Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні мен түсінігі және оның тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Әміршілік - әкімшілік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикалық көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай – ақ салықтар мен алымдардың анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі бағытта екенін байқауға болады. Оның ішінде ең маңыздысы болып, есептік – қаржылық сенімділігін, шаруашылық заңдылықтарын сақтау, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдары басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Работа содержит 1 файл

практикалық жұмыстар.doc

— 208.00 Кб (Скачать)

№ 1. Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні мен түсінігі және оның тиімділігі 
 

   Әміршілік - әкімшілік басқарушылық жүйесі тұсында  ұзақ уақыт бойы және нарық экономикалық көшу кезінде қаржылық бақылау деп  есептік жазбаларды және есеп берудің  ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай – ақ салықтар мен алымдардың анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі бағытта екенін байқауға болады. Оның ішінде ең маңыздысы болып, есептік – қаржылық сенімділігін, шаруашылық заңдылықтарын сақтау, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдары басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады.

   Қаржылық  бақылау – ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағысымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі.

   Қаржылық  бақылаудың пәні болып белгіленген  ереже негізіндегі нормативтік  – құқықтық реттеуді сақтауға негізделгенұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарын басқару болып табылады.

   Қаржылық  бақылау – заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны  дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тіртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.

   Қаржылық  бақылаудың ең негізі мақсаттарының  бірі – кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің қаржылы ресурстарын тиімді пайдалануы меғн қаржылы саясатты табысты жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.

   Бақылаудың  қаржылық функциясы өндіріс үдерісіне, бөлінуіне, айырбасқа және материалдық  игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал  етуіне мүмкіндік жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөлінуі үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу ескертеді.

   Бірақ бұл мүмкіндік қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайдар  болғанда ғана жүзеге асады, яғни:

   а) ерекше қаржылық бақылау органдарын құру;

   б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;

   в) үкіметтік, ведомстволық және тәуелсіз бақылау органдарының қызметін реттемелеу.

   Қаржылық  бақылау функциясы өндірістік құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдаумен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде кондырмалық санаты болып саналады.

   Қаржылық  бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда  жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржылық – экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс- әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды насандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімінің өздік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестицияларға байланысты. Сонымен бірге, қаржылық бақылау мемлекеттік аймақтық құрылымдардың, мекемелердің, ұйымдардың бюджеттік бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануын тексеріп, қызметтерінің барлық жағын, оған қоса кеңейтілген желілері мен контингенттерін (шектелімдерін), қаржыны белгіленген мөлшерде жұмсалуын және т.б. жүзеге асырады.

   Қаржылық  бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықталады. Оның ішіндегі ең маңыздысы  мыналар:

  1. мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы қаржылық міндеттеменің орындалуын тексеру;
  2. заңды және жеке тұлғаларға салық салу жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
  3. экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін бақылау;
  4. бюджеттің барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы мен орындалуын бақылау;
  5. кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру;
  6. қаржылық ресурстардың резервтерінің көбеюін, шаруашылық қаржысының айналымын тездету, еңбек өнімділігінің қызметтің пайдалылығын арттыруды анықтау;
  7. ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалануы және қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдірудегі ережені сақтауды тексеру;
  8. қаржылық тәртіпті бұзу мен соған байланысты теріс әрекеттерді алдын алу шаралаы және оны жоюды анықтау.

   Нарық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашлық субъектілерінің  бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі  қаржыларын заңды, тиімді және мақсатты пайдалануына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстан республикасында мемлекеттік, қоғамдыө жіне әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.

   Қаржылық  бақылаудың негізгі міндеті –  елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілік - әкімшілік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы – уақыт талап еткен қажеттілік болды.

   Өндірістік  күштердің өркениетті дамуы тәжрибесі  мен әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам қатынастары өндіріс үдерістерін  көрсетеді. Бұған тек қана қабылдаған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық субъектілердің зағдарды сақтап отыруы мен оларға бекітілген жекеменшікті тиімді басқаруын бақылап отыру қажетү Бақылау басқару тетігі болғандықтан басқарудың алға қойған міндеттері мен шешімдеріне бағынады. Сондықтан бақылау маңызы басқарудың экономикалық заңдылықтарымен анықталады. Экономикалық бақылау міндеттерін белгілейтін белгілі бір қоғамды басқару мақсатына бақылау маңызы сәйкес келуі қажет.

   Бақылау қоғамдық даму үдерістерін басқарудың жүйесі болып табылады. Бұл халықтық демократияқлық – құқықтық мемлекеттің саяси басшылығына, әлеуметтік басқаруына тікелей қатысты. Бақылау әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Ол бақылау кезеңіндегі объектінің іс барысына бағыт бере отыра, басқару үдерісін басқарудың бекітілген ең жоғарғы үлгісімен бағыттайды.

   «Бақылау» латынның «контра рутулус», яғни, белгіленген  немесе болжанған белгілі бір  оқиға не үдеріске «қарсы қою» деген  мағынаны білдіретін сөзінен алынған. Француз тілінен аударғанда «бақылау» сөзі бірнәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып, трансформацияға түсу арқылы «бақылау» мағынасын беретін болған.  

№2. Шет мемлекеттердегі  қаржылық бақылау  қызметтерінің құқықтары  мен стандарттарын, нормативтерін және қаржылық бақылаудың ғылыми институттарын талдау 

№3. Жалпы мемлекеттік және қаржылық бақылау органдары құрылысы мен құрылымы 

№4. Аудиттің және қаржылық бақылау әдістерінің жинақталған элементтері

   Бақылау әлементтері оның жетістікке жету мақсатында біртүтас бақылау жүйесін құрайды.

   а) бақылау субъектісі (кім бақылайды);

   б) бақылау объектісі (кімді бақылайды);

   в) бақылау заты (нені бақылайды);

   г) бақылау принципі;

   д) бақылау әдістемесі (не арқылы бақылайды);

   е) бақылау техникасы мен технологиясы;

   ж) бақылау үдерісі;

   з) бақылау жүргізу үшін бастапқы деректерді жинау мен өңдеу;

   и) бақылау қорытындысы мен оған жұмсалған шығын:

   к) бақылау нәтижесі бойынша шешім  қабылдайтын субъект;

   л) бақылау қорытындысы бойынша  қабылданған шешім; 

Қаржылық  есептілік элементтері 

1. Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы  жағдайын бағалаумен байланысты  қаржылық есептілік элементтері  болып табылады.

 Активтер  – дара кәсіпкер немесе ұйым  өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап  отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.

 Міндеттеме  – дара кәсіпкердің немесе  ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын  мойнында тұрған міндеті, оны  реттеу экономикалық пайданы  қамтитын ресурстардың шығып  қалуына әкеп соғады.

 Капитал  – дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі үлес.

2. Кірістер  мен шығыстар пайда мен зиян  туралы есепте қызмет нәтижелерінің  өлшемімен тікелей байланысты  элементтер болып табылады.

 Кірістер  – есепті кезең ішінде активтердің түсімі мен өсімі немесе міндеттемелердіңазаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

 Шығыстар  – есепті кезең ішінде активтердің  қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.

Қаржылық  есептілік элементтерін бағалау және есепке алу 

1. Қаржылық  есептілік элементтерін бағалау – аталған элементтер бухгалтерлің есеп пен қаржылық есептілікте танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

2. Қаржылық  есептілік элементтерін есепке  алу әдістері және тану тәртібі  халықаралық стандарттарға және  ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептілік туралы заңнамасының  талаптарына сәйкес белгіленеді. 

№5. Бақылау ревизия жүргізу барысының негізгі толтырылуы туралы аралық актінің қорытындысын жасау

   Ревизиялық  – бақылау қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың негізгі  мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын қадағалау мен  мемлекеттік тіртіптің бұзылуын анықтау дер түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект, объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді.

   Бұл бақылау – басқарылушы объектілердің  жұмысын тексеруші және бақылап  отыратын, әрі басқарушы тетік екенін білдіреді.  
 

№6. Мекеменің есеп саясатын және құжаттарын тексеру мен түгендеу 

№7. ТМҚ тексеру мен түгендігі туралы аудит бағдарламасын толықтыру 

№8. Шаруашылық субъектілеріндегі ақша операцияларын тексеру мен түгендеу бағдарламасы 

№9. Инвестицияны жүйелі бақылау аудитінің бағдарламасын құру 

№10. Дебиторлық борыштардың функционалды аудитінің бағдарламасы 

№11. Тұрақты активтерді бақылау бағдарламасын талдау және активтерді тексеру 

№12. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттерді бақылау аудиті бағдарламасы 

№13. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқару аудитінің бағдарламасы 

№14. Мемлекеттік бюджетті пайдалану қорларының аудиті 

№15. Мемлекеттік ұйымдарды бақылау және ревизия 

   Қаржылық бақылаудың негізігі түрлерін айқынырақ қараймыз:

Информация о работе Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні мен түсінігі және оның тиімділігі