Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа
Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.
КІРІСПЕ .......................................................................................
4
І
ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................
6
1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18
1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................
27
ІІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................
43
2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................
56
2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................
63
ІІІ
ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70
3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................
78
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................
89
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................
92-94
2010 жылы облыс өңірінде 265 ұйым құрылыс жұмыстарын жүргізді. Олардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 29%-ға өсті. Экономиканың дамуына құрылыс саласының жағдайы ерекше әсерін тигізеді. 2010 жылы көлемі 22 534,3 млн.теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары жүргізілген, бұл 2009 жыл деңгейіне салыстырмалы бағамен 108,8%-ды құрады. Орындалған құрылыс жұмыстарының жартысынан астамы (63%) шағын ұйымдармен жүргізілген.
Негізінен барлық мердігерлік ұйымдар жеке меншікті, олардың есебіне облыс бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі (90%) көлемі жатады. Шетелдік және мемлекеттік меншікті ұйымдармен сәйкесінше 9% және 1% жалпы мердігерлік көлемнен жұмыс атқарылған.
2010 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлеміне автомагистральдарды (жер үстіндегілерден басқа), жолдар, көшелер, автомобиль немесе жаяу адам жүретін жолдар (облыс бойынша жалпы көлемнен 17,0%), тұрғын емес жайларды салу бойынша құрылыс жұмыстары (13,5%), жергілікті құбырларды жүргізу (11,5%), тұрғын жайларды (үйлерді) тұрғызу жұмыстары жатады (8,2%) [60].
Тұрғын үй құрылысы кәсіпорындарының шаруашылық қызметтері тұрғын үй құрылысы кешендерінде жаңа негізгі қорларды құру мен қолданыстағы негізгі қорларды дамытуда нақты инвестициялық салымдардың құйылуымен байланысты. Республикада Оңтүстік Қазақстан облысының инвестиция және құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша үлесі мен серпінін талдау барысында, негізгі капиталға бағытталған инвестициялардағы облыстың үлес салмағы соңғы салыстырылып жатқан бес жыл ішінде 2,7%-дан 5,3%-ға көтерілсе, орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің үлес салмағы 3,3%-дан 4,3%-ға жетті.
Кесте 5. Республикадағы құрылыс ұйымдарының негізгі көрсеткіштері, нақты бағамен
Көрсеткіштер | жылдар | Ауытқу (+;-) | |||||||||
2000 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2000-2009ж | 2008-2009ж | ||||
сома | % | сома | % | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |
Мердігерлік келісім-шарт бойынша орындалған жұмыстардың көлемі, (млрд. теңге) |
150,7 |
1066 |
1441 |
1617 |
1784 |
1821 |
+1671 |
1208 |
+36,9 |
102 | |
1991 жылға сметалық базистік бағада | 1496 | 7668 | 9864 | 10425 | 10619 | 10285 | +8789 | 687 | -334 | 96 | |
Өткен жылға пайызбен | 178,5 | 192 | 128,6 | 105,7 | 101 | 96,8 | -81,7 | - | 5,1 | - | |
Оның ішінде: меншік нысанына қарай орындалған жұмыстардың көлемі: (млрд. теңге) мемлекеттік жеке меншік шетелдік |
13,8 110,5 26,4 |
7,2 604 455 |
8,1 1095 337 |
8,4 1218 391 |
12,4 1331 441 |
14,9 1385 421 |
+1,1 +1275 +395 |
107 1253 1596 |
+2,5 +1220 +414 |
120 102 95 | |
ұйым түрлеріне қарай орындалған жұмыстардың көлемі (млрд. теңге) ірі орта шағын |
84,2 46,7 19,8 |
192 484 389 |
378,7 617,3 445,3 |
392,3 635,7 589,5 |
512 661 611 |
528 673 619 |
+344 +627 +699 |
627 1442 3128 |
+15,9 +257 -191 |
103 101 101 | |
Мердігерлік құрылыс ұйымдарының саны, (бірлік) |
2967 |
5624 |
6278 |
7087 |
7383 |
6709 |
+3742 |
226 |
-674 |
90,9 | |
Оның ішінде: меншік нысанына қарай: (бірлік) мемлекеттік жеке меншік шетелдік |
76 2838 53 |
49 5494 81 |
49 6112 117 |
