Есеп бөлімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 11:03, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта құс үшін мынандай витаминдер нормаланады: А, Д3, Е,К(майда ерітетін), В тобындағы витаминдерден – тиамин, пиридоксин, пантотенді және фолилі қышқылдар, холин, биотин мен В12 витамині. Рационға кіретін азық құрамындағы А витаминінің немесе каротиннің мөлшерін басқадай витаминдер анықтайды, әлбетте оларды құстың тек бірқалыпты тіршілігін ғана емес, сонымен бірге оның жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұсынылған нормаларға сәйкес рационға қосады.

Содержание

Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
2. Негізгі бөлім
2.1 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі
2.2 Аса қолдыныла бермейтін жемдік қоспалар
2.3 Павлодар құстарына арналған азықтар
2.4 Құс рациондарындағы қуат көздері
2.5 Азық сапасына қойылатын талаптар
2.6 Азықтарды азықтандыруға әзірлеу
3. Есеп бөлімі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Птицеводство Сулейменова.doc

— 713.00 Кб (Скачать)

     Пектаваморин П1Ох - ақ сұр немесс сарғыш түсті ұсақ ұнтак саңырауқұлақ дақылы. Препарат жалпы пектолитикалық белсенділігі (9ед.Пк С1 г) бойынша стандартталады.

     Пектофоетидин П1Ох - ақ сұр немесс сарғыш түсті ұсақ ұнтақ. Жалпы пектолитикалық белсенділігі (9ед.Пк С1г) бойынша стандартталады.

     Пектофоетидин ГЗх – ұнтақ. Пектолитикалық белсенділігі (3 ед.Пк С1 г) бойынша стандартталады.

     Целловиридин  ГЗх- ақ сњр ұнтақ. Целлюлозалық белсенділігі (50 және 100 ед. ЦС1г) бойынша стандартталады.

     Амилосубтилин ГЗх- ақ сұр ұнтақ. Амилаздық белсенділігі (600 ед.АС г) бойынша стандартталады.

     Протосубтилин ГЗх - ақ ұнтақ. Бейтарап протеазасы (200 ед.ПС г) бойынша стандартталады. Сондай-ақ сілтілі протеазасы, -амилазасы, - глюконазасы, пеутидаздары болады. Оптимум рН 7,5-6,0.

     Толық рационды құрама жемдерге ферментті препараттарды үстеп қосу әдетте тиімсіз болады. Ферментті препараттарды, әсіресе құстың ас қорыту бездерімен секреттелмейтіндерін (целлюлозалар, пектиназалар) шикі клечаткалардың мөлшері жоғары, калориясы төмен құрама жемдерге үстеп қосқанда тауықтың өнімділігі арта түседі.

     Толық рационды құрама жемге негізделген әрекетгесудің амилолитикалық және протеолитикалық спекторларындағы фермеінті препараттар жоғары температурадағы күтімде тұрған құстың өнімділігін арттырады. осыған байланысты П10х, ГЗх пектофоетидиндері мен ГЗх целловиридинін құстың құнарсыз құрама жеміне, ал ГЗх амилосубтилин мен ГЗх протосубтилинді жоғары температура жағдайларында күтіліп жатқан құстың толық рациоиды құрама жеміне үстеп қосады.

     Кокцидиосгатиктер - дәрі - дәрмектік препараттар, кокцидиоздан сақтандыру үшін құс азығына үстеп қосылады. Бұл заттар кокцидиялардың бөлшектенуін болдырмайды немесе эндгенді дамудың әртүрлі стадияларында олардың тіршілік қызметінің қалдықтарын бүлдіреді.

     Зоален Е және басқадай түрдегі кокцидиялар мерозоиттарының жыныссыз стадиясына қарсы тиімді. Препарат азыққа мынадай мөлшерде енгізіледі, г/т: тәулігінен 8-апталығына дейінгі бройлерлер мен жұмыртқалайтын балапандарға -125; 9- тәулігінен 14-апталығына дейінгі жұмыртқалайтын балапандарға -83. Зоален құстың жұмыртқалап жүрген кезінде беріледі, бірақ мөлшері 375 г/т-дан артық болмауы тиіс. Препарат организмде тез ыдырайды, демек оны құсты сояр алдында да азықтан шығармау керек.

     Ампролиум екі түрлі формада шығарылады - ампролмикс (азыкқа үстеп қосуға арналған 25 пайыздық премикс) және ампролвет (20 пайыздық белсенді зат болады, ауыз суға үстеп қосылады).

     Ампролиум Е. Е - текті кокцидияларға қарсы тиімді. Препарат азықтың 1 тоннасына 125 ғ ( белсенді әсер ететін затқа есептегенде) үстеп қосылады да, оны балапанға тәуліктік кезінен 8 апталығына дейін береді.

     Этопабат - Е. Е - сияқты эймерилердің көптеген штаммаларында әрекет ететін препарат. Этопабат ампролиуммен (125 г/т) бірге азыққа Н г/т мөлшерінде үстегі қосылады. Онымен тауық балапанын тәуліктік кезінен 8-апталығына дейін азықтандырады, 8-апталығынан 14- апталығына дейін азыққа 80 г/т мөлшерінде аипролиум мен 5 г/т мөлшерінде этопабат, 14- апталыгынан -жұмыртқалай бастағанға дейін -40 және 2,5 г/т үстеп қосылады. Күрке тауық балапандарының азығына алғашқы күнінен 12 апталығына дейін 125 г/т мөлшерінде ампролиум мен 8 г/т мөлшерінде этопабат бір мезгілде үстеп қосылады.

     Кокцидиовит. Препаратгың 1 г-да 120 мг хлорлы сутекті ампролиум, 10000 ИЕ А витамині, 2 мг К3 витамині болады. Препарат кұрама жемге 1 г/кг мөлшерінде үстеп қосылады да, тауық балапаны онымен тәуліктік кезінен 10-12 апталығына дейін азықтандырылады. Препаратты 1 литрге 1 г мөлшерінде ішетін суға да қосуға болады, сөйтіп онымен балапандарды тәуліктік кезінен 10-12 апталығына дейін суарады.

     

       1-сурет (Broiler ағылшынша, broil - отта қуыру ) бройлер, қарқынды өсумен, тез жетiлгiштiкпен, төмен жемнiң шығындарымен, нәзiк , шырынды ет беретiн етті  балапан. Бройлер етiнiң өндiрiстерi үшiн (әке формасы ) Корниш және (аналық форма ) ақ плимутроктiң жыныстарының тауықтың астасатын мамандандырылған ет салған сызықтарының айқастыруынан 2-4-сызықты гибридты жас өспiрiм негiзiнделердi қолданады. Бройлер жүрексiн - бройлердiң етi тiрiдей массасы 1, 5-2 кгтер 6-9 апталардың жас шамасында оған табысында. Бройлер еттінде 22,5% дейін ақуыз (ақуыз ішінде 92% алмастырмайтын аминқышқылдар) бар. 
 

     

     2-сурет  Бройлер балапдар 

     

     3- сурет 1м.кв. ауданда 20 астам 2 кг тауық болады 

       

     4-сурет  Бройлер тауықтарында ойын таcтарының өсуiн бұлшық еттердiң өсуiне үлгермейдi, және аяқ дененiң салмақтарыннан бүктетiледi. Бұл нысананы көздейтiн селекцияның нәтижедесiнде болды . 4/5 бройлерлер ойын таcтарының сындырылған ойын таcтары немесе басқа мiндерiн алады. 

        

     5- сурет 6 аптадан кейін бройлет баландардың өмірі қасапханада бітеді.  

     2.4 Құс рациондарындағы қуат көздері

     Ауылшаруашылық  құстары қуатқа деген талабын (дене температурасын ұстап, өнім өндіру үшін) көміртегі мен майлар есебінен қанағаттандырып  отырады.

     Көміртектер. Азықтардың бәрі бірдей көміртектерге бай, құс үшін қуарт көздері ретінде бірдей тең бола бермейді. Мысалы, целюлоза нашар сіңірілетін көміртегі. Өйткені үй құсының ас қорыту жолдары неғұрлым қарапайым көміртегі  молкулардан қаут шығаруға ғана бейімделген. Ауылшаруашылыққ құстары тек декстриндерді, қант пен крахмалдарды ғана тиімді пайдалана алады.

     Азықтардың көміртегі бөлігі химиялық талдау кезінде майдың экстракциясынан, азотт, клетчатка мен күлді бөліп шығарғаннан кейін қалатын азықтардың қорытылатын затының бөлігін сипаттайтын азоты жоқ экстрактивті затардың көрсеткіші қорытылатын көміртегінің, ең бастысы крахмалдың мөлшерін сипаттайды, «шикі клетчатка» деген атпен олардан бөлек ескеріледі.

     Өсімдік және жануар тектес майлар – рациондардың қуат көздері. Көміртегіне қарағанда майлар анағұрлым қуатты болады. Көміртегімен салыстырғанда майлардың 1 килограмы, қуатты 2,25 есе көп береді. Майлар, олар глицерин мен май қышқылдарының эфирлері (органикалық тұздар); май қышқылдары олардың химиялық құрылымына байланысты қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының балқу температурасы анағұрлым тұмен болады. Сондықтан олар бөлме температурасының өзінде қаныққандар қатып тұрғанда олар қоймалжың тартып, еріп тұрады. Жануарлар тектес майлар негізінен қаныққан май қышқылдарынан тұрады да, өсімдік тектестер – қанықпағандардан тұрады.

     Барлыққ түрлер мен жастардағы ауыл шаруашылығы  құстарының рациондарында майдың шамалы ғана пайызы болғаны абзал, өйткені кейбір майлар майда еритін витаминдерді өзімен бірге ерітіп жүреді және сонымен бірге, қанықпаған екі май қышқылы – арахидонды, лтноленді қышқылдар құс организмінде синтезделмейді. 

    1. Азық сапасына қойылатын талаптар

     Азықтарды және олардың қоректік заттарын жақсы пайдалану үшін олардың сапасын жете қадағалау керек. Оның өзі көптеген факторларға байланысты:

     1. Қоректенбейтін компоненттер қоспасыс (балшық немесе арам шөптердің улы тұқымдары);

     2. Қоректік заттар мөлшері деңгейінің өзгеруі;

     3. Үгін мен жасандық дәрежесі;

     4. Көгеруге, қызуға немесе қышқылдануға ұрындыруы ықтимал сақтау шарттары;

     5. Токсиндер мен ауруға шалдықтыратын микроорганизмдердің бар болуы.

     Шаруашылыққа  қабылданған кезде азықтарды ең алдымен қарап,  органолептикалық бағалаудан өткізіледі.

     Түс. Кез келген дақылдардың бірқалыпты дәнінің өзіндік түсі болады, ал кейде жарқылдап тұрады. Дән түсінің өзгеруі (қарауытуы, сұр немесе жасыл реңді қоңыр нүктелердің пайда болуы және т.б.) көбіне микроорганизмдер мен жәндіктердің қызметінің, дән тазалаудың ағат әдістерінің (кептіру режимі бұрмаланған кезде қарауыта бастайды) салдарынан болады. Дақылдардың пісуі мен оруы кезіндегі ауа райының қолайсыз болуы салдарынан дән түсін өзгертеді. Зең тартқан сұлының қолайсыз түсі ағара бастайды. Қабыршақтар меен дәндердің жасыл тартуы піспеген дақылды орған кезде, ал қызыл түс сақтау орындарында дән қыза бастағанда пайда болады. Осындай белгілері бар көп ретте көгеріп кететіні дәлелденді. 2-3 күн сақталған дән қоңыр тартып кетеді. Құрама жемнің түсі оған кіретін ингредиенттер мен олардың ара қатынасына байланысты болады.

     Жаңа  егін дәнінің өзіне тән қош иісі олады. Дұрыс сақталмаудың салдарынан дән қоңырсып, иістене бастайды. Егін орағы кезінде егін арасында өскен жусанның немесе жабайы сарымсақтардың эфир майларын сіңірген дәннен жусан немесе жабайы сарымсақ иісі шығып тұрады. Жусан иісі бар дәндер жусанда болатын абситин гликозинді жиналуы салдарынан ащы тартуы ықтимал. Дәндегі ащы дәмді тек жылы сумен жуу арқылы ғана кетіруге болады. Дән кептіргішті дұрыс пайдаланбаған кезде отынның толық жанбай қалған өнімдері дәннің жұтып қоюы салдарынан түтін иісі біліне бастайды. Әдетте мұндай иіс дәнді өңдеу өнімдеріне де беріледі. Қара күйе ұрығымен тым ластанған дәннен қара күйе иісі мүңкіп тұрады. Дәннің тұзды суға тән иісі болады. Өйткені қара күйенің ұрығында триметиламин болады, дәнді жуып, кептірген кезде ғана одан толық тазартуға болады. Дән мұнай өнімдерінің иісіне қораптары ластанған автомашиналармен тасымаланған кезде дәннен қойма ұрынады. Дер кезінде желдетілмей ұзақ сақталған кезде дәннен қойма иісі шығып тұрады. Желдеткеннен кейін бұл иіс оңай жойылады, сондықтан дән сапасына зиянын тигізбейді. Егер ылғалды дән микроорганизмдердің дамуына қолайлы температурады сақталса (зең саңырауқұлақтары) шіріп, иістене бастайды. Мұндай иіс дәнге әбден сіңеді де, ол өңдейтін өнімдерге беріледі. Қоймадағызиянкестердің өлексесі мен экскременттері шіріген кезде, органикалық заттардың ыдырау процесі тереңдей түскенде дән сасып, иістенеді. Сасық иіс өзінен өзі қызған дәнге тән.

     Дән немесе құрама жем әр түрлі иістерге ілезде ұрынады. Осыған байланысты дәнді, жемді иісі тым бұрқырап тұратын заттардан (керосиннен, мұнайдан, дәрі-дәрмектерден, дезозаттардан және т.т.) алысырақ сақтау керек. Бөгде иісі бар дәнді азықтармен құс сүйсіне қоректенбейді. Құрама жемнің сырт түрі, түсі мен иісі оның құрамына кіретін компоненттер жиынтығына сәйкес болуы тиіс.

     Дәм. Бірқалыпты дән тұщы немесе дәмді, ал ұзағырақ сақталған дән ащылау болады. Қышқыл дәм өздігінен қызған дәндегі май мен көміртегінің ыдырауы салдарынан пайда болады. Басқадай органолептикалық көрсеткіштері бойынша дәннің жаңалық дәрежесін дәл анықтау мүмкін болмаған, сондай-ақ одан жусан иісі мүңкіп тұрған жағдайларда ғана дәм анықталады.

     Дәннің  дымқылдығы. Дән құрғақ, орташа құрғақ, дымқыл және соқпайды. Құрғақ дән тістеп көргенде күтір-күтір етеді. Ал жасаң  бидай езіліп тұрады. Құрғақ дәнді пышақпен жарғанда дән кесектері бір бірінен ұшып кетеді, жасаң дәнді кескен кезде дәннің жартысы орнында қала береді. Дымқылдылығы жөнінен дән төрт топқа бөлінеді.

     Азықтарды органолептикалық бағалау негізінде құсты қоректендіруге олардың жарамдылығы туралы қорытынды жасайды.

     Жеткізуші-зауыттық сапалық куәлігінде көрсетілген құрама жем жұғымдылығының көрсеткіштерін қолданылып жүрген мөлшермен салыстырған кезде ГОСТ құрама жемге қоса берілген рецептураны да пайдаланады. Құрама жемге деген ГОСТ-ның талаптарын өрескел бұзған шаруашылық жеткізуші – зауыттарға рекламация жариялап, мемлекеттік инспектормен бірге сәйкес актілер жасайды.

     Азықтардың және азық қоспаларының жұғымдылығы мен тиімділігі оларыдң  химиялық құрамын лабораториялық талдаудың негізінде бағаланады. Жұмыртқа мен құс бауырына талдау жасау арқылы витаминмен қамтамасыз етілу дәрежесі анықталады және осы ингридиенттер бойынша біркелкілігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Азықтар мен жұмыртқаларды химиялық зерттеу кезінде олардың құрамына кіретін жекелеген элементтердің мөлшері де анықталады. Ол үшін талдаудың әр түрлі әдістері пайдаланылады:

     1. Химиялық (салмағын және көлемін талдау);

     2. Физико-химиялық (колориметриялық пен хроматографиялық).[1] 

     2.6 Азықтарды азықтандыруға әзірлеу

     Азықтарды азықтандыруға әзірлеу қоректік заттарды неғұрлым толығырақ сіңіруге ықпал етіп, азықтың дәмін жақсарта түседі, ал кейде бір жағдайларда ауруларға шалдығудың алдын алуға мүмкіндік береді. Азықты әзірлеу әдісі құстың түрі мен жасына байланысты болады.

Информация о работе Есеп бөлімі