Білім беру жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 10:54, курсовая работа

Описание работы

Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.

Содержание

КІРІСПЕ _________________________________________1-2
І. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Білім беру жүйесі______________________________3-7
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты_____________8-9

ІІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ _______10-21
2.1.Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы_____10-24
2.2.Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері___24
2.3. Орта білім беру жүйесі__________________________25-26
2.4. Кәсіптік білім беру жүйесі_______________________27
2.5. Білім берудегі гендерлік стереотип _______________28

ҚОРЫТЫНДЫ____________________________________29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_______________________30

Работа содержит 1 файл

айман билим беру жуйеси.docx

— 90.64 Кб (Скачать)

         Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.

Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.

           Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан  алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде -  ақ (VII-VIII ғ.ғ) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.

         Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған.   Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылданған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана болып қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салқалы кітапханалар болған.

            Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздың егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор  нұсқан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты.  Мысалы, Змеиногорскіде (Шығас Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында «Азиялықтар мектебі» ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында ашылды.

         Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшын) балаларына Неплюев кадет корпусына (1825),  Омбы кадет корпусына  (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссясының жанынан ашылған болатын.

         Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай делінген: мұсылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүрікшілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды рповаславие дініне көшіріп, шоқындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен  медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу,кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру. Шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі «Азия мектебі», Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.

         Қазақ   қоғамындағы білім беру ісі «қазақтың тұңғыш ұстазы» ретінде танылған Ы. Алтынсарин  есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып тұрған кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін  заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.

         ХІХ ғасырдың аяқ кезінде «қазақ мектептері қандай болу керек» деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.

         Бірі- бұратана халықты шала асауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген миссионерлер (Н.И. Ильминский, т.б.), ал екіншісі- орыс халқының прогрессивті озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы «Өз елін өркениетті елдердің деігейіне көтеру қажет» - дейтін қазақ ағартушылары (Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев) еді. Оқытудың жәдид  (төте оқу) деп аталатын ағымы отаршылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес ұлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты.  Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим – ескі араб оқуды, ал жәдид – жаңа араб әрпімен дүнияүй білім беру) бір-біріне қарама-қарсы айдап салу арқылы ұлттық сана-сезімінің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілдерді, «құдайға күпірлік жасады» деп айыптап, олардың үстіне патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардың бірі – Н.И. Ильминский. Жәдид ағымы мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылмен мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай  шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқышыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери індетін атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы мектептердің материалдық жағына көмпектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.

         Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі түрколог-лингвист А. Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша мән берді, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды.

         Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде намесе жоғары оқу орындарында білімін әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен мамандық таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы тез өріс алуына жағдай туғазды. 

         Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту саясатындағы басты мәселенің бірі – жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін мұғалім кадрлармен қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты:

         Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке тарту, екінші жолы – білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді  курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық  оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау.

         1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А. Байтұрсынұлы тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қарастырылды.

         1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде 14 оқулық  шығарылды. Олардың ішінде «Физика», «Грамматика», «Алгебра», «Мектеп гигиенасы», т.б. бар.

         Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялылардың алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М.әуезов, С. Асфендияров, Т. Жомартбаев, Қ. Сәтбаев, Ә. Ермеков, Т. Жолдыбаев, т.б. қатысты.

         Республиада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды. 1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізеді.

         Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге ат салысты, 15-16 жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт, шахталарды ет-азаматтардың орнын басты.

         Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа жастарының кешкі мектептері көбейді. 

         1945-1960 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе бастады. 1950-1960 жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт өскенмен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ орыс мектептері көбірек ашылды. 1980-1990 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі – мектепке 6 жастан бастап қабылдау.

         Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интерграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке –дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.

         Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. 

         Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту- қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгешілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби  біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. 

         Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың  ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

        

 

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері

         - Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

          -  Азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

          - Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

Информация о работе Білім беру жүйесі