Прибыль как целевая функция фирмы

Дата добавления: 11 Ноября 2012 в 09:43
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (1.67 Мб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Документ Microsoft Word (2).doc

  —  2.86 Мб
  • Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай.

Б.Момышұлы.

  • Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ, шолақ адам сияқты.

Ғ.Мұстафин.

  • Ана тіліне немқұрайды қарау – өз халқының бүгінгісіне, өткеніне, болашағына немқұрайды қарау.

К.Г.Паустовский.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • дыбыстық ерекшеліктер – звуковые особенности
  • діни аңыздар – религиозные легенды
  • екіталай – сомнительно, неизвестно
  • ескерткіш – памятник
  • қазақ рулары – казахские рода (племена)
  • қарым-қатынас – взаимоотношения
  • немқұрайды – безразлично, халатно, спустя рукава
  • немқұрайды қарау – смотреть на что-л. безразлично
  • сұлулық – красота
  • тарихи шежірелер – исторические предания
  • шолақ – однорукий или одноногий; с отрезанной частью руки или ноги

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

    1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
    2. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
    3. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
    4. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
    5. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
    6. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
    7. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
    8. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
    9. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Әйгілі ақын-жазушылардың тіл туралы айтылған нақыл сөздерді жазу.
  1. «Дауысты дыбыстар» грамматикалық тақырыбына конспект жасау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Ә, І, Ү, Ұ, Ө дауыстыларының айтылуын меңгеру.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

1 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ

Грамматикалық тақырып: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫС ЖҮЙЕСІ. (ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР)

 

1-тапсырма. Даналар  сөзін есте сақтаңыз.

  1. «Тәрбие басы – тіл» (М.Қашқари).
  2. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» (Б.Момышұлы).
  3. «Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» (М.Әуезов).
  4. «Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады» (Ғ.Мүсірепов).
  5. «Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын» (Р.Ғамзатов).
  6. «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың» (К.Паустовский).
  7. «Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау» (Г.Лаубе).
  8. «Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін үйрен» (Пифагор).
  9. «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» (П.Вяземский).
  10. «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады» (Лаубе).
  11. «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» (К.Паустовский).
  12. «Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» (Г.Гегель).
  13. «Тіл – ұлттың жан дүниесі» (Л.Толстой).

ДАНАЛАР СӨЗІМЕН ЖҰМЫС:

  1. Даналар сөзінің мазмұнын біліп, мәнін түсініңіз.
  2. Даналар сөзін жаттап, өмірде қолданылатын болыңыз.
  3. Қадір, мәдени, қиянат, шекара сөздерінің емлесін есте сақтаңыз.
  4. Р.Ғамзатовтың «Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген сөзін қалай түсінесіз? Әңгімелеңіз.
  5. Жоғарыдағы даналар сөзінің қайсысы сізден ерекше әсер қалдырды? Неге?

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

Байырғы қазақ сөздерінде В, Ф, Ц, Ч, Х, Һ дауыссыз дыбыстары жазылмайды. В, Ф, Ц, Ч, Х дауыссыз дыбыстары орыс сөздерінде жазылады, мысалы: валюта, фабрика, цемент, чек, химия және т.б. Х, Һ дауыссыз дыбыстары араб тілінен енген сөздерде жазылады, мысалы: хабар, халық, хат, жиһаз, қаһарман, гауһар және т.б.

Щ дыбысы тек үш сөзде кездеседі, олар: ащы (горький), тұщы (пресный), кеще (ненормальный).

Б, В, Г, Ғ, Д, Һ дыбыстары сөздің соңында жазылмайды.

 

 

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР

 

По участию  голоса и шума

Қатаң

қ, к, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ

Ұяң

б, в, г, ғ, д, ж, з

 

Үнді 

Мұрын жолды (носовой)

м, н, ң

Ауыз жолды (плавные)

л, р, й, у


 

2-тапсырма. Грамматиканы меңгеріңіз.

 

3-тапсырма. Өлеңді  мәнерлеп оқыңыз. Жаттаңыз.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

   Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

   Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.  

С.Торайғыров

 

  • КӨҢІЛ АШУ

Қожанасырдан теңіздің суы неге ащы деп сұрапты.

Қожанасыр: «Теңіздің  суы қозғалмай көп тұрғандықтан, ашып кеткен ғой», – депті.

 

  • МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

4-тапсырма. Тіл туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз? Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

  • Тіл қылыштан өткір.
  • Адам көңлінен азады,

Тілінен жазады.

  • Бал тамған тілден,

У тамар.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • ата-баба – предки
  • әдет-ғұрып – обычаи итрадиции
  • ел-жұрт – народ
  • жалған – ложный, мнимый, фиктивный
  • жәндік – насекомое
  • жек көру – ненавидеть
  • қиянат – вред, вероломство, пакость,
  • қылыш – меч, сабля
  • мұра – наследие
  • өткір – острый
  • сүйсіну – восхищаться, любоваться
  • сүю – любить
  • у – яд
  • үн – звук

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. С.Торайғыровтың өлеңін жаттау.
  1. Әліпбиді меңгеру.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Х, Һ дыбыстары бар сөздерін сөздік дәптеріне жазу.
  1. «Дыбыс үндестігі» грамматикалық тақырыбы бойынша конспект жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Грамматикалық тақырып: ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

 

1-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. 

 

  • СҰХБАТТАСАЙЫҚ!

2-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз. Досыңызбен сұхбаттасыңыз.

Ерлан: Сенің отбасыңда неше адам бар?

Гүлнұр: Менің отбасымда төрт адам бар.

Ерлан: Атаң неше жаста?

Гүлнұр: Менің атам 73 жаста.

Ерлан: Әкеңнің аты кім? Оның мамандығы қандай?

Гүлнұр: Әкемнің аты Ермек. Оның мамандығы – кәсіпкер.

Ерлан: Шешеңнің мамандығы ше?

Гүлнұр: Шешемнің мамандығы – есепші.

Ерлан: Сенің інің оқушы ма, әлде студент пе?

Гүлнұр: Менің інім студент, болашақта бағдарламашы болады.

 

3-тапсырма. Сөйлем  құрастырыңыз.

Үлгі: Менің әкем – кәсіпкер.

Менің / әке, іні, сіңлі/ кәсіпкер, сатушы, іскер.

Сенің /шеше, қарындас/ аспаз, оқушы.

Сіздің /апа, аға, немере/ зейнеткер, дәрігер, оқытушы.

Оның /нағашы, жезде/ инженер, қызметкер.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

Қазақ тіліндегі байырғы сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке  болады.

Соңғы буын жіңішке болса, қосымша  жіңішке болып жалғанады, мысалы: немере+лер, жиен+дер.

Соңғы буын жуан болса, қосымша жуан болып жалғанады: бала+лар, аға+лар.

Кейбір сөздерде жіңішке, жуан дыбыстар аралас келсе, қосымша соңғы буынға қарап жалғанады, мысалы: кітап+тар, мұғалім+дер.

Қ, Ғ дыбыстары тек жуан сөзде қолданылады, К, Г дыбыстары үнемі жіңішке сөзде қолданылады. Мысалы: ғалым, ғарышкер, қаламгер, қайрат, гүл, көктем, күміс.

Ескерту: -мен (-бен, -пен), -паз, -қор, -нікі (-дікі, -тікі), -кер, -гер, -кеш, -хана

Мысалы: өнерпаз, сәнқой, ардагер, шеберхана және т.б.

 

4-тапсырма. Мәтіндегі жіңішке дауыстылары бар сөздерді және жуан дауыстылары бар сөздерді тауып, дәптерге жазыңыз.

 

5-тапсырма. Есте  сақтаңыз.

ЖЕТІ АТА


 

 

 

 

 

 

 

  • МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

6-тапсырма. Мақал-мәтелдерді  жаттаңыз.

              • Жеті атасын білмеген

Жетімдіктің белгісі.

  • Отан отбасынан басталады.
              • Үлкен бастар,

Кіші қостар.

  • Ата – байтерек,

 Бала – жапырақ.

              • Үлкен бастар,

Кіші қостар.

  • Ақша кетуге тырысады,

 Есеп ұстауға тырысады.

 

 

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді жазып алып келу.
  1. Әдеп ережелері. Сәлемдесу. Қоштасу. Өтіну. Құттықтау.

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз. Мәтінді әңгімелеңіз.

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Описание работы
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
Содержание
содержание отсутствует