Жаза

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Материалдық, моральдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда қоғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр.

Содержание

Кіріспе
І.Қылмыс – құқық бұзушылықтың бір түрі
1.1. Қылмыстың түсінігі мен түрлері
1.2. Қылмыс құрамы – нақты қылмыстың заңдық сипаттамасы
ІІ. Қылмыс – кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік
2.1. Қылмыстық – құқықтың қағидалары – құқықтық мемлекеттің негізгі бағдары
2.2. Қылмыстық жауаптылық – бұл қылмыстық – құқылық норманы бұзудың нәтижесі
ІІІ. Қылмыстық жаза – мемлекеттік күштеу шараларының бірі
3.1. Жаза түсінігі, мақсаттары және түрлері
3.2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қосымша
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

жаза диплом дурыс.doc

— 358.50 Кб (Скачать)

а) айыппұд салу;

б) белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызметі бойынша шектеу;             

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлім жазасы (39-баптың 1-бөлімі).

Екінші топқа қосымша жазалар жатады. Қосымша жазалар деп негізгі жазаларға қоса тағайындалатын, жазаның мақсатын іске асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Пленумының «Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» 1993-жылғы 24-маусымдағы № 3 қаулысының 16-тармағында «соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне баса назар аударғаны жөн, өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралай көрсету қағидасын дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі», - делінген. Сондықтан қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуі керек. Ал қосымша жаза қолданылмағанда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына тұжырым жасалмайды. Кінәлі сотталғанда ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімінің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін.

Қосымша жазалар жеке өздері тағайындалмайды, ол тек негізгі жазаға қоса тағайындалады.

Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар тағайындалуы мүмкін: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыру, мүлкін тәркілеу (39-баптың 2-бөлімі).

Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде тағайындала алатын жазалар жатады: айыппұл салу, белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.

Қылмыстық кодекстің 40-бабы бойынша: Айыпұл – осы Кодексте көрсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу(40-бап, 1-бөлігі).

Қылмыстық кодекстің 40-бабында көрсетілгендейайыппұл негізгі немесе қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық қиындыққа тап болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады. Кінәлі адамнан үкім бойынша ақшалай өндіру сотталған адам және басқалар үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сақтандыруда ерекшке роль атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана заңда көрсетілген ретте және соның шегінде қолданылады.

Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген болса, онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды. Тек қана мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана қолданады.

Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді. Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына, кінәлінің материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына байланысты сот арқылы жеке-дара анықталады. Заңда айыппұлдың төменгі және жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне айлық есептік көрсеткішті алса, онда ол жиырма бестен мыңға дейінгі шекте тағайындалады. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге табысының мөлшерінде: екі аптадан бір жылға дейін тағайындалады. Заңда айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек қызметі, авторлық қаламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады. Қылмыстық атқару құқығы бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге мұршасы жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе төлеуді заңда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Егер сотталған адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы күшпен орындалуға жатады. Заңда айыппұлды төлеуден әдейі жалтарғаны үшін жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтару деп сотталған адамның өзінің ақша қаражаттары басқа да мүмкіндіктерін төлеуден әдейі жасырып оны төлеуден ашық бас тарту болып табылады.

Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ол осы Кодекстің 42, 43 және 46-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тиісінше бір ай түзеу жұмыстарының, немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартудың, немесе он күнге қамаудың есебінен қоғмдық жұмысқа тартумен түзеу жұмыстарымен немесе қамаумен ауыстырылады.

Белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір кәсіптік не өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41-бап).

Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген: белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру.

Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен щұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы көлік құралдарын жүргізуші адамдадың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған адамдарға (223- бап), қызмет пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176- бап) қолданылуы мүмкін.

Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мәніне қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы құқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапчыруға болмайтын реттерде қолданылады.

 

Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кәсіптік қызметін пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет қою, мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара айырмашылығы мынада: біріншісі сотталған адамды мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салады. Мысалы, материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдық қызмет атқармау.

Екіншісі, сотталған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға тыйым салу, көлік құралдарын жүргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю, т.б. ҚК-тің  41-бабының 2-бөлігіне сәйкес:

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкциясында ол туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55-бабының талаптарына сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.

Жазаның бұл түрі қосымша ретінде істелген іс-әрекет сараланатын қылмыс құрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе заңның санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс-әрекетінің мәніне қарай сот оны белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет деп тапса қолданылады.Мысалы медецина қызметкерлерінің мамандық міндеттерін тиісті орындамаудың салдарынан адамның еңбек қабілетінің үштен бір бөлігі тұрақты жоғалса немесе бас бостандығына шек қойюға жазалауымен бірге (114-бап, 1-бөлік) қосымша жаза ретінде дәрігелік қызметпен белгілі бір уақытқа шұғылдану құқығынан айыру жазасын тағайындауға да болады.

Сонымен, Қылмыстық кодекстің 41-бабының талабына сәйкес сот белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан бұл жаза түрі заңның санкциясында көрсетілмесе де оны қолдану қажеттілікгі туралы үкімде көрсетіле отырып қосымша жаза ретінде қолдануға құқылы. Сотталған адамдар сот белгіленген мерзім ішінде бұрынғы істеп жүрген жүйесінде мүлдем жұмыс істемеу туралы тыйым салуы заңда көрсетілмеген. Мысалы, белгілі сот үкімі бойынша қойма меңгерушісі лауазымын атқаруға тыйым салынған адам, сол жүйеде жүк тиеуші, күзетші және басқа да материялдық игіліктерді басқаруға қақысы жоқ жұмыспен айналысуға құқылы немесе дәрігерлік қызметпен шұғылану құқығынан белгілі бір мерзімге айырылған адам сол салада басқа жұмысты, атап айтқанда, санитарлық, шаруашылық меңгерушісі, лаборатория қызметкері сияқты жұмыстарды атқаруға құқылы. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қылмыспен шұғылдануқұқығынан айыру жазасын орындаудың тәртібі мен шарттары арнаулы Ережеде көрсетілген.

Қымыстық жазаның осы түрін қолдану барысында жазаның орындалу мерзімін есептеудің маңызы аса зор.

Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде ол жазалаудың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтәнен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түр ретінде белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.

Осы жаза қолданыған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол қасақана орындалмаса оған кедергі жасаған адам Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша жауапқа тартылады.   

Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгіленген жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуін айтады. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың сот ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды және сотталған адам оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің тиісінше 45 және 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адам қоғамдық жұмысты өтеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығынан шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.

Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әейлдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әейлдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әейлдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.

Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде көрсетілген мерзімде ай сайынғы табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл жаза жазаның тек негізгі түрі ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.

Түзеу жұмысына сотталған адам бас бостандығынан айырылмайды, отбасынан, еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға дейін еңбек еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген еңбек ұжымы шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның өзі сотталған адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің, жақындарының бақылау жүргізуіне толық мүмкіндік береді.

Сонымен бірге түзеу жұмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.

Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған адамның міндетті түрде қоғамға пайдалы еңбекке қатыстырыла отырып бұрынғы немесе басқа ұйымда жүзеге асырылады. Жазаны өтеу мерзімінде сотталған адамның еңбегі мәжбүрлі сипатқа ие болады. Жаза өтеу мерзімінде оның жалақысының белгілі бір бөлігі мемлекет пайдасына өндіріледі. Түзеу жұмысы жазасын өтеу мерзімі жеңілдіктер мен жалақыға қосымша алуға негіз болмайды. Бұл жазаға сотталған адамдар өз бетінше жұмысан кетіп қалуға қақысы жоқ. Мұндай ретте жұмыстан босану үшін жазаның орындалуын іске асыратын – қылмыстық орындау инспекциясының келісімі қажет. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі бойынша түзеу жұмыстары адамның жұмыс орыны бойынша өтеледі. Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу деген сөз сотталған адамды бұрынғы сотталғанға децін лауазымында немесе кәсібімен шұғылдана беруге болады деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайына немесе кәсіби қызметіне байланыстыжасалған болса, онда сотталған адам басқа жұмысқа немесе басқа жұмыс орнына ауыстырылуы мүмкін. Бірақ үкім сотталған адамның жұмыс орныда өтелуі тиіс. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейігі мерзімге белгіленеді және сотталған адамның ай сайынғы табысынан 5 проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кіісіне ұсталады.

Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес:

Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргіділеді.

Информация о работе Жаза