Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

Шаруашылық әдіспен (Vкрх) орындалатын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемінің көрсеткіштері және жеке тұрғын үй құрылысы (Vкри) бойынша орындалған жұмыстар көлемі инвестициялық қызмет бойынша және жеке құрылыс салушылар пайдалануға берген объектілер туралы статистикалық байқау деректерінен анықталады [38].

Құрылыс саласындағы бейресми және жасырын қызмет көлемін анықтау

              Жалпы шығарылымның бағалауын толықтығына және кешенділігіне қол жеткізу шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық ресми, сондай-ақ бақыланбайтын қызметтер түрінің кіруін талап етеді. 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесінің талаптарына жүгіне отырып жүргізілетін әртүрлі жасырын экономикалық қызметті есепке алу туралы, құрылыстың жалпы шығарылымының барлық бағалау есептерінің және түзетулерінің жиынтықтығын көрсету үшін бейресми экономикаға және жасырын өндіріске бағалау есебі қолданылады.

Бейресми және жасырын қызметінің (Vнс) құрылыс жұмыстарының көлемін есептеу үшін «Жасырын және бейресми қызмет параметрлерін есепке алғандағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар» қолданылады.

Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын анықтау

Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымы көлемі жаңа құрылыста орындалған жұмыстарының жиынтық құны, жасырын және бейресми қызметін есепке алғандағы құрылыс ұйымдарының мердігерлік және шаруашылық әдіспен және жеке құрылыс салушылармен өндірілетін, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі болып табылады.

V = Vн + Vкр + Vнс,                                                                                                  (5)

Мұнда, V               – құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылым көлемі;

Vн               – жаңа құрылыстың құрылыс жұмыстары көлемі;

Vкр              – ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі;

Vнс              – жасырын және бейресми қызметтің құрылыс жұмыстар көлемі [40].

Құрылыстағы жасырын және бейресми қызметтің көлемі құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарының көлемі бойынша анықталады.

Құрылыс бөлігіндегі жасырын экономика және бейресми қызметке:

- статистика органдарына деректер бермейтін саяжайлық үйлер мен саяжай және бақша телімдеріндегі басқа да қора-қопсы құрылыстарын, гараждар және жеке тұлғалар салатын басқа объектілердің құрылысы;

- объектілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тіркелмеген кәсіпорындар қызметі (мысалы, тиісті атқарушы билік органдарында тіркелмеген, құрылыс қызметіне лицензия алмаған уақытша құрылыс бригадалары).

- салық төлеуден жалтару мақсатында құрылыс ұйымдары орындаған көлемдер туралы деректерді азайту.

Есептерді жүргізу үшін ақпараттық негіз өнеркәсіп, құрылыс және инвестиция салалары бойынша айлық және жылдық кезеңділіктегі статистикалық байқау нысандары, сондай-ақ салааралық теңгерім және кедендік статистика деректері болып табылады. Статистикалық нысандардың толық тізбесі және құрылыс саласы бойынша жалпы өнімді есептеу кезінде қолданылатын басқа да дереккөздер, осы әдістемелік ұсынымның 1-қосымшада келтірілген.

Жасырын және бейресми қызметті есепке алумен құрылыстағы жұмыстардың жалпы көлемін анықтау

Жасырын және бейресми қызметті есепке алумен құрылыстағы мердігерлік жұмыстардың көлемін анықтау үшін баланстық әдіс қолданылады. Бұл әдіс өзара байланысты көрсеткіштерді салыстыруға негізделген, инвестициялық қорлардың негiзiнде яғни (табыстар және шығындар, қорына және оларды пайдалану) зерттелетiн құбылысты сипаттайтын әртүрлi көзқарастармен құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстардың көлемі анықталады және статистикалық байқау деректерiмен салыстырылады. Бұл шамалардың айырмашылығы жасырын және бейресми қызметтердің шамасын сипаттайды.

Бұл жағдайда инвестициялық ресурстар деп құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын құрылыстық және басқа да материалдар ұғылады.

Жасырын және бейресми қызметтер параметрлерін есепке алумен құрылыстағы мердігерлік жұмыстар көлемін анықтау кезінде келесі кезеңдерге бөлінеді:

- құрылыстағы болуы мүмкін (бағалау) мердігерлік жұмыстар көлемін анықтау;

- ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша құрылыстағы мердігерлік жұмыстар көлемін анықтау;

- шағын кәсіпорындар мен ұйымдармен орындалған құрылыстағы мердігерлік жұмыстар көлемін анықтау;

- жасырын және бейресми құрылыс қызметтерінің параметрлерін болуы мүмкін мердігерлік жұмыстар көлемін статистикалық байқаулар деректерімен салыстыру және осы көлемді өңірлер бойынша бөлу арқылы анықтау. 

Жасырын және бейресми қызмет параметрлерін есепке алумен құрылыстық мердігерлік шарт бойынша орындалған жұмыстар көлемін анықтау. Мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемін анықтау

Мердігерлік жұмыстардың көлемін анықтау инвестициялық ресурстар негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде инвестициялық ресурстар құны анықталады.

Құрылыстық, монтаж жұмыстарына арналған инвестициялық (материалдық) ресурстар шамасы келесі формула бойынша есептеледі (ғимараттар мен имараттарды жөндеуді қоса):

Rs=(P+C-қ)(1+K1)dn/d;                                                              (6)

Rs               ‑ инвестициялық ресурстардың құны;

P               ‑ құрылыс материалдары өнеркәсібінің өнімдерін өндіру (бейресми экономиканы есепке алғанда) ішкі салалық айналымсыз;

C               ‑ сыртқы сауда айырмасы (импорт-экспорт) құрылыс материалдары бойынша;

қ               ‑ өндірушілерде және саудада тауарлық қорлардың өзгеруі;

K1               ‑ көліктік, құрылыс материалдарының құнына өндіруші бағасы бойынша көтерме-делдалдық үстеме бағаларға қатынасы;

dn               ‑ «құрылыс» саласының құрылыс материалдарын жалпы қолданудағы үлес салмағы;

d               ‑ құрылыста қолданатын материалдық ресурстардың жалпы көлеміндегі құрылыс материалдарының үлесі [41].

Орындалған құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі келесі формула бойынша анықталады (Vб):

Vб=Rs:n                                                                                                 (7)

Мұнда, Rs              – құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарына арналған инвестициялық (материалдық) ресурстардың құны;

n              – құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының жалпы көлеміндегі материалдар құнының үлес салмағы [42].

Мердігерлік жұмыстар көлемін анықтау келесі формула бойынша есептеледі:

Vp=Vбx(1-dh),                                                                                                    (8)

Где, Vб              - құрылыс, монтаж және жөндеу  жұмыстарының бағалау көлемі;

dh              - шаруашылық әдіспен орындалатын жұмыстардың үлес салмағы [43].

Мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемін анықтау келесі деректердің негізінде анықталады: жеке құрылысты қоса

Статистикалық байқаулар негізінде алынған кәсіпорындар бойынша мердігерлік жұмыстардың жалпы көлемі ірі және орта кәсіпорындар және ұйымдар бойынша және осы кезең үшін шағын кәсіпорындардың мердігерлік жұмыстарының көлемі есепті кезеңге алынған мердігерлік жұмыс көлемін қосу арқылы анықталады

Vс= Vіо + Vш                                                                                                      (9)

мұнда, Vіо              – ірі және орта кәсіпорындар бойынша мердігерлік жұмыстар көлемі;

Vш              – шағын кәсіпорындар бойынша мердігерлік жұмыстардың көлемі [45].

Ірі және орта кәсіпорындар бойынша мердігерлік жұмыстар көлемін анықтау үшін айлық кезеңділіктегі құрылыс ұйымдары орындаған мердігерлік жұмыстардың орындалуы туралы статистикалық байқау есептік деректері қолданылады.

Шағын кәсіпорындардың құрылыстық мердігерлік шарт бойынша жұмыстарының көлемін анықтау үшін тоқсандық кезеңділікпен құрылыс ұйымдары орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы статистикалық байқаудың есептік деректері қолданылады.

Жасырын және бейресми құрылыс қызметінің көлемін анықтау. Жасырын және бейресми құрылыс қызметінің көлемі (Н) шағын кәсіпорындарды есепке алумен мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемі (Vp) мен статистикалық байқау нысанының деректері (Vc) арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады [46].

H = Vp - Vc                                                                                                                      (10)

Жасырын және бейресми құрылыс қызметінің шамасы өңірлер, мердігерлік ұйымдар есептілігіндегі орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі туралы деректерді азайтудың пропорционалды мөлшері бойынша бөлінеді, тапсырма берушiнiң есептілігіндегі ұқсас деректерді қоса.

Алынған нәтижелердің объективтілігін бағалау үшін шығындар үлесінің серпіні мердігерлік жұмыстар көлеміндегі элементтер және баптар бойынша бақыланып отырады, құрылыс салушылар көлемі мен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі салыстырылады.

Жасырын және бейресми құрылыс қызметінің шамасы өңірлер, мердігерлік ұйымдар есептілігіндегі орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі туралы деректерді азайтудың пропорционалды мөлшері бойынша бөлінеді, тапсырма берушiнiң есептілігіндегі ұқсас деректерді қоса.

Дө = Зsө/ Зsқр  Дқр                                                                                                   (11)

Мұнда, Дө              –өңірлік деңгейдегі жасырын және бейресми қызметке қоса санау шамасы;

Дқр              –республикалық деңгейдегі жасырын және бейресми қызметке қоса санау шамасы;

Зs              –тиісінше өңірлік (ө) және республикалық деңгейлерде тапсырыс берушінің есептілігіндегі ұқсас деректермен қоса мердігерлік ұйымдар есептілігіндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін азайту шамасы [47]. 

Алынған нәтижелердің объективтілігін бағалау үшін шығындар үлесінің серпіні мердігерлік жұмыстар көлеміндегі элементтер және баптар бойынша бақыланып отырады, құрылыс салушылар көлемі мен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі салыстырылады.

Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
              Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады. Қорлардың жіктелуі
Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

-         шикізат;

-         негізгі материалдар;

-         көмекші материалдар;

-         жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады [48].

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды. Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатрына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары», 1320 «Дайын өнімдер», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқалай босалқылар», 1360 «Босалқыларды есептен шығару резерві». 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады [49].

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру