Білім беру жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 10:54, курсовая работа

Описание работы

Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.

Содержание

КІРІСПЕ _________________________________________1-2
І. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Білім беру жүйесі______________________________3-7
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты_____________8-9

ІІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ _______10-21
2.1.Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы_____10-24
2.2.Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері___24
2.3. Орта білім беру жүйесі__________________________25-26
2.4. Кәсіптік білім беру жүйесі_______________________27
2.5. Білім берудегі гендерлік стереотип _______________28

ҚОРЫТЫНДЫ____________________________________29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_______________________30

Работа содержит 1 файл

айман билим беру жуйеси.docx

— 90.64 Кб (Скачать)

 

 

                                           ЖОСПАР:

 

КІРІСПЕ _________________________________________1-2

І. БІЛІМ  БЕРУ ЖҮЙЕСІ

    1. Білім беру жүйесі______________________________3-7
    2. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты_____________8-9

 

ІІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ _______10-21

2.1.Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы_____10-24

2.2.Білім беру жүйесінің құрылымы мен  принциптері___24

2.3. Орта білім беру жүйесі__________________________25-26

2.4. Кәсіптік білім беру жүйесі_______________________27

2.5. Білім берудегі гендерлік стереотип _______________28

 

ҚОРЫТЫНДЫ____________________________________29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_______________________30

 

 

 

 

 


І КІРІСПЕ

 

 

             Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.

 

            Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. 
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.

 

Курстық жұмыстың өзектілігі

          

            Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

 

Курстық жұмыстың мақсаты

                 

            Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің жан-жақтылығын, оның баланың дамуына және оның болашақтағы өмірінің қалыптасуына әсерін анықтау. Білім беру жүйесіндегі қазіргі заманның жетістіктермен танысу.

 

 

Курстық жұмыстың міндеттері

 

  • Қазіргі білім беру жүйесінің мақсатын анықтау
  • Білім беру жүйесінің құрылымы мен  принциптерімен танысу
  • Орта және кәсіптік, жоғары білім берудегі жаңалықтармен танысу

Курстық жұмыстың құрылымы.

 

Берілген курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

    1. Білім беру жүйесі

                         Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

           Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

              Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

                  «Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр»деп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды. 
                 Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білі беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ. 
                 «Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар 
               12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр.Жаңа көз – қарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз мүмкіндіктерінее баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жөн.  
              Қазақстан республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр. 
Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал-ақ: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық. 
                  Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі,яғни болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды. 
Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қомай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар.  
              Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз – ұнамды қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді- келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез- келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек. 
               12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қарсаңында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай болып табылады. Себебі, Ы.Алтынсарин «Мұғалім - мектептің жүрегі»,- деп айтпақшы, барлық күш салмағы оқытушыға түспек. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.  
                Ұлы педагоктердің еңбектерін оқығанда, жауапсыз қалған сұрақтың шешімін табуға тырысып бағады екенсің. Сөзге тиек ететін болсақ, сонау өз заманының тұсында « Ұлы дидактика» деген еңбекті жазып шығараған педогок Янна – Амонс – Каменский ойыма оралып отыр. Белгілі педагок өз еңбегінде «Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Не үшін оқыту керек?» деген сауалдарға өз жауабын нақты түрде бере білген. Ендеше бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?» «Ойлауға қалай үйрету керек?» «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.  
               12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдында негізігі үш бағытты басшылыққа алады. Олар: бірінші бағыты - оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, екінші бағыты - оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, үшінші бағыты - ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.  
                  Қазақ халқы қашанда сөзге бай, өз орнын білетін, рухы мен талғамы биік халық қой. Жыр десе ішкін асын жерге қоятын ұлы ақындарымыздың бірі данышпан Абай атамыз бірде былай деп жырлаған екен:  
«Ақырын жүріп анық бас, 
Еңбегін кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас  
Үйретуден балаға».

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті , зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі , қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. 
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Сонда 12 жылдық мектеп тек бұрынғы 11 жылды бір жылға созу ма? Бұрынғыша оқыта берсе не болады? 12 жылдық мектеп бізге не береді? Немесе хан Абылай айтқандай : 
« Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, 
Білімге сенер заманда, 
Қапы қалып жүрмелік» деген пікірден аулақ болып, 12 жылдық білім берудің мақсаты : 
өзінің жеке қоғамның мүддесінде өзіне-өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту мен қалыптастыруды жүзеге асыруға бір адамдай жұмылып еңбектене білсек, барлық қиыншылыққа бірден төтеп бере алатынымыз анық. Қазақта «Тамызығын тапсаң, тас та жанады» деген сөз бар.Меніңше, басты идеясы «Тұлға жетістігі» болып табылатын 12 жылдық мектептің мән-мағынасы мен философиясы осы сөздермен үндеседі.Өйткені, оның мақсаты - әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру. 
12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға , «барша білім беру» үлгісінен «әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.Қазақстан әлемдік қауымдастық қатарында басқа елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет. Қоғам игілігі, елдің өркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға білім беру және ғылым саласы қызметкерлерінің, жалпы барша халықтың қолдау көрсетіп, барынша ат салысатынына сенеміз. Сол сенім бізді алға жетелейді. Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ол біздің – тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып ,нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Ендеше 12 жылдық білім беруге көшуде барлығымыз біріге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарайық, аяулы да ұлағатты ұстаздар!

1.2    Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігіноңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Қазақстанның білім беру жүйесі

 

2.1.Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы

Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғ-лардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қ-лардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпіріне орналасқан. онда молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті. Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, казиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. Мыс., орта ғ-дағы Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби білім алды. Беріректе Уфадағы “Ғалия” медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ. Қазақстанның Ресейге қарап, оған империяның орт. аудандарындағыдай әкімш. жүйе енгізіле бастауына байланысты, жергілікті басқару буындарында істейтін шенеуніктер мен тілмаштар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-тузем мектептерін ашу қажеттігі туды. Осы мақсатта Омбыда 1789 ж. “Азиялық училище” ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды. 1841 ж. Бөкей Ордасында Жәңгір хан қазақ балалары үшін орыс мектеп-пансионатын ашты. 1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет уч-щесі (ол 1844 ж. кадет корпусы болып аталды), 1846 ж. Сібір қазақ-орыс әскери уч-щесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді. Бұл оқу орындарын қазақтың тұңғыш зиялылары: Шоқан Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла Өскенбаев, т.б. оқып бітірді. 1850 ж. Орынбордың Шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін жеті жылдық мектеп ашылды. Осы мектептің түлегі қазақтың демократ-ағартушы педагогі Ы.Алтынсариннің басшылығымен 1864 ж. 8 қаңтарда Торғайда тұңғыш қазақ мектебі және оның жанынан интернат ашылды. Ол педагогика классиктерінің (Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, т.б.) гуманистік идеяларын басшылыққа алып, өзі ашқан мектептердің оқу жүйесіне енгізді. Оның “Қазақ хрестоматиясы” (1879) мен “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1880) атты оқулықтары осы идеяға негізделген шынайы демокр. бағыттағы еңбектер еді. Ы.Алтынсарин жаттамалы, мағынасыз діни оқуға қарсы болды. Өзі ашқан қазақ-орыс мектептерінде басқа ғылымдармен бірге дін тарихын да оқыта отырып, “Мұсылмандық шарттары” атты оқулығын жазды. Онда діннің имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу шарттарын оқушыларға түсіндіру мақсатын көздеді. 1879 – 89 ж. Торғай обл. халық ағарту уч-щелерінің инспекторы қызметінде жүріп, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ мектептерін, 1888 ж. Орскіде мұғалімдер мектебін ашты. Ол “балаларды жазалап оқыту” әдісіне қарсы күресті. Мектептерде ана тіліне қоса орыс тілін, арифметика, табиғаттану сабақтарын өткізуді қуаттады. Алтынсарин патша үкіметі жүргізіп келген бұратана халықтарды орыстандыру – шоқындырып, тілінен, дінінен бездіру сияқты миссионерлік саясатқа қарсылық білдіріп бақты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ мектептері қандай болуы керек деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Ол жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарастағы топтар пайда болды. Бірі – бұратана халықты шала сауатты күйде қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген Н.И. Ильминский бастаған миссионерлер болса, екіншісі – орыс халқының прогресшіл озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеруді көздеген Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар еді. Абай “Дүниенің кілті өнер-білімде”, “Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз”, – деп жастарға жар салды. А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Ол бастаған бір топ қазақ зиялысы 1905 ж. 26 маусымда Қарқаралы қазақтары атынан Мин. Кеңесінің төрағасына петиция жолдап, “Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін” деген талап қойды. Байтұрсынов қазақ тілінде тұңғыш әліппе құралын жазды (1912). Оның 1892 ж. Қазанда басылған “Букварь для киргизов” деген оқу құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. 1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, А.Байтұрсынов халық комиссары болды. 1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-тех. білім беру, саяси тәрбие ісі, оқу-тәрбие жұмысына байланысты, т.б. мәселелер қаралды. 