52 6883 152 |
55 7162 166 |
55 6489 165 |
-21 +3651 +112 |
+72 +228 +311 |
- -673 -1 |
100 90,6 99,4 | |
ұйым түрлеріне қарай: (бірлік) ірі орта шағын |
112 597 2258 |
187 739 4698 |
194 813 5271 |
195 924 5968 |
198 924 6261 |
198 922 5589 |
+86 +325 +3331 |
+176 +154 +247 |
- -2 -672 |
100 99,8 89,3 | |
Құрылыс кәсіпорындарында жұмыс жасаған жұмысшылардың саны (қосымша жұмыс істеушілерді қоспағанда), мың адам |
105,3 |
179 |
206,9 |
219,5 |
204 |
189 |
+99,5 |
+180 |
-15,2 |
92,6 | |
Ескерту – кесте мәліметтері ҚР статистика агенттігінің 2010 жылғы анықтамалық жинағы негізінде дайындалды |
Ескеретін жағдай Республика бойынша мердігерлік келісімшарт негізінде орындаған жұмыстардың көлемі жыл сайын артқанымен, 1991 жылға сметалық базистік баға бойынша салыстырғанда соңғы 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 334 млрд.теңгеге кеміген. Сондай-ақ әрбір жылдың көрсеткішін оның алдындағы жылдың мәліметімен салыстырып қарайтын болсақ орындалу пайызының 2005 жылдан 2009 жылға дейін төмендеп келе жатқандығын көре аламыз. Яғни 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 128,6% артық орындалса, 2007-жылы 2006 жылмен салыстырғанда 105,7% артық орындалған. Ал 2009 жылығы мердігерлік келісімшарт негізінде орындаған жұмыстарының көлемі 2008 жылғы жұмыстың 96,8% ғана құрайды. Бұл туралы 2 суретте бейнеленген.
Экономикасы дамыған елдердің (АҚШ, Германия, Англия, Франция мен Жапония) тәжірибесінде құрылыс бизнесі шағын және орта құрылыс фирмаларына негізделген. Мәселен, АҚШ-та миллионнан астам құрылыс фирмасында жұмысшылар саны 50 адамға дейін болса, оның жартысынан астамында 20 адамға дейін ғана жұмыс істейді. Ал Жапонияның құрылыс саласында шағын ұйымдардың 95 пайызында жұмысшылар саны 30 адамнан аспайды, капиталы 100 миллион йеннен жоғары фирмалар жалпы құрылыс ұйымдарының ішінде 7.4 пайызды алады, олардың құрылыс жұмыстарының жалпы көлеміндегі алатын үлесі - 70 пайыз. Бұл ғылыми техникалық прогресстің дамуына сәйкес күнделікті жаңа әрі озық техникаларды енгізуде өте тиімді болып табылады.
Сурет 2 – Орындалған құрылыс жұмыстарының динамикасы, %
Құрылысты қаржыландыру мәселесіне назар аударсақ, еліміздегі негізгі капиталға салынатын инвестицияның мөлшері жыл сайын өсіп отырғанымен оның ішінде құрылыс саласына салынған инвестицияның мөлшері соңғы жылдарда біртіндеп төмендегендігін байқай аламыз.
Қазақстан Республикасы бойынша негізгі капиталға және соның ішінде құрылысқа салынатын инвестицияның көлемі 3-суретте бейнеленген.
Төмендегі 3 суреттен көріп отырғанымыздай 2005 жылмен 2009 жыл аралығында құрылыс саласына салынған инвестиция мөлшері алғашқы жылдарда (2005, 2006) жағымды болып көрінгенімен соңғы үш жылда жағымсыз сипатқа ие. Жаңадан құрылыс ғимараттарын салу, қайта конструкциялау, әртүрлі нысандағы ғимараттарды кеңейту мен техникалық жрақтандыруға, яғни Республика бойынша құрылыс саласына салынған инвестиция 2009 жылы 44193 млн. теңгені құрап, яғни ол 2008 жылмен салыстырғанда 108713 млн. теңгеге, 2007 жылмен салыстырғанда 10475 млн. теңгеге, ал 2005 жылмен салыстырғанда 32597 млн. теңгеге азайған. Республикасы бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемінің ішінде құрылыс саласының үлесі 2009 жылы 0,96%, 2008 жылы 1,31%, 2007 жылы 1,61%, ал 2005 жылы 3,17% тең болғандығын ескерсек бұл көрсеткіштің сыл сайын төмендеп келе жатырғандығы байқалады. Жоғарыдағы 2 суреттен және 2 кестеден көріп отырғанымыздай 2005 жылмен 2009 жыл аралығында құрылыс саласына салынған инвестиция мөлшері алғашқы жылдарда жағымды болып көрінгенімен соңғы үш жылда жағымсыз сипатқа ие. Сонымен қатар жалпы еліміздің халық шаруашық салаларындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған әрбір жылдағы инвестицияның мөлшері 2005-2008 жылдар аралығында ҚР бойынша тартылған инвестицияның жартысына жуық мөлшерін, яғни 2005 жылы 47,3%; 2006 жылы 47,48%; 2007 жылы 52,77% ал 2008 жылы 47,39% құрап келген. Соңғы 2009 жылы бұл көрсеткіш 1880638 млн.тегеге немесе 41,01% ғана тең. Бұны соңғы жылдарда әлемді шарпыған қаржылық дағдарыстың әсерінен деуге болады.
Сурет 3 - Республикадағы құрылыс ұйымдарына салынған инвестицияның көлемі
Ескерту – ҚР статистика агенттігінің 2010 жылғы анықтамалық жинағы негізінде жасалған.
Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, құрылыс жұмыстарының (өнімінің) өзіндік құнының көп бөлігі материалдық шығындардан тұрады. Басқаша айтатын болсақ құрылысты жүзеге асыруда құрылыс объектісінің негізін материалдар құрайды.
«Промтехмонтаж» АҚ және «Электормантаж» АҚ құрылысқа жұмсалған материалдардық шығындар 4-суретте бейнеленген.
Төмендегі 4 суреттен көріп отырғанымыздай 2009 жылы «Промтехмонтаж» АҚ бойынша құрылыс жұмыстарына жұмсалынған барлық шығын 4704 млрд.тг. тең болса, оның ішіндегі материалдық шығындардың үлесі 2869 млрд.тг. немесе 61% құрайды. Сол жылы «Электормантаж» АҚ құрылыс жұмыстарына жұмсалынған барлық шығын 3647 млрд.тг. құраса, оның ішіндегі материалдық шығындардың үлесі 1718 млрд.тг. немесе 47% тең. «Промтехмонтаж» АҚ материалдық шығындар 2005 жылы барлық құрлысқа жұмстарына жұмсалынған шығындардың 48%, 2006 жылы 52%, 2007 жылы 47% ал 2008 жылы 44% иемденсе «Электормантаж» АҚ бұл көрсеткіш 2005 жылы барлық құрлысқа жұмсалынған шығындардың 51%, 2006 жылы 52%, 2007 жылы 56%, ал 2008 жылы 49% құраған. Бұл көрсеткіштерді салыстыра отырып соңғы жылдардағы әлімдік қаржы дағдарысына байланысты еліміздегі құрылыс жұмыстарының даму қарқыны бәсеңдеген тұста көптеген ұйымдардың дағдарыстан шығу жолдарын қарастырып шығындарын барынша азайтуды қарастырды.
Сурет 4 - «Промтехмонтаж» АҚ және «Электормонтаж» АҚ 2005-2009 жылдардағы құрылысқа жұмсалған шығындары және оның ішінде материалдардық шығындар
Ескерту – Автордың өз бетінше құрастырылған.
Дегенменде, құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты материалдық шығындар сол қалпында қалады деуге болады. Ал оны белгіленген межеден азайту, яғни бағасы төмен материалдарды пайдалану өндірілетін өнімдердің, салынатын құрылыстың сапасына әсер етеді. Міне осы тұрғыдан материалдардың құрылыс жұмыстарының негізі болып табылатындығын дәлелдеуге болады.
Материалдық құндылықтар есебі 20 «материалдар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі: 201 «шикізаттар мен материалдар», 202 «жартылай фабрикаттармен комплектеуші бұйымдар конструкциялар мен тетіктер», 203 «отын», 204 «ыдыс және ыдыс материалдары», 205 «қосалқы бөлшектер», 206 «басқадай материалдар», 207 «қайта өңдеуге берілген материалдар», 208 «құрылыс материалдары».
Құрылыста пайдаланылған барлық материалдар 90 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің 901«материалдар» транзиттіке шотында есепке алынады және құрылыстың сәйкесті объектісінің өзіндік құнына енгізіледі.
Материалдық құндылықтар құрылыс ұйымының меншігіне жататын және
жатпайтын болып бөлінеді. Шығындардың өндірістік есебі үшін материалдық құндылықтарды материалдармен құрал – жабдықтарға дәл бөлу аса маңызды, өйткені оған құрылыс – монтаж жұмыстарының өзіндік құнының шамасына тәуелді.
Құрылыс ұйымдары жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау барысында айналымды материалдарды (мысалы, темір – бетон мұнараларын, шпалдарын және рельстік кран асты жолдарын көтеру кезінде ағаштарды, металл, ағаш шартақтарды бірнеше қайтара қолдану) пайдаланады. Оларды пайдалану құрылыс жұмыстарының өндірістік нормаларында қарастырылған.
«Промтехмонтаж» ҚР Көкшетау қ. орналасқан құрылыс ұйымы.
Өндіріс персоналының құрамы:
1. Бөлім басшысы-1 адам
2. Бас инженер - 1 адам
3. Бас прораб - 4 адам
4. Бас бухгалтер-1 адам
5. Жетекші бухгалтер-2 адам
6. Жетекші мамандар - 7 адам
7. ӨТБ Инженері - 1 адам
8. Өндіріс ғимаратының жинаушысы - 1 адам
9. Күзетші - 1 адам
10. Еңбек шарты бойынша
Кәсіпорындағы құрылыс-монтажды жұмыстарды жүргізу шығындары 8110 "Некгізгі өндіріс" белсенді шоттар тобындағы негізгі өндіріс шығындары ретінде есепке алынады
Кесте 6. Құрылыс-монтажды жұмыстардың элементтері бойынша өзіндің құн ашықтамасы
№ | Көрсеткіштер | ТОО Инсект | ТОО Казгер Кус | Барлығы (мың тенге) | ||||||
Сметалық бағасы | факт | Пайда шығын | Сметалық бағасы | фактілік | Пайда шығын | Сметалық бағасы | фактілік | Пайда шығын | ||
1 | Материалдар | 5164 | 5562 | -398 | 3311 | 3311 |
| 69480 | 69861 | -381 |
2 | Еңбек ақы | 1475 | 1589 | -114 | 946 | 946 |
| 19851 | 19960 | -109 |
3 | Маш.экспл.б-ша шығыстар | 443 | 477 | -34 | 284 | 284 |
| 5955 | 5988 | -33 |
4 | Тік және қосалқы шығындар | 147 | 159 | -12 | 95 | 95 |
| 1985 | 1996 | -11 |
5 | Накладтық шығыстар | 74 | 79 | -5 | 47 | 47 |
| 993 | 998 | -5 |
6 | Барлығы: | 7303 | 7866 | -563 | 4683 | 4683 |
| 98264 | 98803 | -539 |
7 | Жоспарлы жинақтар | 74 | 79 | -5 | 47 | 47 |
| 993 | 998 | -5 |
8 | Барлығы: | 7377 | 7945 | -568 | 4730 | 4730 |
| 99257 | 99801 | -544 |
Ескерту : шығындар сметасының берілгендері |
Кәсіпорынның құрылыс-монтажды жұмыстарды жүргізуде шығындардың жалпы көбеюі 544 мың тенгеге көбейген (99801-99257).
Кесте 7. Элементтер бойынша ҚМЖ өзіндік құны (мың. тенге)
№ | Көрсеткіштер | ТОО Рубикон | ГКП РК-2 | ТОО Кокшетау Мунай Сервис | ||||||
Сметалық бағасы | фактілік | Пайда шығын | Сметалық бағасы | фактілік | Пайда шығын | Сметалық бағасы | фактілік | Пайда шығын | ||
1 | Материалдар | 360 | 350 | 10 | 1218 | 1371 | -153 | 26000 | 25968 | 32 |
2 | Еңбек ақы | 103 | 100 | 3 | 348 | 392 | -44 | 7429 | 7419 | 10 |
3 | Маш.экспл.б-ша шығыстар | 31 | 30 | 1 | 104 | 118 | -14 | 2229 | 2226 | 3 |
4 | Тік және қосалқы шығындар | 10 | 10 |
| 36 | 38 | -2 | 743 | 742 | 1 |
5 | Накладтық шығыстар | 5 | 5 |
| 17 | 20 | -3 | 371 | 371 |
|
6 | Барлығы: | 509 | 495 | 14 | 1723 | 1939 | -216 | 36772 | 36726 | 46 |
7 | Жоспарлы жинақтар | 5 | 5 |
| 17 | 20 | -3 | 371 | 371 |
|
8 | Барлығы: | 514 | 500 | 14 | 1740 | 1959 | -219 | 37143 | 37097 | 46 |
Ескерту : шығындар сметасының берілгендері |
Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру