Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

  Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома. Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін. Босалқыларға қайта сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса босалқылар дайын немесе ұйым шығарған және шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім кіреді. Қызмет көрсету аясының ұйымы 19-параграфта сипатталғандай, ұйым тиісті түсім шамасын осы уақытқа дейін танымаған қызмет көрсетудің құны босалқыға кіргізілген жағдайда (18-«Түсім» ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.Босалқылардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады. Босалқыларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады. Босалқыларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету және жабдықтар мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тәуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тәуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады. Тұрақты және үстеме өндірістік шығыстарды қайта өңдеу бойынша шығындарға бөлу қалыпты жағдайда жұмыс істеу барысында ұйымның өндірістік қуаттылығына негізделеді. Қалыпты өндірістік қуаттылық - жоспарлы техникалық қызмет көрсету нәтижесінде қуат ысырабын есепке ала отырып, істің қалыпты орындалуы барысында жұмыстың бірнеше кезең немесе мезгілінде орташа көрсеткіштер негізінде есептелетін өндірістің күтілетін көлемі. Өндірістің нақты деңгейі қалыпты жағдайдағы қуаттылыққа жуық мәнде сәйкес келгенде ғана пайдаланыла алады. Өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы өндіріс деңгейінің төмендеуі немесе ұйымның тоқтап қалуы салдарынан өспейді. Бөлінбеген үстеме шығыстар оның пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс деңгейі ерекше жоғары болған кезеңде өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы босалқылар өзіндік құнынан жоғары бағаланбайтын мөлшерде азаяды. Өндірістік қуаттылықты шын мәмінде пайдалану негізінде ауыспалы өндірістік үстеме шығыстар өнімнің әрбір бірлігіне жатқызылады. Өндірістік процесс нәтижесінде бір мезгілде көп өнім шығарылуы мүмкін. Мысалы, бұл бұйымды бірігіп шығару жағдайында, немесе негізгі өнімнің өндірісі қосымша өнімді өндірумен қатар жүріп отырған жағдайда болады. Әрбір өнімге жұмсалған шығындарды бөлек анықтай алмаған жағдайда, оларды өнімдердің арасында теңбе-тең және бір ізді бөледі. Бөлу, мысалы, не өндіріс процесі кезеңінде өнімдер ұқсас болғанда, не дайын өнім шығарылған кезде анықталатын әрбір өнімді сатудың салыстыра алғандағы құнына негізделуі мүмкін. Қосалқы өнімдердің көбісі табиғатынан мардымсыз. Осындай жағдайларда оларды көбінесе сатудың ықтимал таза бағасы бойынша бағалайды және бұл шама негізгі өнімнің өзіндік құнынан шегеріледі. Нәтижесінде негізгі өнімнің баланстық құны оның өзіндік құнынан аз ғана ерекшеленеді.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

 

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау

 

Еліміздегі құрылыс саласы өнімінің соңғы жылдары еселеп өскендігін байқаймыз. Талдау барысында Республика бойынша барлық  құрылыс ұйымдарының мердігерлік келісім-шарт бойынша орындалған жұмыстардың жағымды көрсеткіштерге көз жеткіземіз. Құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпорындарының жай- күйін талдау өнеркәсіпті дамыту және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері ел экономикасының жалпы даму мәселелерімен тығыз байланыста екендігін және салалық айрықша ерекшеліктеріне иеленгенін көрсетеді.

              Құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың көпшілігі орта немесе шағын және осының салдарынан оларда өндірісті жаңғырту (не ұйымдастыру)  жөніндегі жобаларды қаржыландырумен байланысты елеулі проблемалар бар. Проблемалар өзіндік айналымдық қаражатпен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі бөлігінде де, сондай-ақ, лизингтік операцияларды қамтамасыз етуді де туындауда.

Менеджерлердің жеткіліксіз біліктілігі сала кәсіпорындарының өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Сала кәсіпорындарда да, соңғы өнімді негізгі тұтынушыларда да айтарлықтай ақпарат  жеткіліксіздігі сезіледі. Сала кәсіпорнындары саланы әлемдік, өңірлік және ұлттық деңгейде дамытудың қазіргі заманғы үрдістер туралы ақпаратқа мұқтаж, өнімнің әр түрлері бойынша (отандық және өңірлік рыноктар) маркетингтік зерттеулер қажеттілігі бар. Құрылыс ұйымдары құрылыс белсенділігінің негізгі орталықтарына тасымалдаудың бағалары мен тарифтері көрсетілген құрылыс материалдардың отандық өндірушілер туралы ақпаратқа мұқтаж.