1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде “Физика”, “Грамматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”, т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға Байтұрсынов, Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Аспандияров, Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты. 1920 – 30 ж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жылдары бастауыш мектептер саны 333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ мектебі), оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жетті (оның 124,9 мыңы қазақ). Алайда қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары еді. 1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны аз еді. Мыс., 1927 – 28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-ларға кетіп жатты. 1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді. 1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады. 1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-тен 237-ге жетті. 1940 – 41 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ балалары еді. Бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты, мұғалім кадрларының сапасы жақсарды. Мыс., 1940 ж. жалпы білім беретін мектептерде 44597 мұғалім қызмет етті, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдері еді. 1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 ж. жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды. 1954 ж. тың игеру науқаны кезінде елде 1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж. республика бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар жасау мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, Ә.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі ғалымдар айналысты. Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мәселелер де туындады. Орт. Қазақстанға Ресей, Украина, Молдова, Беларусь республикаларынан тың көтеру науқанымен мыңдаған отбасылардың қоныс аударуына байланысты көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе таза орыс мектептеріне айналдырылды. Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден астам қазақ мектебі жабылды, қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап таралымы құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде оқуға мәжбүр болды. Мың жарымнан астам аралас орыс-қазақ мектептері пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің рөлін төмендетіп жіберді. 1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 – 63 оқу жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске асыру заңы оқудың сапасына кері әсер етті, талап төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Орыс тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кеми түсті. 1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектептегі оқу ісі мемл. білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды, көп қаржы жұмсауды және ғыл.-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның бірінші кезеңі 1994 – 97 ж., жалпы білім беретін мектептерді толық білім стандартына көшіру ісін аяқтау 2001 – 02 жылдарды қамтыды. Жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. Белгілі бір білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу, оқуды тегін оқытумен қатар жекелеген ақылы мектептер ашу ісі де жүргізілді. Қазақстанда тұңғыш мұғалімдер семинариясы 1883 ж. Ы.Алтынсариннің басшылығымен Орск қ-нда ашылды. Ыбырай енгізген оқу-ағарту ісіндегі бір жаңалық – қазақ жастарына арналған тұңғыш кәсіптік мамандық беретін уч-щелердің ашылуы болды. 1886 ж. Торғайда қолөнер уч-щесі, 1888 ж. Торғай мен Ырғызда қыздар пансионаттары, ал 1889 ж. Қостанайда а. ш. уч-щесі ашылды. Бұдан кейін 1890 ж. Қарабұлақта, 1893 ж. Қостанайда, 1896 ж. Ақтөбеде қыздар уч-щесі іске қосылды. Бұл оқу орындарында қолөнері мен а. ш. шеберханалары жұмыс істеді. Алтынсариннің кәсіптік білім беру жөніндегі ой-пікірі кеңінен қолдау тауып, 1902 ж. Семейде мұғалімдер семинариясы ашылып, Орт. Қазақстан өлкесіндегі (Семей, Өскемен, Қарағанды, Ақмола) мектептерге мұғалімдер даярлау ісі қолға алынды. Онда қазақтың аса көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов, М.Ақынжанов, О.Жәутіков, Ә.Сембаев, тұңғыш генерал Ш.Қабылбаев, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов, Кеңес Одағының Батырлары: Ізғұтты Айтықов, В.А. Шулятников, Б.Бунтовских, Соц. Еңбек Ерлері: Ж.Шәйжүнісов, М.А. Носова, Д.М. Парлей, т.б. оқыды. Кейін мұғалімдер семинариясы Ташкент, Омбы, Орал, Ақтөбе, Алматы, Ақмола қ-ларында ашылды. 1883 – 1920 ж. аралығында оны 300-дей қазақ балалары бітіріп шықты. 1941 ж. КСРО-да 1 млн-ға жуық оқушысы бар арнаулы орта білім беретін 3773 оқу орны жұмыс істеді. Ал 1957 – 58 оқу жылдарында техникумдар мен уч-щелерде, арнаулы мектептерде 2 млн. оқушы болды. 1940 – 41 оқу жылында арнаулы орта білім беретін 118 мектепте 30 мың оқушы оқыды. 1969 – 70 оқу жылында бұл мектептердің саны 186-ға жетіп, 43610 оқушысы болды. 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдары арнайы орта білімді мамандарды неғұрлым қысқа мерзімде даярлау қажеттігіне байланысты бұл оқу орындарына 9 сыныпты бітіргендер ғана емес, орта мектепті бітірген жастар да қабылданатын болды. Олар 1,5 – 2 жыл ішінде арнайы мамандықты игеріп, өндіріске жолдама алды. Арнаулы орта білім беру саласында оқушыларды еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру жүйесі негізінен орнығып, тиімді түрлері мен әдістері белгіленді. Жоғары сынып оқушыларын еңбекке баулудың және кәсіптік бағдарлаудың ұйымдық нысандары мен мазмұнында елеулі өзгерістер болды. КОКП ОК мен КСРО Мин. Кеңесінің “Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу мен оларды еңбекке баулуды одан әрі жетілдіру туралы” қаулысы жастарды материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даярлау және болашақ мамандықты дұрыс таңдау ісіндегі жаңа бір маңызды кезең болып, еңбекке баулуды ғыл. негізде жүйелі жүргізу және оқушыларға кәсіптік бағдар беру негізінен орындалды. Мектептер кәсіптік-тех. уч-щелермен тығыз байланыс жасап тұрды. Мектеп реформасын жүзеге асыру бағытында бірлескен кешенді шаралар белгіленді. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берумен қатар электронды-есептеуіш микропроцессорлы техникамен қоса металлургия өндірісін, автоматика, телемеханика негіздерін оқыту қолға алынды. Ауыл мектептеріндегі оқушылар мал ш-нда жұмыс істеуге үйренді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, дала қостары өмірге келді. Олар экон. жағынан тиімді болып, кезінде елдің азық-түлік бағдарламасына елеулі үлес қосты. 1991 ж. жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта білім беретін оқу орындары: лицей, гимназия, кәсіптік-тех. мектептер, колледждер өмірге келді. 2003 ж. республикада – 108 гимназия, 63 лицей, 289 лицейлік және гимназиялық сыныптары бар мектептер, дарынды балаларға арналған 30 мектеп жұмыс істеді. Сондай-ақ, 312 кәсіптік-тех. мектепте 89 мыңнан астам оқушы, 382 колледжде 207 мыңнан астам студент оқыды. 1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бірдей міндетті әрі тегін орта білім беру бағыты жарияланды. ҚР “Білім беру туралы” жаңа Заңында да (1999 ж. 7 маусымда қабылданған) бұрынғыдай жалпы білім беретін мектептің бастауыш (1 – 4-сыныптар), негізгі (5 – 9-сыныптар) және жоғары (10 – 12-сыныптар) деп аталатын үш сатысы бекітілді. Орта (толық) білім алудың түрлі жолдары айқындалды. Орта білім жалпы білім беретін (күндізгі, кешкі) және кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде берілетін болды. Мұнда оқушы кәсіби мамандық алумен қатар оқуын мектеп бағдарламасы бойынша аяқтайды. “Білім беру туралы” Заңға сәйкес бұрынғы нормативтік құқықтық негіз жаңартылып, мемл. “Білім” бағдарламасы жасалуда. Бұл бағдарлама білім беру жүйесін реформалауды қазіргі экон., әлеум. және саяси жағдайға сәйкестендіреді. 1990 – 99 ж. ҚР білім саласына қатысты оннан астам мемл. бағдарламалар қабылданды. Олар: “Дарын” мемлекеттік бағдарламасы. Дарынды балалардың шығарм. дамуын қолдау мақсатын көздейді. Осы бағдарлама шеңберінде 1997 ж. республиканың сегіз облысында дарынды балалар үшін арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттары бар респ. “Дарын” ғыл.-практик. орт. құрылды. 1996 жылдың соңында шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның шеңберіне тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту мен қайта оқыту кіреді. 1997 ж. Орта білім жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның мақсаты – республика мектептерін мультимедиялық компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету, компьютерлік оқу бағдарламаларын, электрондық оқулықтар жасау, білім беруді басқару жүйесін ақпараттандыру. “Жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау және басып шығару туралы” кешенді бағдарлама жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа үлгідегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жасауды мақсат етеді. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тілдерді оқытудың түпнұсқа бағдарламалары мен жаңа технологиясын дайындауды, қазақ тілін оқытуды тиімді жүргізуге байланысты оқулықтар, аудиокөру, компьютерлік бағдарламалар шығаруды көздейді. Экологиялық білім беру бағдарламасы респ. білім беру және басқа құрылымдарында үздіксіз экол. білім беруді дамыту мен үйлестіруді мақсат еткен. ҚР-да 1998 – 2000 ж. кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді бағдарлама, т.