Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

Құрылыс қызметі – жаңа объектілерді салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендері, коммуникациялары) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), солармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау арқылы негізгі құралдарды құру, сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурстарын толықтай пайдаланған объектілерді пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру бойынша қызмет.

Құрылыс өнімі - «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын шаруашылық жүргізетін субъектілердің негізгі экономикалық қызмет түрінің нәтижесі. Құрылыс өндірісі негізінен заттай түр (ғимараттар, имараттар), сондай-ақ қызмет нысаны (құралдарды монтаждау, күрделі жөндеу) қабылдайды.

Қосалқы мердігер – бас мердігер арнайы жұмыс түрлерін орындау үшін жұмысқа тартатын құрылыс ұйымы. Мысалы, жер, электромонтаждық, сантехникалық, өңдеу және с.с. жұмыстар.

Құрылыс-монтаж жұмыстары – жер жұмыстары және топырақтағы арнайы жұмыстарды;

- үйлер мен ғимараттардың (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, тоннельдер және метрополитендер, жол өтпелер, құбырлар, өзге де жасанды құрылыстар) көтеретін және (немесе) қоршайтын конструкцияларын салуды;

- желілік ғимараттарды төсеу бойынша арнайы құрылыстық және монтаждық жұмыстар;

- сыртқы инженерлік желілерді және ғимараттарды, сондай-ақ ішкі инженерлік желілерді орнату;

- конструкциялар мен жабдықтарды өңдеу және қорғау бойынша жұмыстар;

- автомобиль және темір жол құрылысы;

- технологиялық жабдықтарды монтаждау (бұзу) іске қосу жұмыстарын қамтитын құрылыс қызметі [13].

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру – жекелеген өндірістердің, цехтар мен учаскелердің техникалық-экономикалық деңгейіне озық техника мен технологияны енгізу және өндірісті автоматтандыру, ескірген және тозған жабдықтарды жаңа, бұрынғыдан өнімдірегімен айырбастау негізінде арттыру, сондай-ақ жалпы зауыттық шаруашылық пен қосалқы қызметтерді жетілдіру жөніндегі шаралар кешені.

Жаңа құрылыс – негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы қайта құрылған кәсіпорындар, ғимараттар және имараттар, сондай-ақ пайдалануға берілгеннен кейін өз бетінше баланста болатын филиалдар және жекелеген өндірістер объектілерінің кешенін тұрғызу.

Негізгі қорларды жоюдан болатын шығындар – ғимараттар мен имараттарды, жабдықтарды және т.б. бұзу бойынша шығындар.

Құрылыстың шаруашылық әдісі– құрылыс салушы немесе инвестордың өз күшімен жүзеге асыратын құрылыс салу әдісі. Құрылыс салуға қаражаты бар ұйым, кәсіпорын немесе мекеме, өзінің мұқтажына қажет құрылыс-монтаж жұмысын мердігерлік ұйымның қатысынсыз өз күшімен орындайды.

Құрылыстағы бағалар бойынша статистикалық байқау құрылыс өндірісінде пайдаланылатын құрылыс материалдарына, өнімдер және конструкцияларға бағалардың өзгерісі туралы ақпаратты жинау үшін ұйымдастырылған [14].

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына баға индексін есептеу арнайы әзірленген қор-технологиялық үлгілерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.               Оларды құрастыруға арналған бастапқы материал ретінде  әр түрлi экономикалық қызмет түрлерiндегi өкіл-объектілердің құрылысына арналған нақты жоба-сметалық құжаттама болып табылады. Қор-технологиялық үлгілердің негізінде құрылыс-монтаждау жұмыстардың құнын анықтайтын материалдардың және басқа да шығындардың барлық баптарының агрегатталуы жүзеге асырылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына, технологиялық құрылымның бірден бір элементі ретінде есептелген баға индексі құрылыстағы баға индексін құру  үшін негіз болып саналады.

Құрылыстағы баға индексі жалпы экономикалық, болжамдық және статистикалық есептерді, негізгі капиталға инвестиция көлемінің өзгеруін есептеуде, баланстық есептеуді жүзеге асыруда және ішкі жалпы өнімді анықтауда, сонымен қатар инвестордың (тапсырыс беруші) тапсырысы бойынша сметалақ құжаттаманы құруда, құрылыс жұмыстардың бағасы бойынша мәрдігердің өзінің негіздемесінде, атқарылған жұмыстар үшін есептесуді жүзеге асыруда қолданылады.

Құрылыстағы баға индексі - құрылыс өндірісінің технологиялық циклының: құрылыс-монтаждық жұмыстары, машиналар және құрал жабдықтар, өзге де жұмыстар мен шығындар, барлық кезеңдерінде қолданылатын материалдық-техникалық қорлардың баға серпінін сипаттайтын көрсеткіш.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына баға индексі құрылыс-монтаждау жұмысының құнын анықтайтын құрылыс ұйымдарымен сатып алынатын құрылыс материалдарына, бұйымдар мен конструкцияларға баға серпінін және құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын анықтайтын басқа да шығындар баптарын бейнелейді.

Құрылыс өндірісі - құрылыс алаңында тікелей атқарылатын, құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстарды қосқанда өндірістік процесстердің жиынтығы.

Құрылыс ұйымдары - қызмет түрлері Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушіне (ЭҚТЖЖ) сәйкес  «Құрылыс» саласына жататын құрылыс, монтаждау және басқа да жұмыстарды атқаратын барлық жалпы құрылыстық және мамандандырылған ұйымдар [15].

Жалпы құрылыс ұйымдары - құрылыс жұмыстарының әр түрлерін атқаратын мердігерлік ұйымдар.

Мамандандырылған құрылыс ұйымдары - жұмыстардың жекелеген түрлеріне (жер, бұрғылау, жарылыс, нольдік цикл жұмыстары, сыртқы коммуникацияны төсеу, магистральді мұнай, газ құбыры, жол құрылысы және т.б.) мамандырылған мердігерлік ұйымдар.

Мердігер - құрылыс қызметтердің тиісті түрлерін атқаруға лицензиясы бар және құрылыс жұмыстарын мердігерлік келісім бойынша атқаратын жеке және заңды тұлғалар.

Құрылыс материалдары - құрылыс-монтаждау жұмыстарының әр түрлерін өндіру кезінде ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын жасау үшін арналған табиғи және қолдан жасалған материалдар мен өнімдер.

Қор-технологиялық үлгi - құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнында ескерілетін, ұзақ уақыт кезеңінде өзгермейтін агрегатталған материалдар және басқа да қорлар жиынтығы. Қор-технологиялық үлгілер экономикалық қызметтің әр түрлеріне біріктірілген өкіл-объектілер деректерінің негізінде қалыптастырылған [16].

Базалық кәсіпорын - баға тіркеу үшін репрезентативті іріктелген бақылау объектісі.

Жеке (қарапайым) баға индексі жиынтықтың бір ғана элементінің баға өзгерісін бейнелейді және жеке құбылыстың сипаттамасы үшін қолданылады.

Агрегатталған баға индексi - жеке кіші топ, топ немесе жалпы зерттелетін құбылыс бойынша және жеке баға индексі негізінде  құрастырылатын құбылыс бойынша баға өзгерісін  сипаттайтын индекс.

Бағаларды тіркеу - базалық кәсіпорындардың іріктемелі репрезентативті жиынтығы бойынша өткізілетін тауарларға баға деңгейі туралы ақпаратты жинау әдісі.

Өкіл-тауар - өзінің тұтыну мақсаты бойынша біркелкі және негізгі тұтыну қасиетіне және сапасына әсер етпейтін бір бірінен болмашы ерекшеліктерімен айырмашылығы бар, тауарлық топтағы нақты тауарлар түрлерінің жиынтығы.

Спецификация - баға тіркеу үшін іріктелетін жеке тауарды сәйкестендіру үшін қолданылатын сипаттамалардың мінездемесі немесе тізімі.

Тіркеу бағасы - сапасы, сату шарты және уақыт кезені нақты анықталған нақты өкіл-тауар үшін төленген ақша өлшемі.

Сыртқы сауда айырмасы – белгілі кезең iшiндегі елдiң экспорты мен импортының құны арасындағы арақатынас.

Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) - күрделi құрылысты жүзеге асыруға қаражат бөлінетін немесе осы мақсатқа арналған меншiктi қаражаты бар және мердiгерлiк ұйыммен күрделi құрылысты жүзеге асыруға мердiгерлiк шарт жасасқан ұйым, кәсiпорын немесе мекеме.

Инвестициялық ресурстар – құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланатын құрылыстық және басқа да материалдар, сондай-ақ машина жасау өнімі (оның жеке түрлерінсіз, негізінен азаматтар қолданатын жеке пайдалану заттары сияқты, мысалы: мотоциклдер, велосипедтер, жеңіл автомобильдер және т.б.).

Ғимаратты күрделі жөндеу – оның ресурстарын қалпына келтіру мақсатында конструкциялық элементтерін және инженерлік жабдықтар жүйесін қажет болған жағдайда ауыстырумен ғимаратты жөндеу, сондай-ақ пайдалану кезіндегі көрсеткіштерді жақсарту [17]. 

Құрылыс жұмыстарының көлемі – ғимараттар мен имараттар салу, кеңейту, қайта құру, ағымдағы және күрделі жөндеу, жабдықтарды монтаждау бойынша орындалған жұмыстардың құны.

Бейресми сектор өндірісі - тіркелмеген, бірақ қандайда бір нарықтық өндірісі бар кәсіпорындар жүзеге асыратын өндіріс қызметінің түрі.

Мердігер – мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісім бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлғалар.

Құрылыс мердігерлік әдісі – құрылыс мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісім бойынша жұмыстарды немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асыратын әдіс.

Құрылыс ұйымдары – өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстық, монтаж, іске қосу және басқа да жұмыстарды жүзеге асыратын жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса, «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» (ЭҚЖЖ) сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жалпықұрылыстық және мамандандырылған ұйымдар [18].

