Жаза

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Материалдық, моральдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда қоғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр.

Содержание

Кіріспе
І.Қылмыс – құқық бұзушылықтың бір түрі
1.1. Қылмыстың түсінігі мен түрлері
1.2. Қылмыс құрамы – нақты қылмыстың заңдық сипаттамасы
ІІ. Қылмыс – кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік
2.1. Қылмыстық – құқықтың қағидалары – құқықтық мемлекеттің негізгі бағдары
2.2. Қылмыстық жауаптылық – бұл қылмыстық – құқылық норманы бұзудың нәтижесі
ІІІ. Қылмыстық жаза – мемлекеттік күштеу шараларының бірі
3.1. Жаза түсінігі, мақсаттары және түрлері
3.2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қосымша
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

жаза диплом дурыс.doc

— 358.50 Кб (Скачать)

2.                  Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгілінеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жесағаны үшін жазалары мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.

Қылмыстық құқыққа тән тағы бір функция бар. Ол – көтермелеу функциясы. Мұндай функция азаматтардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы белсенділігін арттырады. Қылмыстық заңдарда мемлекеттің, қоғамның мүдесін, өзінің немесе басқаның мүддесін қорғауға, мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қорғану, мондай –ақ пара берген адамның осы жаына шын жүректен ерікті түрде млімдемесі болса, олар қылмыстық жауапқа тартылмайды деген нормалар бар. Бұл нормалар көтермелеу функциясының нақты қолданылатындығын көрсетеді. Қылмыстық заң, сондай-ақ, қылмыстық саясатты жүзеге асырудың да құралы болып табылады. Қылмыстық саясат әлеуметтік саясаттың бір бөлігі, оның негізгі мазмұны – қылмыстық заңдарды қолданудың міндеттерін, қылмыстан сақтандырудың тиімді жолдарын табу, қылмыспен күресуде заңдылық принциптерін қатаң сақтау. Ауыр қылмыс істегендерге қолданылуға жататын қылмыстық құқықтық шараларды жетілдіру, ал керісінше қоғамға онша қауіпті емес қылмыстарды істегендерге қоғамнан оқшауламай-ақ қолдануға жататын шараларды белгілеу болып табылады.

Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерді сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады.

Қылмыстық-құқықтық принциптер – заң шығарушыға, ғылымға, құық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық заңның құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі – Республика Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құқытың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.

Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді (ҚК-тің 9-бабы 1-бөлігі). Адамның ойы, пиғылы, дүние танымы, көзқарасы Конституциялық нормаға қаншалықты қайшы келсе де ол белгілі бір нақты іс-әрекетпен ұштаспаса қылмыс ретінде қаралуға тиіс емес. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы, кінәлі іс-әрекеттер заң шығарушы орган арқылы қылмыс деп табылады. Қылмыс пен жаза туралы мәселелер қылмыстық заңдарда тікелей көрсетіледі және оларға тиісінше заңдық анықтамалар беріледі. Қылмыстық заңда арнайы көрсетілмеген реттерде адамның іс-әрекеті қылмысқа жатпайды. Қылмыс жоқ жерде жаза да болмайды.

Қылмыстық құқықтың екінші бір қағидасы – азаматтардың заң алдындағы теңдігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 1-тармағында – заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп аталған. Қылмыс жасаған адам оның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатысына, кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақ тұрғылықты жеріне және басқа да жағдайларына қарамастан жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың қылмыстық заң алдындағы теңдігі істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылуы болып табылады. Бұл жерде заң алдындағы теңдікті бір түрлі қылмыс істеген кінәлі адамдардың барлығына бірдей етіп жаза тағайындау деп түсінбеу керек. Жаза кінәлі қылмысының ауырлығы мен түріне, оның жеке басының қасиеттеріне, жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларға байланысты дараланып тағайындалады. Қылмыс істеген адам тек қана қылмыстық заңда көрсетілген негідзерге сәйкес қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылуы мүмкін. Жасы кәмелетке толмағандар және жүкті немесе емшекте жас балалары бар әйелдерге, кәрі адамдарға қылмыс істеген басқа субъекттерге қарағанда ізгілік қағидасы басшылыққа алына отырып, жеңілдеу жаза тағайындалуы мүмкін.

Қылмыстық құқықтың үшінші бір қағидасы – жауаптылықтан құтылмайтындық қағидасы. Бұл қағида бойынша әрбір кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан, өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз міндетті түрде жауапты болады. Яғни қолымен істеген қылмыстық мойнымен көтереді. Бұл үшін қылмыстық құқықтық жауаптылықты белгілейтін заң нормалары тайға таңба басқандай анық түсінікті болуы керек. Сөйтіп ол істелген қылмыс үшін нақты жауаптылықты анықтауы керек. Жауаптылықтан құтылмайтындық қағидасының жүзеге асырылуы үшін бұл өте қажет.

Қылмыстық заңның төртінші принципі – жеке жауаптылығы қағидасы болып табылады. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті әрекеттер (әрекетсіздік) және бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл принципке сәйкес адам өзінің жеке істеген немесе қылмысқа бірлесіп қатысуы арқылы істеген қылмысы үшін сол адамның өзі дербес, жеке жауапты болады.

Қылмыстық құқықтың бесінші принципі кінәлі жауаптылық принципі болып табылады. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді. Қылмыстық жауаптылықта оны істеген адамның іс-әрекетінде кінә болған жағдайда ғана, яғни қылмыс істеген адамның өзінің іс-әрекетіне қасақаналық немесе абайсыздық түрде білдірген саналы, психикалық қатынасы жатады.

Кінәнің түсінігі Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің арнаулы баптарында берілген (19,20,21,22-баптар).

Қылмыстық құқықтың алтыншы принципі әділеттік принципі болып тыбылады. Бұл принциптің мәні сол қылмыстық жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Бұл қағиданың жүзеге асырылуы үшін ең алдымен қылмыстық заңның өзінің әділ болуы және істеген қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның және қылмыстық-құқық ықпал ететін өзге шаралары соған сай әділ болуы керек.

Әділеттік принципі бойынша бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға болмайды (3-бап).

Қылмыстық құқықтағы ізгілік принципі – қылмыстық заңды бұзған адамдарға да қолданылады. Қылмыстық жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталғандарды түзеу болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның адамгершілік намысына тиіп, қадір-қасиетін қорлау мақсатын көздемейді. Жаза жүйелерінің көпшілігі сотталған адамды бас бостандығынан айырмайтын жаза түрлерінен құралған. Ату түріндегі өлім жазасы заңда көрсетілген реттерде ерекше ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылады. Қылмыстық заң ізгілік қағидасын басшылыққа ала отырып, қылмысты он сегіз жасқа толмай істеген адамдарға, сондай-ақ әйелдерге және үкімі шығатын сәтте 65-ке толған еркектерге ату жазасы тағайындалмайды.

Ізгілік принципі жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап), шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап), жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтуін кейінге қалдыруы (72-бап), ауруға шалдығуына байланысты жазадын босату (73-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою (64-бап) , рақымшылық немесе кешірім жасау актісі (76-бап) арқылы да жаңа Қылмыстық кодексте көрініс тапқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қылмыстық жауаптылық – бұл қылмыстық – құқылық норманы бұзудың нәтижесі

Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.

Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.

Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б.Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.

Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды.Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.

Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.

Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.

Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты.Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.

Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ.Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады.Тараптардың арасында қылмыстың субьектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілдік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады.Қылмыстық құқылық қатынас бір жағынан мемелекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылымыс істеген субьектінің арасындағы қатынас болып табылады.Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.

Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты:істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәржесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болады ма және т.б.Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.

Қылмыстық құқылық қатынас іс жүргізу құқықылық қатынастармен тығыз байланысты.Өйткені, қылымыстық құқылық қатынас қылымыс істеу фактісіне байланысты болады.Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу,сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады.Бұл қатынастар субьектімен мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады.

Қылмыстық құқылық қатынастар субьектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады.Қылмыскер құқықтық қатынастың обьектісі болып танылады.

Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.

Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.

Қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды.қылмыскер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де.Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың кепілі ретінде де көрінеді.

Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады.Бірақта қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды.Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік.Мұндай ретте қылымыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды.Қылмыс жасаған кінәлі адамегерде ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады.Бірақта қолданып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес.Мысалы, Қылмыстық кодекстің 68- бабының 1,2-бөліктерінде «қылымыс белгілері бар әрекет жасаған адамды егер сот істі қараған кезде жағдайдығ өзгеру салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін».

Информация о работе Жаза