б. бағдарламалар бар. 1919 – 20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде ағарту ин-ттары, 1920 ж. қарашада Түркістан мемл. ун-ті (кейіннен Орта Азия ун-ті) ашылды. Бұл ун-т Орта Азия мен Қазақстан үшін кадр даярлаудың негізгі орталығына айналды. Оның жанында қазақ жастарын оқытатын арнаулы бөлімдер болды. 1920 ж. Ордада, Бөкей халық ағарту ісі бөлімшесінде Бөкей ағарту ин-ты ашылды. 1921 ж. Орынборда (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда Қазақ халық ағарту ин-ттары ашылды. Бұл жылдары Ресей мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер саны жыл сайын өсіп отырды. 1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі Қазақ ағарту ин-ты пед. ин-т деп аталды. Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ пед. ин-ты 1928 ж. Алматы қаласында ашылды. Бұдан кейін Алматыда 1929 ж. Алматы малдәрігерлік ин-ты, 1930 ж. Қазақ а. ш. ин-ты, 1931 ж. Қазақ мед. ин-ты, 1932 ж. Орал пед. ин-ты ашылды. 1932 ж. республиканың 6 жоғары оқу орынында 2 мың студент оқыды, олардың 40,5%-ы қазақ жастары еді. 1934 ж. Қазақ мемл. ун-ті және Тау-кен-металлургия ин-ты ашылды. 1941 ж. республиканың халық ш-нда жұмыс істейтін кәсіби мамандардың (52,3 мың адам) жоғары білімдісі 16,8 мың адам, яғни 32,2% болды. 1940/41 оқу жылы республиканың 20 оқу орнында 10419 студент оқыды. 1950 – 60 ж. Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қ-ларында педагогика, Орал мен Ақмолада а. ш., Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медицина ин-ттары, Алматыда – Алматы халық ш. ин-ты (қазіргі Қазақ экономика ун-ті), Қарағандыда политех. және кооп., Павлодарда индустр., Өскеменде құрылыс-жол, Ақмолада инж.жол-құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технол. ин-ттар ашылды. 1972 ж. Қарағанды мемл. ун-ті, Арқалық, Талдықорған пед. ин-ттары ашылды. 1986/87 оқу жылында Қазақстанның 55 жоғары оқу орынында 274 мың студент оқыды. 2000/2001 оқу жылында елдегі 47 мемл. жоғары оқу орыдарындағы студенттер саны 267 447 болды. Жоғары деңгейдегі мамандар даярлау, білім беру, ғылым мен мәдениетті дамытуда үлкен жұмыстар атқарып отырған сегіз мемл. жоғары оқу орнына 2001 ж. 5 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен ерекше мәртебе берілді. Олар: Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті; Л.Н.Гумилев атынд. Еуразия ұлттық ун-ті; Қазақ ұлттық агр. ун-ті; Қ.И. Сәтбаев атынд. Қазақ ұлттық тех. ун-ті; С.Ж. Аспандияров атынд. Қазақ ұлттық мед. ун-ті; Т.Қ. Жүргенов атынд. Қазақ ұлттық өнер академиясы; Құрманғазы атынд. Қазақ ұлттық консерваториясы; Қазақ ұлттық музыка академиясы. Бұлармен қатар республикада 35 мемл. жоғары оқу орны бар. Олар: Ақмола мемл. мед. академиясы, Ақмола агр. ун-ті, Ақтау мемл. ун-ті, Ақтөбе мемл. ун-ті, Алматы технол. ун-ті, Атырау мұнай және газ ин-ты, Атырау ун-ті, Арқалық мемл. пед. ин-ты, Шығ. Қазақстан мемл. ун-ті, Шығ. Қазақстан мемл. тех. ун-ті, Жезқазған ун-ті, Жетісу мемл. ун-ті, Бат. Қазақстан мемл. мед. академиясы, Бат. Қазақстан мемл. ун-ті, Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ мемл. спорт және туризм академиясы, Қазақ мемл. заң академиясы, Қазақ мемл. қыздар пед. ин-ты, Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері ун-ті, Қарағанды мемл. мед. академиясы, Қарағанды мемл. тех. ун-ті, Қарағанды мемл. ун-ті, Қарағанды металлургия ин-ты, Көкшетау мемл. ун-ті, Қостанай мемл. ун-ті, Қызылорда мемл. ун-ті, Халықар. қазақ-түрік ун-ті, Павлодар мемл. ун-ті, Рудный индустр иялық ин-ты, Солт. Қазақстан мемл. ун-ті, Семей мемл. медицина академиясы, Семей мемл. ун-ті, Тараз мемл. ун-ті, Оңт. Қазақстан мемл. мед. академиясы, Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті. ҚР Қорғаныс мин-нің әскери оқу орындары Қазақстанның Қарулы Күштері үшін командалық, инж.-тех. және арнаулы мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатын көздейді. ҚР әскери оқу орындарына: ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиац. уч-щесі, Азаматтық авиация академиясы жанындағы әскери ф-т, ҚР Қорғаныс мин-нің кадет корпусы, “Жас ұлан” респ. мектебі, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардағы офицерлер құрамын даярлау және қайта даярлау курстары жатады. Алғашқы мемл. емес жоғары оқу орындары Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ғана пайда болды. Өзінің он жылдық дамуы барысында жоғары кәсіби білім берудің мемл. емес секторы жалпы білім беру жүйесінде елеулі рөл атқара бастады. 2001 жылдың басында елде жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауға мемл. лицензия алған 121 мемл. емес жоғары оқу орны болды.

Информация о работе Білім беру жүйесі