меншік иелерінің заңдық мүдделерін қорғау;

- кәсіпорын қызметкерлеріне өз қызметтерін тиімді орындауына көмектесу;

- кәсіпорынның шаруашылық операцияларының дұрыстығын тексеру;

- ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін бағалау.

Ішкі аудитор өз қызметін орындау барысында Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңына және оған енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің баптары мен тармақтарына, сондай­ақ аудиторлық қызметтің стандарттарына сүйенеді. Ол өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін осы заңда көрсетілген міндеттерді орындап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорында төмендегідей міндеттерді қояды:

- кәсіпорындағы ережелер жүйесінің қолданыстағы нормативтік актілермен  және құрылтай құжаттарымен сәйкестігін тексеру, орындалатын жұмыстарының әрбір түріне алынған лицензиясының бар-жоғын, мерзімінің ұзартылғанын қадағалау;

- орындайтын жұмыстарына мемлекеттік тапсырысты жеңіп алу үшін тендерге ұсынылатын құжаттардың мазмұнын, толықтылығын, шынайылығын тексеру;

- орындалатын жұмыстарының көлемін табу, іздестіру жұмыстарын ұйымдастырылу барысын бақылау;

- орындалатын жұмыстарын орындау үшін қабылданған мердігерлік келісімшарттардың, осы келісімге қоса берілетін жобалау-сметалық құжаттардың, өзге де техникалық құжаттардың дұрыстығын тексеру;

- бекітілген құрылыс нормалары мен нормативтерінің сақталуын бақылау;

- өндіріске жұмсалатын материалдардың бекітілген нормасының дұрыстығын әрбір жұмысының түрі, объектілер, калькуляциялық шығын баптары бойынша жобалау-сметалық құжаттарда берілген сметалық нормалардың мәліметтері негізінде тексеру;

- орындалатын жұмыс кестесіне сай орындалу мерзімі мен орындалған жұмыстардың сапасын, жұмыстың технологиясының сақталуын бақылау;

- өндіріс материалдарын, конструкциялары мен тетіктерінің тиімді пайдаланылуын бақылау;

- еңбек ресурстарының, машиналар мен механизмдердің тиімді пайдаланылуын бақылау;

- әрбір жұмыс түрінің, кезеңдерінің, материалдардың сапасын зертханалық талдау жасау арқылы бақылау;

- ашық жерде сақталатын (сусыма) материалдардың дұрыс кірістелуін, өндіріске дұрыс есептен шығарылуын  есепті кезең сайын түгендеу жүргізу арқылы бақылау;

- өндіріске есептен шығарылған материалдардың көлемін орындалған жұмыс көлемімен салыстыра отырып тексеру;

- орындалатын жұмыстың жұмыс кестесіне сәйкес орындалу мерзімінен, өндіріс материалдарының бекітілген нормадан ауытқу себептерін, өндірістегі ақаудың себептері мен кінәлі тұлғаларды табу және оған талдау жүргізу т.б.

Жоғарыда келтірілген кәсіпорындағы ішкі аудиттің міндеттері аудиттің барлық міндеттерін қамтиды деген ойдан аулақпыз. Бұл аталғандар тек қана кәсіпорынның өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып негізделген міндеттердің қатарына жататындығын естен шығармау керек.

Кәсіпорында ішкі аудитті ұйымдастырған кезде жұмысты жоспарлауды сол саланың, сондай-ақ ұйымның салалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген дұрыс. Сондай-ақ ішкі аудитті ұйымдастыруға кәсіпорынның өндіріс ауқымы, құрылымдық ерекшеліктері де ықпал ететінін естен шығармаған дұрыс.

Біздің ойымызша, шағын кәсіпорындарда ішкі аудиттің арнайы бөлімін құру негізсіз, оны тек бөлімшелері бір-бірінен қашық орналасқан, нарықтағы орны тұрақтанған ірі немесе орташа кәсіпорындар қатарына жатқызылатын ұйымдарда ұйымдастырған орынды.

Жалпы қорыта келгенде, кәсіпорында ұйымдастырылып жүргізілетін ішкі аудит қызметі осы ұйымның басшыларына басқарушылық шешімдер қабылдау барысында және өз қызметін тиімді орындауға көмектесіп, ұйым мен жеке бөлімшелердің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында кәсіпорынның меншігіндегі активтерінің оңтайлы пайдаланылатындығына сенімін нығайтады, сондай-ақ тиімді ұсыныстарды жасап, оның орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорынның ішіндегі белгілі кезеңдегі атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтерді қалыптастырып, оған экономикалық талдау жасап, егер жіберілген кемшіліктермен қателіктер болса оны жоюды, сондай-ақ алдағы уақыттарда ондай қателіктердің алдын алуға көмектеседі. Осыған сәйкес біз кәсіпорындарда ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тиімді жәнеде қажет деп есептейміз.

Кәсіпорындарда ұйымдастырылып жүргізілінетін ішкі бақылау қызметін көптеген отандық және шетеддік ғалымдар мен тәжірибешілер зерттей отырып оған өздерінің тұжырымдамалары мен пікірлерін берген. Сол аталған ғалымдардың бірі Л.В.Сотникованың пікірі бойынша «Ішкі бақылау дегеніміз бұл шаруашылық операцияларды жүргізу кезінде барлық қызметкерлер өз міндеттерін тиімді орындау мақсатында ұйымдастырылатын ұйым басшыларының іске асыратын шаралар жүйесі. Сондықтан ішкі бақылау осы операциялардың заңдылығын және кәсіпорын үшін олардың экономикалық пайдалылығын анықтайды».

Біздің ойымызша, кәсіпорындардағы ұйымдастырылып жүргізілінетін ішкі бақылау жүйесі шаруашылық қызметтерде пайда болған ауытқуларды, кемшіліктерді болдырмау және олардың болашақта пайда болуына жол бермеу үшін басқару шешімін қабылдауға және қабылданған шешімнің орындалуына ықпал ету құралы болып табылады. Сондықтанда, ұйым қызметіндегі бақылау тиімділігің қаншалықты екенін анықтау мүмкін болмағанымен, кемшіліктерді жоюдың нәтижесінде өндіріс көрсеткіштерінің артуын анықтауға толық мүмкіндіктер қалыптасады.

Ұйымның ішкі бақылау жүйесі осы ұйымның шаруашылық қызметтерін тиімді басқару мақсатында әртүрлі бақылау әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы болып табылады. Соған орай, біз кәсіпорындағы ішкі бақылау жүйесінің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуды жөн көріп отырмыз:

-   ұйымның қызметіне байланысты заңдардың орындалуын тексеру;

- бухгалтерлік есеп құжаттарының дәйектілігі мен толықтылығын тексеру;

- нақты мәліметтерді ұйымның негізгі бюджетінде көрсетілген мәліметтермен салыстыру;

- ауытқуды бағалау және оның бақылау объектісіне әсер ету деңгейін және себептерін анықтау.

-   қаржылық есептердің уақытылы тапсырылуын тексеру;

-   құрылтайшылар жиналысындағы шешімдердің орындалуын тексеру;

-   ұйымның мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету;

Сондықтан ұйымдардардағы ішкі шаруашылық бақылау өндіріс тиімділігін жоғарылатуға, ішкі резервтерді арттыруға, үнемдеуді күшейтуге, еңбек өнімділігін жоғарылатуға, саладағы өнімдердің өзіндік құндарын төмендетуге, қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды жақсартуға, бағытталуы тиіс. Өндірісті жоспарлау кезеңінде басқарушылық шешімдердің мүмкін баламаларының сапалылығы бағаланып және ұйымның мақсаттарына жету үшін олардың жалпы бағдарламаларға сәйкестігі анықталады. Басқарушылық шешімдерді ұйымдастыру және реттеу кезеңінде мақсатты нәтижелерге қол жеткізу үшін олардың орындалуын бақылау қажет.

Аудитор, э.ғ.д. профессор М.С.Ержанов пен э.ғ.к. Г.Б.Даулетбаковтердің пікірінше «Қазіргі жағдайда ұйымның алдында өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануды, мемлекет алдындағы салықтар мен басқа міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің уақытылы және толық орындалуын, жеткізушілер мен мердігерлерге борыштардың уақытылы өтелуін, сонымен бірге бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті дұрыс ұйымдастыруды және оның нақтылығын күнделікті бақылау қажеттігі туындап отыр». Осылардың негізінде ішкі бақылау жүйесінің негізгі міндеті ұйымның қаржылық, шаруашылық қызметтерінің нәтижесін тексеріп қана қоймай, сонымен қатар ұйымдастыру және басқару қызметтерінің сапалылығын бақылай отырып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу болып саналады. Жалпы алғанда біз ішкі бақылаудың көмегімен өндіріс қызметінің жоспар мен бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылуын, сонымен бірге ұйымның әкімшілік тәртіптерінің орындалуын тексеруге және ұйымның барлық қаржылық және материалдық ресурстарының дұрыс пайдалануын қамтамасыз етуге болады деп ойлаймыз.

              Құрылыстағы өндірістік шығындардың басым бөлігін материалдық шығындар алады.Олар орта шамамен құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құнының 56% алса,8% негізгі құралдардың амортизациясына келеді. Шығындарды оңтайлы есепке алу мен бақылау, тиімді пайдаланумен үнемдеу аса үлкен маңызға ие себебі ол бәсекелестік жағдайында құрылыс – монтаж. Жұмыстарының өзіндік құнын төмендетудің, сәйкесінше, құрылыс өндірісінің рентабельдігін көтерудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

              Құрылыс – монтаж жұмыстарына жұмсалған материалдық қорлардың құны нақты өзіндік құн бойынша анықталады.Материалдардың нақты өзіндік құны былайша негізделеді:

- Материалдардың сатып алу құны немесе қосалқы және көмекші өндірістің өнімі болып табылатын материалдардың өзіндік құны.

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру