Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

 

2

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту - Сызба автордың  зерттеуі  бойынша құрастырылған.

             

Сурет  1 –  Тұрғын үй құрылысы кешенінің  (ТҮҚК) қызметтік құрылымы

2

 



Дамыған шетелдердiң тәжiрибелері көрсеткендей тиiмдi тұрғын үй нарығының қалыптасуы үш құрамдас бөлік негiзiнде жүреді. Олар - жеке меншiктегi тұрғын үйлер, коммерциялық немесе әлеуметтiк жалға тиесiлi жалдық тұрғын үйлер және мемлекеттiк, яғни муниципалды үйлер (кесте 2).

Кесте  2. Құрылыс кешенін  дамытудың  шетел үлгілері мен сипаттамалары

 

 

Құрылыс кешенін

дамыту үлгілері

 

Тұрғын үй құрылыс кешенін  дамыту үлгілерінің сипаттамалары

 

Германия, Франция, Швеция, Англия,

Дания,  Испания, АҚШ, Австралия, Ұлыбритания,  Финляндия,  Голландия, Ирландия және т.б.

    Ипотекалық несиелендірудің  дамуы, тиiмдi тұрғын үй нарығының қалыптасуы: жеке меншiктегi тұрғын үйлер, коммер-циялық немесе әлеуметтiк жалға тиесiлi жалдық тұрғын үйлер және мемлекеттiк, яғни муници-палды үйлер; тұрғын үй бағасын реттеу қызметтері бәсекелестік арқылы жүргізіледі; жобаларды қаржыландыру көлемін анықтау  және жүзеге асуын қадағалау; аймақтық индустриялдық саясат.

қалалық бюджет мүлiк операцияларынан салықтар түрiндегi кipicкe ие болады; еңбек миграциясын жеңiлдетуге ықпал етедi және азаматтар үшiн баспанaға ие болудың қолайлы жолы; пәтердi пайдалану, коммуналдық қызметтер көрсету, мүлiктi басқару жүйелер-дiң қалыпты жұмыс істеуі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын-дағы мәселелердi азайтады.   

 

Ресей, Украина

Беларуссия және т.б.

   салық салу арқылы құрылым-дық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру; аймақтарда бағаны реттеу тетіктері, жеңілдетілген несиелен- діруді қолдау, төменгі пайызбен несие беру;    шетелдік капитал салымын тарту, салықтық жеңілдіктер орнату, лизингтік тетіктерді  пайдалану;

 

     тұрғын үй саласын инвестиция-лау келісім-шарттық жинақ, ипотекалық  несиелендіру, тұрғын-дарға  пәтер алудағы мемлекеттік қолдау, мақсаттық мекен-жайлық субсидия жүйесі негізінде жүзеге асады; жалдық тұрғын үйдің мемлекеттiк (коммуналдық) және коммерциялық типтерiн салу; үлестік құрылысты қолдау.

 

Қазақстан үлгісі

аймақтарда бағаны реттеу тетіктері, жеңілдетілген несиелен- діруді қолдау, төменгі пайызбен несие беру;  тұрғын үй құру үшін

инвестицияның құйылуын ынта-ландыру; салықтық жеңілдіктер орнату, лизингтік тетікті  пайда-лану; мекен-жайлық мақсатта мемлекеттік дотациялар мен субсидиялар, ипотекалық несие-лер беру; дағдарыста жол картасы негізінде үлескерлер үшін бітпеген тұрғын үйлерді тұрғызу.

      дағдарыс жағдайында үлестік құрылыс және тұрғын үй құрылысын бөліп төлеу;  тұрғын үйлік құрылыс жинақты іске асыруға қайтарым ретінде мемлекет әр жылдың соңында салымшыға ағымдағы салған қаржы көлемінде сыйақы төлеу;  қаржының бөлінуін тендерлік сайыс негізінде анықтау,  жалдық тұрғын үйдің мемлекеттiк және коммерциялық типтерiн салу; үлескерлік құрылысты қолдау.

 

Ескерту - Кесте автордың  зерттеуі  бойынша құрастырылған

 

Тұрғын үйге қол жетімді, тұрғындардың  өздері  және несиелік қаржылары есебінен пәтер алу қабілеттілігі қоғамның даму деңгейін сипаттайды. Тұрғындардың ипотекалық төлем төлеуге жеткіліксіз қабілеттілігі, пәтер бағасынан нақты табыс деңгейінің қалып қоюы, табыстың тұрақсыздығы – тұрғындардың ипотекалық несие алуы мүмкіндігіне кері әсерін тигізуде. Сол себептен тұрғын үй ипотекалық несиелендіру жүйесінің ұзақ мерзімге берілудегі құратын негізгі міндеттерінің бірі жоғары жалақылы тұрғындарды ғана емес, орташа табысты тұрғындарға да ипотекалық несиелендірудің қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ипотекалық  несиелендіру жүйесі  дотациялық  емес,  нарықтық сипатта болуы қажет. Тұрғын үймен қамтамасыз етуде ипотекалық несиелендіру  қатысушылардың бәрінің мүддесін  толық қанағаттандыратын, анық және түсінікті болуы қажет.

Тұрғын үйді сатып алу немесе құруға ипотекалық несиелендіру жүйесі, ең бірінші тұрғындардың екінші деңгейдегі банктер – несие берушілерден тартылған қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануына негізделеді. Аумақтарда ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру жүйесінің дамуының түрі мен көлемі аумақтағы нақты экономикалық жағдаймен, тұрғын үйге төлем қабілеттілігінің сұраныс пен ұсынысқа толық жауап беруімен, сондай-ақ аумақтық қажетті нормативтік-құқықтық базамен негізделген инфрақұрылым-ның  қалыптасуымен анықталуы тиіс.

Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында ел ішінде тұрғындардың тұрғын үй салуға немесе оны сатып алуға ипотекалық несиелеуде мемлекеттік қолдаудың маңызы үлкен. Дағдарысқа қарамастан әрбір жанұя өзінің жеке тұрғын үйі болуын қалайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында «тұрғын үй құрылысы біздің экономикамыздың алға сүйреуші қуатты күші» деп атап өтуі де ел ішіндегі тұрғындардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің бір дәлелі [30].

Қазіргі дағдарыс жағдайында бұл мәселені шешудің бір жолы, кеңейтілген ашық үлгі бойынша банктердегі ипотекалық несиелеу жүйесі үшін несиелік ресурстардың қалыптасуы арнайы ұйымдастырылған, жылжымайтын мүліктермен қамтамасыз етілген екінші реттегі бағалы қағаздар нарығы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Екiншi, Қазақстан Үкіметінің ипотекалық дағдарысқа қарсы қабылдаған бағдарлама аясында республикалық бюджет есебiнен арендалық және несиелiк тұpғын үй құрылысын жүзеге асыру қолға алынды. Артық шығын жұмсап жаңадан тұрғын үй салғанша, салынып тұpған жаңа үйдi сатып алу мемлекетке әлдеқайда тиiмдi екендігі анықталды. Сол себептен, аймақтарда арендалық және несиелiк тұрғын үй құрылысын жүргiзумен қатар, дайын үйлердi сатып aлyғa рұқсат беру қажет.

 

1.3 Құрылыс ұйымдары өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі

 

Өнімнің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:

- формалдық экономикадағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау;

- жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау;

- тұрғын және тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар және имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемін анықтау;

- бейресми және жасырын қызметі құрылыс жұмыстары көлемін анықтау.

Жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі ғимараттар мен имараттарды салу бойынша мердігерлік және шаруашылық әдіспен және жеке салушылармен өндірілетін құрылыс-монтаж жұмыстары, жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру, ұлғайту сондай-ақ құрылыс объектілерімен байланысты өзге де шығындар көлемін жиынтықтау арқылы анықталады.

Жаңа құрылыстағы (Vн) құрылыс жұмыстарының көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

Vн = Vп + Vх + Vи + Зп,                                                                                     (1)

Мұнда, Vп              ‑ мердігерлік әдіспен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

   Vх              ‑ шаруашылық әдіспен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

   Vи              ‑ жеке құрылысшылармен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

   Зп              ‑ құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындар көлемі [32].

Жаңа құрылыстағы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі (Vп) келесі формула бойынша есептеледі:

Vп = v1 + v2,                                                                                                                 (2)

Мұнда, v1              - ірі және орта кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

   v2              - шағын кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі [33].

Жұмыстарды мердігерлік шарт бойынша жүзеге асыратын құрылыс ұйымдарының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі мердігерлік жұмыстардың көлемі болып табылады. Бұл көрсеткіш құрылыс-монтаж жұмыстарының (жаңа құрылыс, жаңарту, ұлғайту, техникалық қайта құру және басқалар) құны қосылатын мердігерлік жұмыстар құнын көрсетеді.

Ірі және орта кәсіпорындар (v1) мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі бойынша деректер құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы айлық сайынғы статистикалық байқаулар деректерінің негізінде қалыптасады.

Шағын кәсіпорындар (v2) мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің ақпараттық негізі қызметкерлерінің саны                   50 адамға дейін құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы тоқсан сайынғы статистикалық байқаудың деректері болып табылады [34].

Құрылыс өнімінің шығарылым көлемін анықтауға мүмкіндік беретін шағын кәсіпорындар туралы ай сайынғы ақпарат жоқ болғандықтан, оның ай сайынғы есептеулері сараптамалық бағалаулар және жанама есептеулер арқылы жүргізіледі. Атап айтқанда, шағын кәсіпорындар бойынша айлық жұмыс көлемін есептеу үшін соңғы тоқсандағы мердігерлік жұмыстар көлемі бойынша деректер осы тоқсандағы айларға, құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі есебімен ірі және орта кәсіпорындардың тоқсандық көлемінде әр айдың үлес салмағы бойынша бөлінеді.

Шағын кәсіпорындар бойынша есептік айдағы алынған мердігерлік жұмыстар көлемі, осы кезең бойынша ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жұмыстар көлеміне жатады және айлық көрсеткішті қалыптастыру үшін алгоритмде қолданылатын осы кәсіпорындарға бағалау коэффиценті анықталады.

Шаруашылық әдіспен (Vх) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемі негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы жылдық статистикалық байқау деректері бойынша анықталады. Айлық көрсеткішті есептеу үшін жылдық көлемнің 12/1 бөлігі алынады.

Жеке салушылармен (Vи) орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі туралы деректер жеке салушылар пайдалануға берген объектілер туралы статистикалық байқау бойынша анықталады [35].

Құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындар (Зп) туралы ақпарат айлық кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы статистикалық байқау деректері арқылы анықталады. Құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындарға тоқтап тұрған объектілер және уақытша тоқтап тұрған құрылыс бойынша, жойылған құрылыстың негізгі қорлары бойынша және с.с. шығындар жатады.

Сонымен бірге құрылысты есепке алынатын күрделі салымдар ҰШЖ түсінігінде негізгі капиталға салынған инвестицияларды қамтитын келесі   шығындарды қамтымайды.

- жобалау-іздестіру жұмыстарға жұмсалған шығындар;

- көп жылдық екпе ағаштар егуге жұмсалған шығындар;

- жұмысқа жегілетін, өнімді және асыл тұқымды мал сатып алуға жұмсалған шығындар;

- бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалған шығындар;

- негізгі қорлардың құнын ұлғайтпайтын шығындар.

              Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу үшін қолданылатын өзге де капиталдық салымдар көлемін есептеу кезінде осы шығындар тізбесіндегі капиталдық салымдар көлемін алып тастау қажет.

              Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемін анықтау.

              Құрылыс өнімдерінің көлемін экономика саласы ретінде анықтау үшін, тек жаңа құрылыс, жаңарту және ұлғайту бойынша өндірілген құрылыс жұмыстарының көлемін ғана емес, сондай-ақ кейінгі өндірілген капиталдық салымдар негізгі құралдар құнын ұлғайтатын болғандықтан ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу көлемін де есепке алу қажет. Сондықтан жалпы өнім шығарылымының бір құрамы оның ресурстарын орнына келтіру мақсатында қажет болған жағдайда конструкторлық элементтер және инженерлік жабдықтар жүйесін ауыстыру мердігерлік және шаруашылық әдіспен өндірілетін жұмыс көлемімен анықталатын ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі болып табылады.

Объектінің құнын қымбаттатпайтын жөндеу жұмыстары, яғни ұлттық шоттар жүйесінің анықтамаларына сәйкес ғимараттар мен имараттардың ағымдағы жөндеулері құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткіштерінің құрамына қосуға жатпайды.

Ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

Vкр = Vкрп + Vкрх + Vкри,                                                                                    (3)

Мұнда, Vкрп              ‑ мердігерлік әдіспен орындалған ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі;

Vкрх              ‑ шаруашылық әдіспен орындалған ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі;

Vкри              ‑ жеке тұрғын үй құрылысы бойынша орындалған күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі [36].

Мердігерлік әдіспен (Vкрп) орындалған күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

Vкрп = v3 + v4,                                                                                                                (4)

Мұнда, v3              - ірі және орта кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі;

v4              - шағын кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі [37].

Ірі және орта кәсіпорындар (v3) мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемінің деректері құрылыс ұйымы орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы айлық статистикалық байқау деректерінен қалыптасады.

Шағын кәсіпорындар (v2) мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстарының көлемі бойынша ақпараттық негізі тоқсандық кезеңдегі құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы статистикалық байқауы болып табылады. Шағын кәсіпорындар орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемін ай сайын есептеу үшін жаңа құрылыста жұмыс көлемін есептеу қолданылады.

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру