Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті

 

 

 

Исмаилова Регина

 

 

 

Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

050508 - «Есеп және аудит»

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан -2012

Ф-ОБ-001/033

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті

 

 

 

Қорғауға жіберіледі

кафедра меңгерушісі

э.ғ.д., профессор Б.С.Мырзалиев

__________________

«___»_________2012 ж.

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

Тақырыбы: «Құрылыс ұйымдарында есеп пен

аудитті ұйымдастыру»

 

 

050508 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

       Орындаған:  

       СЕА-715 тобының студенті                                         Р.Исмаилова

 

       Ғылыми жетекшісі                          

       магистр-оқытушы                                                         Д.Абдушукуров

 

 

 

 

 

Түркістан 2012

МАЗМҰНЫ

 

 

 

беті

 

КІРІСПЕ .......................................................................................

 

4

І

 

ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1

Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................

 

6

1.2

Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....

18

1.3

Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................

 

27

 

 

 

 

ІІ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

 

2.1

Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................

 

43

2.2

Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................

 

56

2.3

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................

 

63

 

 

 

 

ІІІ

 

ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

 

3.1

Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........

70

3.2

Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................

 

78

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................

 

89

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

 

92-94

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі.

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитінің қолданыстағы жүйесін зерттеу нәтижесі құрылыс ұйымы менеджерлерінің  құрылыс жұмыстарының орындалу барысын бақылауға және оның нәтижелері бойынша шешім қабылдауға қажетті неғұрлым толық және сенімді ақпараттармен толыққанды қамтамасыз етілмейтіндігін байқатты. Бұл құрылыс ұйымдарындағы басқару жүйесін жақсарту үшін материалдық қорлар есебін тиімді ұйымдастыру, есептің шынайылығын, жеделдігін және талдамалылығын көтеру қажет екендігін көрсетеді. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіпорындағы құрылыстың сапасын арттырып ондағы тиімділікті жоғарылату барысында міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есеп пен аудиттің алатын орны ерекше.

Еліміздегі құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің күн санап артуына байланысты құрылыс ұйымдарында жұмсалатын материалдық шығындарды төмендету, соған сәйкес құрылыс өнімінің бағасын арзандату, тұрғызылатын объектілердің сапасын жақсарту шараларын жүзеге асыруда бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесін жетілдіру, бақылау механизмдерін тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті құрылыс ұйымында ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитін ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін, құрылыс-монтаж жұмыстарының есептеліну тәртібін зерттеу, ішкі аудит қызметін ұйымдастыру, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысындағы жұмсалған материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік берді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, құрылыс ұйымдарындағы есеп пен аудитті ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсыну болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, келесідей міндеттер алға қойылды:

-         құрылыс ұйымдарында есеп пен аудиттің теориялық аспектілерін ашықтау;

-         құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі терминдер мен анықтамаларға түсінік беру;

-         құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызын ұғындыру;

-         құрылыс ұйымдары өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібін анықтау;

-         Қазақстан республикасындағы құрылыс ұйымдарының даму тенденциясын талдау;

-         Қазақстан республикасындағы құрылыс ұйымдарының дамуын талдау;

-         тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы мен даму барысын талдау;

-         құрылыс ұйымдары қызметін жетілдіру бағыттарын ұсыну;

-         құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттарын өңдеу;

-         құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын ұсыну.

Тақырыптың ғылыми тұрғыдан зерттелу дәрежесі. Еліміздегі құрылыс саласының соңғы жылдары жедел қарқынмен дамуына қарамастан, құрылыстағы бухгалтерлік есеп пен аудитті  жетілдіру мәселелеріне арнап жазылған ғылыми еңбектерді жоқ деуге болады. Сонымен қатар құрылыс саласында есеп пен аудитті ұйымдастыру мәселелерін зерттеп жүрген еліміздің ғалым-экономистерінің еңбектерінде құрылыстағы есеп тақырыбында жалпы сұрақтар қарастырылғанымен, құрылыс саласындағы кәсіпорындардың ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитіне арналған сұрақтар терең зерттелмеген, сонымен қатар құрылыс ұйымдарында ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитіне соның ішінде материалдық қорлардың есеін ұйымдастыру мәселелері ғылыми тұрғыдан нарықтық экономикаға көшуге байланысты жан-жақты қаралмаған.

Қорытындыда, Қазақстан Республикасы құрылыс ұйымдарындағы қызметті жетілдіру жолдарына қатысты нақты түйіндемелерге тұжырым жасалынды.

Зерттеу тақырыбы болып құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастырудағы концептуалды шешімдер және негізгі принциптер әзірлемесі болып табылды.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдары таңдалды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз тармақтардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 94 бет, оның ішінде 15 кесте, 4 сурет қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              І ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар

 

1) Аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру;

2) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Заңда көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы;

3) Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;

4) аудитор – Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;

5) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат;

6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым;

8) аудиттелетін субъект – өзіне қатысты аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан өкілдік ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;

9) аттестаттау – Біліктілік комиссиясының аудитор­ларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындау рәсімі;

10) Әдеп кодексі - аудиторлардың кәсіби қызметінің әдеп ережелері жиынтығы;

10-1) мүдделер қақтығысы – аудиторлық ұйымның мүдделілігі аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы оның пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;

10-2) дұрыс емес аудиторлық есеп – Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, пайдаланушыларды шатастыратын аудиторлық есеп;

11) көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пікір жазылған аудиторлық есеп;

12) ұйымдардың стандарттары – аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;

14) уәкілетті мемлекеттік орган - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган [1].

               Аудиторлық қызмет

1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.

2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мынадай қызметтерді де көрсете алады:

1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтер;

2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау;

3) ішкі аудит;

4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру;

5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;

6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;

7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру;

8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту;

9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету;

10) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау жөнінде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтерді көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу;

11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету [2].

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметінің бейіні бойынша жекелеген қызмет түрлерін көрсету тиісті лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл қызметтерді көрсетуге құқылы емес.

3. Аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.

               Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар:

тәуелсіздік;

объективтілік;

кәсіби құзыреттілік;

құпиялылық;

адалдық;

ұйымдардың стандарттарын сақтау [3].

Аудиттің түрлері мыналар:

1) міндетті;

2) бастамашылық.

2. Міндетті аудитке:

- акционерлік қоғамдар;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;

- жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар;

- ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы қоры едәуір қатысатын заңды тұлғалар;

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру