Есеп бөлімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 11:03, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта құс үшін мынандай витаминдер нормаланады: А, Д3, Е,К(майда ерітетін), В тобындағы витаминдерден – тиамин, пиридоксин, пантотенді және фолилі қышқылдар, холин, биотин мен В12 витамині. Рационға кіретін азық құрамындағы А витаминінің немесе каротиннің мөлшерін басқадай витаминдер анықтайды, әлбетте оларды құстың тек бірқалыпты тіршілігін ғана емес, сонымен бірге оның жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұсынылған нормаларға сәйкес рационға қосады.

Содержание

Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
2. Негізгі бөлім
2.1 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі
2.2 Аса қолдыныла бермейтін жемдік қоспалар
2.3 Павлодар құстарына арналған азықтар
2.4 Құс рациондарындағы қуат көздері
2.5 Азық сапасына қойылатын талаптар
2.6 Азықтарды азықтандыруға әзірлеу
3. Есеп бөлімі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Птицеводство Сулейменова.doc

— 713.00 Кб (Скачать)

     Күнбағыс  күнжарасы мен шроттары өсімдік  протеиннің жақсы қайнар көзі болып табылады, немесе жануар тектес протеинді аракідік алмастыруға да болады.

     Зығыр күнжарасы құстың тәбетін ашып, ас қорытуына игі әсер етеді. Зығыр күнжарасы рационға ұсынылған нормадан тыс қосқан кезде құс өнімдеріне өзіне тән дәм бере алады.

     Мақта күнжарасы мен шроттары протеинді  азық ретінде пайдаланады. Онымен құсты мынандай жағдайда, егер ондағы госсипол 0,02 пайыздан аспаса ғана азықтандыруға болады. Госсипол мөлшерін азайту үшін азықты 2 сағат бойы 70-800 С қыздырады, содан соң преспен  сығымдап өңдейді.

     Жүгері  – глютенді ұнды жүгері ұрығындағы майды органикалық  еріткіштермен  экстагирлеу арқылы алады. Онда жақсы амин қышқылды құрамды 43 пайызға дейін протеин болады.

     Меласса – қант өнеркәсібінің қалдықтары. Онда 50 пайзға дейін қант болады, жеңіл сіңірілетін көміртегі азық ретінде де, түйіршіктелген азықтарды дайындау кезінде байланыстырғыш зат ретінде де пайдалануға болады.

     Ашытқыларда 45-50 пайыз шикі протеин мен В тобындағы витаминдер мейлінше көп болады. Құстарды азықтандыруға құрғақ, нан ашытуға қолданылатын және шектеулі мөлшерде сыра қайнатуға қолданылатын ашытқылар пайдаланылады. Күн немесе көгілдір күлгін сәулелермен сәулелендірілген құрғақ ашытқылар құсты мешелдіктен  (рахтиттан) сақтандырады.

     Күнбағыс  фосфатидтері - өсімдік майларын өндірілген кезде заводтардан алынатын жанама өнім. Фосфатидтер май қышқылдарына бай келеді, оларда кейбір микроэлементтер мен майда еритін витаминдер де болады. Фосфатидті концентраттың құрамына 45-50 пайыз фосфатидтер, 50-45 пайыз май мен 2-3 пайыз су енеді.

     Жануар  тектес азықтар рационды берекелі протеинмен және аракідік витаминдермен байытып отырады, олардың кейбіреулеріне минералды заттар мейлінше көп болады.

     Ет  – сүйек ұнында дайындалу технологиясына байланысты 37 пайыздан 50 пайызға дейін шикі протеин мөлшері болуы мүмкін, акро және микроэлементтерге бай келеді.

     Балық ұны – жануар тектес протеинді  азықтардың ең  таңдаулыларының бірі. Ол құс рациондарын алмастырмайтын амин қышқылдарымен байыту үшін пайдаланылады. Онда дайындалу әдісіне көптеген шикі протеин мен минералды заттар және едәуір мөлшерде май болады. Май мөлшері тым көбірек ұнды пайдаланғанда, жұмыртқа мен құс етіне өзіне тән дәм береді.

     Қауырсын  ұны берекелі протеинге мөлшерінің молдығымен (80 пайыз және одан да көп) цистин мен метионинге бай келетіндігімен ерекше көзге түседі.

     Тағамдық  емес жануар майы құс рациондарының  құндылығын арттыру үшін пайдаланылады. Мұндай май шыртылдақ май  немесе үгінді түрінде дайындалуы мүмкін. Майды жақсы сақтау үшін арнайы антиоксиданттармен тұрақтандырады. Сапасы жақсы май ақ немесе сары түсті болады және онан қош иіс бұрқырап тұрады.

     Сүт – барлық түрлер мен жастардағы құстар үшін жақсы оңай сіңіретін протеинді азық. Әлбетте құсты көк сүтпен, май суымен, сондай-а ірімшікпен және казеинмен қоректендіреді. Сонымен бірге салапан құстарға, әсіресе тауық пен күрке тауық балапандарына тіршілігінің алғашқы кезеңдеріне көк сүт беріледі.[1]

     Витаминді және шырынды азықтар. Құсты дымқыл қоспалармен қоректендіретін колхоздар мен совхоздардың шағын фермаларында пайдаланылады. Көбіне қоспаға қызыл сәбіз бен ұсақтап туралған көк шөп (жоңышқа, беде, қалақай және басқалар) араластырады. Азықтық капуста жақсы көкше азық болып табылады. Көк шөп таусылған күзгі маусымда дымқыл қоспалар дайындау үшін азықтық капуста жапырақтарын пайдалануға болады.

     Суда  жүзетін құстардың, әсіресе үйректердің рациондарына су өсімдіктерін, мүйіз жапырақты (роголистикті) рясканы, элодеяны еенгізеді. Бұл өсімдіктерде протеин мен азотсыз экстрактивті заттардан басқа 6-8 пайызға дейін минералды заттар және мейлінше көп каротин болады. Азықтандырудың құрғақтай түрінде құс рационындағы көк шөп жоңышқадан,  бедеден және басқадай шөптерден дайындалған шөп ұнымен ауыстыруға болады. Ондағы протеин мөлшері 15-20 папйыз шамасында түрленеді, сонымен бірге ол витаминдер мен кейбір микроэлементтердің жақсы қайнар көзі болып табылады.Онда көптеген А провитамині мен рибофлавин, К витамині мен фолиев қышқылы болады.

     Құсты қыс айларында А витаминімен  қамтамасыз ету үшін қызыл сәбізбен қоректендіреді. 1 г қызыл сәбізде 60-100 мкг мөлшерінде каротин болады.

     Қант  қызылшасы құстың ас қорыту органдарының қызметіне игі әсер етеді. Қызылшаны ара-тұра дәнмен ауыстыруға болатын көміртекті азық ретінде пайдаланады.

     Картоп  көміртегіне бай келеді. Онымен құсты  шикідей де, пісірәп те азықтандыруға болады. Құстың балапанына картопты 10-күндігінен бере бастайды.

     Сүрлемді  құсқа арнайы дайындайды. Оның құрамына беде мен жоңышқаның көк балаусасын, меласаны, қызылшаны, қызыл сәбіз бен буландырылған картоп енгізеді. Сүрлемнің жекелеген компоненттерінің арақатынасы қолда бар шикізат мөлшеріне байланысты, бірақ сүрленетін массаның шамамен 10 пайызы сәбіз бен қызылша, 4-5 пайызы картоп болуы ұсынылады. Жақсы дайындалған сүрлемнің қош иісі, қышқылтым дәмі болады, онда 1,5 пайыздай сүт қышқылы,  3,5-4 пайыз протеин, 6-7 мкг каротин (1 г-да) мен 3 пайыздай клетчаткалар болады. Сүрлеммен азықтандырған кезде рациондағы қышқылдық және сілтілік элементтердің теңестірілуін қадағалау қажет.

     Минералды азықтар. Құс рационына жекелеген макро және микроэлементтердің оны талап етуіне байланысты енгізіледі. Теңіз немесе өзен ұлу қбыршақтары, әк, бор және басқалар кальцийдің қайнар көзі болып табылады. Жеделдете жұмыртқалау кезінде мекиен тауықтарға жекелеген астаулармен осы азықтарды береді. Әйтпесе минералды азықтармен құсты шамадан тыс артық азықтандыруға болмайды. Өйткені мұндай жағдайда олардың тәбеті жойылып, жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін басқадай азықтармен жеткілікті мөлшерде қоректене алмайды.

     Үш  кальций фосфаттар – 30 пайызға жуық кальций мен 1,5 пайыз фосфор болады. Оны құсты қосымша қоректендіру үшін қолданылады.

     Сүйек ұнын күйдіріліп, ұнтақталған сүйектен дайындайды да, кальций мен фосфордың көзі ретінде пайдаланады. Сүйек ұнында да кейбір микроэлементтер болады.

     Ас  тұзын құс рационына, натриймен қамтамасыз ету үшін енгізеді.

     Құсқа арналған құрама жемге микроэлементтерден – марганецті, кобальтті, йодты, темірді, мысты, мырышты қолайлы мөлшерде енгізді. Микроэлементтердің қосымшалары әсіресе, олар топырақта немесе азықтарда жетіспеген сәттерде тиімді болады.[3]

     Синтетикалық  амин қышқылдары. Оларды құс шаруашылығына, әсіресе, жануар тектес азығы жоқ рациондарға қолданады.

     Құрама  жемдер. Оларды өнеркәсіп жергілікті жем шөп ресурстарын ескере отырып, еліміздің әр түрлі  аймақтарында арналып жасалған рецептер бойынша дайындайды. Құрама жемге қажетті барлық ингредиенттер құстарға белгіленген нормаларға сәйкес және олардың заттарға деген талабын қамтамасыз етерліктей мөлшер мен қатынастарда енеді. Құрама жем құрамына дән, күнжара, шроттар, балық пен ет-суйек ұны, минералды заттар, шөп ұны, микроэлементтер, витаминді препараттар , синтетикалық амин қышқылдары мен басқадай микроқосымшалар енеді.

     Өнеркәсіп үгінді және түйіршіктелген құрама жем  өндіреді. Түйіршіктің шамасы олар арналып отырған құстың түрі мен  жасына байланысты болады. Мысалы, түйіршіктердің шамасы балапандар үшін 2-3 мм, үйрек , күркетауық және қаз балапандары үшін 3-5, ересек тауықтар үшін 3-5, ал үйректер, күрке тауықтар мен қаздар үшін 5-7 мм болады. Түйіршіктелген құрама жемдерде қоректік заттар анағұрлым біркелкі үйлестіріледі. Сонымен бірге оларды қолдану еңбек өнімділігін арттыруға береді. Толық рационды құрама жем құстың барлық қоректік заттарға деген талабын қамтамасыз етеді. Сондай - ақ құрама жем концентраттары дайындалады, олар дәнмен бірге пайдалануға арналған. Мұндай құрама жемдерге, дәнге қарағанда протеиндер мен минералдық затгар көбірек болады. Сонымен бірге құрама жем өнеркәсібі белокты-витаминді- минералды қосымшалар да шығарады. Олар протеин, витаминдер мен минералды заттар мөлшері мол болатын азық қоспасынан тұрады. Белокты - витаминді-минералды қосымшаларға дәнді азықтар да үстемелеп қосылады - құс рационының құрғақ бөлігіндегі массаның тең жарымының төрттен біріне дейін үстеме қосылады.

     Премикстер. Микроқосымшалардың құрама жемде біркелкі таралуы үшін премикстер дайындалады. Толықтырушылар ретінде жүгері балаусасын, бидай өркенін, қытай бұршақ шротьш және басқаларды пайдаланады. Жоғары сапалы премикстер алу үшін толықтырғыштар орташа дәрежеде үгітілген болуы тиіс.

     Құс фабрикаларында премиксті дайындау кезінде тұрақтандырғыш ретінде құрамында кем дегенде 75 пайыз құрғақ заты бар меласса, ал толықтырғыш ретінде - шрот, кұнжара немесе кез келген ұнтақталған дәнді дақылдар азығы пайдаланылады. Ашып кеткен мелассаны премикс дайындауға қолдануға болмайды. Ең жақсы толықтырғыш қытай бұршағы болып табылады. Егер шаруашылықта сантохин, бутилокситолуол немесе бутилоксианизол бар болса онда, премикске енгізер алдында барльқ майда еритін витаминдер тұрақтанады. Антиокислителдер май препаратгарына 0,2 пайыз көлемінде енгізіледі. Алайда мұндай премикспен дайындалған құрама жемді сақтауга болмайды.

     Премикстер  микроэлементтерден жақсы дайындалады және оларды витаминді элементтерден белек сақтау керек. Өйткені тікелей байланысқан кезде микроэлементтер кейбір витаминдерді бүлдіреді. Мәселен, микроэлеменггермен бірге құрама жемге енгізілген тұрақтандырылмаған А витамині бір аптадан кейін толығымен бөлінеді, ал микроэлементтері жоқтары тек бір айдан кейін ғана бөлінеді.

     "Аласталған" микроэлементтерден премикстер дайьшдалған кезде жақсы нәтижелер алынады. Бұл үшін де меласса, коллоидгер қолданылады. Олар микроэлементтердің ұсақ бөлшектерінің айналасында қорғаныш қабыршақтарын түзіп, оларды өзара бір-бірімен және құрама жемге енген витаминдермен байланысуынан сақтандырады. Микроэлементтердің бір бөлігіне мелассаның үш-төрт бөлігі, ал мелассаның бір белігіне микроэлементтермен бірге - толықтырғыштың бес бөлігі алынады.Мелассага ең соңына йод тузын енгізу ұсынылады. Өйткені басқа тұздармен химиялық реакцияғаі түспейді.

     Премикстерді  құрама жемге енғізерде баспалдақтап араластыруды қолдану қажет. ІІремикстердегі витаминді және минералды препараттардың мөлшерін құрама жемнің 1 тоннасына кем дегенде 10 кг премикс келетіндей етіп есептеген жен. Құрама жемдердегі премикстердің бірқалыпты таралыуы үшін шаруашылықгағыщ араластырғыштардың сапасына байланысты араластыру мерзімінің ұзақтығына аса зор мән беріледі. Көлденең шнекті араластырғыштарда бірқалыпты араласу шамамен 7 минуттан кейін, тік шнектерде - 15-20 минуттан кейін басталады.

     Антиоксиданттар - көбіне майлар мен майда еритін витаминдерді ашытын, бөлдіру әрекеттерін бәсеңдететін затгар. Жоғары калориялы құрама жемдер дайындаған кезде оларға есімдік пен жануар тектес майларды қосу қажеттілігі туады. Май мелшері молырақ құрама жемдердің тұрақтылығы төмен. Жарық, оттегі, ылғал мен жылу микробиологиялық процестері үйлескенде азықтағы майлар сапасына кері әсер етеді. Майлар ездігінен ашыған кезде құрама жемдерде ашытқылар бырши түседі. Соның салдарынан балапандардың өсуі мен мекиендердің жұмыртқалауы тежеледі. Сонымен бірге асқын тотықтар құрама жемдердегі майлардың, майда еритін витаминдер мен өсімдік пигменттерінің бөлінуін жеделдетеді. Бұл процестер асқын тотықтар ыдыраған кезде белінетін белсенді оттегінің әсерінен болады.

     Антиоксиданттар табиғи және синтетикалык болады. Табиғи антиоксиданттарға токоферолдар, госсипол (мақта тұқымьгада болады) күнжүт майы және басқалар жатады.

     Тек майлардың табиғи антиокислителдері ғана болып қоймай, сонымен бірге Е витаминінің қасиеттеріне де ие болып отырған токоферолдың құсты қоректендірудегі атқаратын орны ерекше. Олар өсімдіктермен өндіріледі. Мал майларына қарағанда өсімдік майларында токоферолдер мөлшері едәуір жоғары болады.

     Азықтық қосымша ретінде пайдаланылатьга синтетикалық шиокоиданттарға төмендегілер жатады.

     Этоксихин - жабысқақ, сабан түсті сұйық, майлар мен май еріткіштсрде жақсы ериді. Азыққа қосқандағы үлесі 120 г/т. Сантохиннің (хинолЭДК күкірт қышқыл) күкірт қышқылды тұзы да қолданылады. Оны азыққа 200 г/т үлесінде қосады.

     Бутилгидроокситолуол - азыққа 100-200 г/т үлесінде қосылады.

     Бутилгидроксианизол - ақ немесе қызыл-күрең түсті, аморфты ұнтақ, майлармен май еріткіштерде жақсы ериді. Азыққа қосу үлесі 50- 200 г/т.

     Дилудин - ақшыл сары, майларда еритін қиыршық ұнтақ. ІІрепаратты азыққа 250-400 г/т мөлшерінде қосады.

     Жогарыда аталган антиоксиданттардың ішінде сантохинның ғана жақсы тұрақтандырғыштық әсері бар.

     Синтетикалық  антоксидантгарда 25-тен 90 пайызға дейін (кейде 100 пайыз) белсенді заттары болады. құрама жемдерді өнеркәсіпте өндірген кезде антиоксиданттарды азықпен оңай әрі біркелкі араласып кететін ұнтақ және түйіршік түрінде қолданған абзал. Майы 6 пайыздан астам құрама жемдерге ангиоксиданттардың жоғарыда көрсетілгендегіден 1,5- 2 есе артық мөлшерде енгізеді.

     Ферментті препаратгар. Ферменттер немесе энзимдер- олар өсімдік және жануар клеткаларында синтезделіп, алмасу процесі кезінде аттардың өзіне тән ыдырауы мен синтезін қамтамасыз ететін белокты табиғаттағы күрделі органикалық қосылыстар. Ферменттер кофермент пен белоктан (апоферменттен) тұрады.

     Ферменттер  өздері әрекет ететін субстратқа сәйкес, оның атауының соңына "аза" деген сөзді қосьш атайды. Протеазалар протеинді амин қышқылына дейін, амилаза- крахмаяды глюкозаға дейін, целлюлозаны дисахаридгерге дейін ыдыратады. Ферменттердін әсерінен азықтағы қоректік заттар организмде қуатқа және пластикалық материалдарға айналады.

     Ферментті препараттар-саңырауқұлақтардың немесе бактериялардың ферменттелген өнімдері түрінде көрінеді. Теменгідей ферментті препараттар белгілі.

Информация о работе Есеп бөлімі