Кәсіпорындар үшін айтарлықтай проблемалардың бірі болып (әсіресе мұнай газ өндіруші компаниялармен ынтымақтастық кезінде) қажетті халықаралық стандарттардың (ISO, API және т.б) жоқтығы табылады.

Басты проблемаларға мыналар жатады:

- өңірдің негізгі құрылыс материалдардың түрлері бойынша импортқа елеулі тәуелділігі; өндірістерді техникалық жарақтандырудың төменгі деңгейі, кәсіпорындардың технологиялық жабдықтары мен негізгі құралдарының елеулі моральдық және нақты тозығы;

- кәсіпорындардың айналым қаражатының және өндірістерді жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру үшін қорланудың  жоқтығы; құрылыс материалдары  өндірісін қаржыландыру тәуекелінің жоғары дәрежесінен қаржы ресурстарына қол жетімділіктің шектеулілігі;

- энергия ресурстары мен шикізат тасымалының жоғары тарифтері; импорт алмастыратын және экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту үшін инвестициялардың жеткіліксіз болуы; өнім өндіру сапасын басқару халықаралық әдістері мен стандарттарынан қалыс қалуы;

- мамандардың аса жетіспеушілігі және оларды облыста дайындаудың біліктілік деңгейінің  төмендігі.

Бұдан басқа, құрылыс материалдары өндірісінің дамуына капиталды тартуға жоғары қаржылық мүмкіндіктерінің арқасында  мердігерлік жұмыстарға тендерлерді ұтып алатын және өз елдерінен құрылыс материалдарды жеткізуге мүдделі шетел құрылыс фирмалардың өктемдігі кедергі келтіруде.

ҚР бойынша мердігерлік келісімшарт негізінде орындаған жұмыстарының көлемі 2000 жылы 150,7 млрд. теңгені, ал 2008 жылы 1784,9 млрд. теңгені құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 1821,8 млрд. теңгені құрап бұдан он жылға жуық уақыт бұрынғы, яғни 2000 жылғы көрсеткішке қарағанда 1671,1 млрд. теңгеге, немесе 1208,9% (пайызға), басқаша айтатын болсақ шамамен 12 есе артқан. Бұл тұрғыда 2009 жылғы көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 36,9 млрд. теңгеге немесе 102,1% артқан. Республикада 2000 жылы жұмыс істеген құрылыс ұйымдарының саны 2967, 2008 жылы 7383, ал 2009 жылы 6709 тең болған. Соған сәйкес 2009 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 3742 ке, немесе 226,12% артқан болса,  2008 жылмен салыстырғанда 674 ге, немесе 9,1% кеміген. Соңғы он жылдай уақыт аралығында, яғни 2000-2009 жылдар аралығында еліміздегі құрылыс ұйымдарының жалпы саны 226,12 пайызға көбейсе, оның ішінде шағын ұйымдардың үлес саны айтарлықтай дәрежеде өскені байқалады [59].

Экономиканың екі маңызды секторын – Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мен реформалау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру Агенттіктің басты міндеті болып табылады.

Ішкі жалпы өнімнің көлеміндегі осы салалардың үлесі 7,6% болды, салада жұмыс істейтін жұмысшылардың үлес салмағы республикада жұмыс істейтіндердің жалпы санының 7% құрайды.

2010 жылы құрылыс жұмысының көлемі 1,9 трлн.теңге шамасынан асқан, ал нақты көлемінің индексі 2009 жылмен салыстырғанда 101% құрайды. Тұрғын үйді іске қосу жоспары 103% орындалған және нақты 6,4 млн.шаршы метрді құрайды.Барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 317 млрд. теңге инвестиция, немесе 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 97,9% бағытталған.

2007 жылдан бастап, Үкімет үлестік құрылысты аяқтауға 433,4 млрд. теңге бөлген. Нәтижесінде 389 объекті бойынша 53 мыңнан астам үлескерлердің проблемалары шешімін тапты. Республика бойынша қалған 58 объектіні (13650 үлескер) ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде Астанада 25 объекті (5 944 үлескер), Алматы қаласында 19 объекті (3 376 үлескер), басқа өңірлерде 14 объекті (4 330 үлескер). Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 215 км. жылу трассасы, 320 км. электр желілері, 432 км. газбен жабдықтау, 886 км. сумен жабдықтау және 174 км. су бұру желілері салынған және жөнделген. 500 мыңнан астам азаматтарды коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету жақсарған, оның ішінде:

- бұрын су тасып әкелінетін 50 елді мекен сумен жабдықталған (онда 140 мыңнан астам адам тұрады).

- 85 елді мекендердің кейбір жеке шағын аудандарында сумен жабдықтау тұрақтанған, бұрын онда су тәулігіне 2-3 сағат берілетін (65 мыңнан астам адам)

- 32 елді мекенде электрмен жабдықтау тұрақтанған (18 мың адам)

- 22 елді мекен газдандырылған (180 мың адам)

- 52 елді мекенде жылу трасса учаскелерін ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген, бұл қазіргі жылыту маусымында халықты тұрақты және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (100 мың адам)

Қазақстан экономикасында елеулі маңызы бар салалардың бірі құрылыс болып табылады. Оның жағдайы көбінесе қоғамның даму деңгейі мен оның өндіруші күштері арқылы анықталады. Республиканың тәуелсіздік жылдарында құрылыс ұйымдарымен жасалған жұмыстар көлемі қарқынды түрде өсуде.

Кесте 3. Құрылыс қызметтерінің негізгі көрсеткіштерінің серпіні

 

 

Жылдар

 

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Мердігерлік жұмыстардың

көлемі, млн.тенге

150 677

253 690

388 977

424 994

527 793

817 821

1 441 236

1 617 464

өткен жылға %-бен

178,5

159,6

141,2

104,0

117,9

147,4

128,6

105,7

Салынған тұрғын үйлердің жалпы алаңы, мың шаршы метр

1 218

1 506

1 552

2 111

2 591

4 992

6 245

6 679

өткен жылға

%-бен

110,2

123,7

103,1

136,0

122,7

182,4

125,1

107,0

Жеке құрылысшылар

тұрғызған тұрғын үйлердің жалпы алаңы, мың шаршы метр

910

1 094

1 159

1 432

1 781

2 505

3 680

3 856

өткен жылға

%-бен

107,9

120,2

105,9

123,6

124,3

145,2

146,9

104,8

Ескерту – стат. мәліметтер негізінде автормен құрылған

 

2007 жылы мердігер мекемелері 1618 млрд. теңге сомасына құрылыс жұмыстары жасалды.

2000 жылдан бастап салынған тұрғын үйдің жалпы алаңын пайдалануға берудің өсу үрдісі байқалған. 2007 жылы тұрғын үйді салуға 490,4 млрд. теңге инвестиция бағытталды және 6679,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

              Егер 1995 жылдан 2001 жылға дейін әлеуметтік сала объектілерінің құрылысы кешенінде объектілерді пайдалануға берудің біршама төмендегені байқалса, 2001 жылдан бастап тұрақты өсуі белгіленді.

2007 жылы ауысымда 4256 келіп-кету болатын амбулаториялық-емханалық мекемелер, 1996 төсек-орындық аурухана, 28633 оқушылар орыны бар жалпы білім беретін мектеп және 2441 орынды мектепке дейінгі мекемелер салынды.

Кесте 4. Құрылыстағы бағаның индексі, пайызбен

 

кезең соңына, өткен жылғы желтоқсанға

 

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Технологиялық құрылымның барлық

элементтері

106,5

 

108,8

104,5

103,0

105,6

105,3

105,0

107,1

құрылыс-монтаж жұмыстары

107,9

 

111,6

106,3

104,3

105,6

104,9

104,9

107,5

технологиялық жабдықтар

102,6

 

104,5

102,0

101,7

108,0

107,3

104,4

106,7

өзге де жұмыстар мен шығындар

108,8

 

107,6

103,9

101,6

102,7

103,7

105,9

106,3

Ескерту – стат. мәліметтер негізінде автормен құрылған

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру