Жаза

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Материалдық, моральдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда қоғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр.

Содержание

Кіріспе
І.Қылмыс – құқық бұзушылықтың бір түрі
1.1. Қылмыстың түсінігі мен түрлері
1.2. Қылмыс құрамы – нақты қылмыстың заңдық сипаттамасы
ІІ. Қылмыс – кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік
2.1. Қылмыстық – құқықтың қағидалары – құқықтық мемлекеттің негізгі бағдары
2.2. Қылмыстық жауаптылық – бұл қылмыстық – құқылық норманы бұзудың нәтижесі
ІІІ. Қылмыстық жаза – мемлекеттік күштеу шараларының бірі
3.1. Жаза түсінігі, мақсаттары және түрлері
3.2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қосымша
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

жаза диплом дурыс.doc

— 358.50 Кб (Скачать)

Бірінші реткішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылымыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін делінген.осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген.Ал Қылмыстық кодекстің 74- бабының 1-бөлігінде: «кішігірім және ортша ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе бпасқада төтенше мән-жайларының салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін» деп көрсетілген.Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген.Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді.Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады.Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар.Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес.Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.

Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады (3-бап).Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі.

Адамның (қылмыс субьектісінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың обьективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықтан істеуі (қылмыс субьективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.

Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік.Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартылатын негіз жоқ.

 

ІІІ. Қылмыстық жаза – мемлекеттік күштеу шараларының бірі

3.1. Жаза түсінігі, мақсаттары және түрлері

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, рухани, экономикалық шаралардың барлық түрлерін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстылықтан қорғану мәселесіне ерекше көңіл аударады. Сондықтан біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмыстылыққа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселе жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, қоғам мүшелерінің белсенділігін, құқықтық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнайы заңда көрсетілген жағдайларда ғана іске асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын фнукцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе, ауыр не аса ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттің күштеу шаралары саналуан. Оларға тек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шалара да жатады. Қылмыстық құқықтық шара мемлекеттің күштеу шараларының бірі бола отырып, өз ерекшеліктерімен сипатталады.

Біріншіден, қылмыстық шара – мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек қана заңмен белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолдану тәртіптері анықталған. Сот қылмыста кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шеңберде оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңіл шара тағайындауға құқылы.

Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз сот үкімімен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция қызметкері әкімшілік жазаға, салық инспекциясының лауазымды адамы салық төлеуден бұлтарған адамды заңда көрсетілген тәртіппен жазаға тартады немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқықбұзушыларды жауапқа тарта алады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес, қылмыстық жазаны қолдану тек сот құзыретінде ғана болады.

Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындалған жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату және жазасын жеңілдету Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек сот құзыреті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.

Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде, ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жазаны тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес, мемлекет арқылы жария түрде тағайындалады. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан тағайындалады, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, мекеме, ұйым, лауазымды және адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.

Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолдануы мүмкін. Яғни бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық құқықтық салдары болып табылады. Сондықтан қылмыстық заңда «адам өз кінәлігі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуыға тиіс», - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмыс үшін жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруіне байланысты кінәлінің істеген әрекеттерінің қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға қауіпті емес деп танылса, қылмыс нысандары бар іс-әреекттер жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босату керек (68-бап).

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқықтық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.

Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқықтық баға болып табылады. Бетіне басу мен кінәләудің дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.

Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасағанда кінәліге заңда көрсетілген реттерде ерекше жаза - өлім жазасы да тағайындалуы мүмкін. Кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам моральдық, материалдық, мүліктік зардаптар шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқықтық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейде қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ қылмысты саралауға, жаза мөлшерін, жаза өтеудің колониясының режимінің түрін анықтауға әсер етуі мүмкін. Сонымен қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген қылмыстық шараны қолдану болып табылады.

Қылмыстық шараның әкімшілік құқықбұзушылық үшін қолданатын жазадан айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.

Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазымды адамдар немесе соттар тағайындайды. Үшіншіден, сот үкімі бойынша тағайындалған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атағын береді, ал әкімшілік жазалауға ұшырағандарда ондай атақ болмайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының екінші бөлімінде жазаның мақсаттары - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі аталған.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және оны орындау арқылы түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнайы ескертуі болып табылады.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділ жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық қағидасын қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқықтық баға және лайықты жаза тағайындау қажет.

Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді іске асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы анықталады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиіс жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.

Арнайы сақтандырудың иелері болып қылмыс істеп сотталғандар табылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеуі фактісінің орын алмауы болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы – сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп, қылмыстық құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күнкөріс деген пиғылдарын жазадан қорықса да өзгертіп, дұрыс жолға салу болып табылады.

Сондықтан қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам ретінде қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты – басқа бір адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, бейморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазалармен қорқыту арқылы және қылмыс істеген адамдарға жазаны сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық нормаларының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық адамдарға, олардың психологиялық санасына әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқықтық тәртіпті нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады.

Сол сияқты жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік қағидасы болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы заң нормасының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ туады. Жаза сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жердегі қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсаты мен құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамдардың құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шектерді қою жазаның мазмұнын, ал арнайы және жалпы сақтандыруды іске асыру жазаның мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әрине, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады.

Жаза жүйесі деп қолданыстағы қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі бір тәртіпте орналасқан жаза түрлерін айтамыз.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолдану шарттары, шектері мен тәртіптері анықталған. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жаза түрлері мынады түрлерге бөлінеді:

1.Сотталғандарға моральдық әсер ететін жазалар. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыру.

2.Сотталған адамдардың құқықтарына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, әскери қызметі бойынша шектеу.

 

3.Сотталған адамдарды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлкін тәркілеу.

4.Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жазалар: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау.

Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа да түрлері бар. Жаза жүйесіне кіретін барлық жаза түрлерін негізінен үш топқа ажыратады. Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке дара жаза ретінде жазаның мақсатын іске асыру үшін қолданылатын жаза түрлері. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға келесі негізгі жазалар қолданылуы мүмкін:

Информация о работе Жаза