Құрылыс өнімі - «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» сәйкес қызмет түрі «Құрылысқа» жататын шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет түрінің нәтижесі. Құрылыс өнімі негізінен басты үлгі ретінде заттық нысанды (ғимараттар, имараттарды), сондай-ақ қызмет нысанын (жабдық монтажын, күрделі жөндеуді) қабылдайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары – жер жұмыстарын және топырақтағы арнайы жұмыстарды; ғимараттар мен имараттарды (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, тоннельдер және метрополитендер, өтпе жолдар, құбырлар, өзге де жасанды құрылыстар) көтеретін және (немесе) қоршайтын конструкцияларды салуды;

- желілік құрылғыларды төсеу бойынша арнайы құрылыс және монтаж жұмыстары;

- сыртқы инженерлік желілерді және құрылғыларды, сондай-ақ ішкі инженерлік желілерді орнату;

- конструкциялар мен жабдықтарды әрлеу және қорғау бойынша жұмыстар;

- автомобиль және темір жол құрылысы;

- технологиялық жабдықтарды монтаждау (бұзу), іске қосу жұмыстарын қамтитын құрылыс қызметі [19].

Көлеңкелі өндіріс (жасырын өндіріс) - өндірістік және заңды болып табылатын, бірақ салық төлеуден немесе заңнамалық нормаларды сақтаудан жалтару мақсатында мемлекеттік биліктен әдейі жасырынатын қызмет түрлері.

Ғимаратты (құрылғыны, жабдықты, коммуникацияларды, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді) ағымдағы жөндеу – ғимараттың (құрылғының, жабдықтың, коммуникациялардың, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілердің) жарамдылығын немесе жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, шектеулі номенклатураның құрамдас бөліктерін нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген көлемде ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы оның ресурстарын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.

Тауарлық қорлар – кейін сатуға арналған бөлшек және көтерме сауда кәсiпорындарының теңгерімінде тұрған тауарлардың қалдықтары.

Көлiктік үстеме баға - сатып алушының талап етілген  мерзiмде және орынға жеткiзуге төлейтін көлiк шығындары. Өндiрушiлер, көтерме және бөлшек сауда саудагерлері жүзеге асыратын сату құнына қосылатын, көлiктік үстеме бағаға жатпайтын сыйақыға көліктік қызметті жалдау бойынша шығындар.

Құрылыстың шаруашылық әдісі – тапсырыс беруші немесе инвестор өз күшімен жүзеге асыратын құрылыс әдісі. Құрылыс салуға қаражаты бар, өз мұқтаждықтары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігерлік ұйымның қатысынсыз өзі орындайтын ұйым, кәсіпорын немесе мекеме [20].

Экономиканың салалық құрылымы мен өндірістік кешендерді басқару тетіктерінің өзгеруі, тұрғын үй құрылыс өнімдерін пайдалану төңірегіндегі қоғамдық көзқарастың өзгеруі және тұрғын үй құрылысы кешеніне байланысты басқа да мәселелердің барлығы мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет етеді. Бұл мәселелердің қатарында тұрғын үй құрылысы нысандарын тұрғызуда тиімсіз сәулетті-құрылыс жүйесінің қолданылуын, өндірілген құрылыс материалдары мен қондырғылардың құрылымында тепе-теңдік және пропорциялық сәйкессіздіктің болуын және аймақтарда құрылыс индустриясының кәсіпорындарының тиімсіз орналасуын атап айтуға болады.

 

 

1.2 Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы

 

Қазақстанның қазіргі уақытқа сай даму сатысы – нарықтық экономикасына көшу, құрылыс саласында жоспарлы басқарудан бас тарту құрылыс кәсіпорындарында басқарудың нарық жағдайында қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа жүйесін құруды талап етеді. Бірақ құрылыс кәсіпорындарының нақты кәсіпорынның жағдайы мен нарықтық бәсеке қабілетті кәсіпорынның экономикалық жағдайы арасында үлкен айырмашылық бар.

Нарықтық экономиканың негізінен еңбек өнімділігін жоғарылатуды оңайландыратын, қызмет ету тиімділігін арттыратын құралы болып табылуында. Бірақ, мұндай жағдайда да қызмет ету тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, қызмет ету тиімділігін арттыруға әсер ететін факторларын және оларды айқындау  әдістемесін анықтау өте маңызды болып табылады.

Кез келген кәсіпорын үшін белгілі бір уақыт аралығындағы шығындар мен табыс динамикасын  көрсететін қаржы нәтижелерін ескеру өте маңызды.

Бірақ, тиісті өндірістік стратегияға, өндірістік ресурстар мен өткізу нарықтарының дамуын тиімді пайдалануға талдау жасалынбаса, ақшалай түрде көрсетілген қаржы ақпараты жеке тұрып, кәсіпорынның ағымдағы жағдайы мен болашақтағы дамуына баға бере алмайды.

Экономикалық тиімді қызмет етуге байланысты ең көп тараған көзқарас, оның техникалық өзгеруі жағынан (өндіріс көлемінің өсуі, жаңа құрылымдарды енгізу жаңа техниканы пайдалану) қарастыруға бағытталған.

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру